Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28-02-2013_09-29-46 / 7 такырып.Мемлекеттк ба__алы __а__аздарды__ экономикалы__ м__н2.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
116.22 Кб
Скачать

Қр Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноттары

Мемлекеттік бағалы қағаздардың ішіндегі ең танымалы ҚР Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттары Ұлттық банкпен алғашқы орналастырғанда номиналдық құнынан төмен бағамен, ал өтелгенде номиналдық құнмен өтелетін, дисконттық материалды формадағы эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаз болып табылады. ҰБ-тің қысқа мерзімді ноттары – айналыстағы ақша массасын реттеуге арналған ақша-несие саясатының құралы. Номиналдық құны 1000 теңге, 7 күннен 91 күнге дейін айналыс мерзімімен шығарылады.

Қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру шарттары және айналыс мерзімі ҚР ҰБ жүргізетін ақша-несие саясатының мүдделеріне сәйкес анықталады. Ұлттық Банк алғашқы агентпен келісе отырып, өзі шығарған қысқа мерзімді ноталарды толық көлемде де, бөлшектелген көлемде де уақытынан бұрын өтеуге құқығы бар, егер шығару және орналастыру шартында аталған құқық тіркелген болса және мерзімінен бұрын өтеудің күні белгіленген болса.

ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді нотттарын орналастыру ҚР ҰБ-мен анықталған алғашқы агенттер сияқты бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы агенттер – бағалы қағаздар нарығында дилерлік және брокерлік қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар және ҚР ҰБ-мен қысқа мерзімді ноттармен операцияларға қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқан агенттер бола алады.

Қаржылық-несиелік саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында ҚР ҰБ шығарылымның аукционында қалыптасқан орташа салмақтанған дисконттық бағамен қысқа мерзімді ноталарды орналастыруға және сатып алуға қатысуға құқылы. Сонымен қатар ҰБ-тің аукционға қатысуы алғашқы дилерлерге байланысты бәсекелес болмауы тиіс, сондықтан алғашқы агенттердің сұранымдары бірінші ретте қанағатталандырылады.

Сұранымдарда көрсетілген бағалар бойынша сыйақы ставкасы қысқа мерзімді ноталардың номиналдық құны мен дисконттық бағасы арасындағы айырманың қысқа мерзімді ноттардың дисконттық бағасына қатынасымен анықталады және проценттік түрде өрнектеледі.

ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттары алғаш рет 1995 жылдың маусымында шығарылды және жыл аяғына дейін бұл бағалы қағаздардың 14 769,9 миллион теңге сомасына 149,6 миллион бірлігі 12 шығарылымда жүзеге асырылды. ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттарына деген сұраныс әрқашан оның ұсынысынан 2-3 есе асады. Кейде сұраныс ұсыныстан 10 есеге көп болады. Мысалы, 2002 жылдың 6 маусымында ең ұзақ 13-апталық қысқа мерзімді ноталарға – 91 деген сұраныс 1086 % құрады, жалпы айтқанда сұраныс 5,3 млрд теңге көлемінде жабылды. Қысқа мерзімді ноттар бойынша табыстылық әдетте 5-6 жылды қпроценттік ставка аралығында болады.

ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттарды орналастыру келесі әдістермен жүзеге асырылады:

  • ҚР ҰБ өткізетін аукцион әдісімен;

  • ҚР ҰБ-нің алғашқы агенттермен келісілген дисконттық баға бойынша сату әдісімен;

ҚР ҰБ-нің сәйкес эмиссияның Қысқа мерзімді ноттарды аукциондық әдіспен орналастыру алғашқы агенттердің сұранымдарында көрсетілген ең жоғары дисконттық бағадан басталып, шегер бағасымен аяқталады. Сұранымдарды қанағаттандыру аяқталатын минималды дисконттық баға шегеру бағасы деп аталады. аукционда қалыптасқан шегеру бағасымен қалыптасқан қысқа мерзімді ноттардың көлеміне сәйкес салмақталған шегеру бағасы бойынша дисконттық орташа баға

Аукционда шегеру бағасы бойынша қалыптасқан орташа дисконттық бағаның қысқа мерзімді ноттардың көлеміне сәйкес салмақтанған бағасы орташа салмақтанған дисконттық баға деп аталады.

Қаржы нарығығндағы қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР ҰБ аукционға қатысушылардың сұранымдарын аукционның шартында белгіленген мөлшерден төмен немесе жоғары көлемде қанағаттандыруға құқылы.

Қаржылық нарықтың жағдайына оперативті әсер ету мақсатында ҚР ҰБ-не өзі шығарған қысқа мерзімді ноттарды қайталама нарықта сатып алуға немесе сатуға құқық берілген.

Инвесторлар ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноталармен мәмлелерді қызмет көрсету туралы келісімді жасағаннан кейін ғана, тек алғашқы агенттер арқылы жүзеге асыра алады.

Қысқа мерзімді ноттардың аукционына дейін ҚР ҰБ аукционның өту күніне 1 күн қалған күннен кешіктірілмейтін мерзімде алғашқы агенттерге және «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» ЖАҚ-на аукционның өткізілу шарттары туралы хабарлайды. Қатысушылар аукционның өту күнінде бәсекелік және бәсекелік емес сұранымдарды бере алады. Бәсекелік сұранымдарда ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттардың саны, бір ноттың болжамданған дисконттық бағасы, номиналдық құнмен және дисконттық құнмен белгіленген сатып алудың жалпы көлемі көрсетілуі тиіс. Бәсекелік емес сұранымдарда тек аукционда қалыптасқан орташа салмақтанған дисконттық бағамен қатысушының сатып алуға дайын ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттарының саны.

Алғашқы агенттер қысқа мерзімді ноттарды сатып алуға сұранымдарын сағат 9.00-дан 11.00-ге дейін береді. Бұл сұранымдар жалпыланады. ҚР ҰБ-нің басшылығы сұранымдарды жалпыланғаннан кейін бағалық шарттар мен сұранымдарды қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар бәсекелік емес сұранымдарды қанағаттандыру үлесі және қысқа мерзімді ноталарды шетелдік-резидент еместерге сату көлемінің үлесі анықталады.

ҚР ҰБ аукционның өту күнінде, оперативті түрде жарияланған алғашқы агенттердің немесе инвесторлардың қысқа мерзімді ноттарды сатып алуды шектеу, резидент еместердің қатысу үлесі, бәсекелік емес сұранымдарды қанағаттандыру үлесі және резидент емес-инвесторларға қысқа мерзімді ноттарды сату көлемінің үлесі сияқты аукционды өткізу шарттарын өзгертуге құқы бар. Сағат 11.00-12.00 аралығында ҚР ҰБ-нің басшылығы жиынтық ведомость негізінде аукционда қысқа мерзімді сатып алуға сұранымдарды қанағаттандыру көлемі және бағалық шарттар туралы шешім қабылдайды.

ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттарды қосымша орналастыру жөнінде шешім қабылданса, мәліметтерді берудің электрондық жүйесі арқылы алғашқы агенттерге аукционның өткізілу күнінде түске дейін, қосымша көлемі және орташа салмақтанған дисконттық баға туралы хабар беріледі. Қысқа мерзімді ноттарды қосымша орналастыруға сұранымдар қосымша орналастыру туралы шартта көрсетілген уақытқа дейін қабылданады.

Қосымша қабылданған сұранымдар қосымша орналастырудың жиынтық ведомостіне қосылады. ҰБ аталған жиынтық ведомості негізінде қосымша орналастыру бойынша қабылданған сұранымдарды қанағаттандыру көлемі туралы шешім қабылданады. Өкілетті бөлімше сұранымдарды қанағаттындыру көлемі туралы шешімді негізге ала отырып, қысқа мерзімді ноттарды қосымша орналастыруды жүзеге асырады. Қосымша орналастыру әдісімен сұранымдарды қанағаттандыру кезінде артықшылық сұранымның ҚР ҰБ-не нақтылы келіп түсу уақытына байланысты болады.

Сәйкес эмиссияның қысқа мерзімді ноттарын толық орналастырғаннан кейін ҰБ Орталық Депозитарийге алғашқы агенттердің сұранымдарын қанағаттандыру көлемі туралы хабарландыру жібереді. Қанағаттандырылған сұранымдардың көлемі туралы хабарландыру алғашқы клиенттерге аукционның өту күнінде таратылады. Алғашқы клиенттер аукционда сатып алынған қысқа мерзімді ноттар үшін ақшаны Орталық Депозитарийдің шотына саудалық күннің 17.00 уақытына дейін аударуы қажет.

Орталық Депозитарийде тексеріс жүргізіледі және тексеріс нәтижелері бойынша мәлімет банкаралық есептесудің Қазақстандық орталығына жіберіледі. Ол өз кезегінде алғашқы агенттің позициясындағы ақша сомасын Орталық Депозитарийдің төлем тапсырысында белгіленген ақша сомасымен салыстырғаннан кейін, алғашқы агенттің позициясындағы ақшаны Орталық Депозитарийге аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейін Орталық Депозитарий банкаралық есептесудің Қазақстандық орталығынан алған алғашқы агенттің шотынан ақшаның аударылуы туралы хабарландыруды негізге алып, қысқа мерзімді ноттарды алғашқы агенттің «депо» шотына есепке жатқызады.

ҚР ҰБ-нен мәліметтерді берудің электрондық жүйесі арқылы қысқа мерзімді ноттар үшін ақшаның келіп түсуі туралы хабарландыруды алғаннан кейін алғашқы агент инвестор мен алғашқы агент арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноталарын иемденуді растайтын құжаттандылырған куәлікті инвесторға беруіне болады.

Қысқа мерзімді ноттрдың айналысы ҰБ алғашқы агентке қысқа мерзімді ноттар үшін төлеуді жүргізуге белгілеген күннен басталып, өтеуге немесе мерзімінен бұрын өтеуге дейінгі 1 жұмыс күнінен бұрын аяқталады.

ҚР ҰБ –нің қысқа мерзімді ноттарын ұстаушы оларды кепілге салуға, РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізуге, оларды қайталама нарықта сатуға және сатып алуға құқылы. Қайталама нарықтағы операциялар өтеудің немесе мерзімінен бұрын өтеудің белгіленген күнге дейінгі 1 күннен бұрын тоқтатылуы тиіс. Өтеу белгіленген күннің түсіне дейін номиналдық құн бойынша жүргізіледі. Ал өтеу күніне дейінгі 1 жұмыс күнінің 17.00-не дейін Орталық Депозитарийге өзіндегі өтелуге жататын қысқа мерзімді ноталары туралы мәліметтерді, ал ҚР ҰБ-нің қысқа мерзімді ноттарын өтеу күнінде 11.00-ге дейін Орталық Депозитарийдің шотына өтеу туралы мәліметтергге сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады.

Жоғарыда айтып өткендей, ҰБ қаржы нарығына оперативті әсер ету мақсатында алғашқы агентпен мерзімінен бұрын өтеудің күнін, көлемін және бағасын алдын-ала келісіп, қысқа мерзімді ноттарды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.Алғашқы агенттер ҰБ-тің мерзімнен бұрын өтеу туралы шешіммен ноттарды мерзімінен бұрын алып тастаудың күніне 5 жұмыс күн қалғанда танысуы міндетті.

Қысқа мерзімді ноттарды мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімді нгіздеп, алғашқы агент Орталық Депозитарийге өз тапсырыстарын жібереді. Сол күні Орталық Депозитарий тапсырыстардың келіп түсу шамасына сәйкес алғашқы агенттердің және олардың клиенттерінің «Депо» шотындағы қысқа мерзімді ноттардың жеткіліктілігін тексереді және есептесулердің аяқталуына дейін қысқа мерзімді ноттарды жауып тастайды. ҰБ өтелуге жататын қысқа мерзімді ноттар туралы мәліметтер негізінде Орталық Депозитарийдің позициясына ақшаны аударуды жүргізеді, ал ол өз кезегінде халықаралық есептесулердің Қазақстандық қорына Орталық Депозитарийдің позициясынан ақшаны шегеріп, оларды қысқа мерзімді ноттарды өтеу ретінде алғашқы клиенттердің позициясына есептеуге төлем тапсырысын береді.

12