Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Azamat_Diplom.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
418.82 Кб
Скачать

4 Экономикалық тиімділігі

Экономикалық тиімділік кез келген агротехникалық тәсілдің немесе жалпы технологияның жиынтық бағалау көрсеткіші болып табылады. Оның есептеулері олардың алынған өнімдердің өзін-өзі өтеу жолымен оның қосымша қаражатты енгізудің орынды болуын айқындауға мүмкіндік береді. Әрбір агротехникалық іс-шара қосымша еңбек күші мен қаражат жұмсауымен байланысты болатын далалық егіншілік жүйесінде бұл жағдайда аса маңызды болады. Сонымен қатар 1ц бидайдың өзіндік құны 1 414,7-ден 1 252,6-ке дейін немесе 9,8% төмендейді. Шартты түрде таза кірісі 1,4 есе өседі де 29 710,0 тн/га жетеді, ал рентабельдік деңгейі 123,5% дейін жоғарылайды (12 кесте).

Бірақта, олардың кейбіреулері көп қаражатты қажет етпейді, бірақ олардың қолданылуы жоғары экономикалық тиімділігі болады. Бұл әсіресе гумус құрамы әртүрлі, бірақ бірдей агротехникалық көріністердегі астық дақылдар егістеріне қатысты болады.

12 кесте

Гумус құрамына байланысты жаздық бидайды өңдеудің экономикалық тиімділігі, 2012-2014 жж орташасы

Көрсеткіштер

Оңтүстік қара топырақ 3,52% гумус құрамымен (байқау)

Оңтүстік қара топырақ 3,97% гумус құрамымен

1

Өнімділігі, ц/га

17,0

19,2

2

Бидайдың қосымша өнімі, ц/га

-

2,2

3

1ц сатып алу бағасы, тн

2 800

2 800

4

Барлық өнімнің құны, тн

47 600

53 760

5

Қосымша өнімнің құны, тн

-

6 160

6

Еңбек шығыны, адам-сағ

1 га-ға

1 ц-ге

11,8

0,69

12,1

0,63

7

1 га материалды-қаражатты шығын, тн

24 050

24 050

8

1 ц бидайдың өзіндік құны, тн

1 414,7

1 252,6

9

1 га-дан шартты-таза кіріс, тн

23 550

29 710

10

Рентабельдік деңгей,%

97,9

123,5

Осылайша, оңтүстік қара топырақтағы жырту қабатындағы 3,52% гумус құрамы бар егістен 17,0 ц/га деңгейде болатын өнімділік алынды. Бірінші бидайдың жоғары өнімділігіне қарамастан алынған бидай қымбат болып шықты. Оның өзіндік құны 1 414,7 тн/ц жеткен, ал рентабельдік деңгей 97,9% болған кезде шартты-таза кірісі 23 550,0 тн/га құраған.

Оңтүстік қара топырақтағы жырту қабатындағы 3,97% гумус құрамы бар дәл осындай егістің бірінші бидайда 2,2 ц/га өнімділіктің жоғарылауын қамтамасыз етіп, оны 19,2 ц/га дейін жеткізді. Бірақта, олардың кейбіреулері көп қаражатты қажет етпейді, бірақ олардың қолданылуы жоғары экономикалық тиімділігі болады. Бұл әсіресе гумус құрамы әртүрлі, бірақ бірдей агротехникалық көріністердегі астық дақылдар егістеріне қатысты болады.

Бұл жағдайда еңбектік те, материалды-қаражатты шығындар өседі, 2,5 пен 2,8%-ға сәйкесінше. Бірақта, алынған бидайдың қосылуы барлық шығындарды өтейді. Біріншіден, еңбек өнімділігі жоғарылайды, 1ц/га алу үшін оның шығыны 0,69-дан 0,63-ке дейін адам-сағ қысқарады. Сонымен қатар, 1ц бидайдың өзіндік құны 1 414,7-ден 1 252,6-ке дейін немесе 9,2% төмендейді. Шартты түрде таза кірісі 1,4 есе өседі де 29 710,0 тн/га жетеді, ал рентабельдік деңгейі 123,5% дейін жоғарылайды.

Өнімділікті жоғарлатуға және арзан бидайды алуға гумус құрамы жоғары қара топырақтағы бірінші бидай егісі мүмкіндік туғызатынын экономикалық тиімділік сараптамасы көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]