
- •Дәрістер тезистері Тақырып 1 Егемендік пен тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстанның конституциялық дамуы
- •Тақырып 2 Егемендік пен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан
- •Тақырып 3 Қазақстан конституциялық реформалау кезеңінде
- •Тақырып 4 Қазақстан нарықтық қатынастарды қалыптастыру және нығайту кезеңінде
- •Тақырып 5 Қазақстан Президенттік институтын одан әрі нығайту кезеңінде
- •Тақырып 6 Қазақстан құқық шығармашылық және нарықтық экономика кезеңінде
- •Тақырып 7 Қазақстанның қазіргі кезеңдегі конституциялық дамуы
- •Тақырып 8 Қазақстан Республикасының конституциялық - процессуалдық құқығының теориясының мәселелері
- •1 Сапарғалиев ғ. Қр конституциялық құқығы. Алматы, 2004, -525.
Тақырып 7 Қазақстанның қазіргі кезеңдегі конституциялық дамуы
Мақсаты:
Студенттер қауымына Қазақстанның қазіргі кезеңдегі конституциялық дамуына ерекше көңіл аударту
Жоспары:
1 Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдарының конституциялық сипаттамасы.
2 Кодекс, заң қарапайым заңдар нысаны ретінде: ұғымдардың арақатынасы және олардың заңдық сипаттамасы
3 1998 жылғы мен 2007 жылдағы конституциялық реформалар және олардың сипаттамасы
1 Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдарының конституциялық сипаттамасы. Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең Жоғарғы нормативтік актісі Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы" - деуге болады. Заңның белгі нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті);
- заңды ешқандай оргап тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең Жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомстволық және мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, үкіметтің қаулылары). Жергілікті басқару органының актілері – мәслихаттың шешімдері, өкімдердің бұйрықтары. Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері, инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін актілер.
2 Кодекс, заң қарапайым заңдар нысаны ретінде: ұғымдардың арақатынасы және олардың заңдық сипаттамасы. Нормативтік актілерді жүйелеудің аталған тәсілдеріне орай оның үш түрі бар: кодификация, инкорпорация және консолидация.
Кодификация. Нормативтік актілерді кодификациялау процесінде олардың мазмұны өзгеріп, ескірген нормалар алынып, қайталануы жойылып, олқылықтары толықтырылып жаңа мүдде-мақсатқа сәйкес жаңарып бір салада біртұтас Кодекс болып шығады. Кодекстің ішкі құрылымы өте күрделі: тараулар, бөлімдер, баптар. Бірақ, олардың арақатынасы тұрақты, ықшамды, ғылыми байланысты, қолдануға, пайдалануға ыңғайлы. Құқықтық нормаларды іске асыруға, дұрыс, уақытында орындауға маңызы өте зор.
Сонымен, кодификацияның өзіне тән ерекшеліктері:
1) Нормативтік актілердің жүйелеу процесінде мазмұнының өзгеруі, барлық кемшіліктерінің жойылуы; жаңарып кұқықтың салаларына сәйкес біртұтас кодекс болып шығуы.
2) Кодекстерді жаңарту, өзгерту тек парламенттің құзыретіндегі -өкілеттігіндегі мәселе.
3) Қоғамдағы құқықтың сапасын жақсартудың ең маңызды, негізгі жолы.
Кодификацияның түрлері: Конституция, Кодекс, ережелер, жарнама, әскери заң, зейнеткерлер заңы, теміржол заңы т.б.
Қазіргі заманда мемлекеттердің басым көпшілігінде кодификация кеңінен қолданылады. Біздің мемлекетімізде де кодификация жақсы дамып келеді.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі - барлық нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау және оларды пайдалану, қолдану жұмыстарын жеңілдету тәсілі.
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті құжаттарды, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел түрде түсінік беруді қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды толық есепке алып, жинақтап отырады. Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
- кітапшалық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
- картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері, уақыты, нөмері;
- автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т.б.;
- компьютерлік есепке алу: ең күрделі, ең шапшаң және көпке шыдайтын, сақталатын жүйе.
Кодификация өзінің кең ұғымында заңдарды жетілдірудің және тәртіпке келтірудің үлгіл әрі мейлінше тиімді нысанын білдіреді. Ол қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдетте құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын, жеке құқық тұтқасын құрайтын қолданыстағы күллі нормативті материалды терең де жан-жақты талдау және қайта карау негізінде жүзеге асырылатыны белгілі. Жүргізілген талдау нәтижесіне сүйене отырып, заң шығарушы ғылыми өлшемдердің негізінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігіне қарай болашақ кодификацияланатын актінің тақырыбын айқындайды, уақыт тезінен өтіп, өзінің мәнін сақтап қалған қолданыстағы нормативтік нұсқауларды таңдап алады, сөйтіп оларды кодификациялаушы актінің жобасына енгізеді, ескірген нормативтік ережелер мен әлдебір түзетулерді қажет ететін ережелерді анықтайды, қоғамдық өмірдің дамуындағы ағымдарды бейнелейтін жаңа нұсқауларды әзірлейді. Сонымен, дамыған құқықтық жүйеде кодификацияланушы акт, әдетте, тиісті мәселе бойынша барлық негізгі ережені өз бойына табиғи жинақтаған, оларды белгілі бір тәртіпте жүйелеген жиынтық акт болып табылады. Ол сонымен қатар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерістер және тың, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өнделген қорытпасына айналды. Кодификацияланушы актіні тиісті заң шығарушы орган бекітеді және бұл тұрғыда кодификация құқық туындатудың негізгі нысандарының бірі болады.
Инкорпорация. Нормативтік құқықтық актілерді инкорпорациялау түрінде жүйелеу, алдында айтқанымыздай, қолданылып жүрген актілердің түрлі жинақтарын, жиынтықтарын әзірлеу мен басып шығаруды білдіреді. Инкорпорацияның мақсаты - субъектілердің қалың бұқарасын (азаматтарды, заңды тұлғаларды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды) олар үшін оңтайлы тәсілдер арқылы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен қамтамасыз ету.
Әдебиетте кездесетін инкорпорация ұғымын қорыта келе оның мынадай аса маңызды белгілерін тұжырымдауға болады: 1) жүйелеу түрлерінің бірі ретінде инкорпорацияның белгісі – нормативтік актілерді тәртіпке келтіру болып табылады; 2) инкорпорация дегеніміз – нормативтік актілердің әлде бір жүйе бойынша заң шығарушының жариялаған мәліметтері; 3) мұндай актілердің мазмұнындағы өзгерістердің көрсетілмеуі; 4) актілерге сыртқы редакциялық-техникалық өңдеу жүргізу: барлық соңғы ресми өзгерістердің енгізу, лауазымды адамдардың қойған қолын алып тастау, күші жойылған деп танылған нормативтік емес, уақытша бөліктерді алып тастау және т.б. Заңдарды инкорпорациялаудың ең қарапайым мысалы – қолданылып жүрген акті мәтініне барлық кейінгі ресми өзгерістерін енгізіп, оны жаңа өзгертілген нұсқасында жариялау болып табылады.
Консолидация.Сыртқы өңдеумен шектелетін нормативтік құқықтық актілерді инкорпорациялау нормативтік құқықтық материалдарды жүйелеу барысында туындауы мүмкін барлық мәселені шешпейді. Жекелей алғанда, бір немесе бірнеше өзара байланысты мәселелер бойынша әркезде қабылданған нормативтік актілердің қабаттасуын бұл әдістердің көмегімен шешуге болмайды.
Нормативтік актілердің көптігі оларды бір ірілендірілген актіге біріктіру арқылы еңсеріледі. Жүйелеудің мұндай тәсілі консолидация деп аталады. Жаңа іріленген акт оған енген нормативтік актілерді ауыстырады, өйткені құқық шығарушы орган оны жаңадан қабылдап отыр және өзінің ресми деректері: атауы, қабылданған күні, нөмірі, әрі лауазымды адамның қолы бар. Бұлайша айтқанда, консолидация мемлекеттік органдардың құқық шығару қызметінің бір түрін білдіреді.
3 1998 жылғы мен 2007 жылдағы конституциялық реформалар және олардың сипаттамасы. 1998 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының, Президенті Парламентте халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауымен сөз сөйледі, онда Конституцияға саяси реформаны тереңдетуге, сайлау жүйесін жетілдіруге, саяси кезқарастың көп қырлылығы мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
Президенттің ұсыныстары қаралды және депутаттар өз кезегінде Парламенттің өкілеттігін кеңейту туралы бастамашылық ұсыныстар енгізді.
1998 жылғы 7 қазаңда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарына берілген түсініктеме осы Заңға сәйкестендірілді.
Атап өтетін нәрсе текстегі "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының, Үкіметі туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Жарлықтар 1999 жылдан бастап Конституциялық заңдар деп өзгертілді.
2007 жылы 21 мамырда қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясына екінші өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл еліміздегі конституциялық реформалардың бірі болып табылады.
Бұл жөнінде материалдарды жинақтау студенттерге жүктеледі.
Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:
Н- 1, 2, 4, 5 Қ- 6
Бақылау сұрақтары:
1 Қазақстан Республикасының ағымдағы заңдарының конституциялық сипаттамасы қандай?
2 Кодекс дегеніміз не?
3 Заң қарапайым заңдар нысаны ретінде: ұғымдардың арақатынасы және олардың заңдық сипаттамасын жіктеп беріңіз?
4 1998 жылғы мен 2007 жылдағы конституциялық реформалар және олардың сипаттамасын беріңіз?