Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономика лекция.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
200.19 Кб
Скачать

10 Тақырып. Өндіріс және еңбек нарығы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Өндіріс факторлары. Өндірістік функция.

  2. Нақты еңбекақы мен капиталдың нақты бағасы. Өндіріс факторлары бойынша ұлттық табысты бөлу.

  3. Еңбек нарығы: сұраныс, еңбектің жиынтық ұсынысына классикалық және кейнсиандық әдістемесі, тепе- теңдік

Еңбек нарығында өндірістің негізгі факторы- еңбекті

сатып алушы кәсіпкерлердің жоспарлары сатушы үй шаруашылықтырының жоспарларымен сәйкеседі. Еңбек нарығының бір ерееше қасиеті бар. Бұл экономикалық субъектілердің іс- әрекетінің мотивациясы бір параметрге- жалақы ставкасына тәуелді болып келетін жалғыз нарық болып табылады.

Қызмет етудің неоклассикалық концепциясы классикалық мектептің белгілі постулаттарына: жетілген бәсекелестікке, өндіріс факторларының өзара алмасуына, номиналды жалақы икемділіне және экономикалық субъектілердің рационалды іс- әрекетіне негізделеді. Осыған байланысты субъектілер нақты жалақы ставкасына емес, номиналды жалақы ставкасына жүгінеді.

Еңбек сұранысының неоклассикалық концепциясы толығымен макроэкономикалық негізде құрылған. Кәсіпкерлер берілген шартта максималды пайданы табуға бағытталған өзінің пайдасының формальді критерийлеріне сай еңбекке сұранысты ұсынады.

Нақты жалақы ставкасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым еңбекке

сұраныс төмен болады және керісінше неғұрлым нақты жалақы ставкасы аз болса, соғұрлым еңбекке сұраныс көп болады.

ND = f ( w, -)

Еңбек ұсынысы нақты жалақы ставкасына тікелей тәуелді және ол жалақы ставкасының өзгерісіне абсолютті икемді болып келеді.

ND = f ( w, +)

Қысқа мерзімді еңбекке сұраныс нақты жалақы ставкасының өзгерісі нәтижесінде ғана өзгереді. Ұзақ мерзімді еңбекке сұраныс технологиялық факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін.

Еңбек ұсынысының нақты жалақы ставкасына тәуелді болуына байланысты, бағалар өсімі нақты жалақы төмендеуіне әкеліп соқтырады, демек, еңбек ұсынысы да төмендейді.

Еңбек нарығындағы тепе- теңдік барлық еңбек ұсыныстарының кәсіпкерлердің еңбекке деген сұранысына толығымен теңгерілу шартында орындалады.

ND = f ( w, -) = ND = f ( w, +)

Неоклассикалық концепцияға сәйкес еңбек нарығындағы тепе- теңдік толық жұмыспен қамтамасыз етілу шартында орындалады, оған номиналды жалақы ставкасы өз ықпалын тигізеді.

Кейнсиандық концепция өзге постулаттарға негізделіп құрылады. Біріншіден, өндіріс факторлары қысқа мерзімде өзара байланыссыз болады. Екіншіден, экономика жетілген бәсекелестік экономикасы емес, және еңбек нарығы одан да нашар жетілген. Үшіншіден, номиналды жалақы икемсіз болып табылады.

Еңбекке сұраныс тиімді сұраныстың игілікке бағытталған функциясы болып табылады.

ND = f ( y, +)

Кейнсиандық концепция бойынша еңбек ұсынысы номиналды жалақы ставкасына тікелей тәуелді болады.

NS = f (W, +)

Егер еңбекке ұсыныс бағасы еңбекке сұраныс бағасынан артық болмаса, онда еңбек нарығында тепе- теңдік орнайды:

WD >_ W5

11 Тақырып. Игіліктер нарығы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Тұтыну функциясы. Тұтынуға және қор жинауға шекті бейімділік.

  2. Инвестициялық функция. Инвестициялар мультипликаторы.

  3. Мемлекеттік шығындардың мультипликаторының және салық

мультипликаторының ерекшеліктері.

  1. Игіліктер нарығындағы тепе- теңдік, IS қисығының графигін құру.

салық- бюджет саясатының әсері.

Бүгінгі макроэкономикалық модельдердің орталық буыны игіліктер нарығы болып табылады. Игіліктер нарығында үй шаруашылықтарының сұранысы билік жүргізеді. Қазақстанда оның үлесіне соңғы жиынтық сұраныстың жартысынан көп бөлігі тиеді.

Игіліктер нарығындағы сұранысты анықтайтын факторлар қатарына келесілерді жатқызуға болады: 1) өндірістен түсетін пайда; 2) салықтар мен трансфертті төлемдер; 3) мүлік көлемі; 4) мүліктен түсетін пайда.Қарапайым тұтыну функциясы келесі түрде болады: C = a + b (Y– T)

Тұтынуға шекті бейімділік- қолда бар табыстың кез келген өзгерісіндегі тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулер шығындарының өсу үлесі.

Қарапайым қор жинау функциясы келесі түрде болады: S = a + (1-b)(Y-T)

Қор жинауға шекті бейімділік- қолда бар табыстың кез келген өзгерісіндегі қорлардың өсу үлесі.

Автономды инвестициялар қарапайым функциясы: I =e –dR.

Инвестициялауға шекті бейімділік- табыстың кез келген өзгерісіндегі инвестиция шығындарының өсу үлесі.

Жоспарланған шығындарүй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкімет және сыртқы әлемнің тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсауға жоспарлаған сома болып табылады.

Нақты шығындар жоспарланған шығындардан айырмашылығы- сату деңгейіндегі күтпеген өзгерістер пайда болған жағдайларында фирманың жоспарланбаған инвестицияларды тауарлы- материалды қорларға құюы.

Табыс жоспарланған шығындарға тең болған кезде жоспарланған және фактілі инвестициялар мен қорлар да теңеседі, яғни макроэкономикалық тепе- теңдік орнайды.

Y0 шығарудың тең өлшемді деңгейі жиынтық шығындардың кез келген компонент: тұтыну, инвестиця, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт шамасының өзгеруіне сәйкес тербеледі.

IS қисығы жоспарланған шығын табысқа тең болуын сипаттайтын пайыздық мөлшерлеме деңгейінің шығару деңгейімен үйлесуін көрсетеді. Мультипликатор неғұрлым аз болса және инвестициялық шығындар пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне неғұрлым сезгіш болмаса, соғұрлым IS қисығы тік болады.

Автономды шығындардың мультипликаторы- тең өлшемді ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген компонентінің өзгерісіне қатынасы. Мультипликатор автономды шығындар өзгерісінен туындаған іскерлік белсенділіктің тербелістерін күшейтетін экономикалық тұрақсыздылықтың факторы болып табылады. Сондықтан Үкіметтің салық- бюджет саясатының негізгі мақсаттарының бірі экономиканың реттеуіштерін құру болып табылады.Ал ол өз алдына тұтынуға шекті бейімділік шамасын салыстырмалы төмендету жолымен мультипликация әсерін азайтуға мүмкіндік берер еді.