Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamat_Diplom.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
418.82 Кб
Скачать

6 Еңбек қорғау шаралары

Миниралдық тыңайтқыштарды сақатау, тасмаладу әзірлеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, олардың құрамындағы қоректік заттардың ысырап болуын төмендетеді және тиімділігі артады.

Миниралдық тыңайтқыштардың барлығыда арнайы жабдықталған, іші құрғақ, қабырғас қалың, едені мен төбесі бүтін, терезелері мен есіктері жақсы жабдықталған қоймаларды сақталады. Қойма тұрғын үйлер мен шаруашылық құрлыстарынан аулағырақ (200м) жеред салынады. Қойманың едені су өтпеитін және тыңайтқышты торыақ ылғалынан сақтай алатын болу керек.

Тыңайтқыш сақталатын қойманы салаған кезде ең алдымен оның кендігі қандай болатынын анықтаан жөн. Ол үшін бір тонна минералдық қтыңайтқыш қанша орын алатынын білген дұрыс. Шамамен алғанда 1 тонна минералдық тыңайтқыш 1,25 текшк метр орын алады деп есептеуге болады. 60 тонна және оданда көп тыңайтқыш сиятын қойманың авта көлік еркін кіріп шығатын, екі жағынан ашылатын үлкен есігі болу қажет.

Тыңайтқыштың әрбір түрі өз алдына бөлек сақталады, ол үшін қойманың іші бірнеше бөліктерге (секция) бөлініп, олар қоршалып қойылады. Қойманың ішінде тыңайтқышты топыраққа енгізуге әзірлеитін ұнтақтайтын, елейтін, араластыратын орын(бөлме)болуы тиіс. Қоймаға келген ылғалдылығы жоғары тыңайтқыштар бөлек сақталады.

Аммияк силитрасы өте ылғал тартқыш тыңайтқыш, сондықтан оны егіске енгізгенге дейін зауоттан буылып келген күйінде, яғни қапшықта сақтау керек. Аммони сульфаты ылғалды онша тартпайды, демек оны биіктігін 2-3 метіргі дейін үйіп сақтауға болады. Бұл тығайтқышты қапшықпен сақтағанда биіктігі 20 қатардан артық болмау керек.

Ылғалдылығы мөлшереден артық болса суперфосфат көбірек жабысады, кейде оның төмендгі жағында жатқандары жентектеліп қатып қалады, сондықтан үйіндінің онша биік болмағаны жөн.

Калий тыңайтқыштары ылғалды көбірек таратандықтан сақтау ережесінің барлық талабын орындау керек.

Тыңайтқышты ауыл шаруашылығы машиналарымен бір қоймада сақтауға болмайды, өйткені олардың метел бөлшектері коррозияға ұшырайды.

Қоймада өрттен сақтау құралдары болып, қойманың іші мен сыртында тазалық жіне тәртіп болу қажет.

Сақталған кезінде тыңайтқыштардың күйін байқап тұрған жөн. Ашық, жылы күндері қойманың есік терезесін ашып, ішін желдетіп, даладан жылы ауа кіргізіп тұрған дұрыс. Ал ылғалды күндері, керсінше, есігімен терезесін жауып қою керек.

Тыңайтқыштың әрбір түрінің сыртында оның құрамындағы қоректік заттардың мөлшері, ылғалдылығы көрсетілген жазу болу керек.

Миниралдық тыңайтқыштар сақталған барлық қоймалар тиейтін түсіретін ұнтақтайтын механизімдермен жабдықталуы тиіс.

Тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру үшін қоспа дайындауға арналған ережені сақтаған дұрыс. Тыңайтқышты егіске енгізу үшін тиісті механизмдерді пайдаланады.

Минералды тыңайтқыштармен жұмыс істеу кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы

Минералдық тыңайтқыштармен жұмыс атқаруға жасы 18 ге толмаған, созылмалы ауруы бар адамдарға рұқсат етілмейді. Барлық жұмысшылар (қойма еңгерушісі механизатор жүк тиеуші т.б) жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауымен таныстырылады және ережені қойма ішінде көрнекті жерге іліп қою керек. Жұмысшылар арнаулы киімдермен ( комбинизон, қолғап, етік) және көзілдірік, улы заттардан қорғайтын аспаптармен қамтамас етілуі тиіс.

Аммиак селитрасын сақтау үшін, өрттен қорғану ережесін орындаған жөн. Ол тыңайтқышты жанғыш заттармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Тыңайтқыш шашатын машиналар жұмыс істеп тұрғанда оларға жақын тұруға болмайды. Тыңайтқышты тиеу жұмыстарын атқарар алдында трактор мен машиналардың маторын өшіріп қояды және олардың кетіктері қалқанмен жабулы болуы тиіс.

Тыңайтқышпен бірге тамақ, су және адамдарды тасмалдауға рұқсат жоқ. Тыңайтқышпен үздіксіз жұмыс істегенде әрбір жарты сағатта 5 мин үзіліс жасау ұсынылады. Жұмыс істейтін жереде ішуге арналған таза су және алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін дәрі дірмектер басқа медециналық заттар болуы керек. Егер тыңайтқыш көзге түскен жағдайда таза сумен бір неше рет жуып емханаға көрінген жөн.

Жұмыс аяқталған соң жуыну керек.

«Қостанай АШҒЗИ» ЖШС – дағы еңбек қорғау шаралары

Шаруашылықта қоршаған ортаны қорғау, еңбек ету жағдайларын және өндірістік құрлысты жақсарту және өндірістік жарақаттанудың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылған. Еңбекті қорғау қызыметін еңбекті қорғау және қауыпсіздік техника бойынша инженер басқарады. Әр цехта өндірістік учаскіде еңбектң қорғау бойынша жауаптылар бар, олар қауіпсіздік техникасымен ОПО бойынша инженермен бірігіп жана жұмысқа келгендерге инструктаж жүргізеді, еңбек шарттарымен, еңбек қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырумен,өндірістік тұрмыспен таныстырады. Жетісіне шаруашылықтың директорымен жүргізілетін өндірістік планеркада ТҚ және ОПО бойынша инженердің еңбекті қорғау бойынша өзі жүргізген жұмысы туралы есеп береді. Нормативтердің негізінде аранайы киім беріледі, арнайы тағамдану ұйымдастырылған. Жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіледі.

2015 жылы еңбекті қорғауға және өрттік қауіпсіздікке 1 200 000 тенге бөліну жоспараланған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]