1 Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мәні
Мемлекеттік бағалы қағаздар көбінесе бюджеттің ағымдағы дефицитін қаржыландыру үшін, мемлекеттік қарызды жабу, орналастырылған займдарды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуын қамтамасыз ету, салықтық түсімдердің бірқалыпты емес түрде түсуін тегістеу, коммерциялық банктерді өтімді активтермен қамтамасыз ету, биліктің жергілікті органдары жүзеге асыратын мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру, әлеуметтік маңызды мекемелер мен ұйымдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.
Бюджет тапшылығын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы қаржыландыру әдісі қаржыны ҚР ҰБ-нен несиеге алу мен ақшаларды эмиссиялауға қарағанда экономикалық тиімді болып саналады. ҚР ҰБ-нің несиелік ресурстарын пайдалану ҰБ-тің ссудалық нарықты реттеу мүмкіндігін шектейді, сондықтан нарықтық экономикалы елдерде үкіметтің бұл ресурстарға деген қол жеткізу мүмкіндігіне шекетеулер қойылады. Ал бюджет тапшылығын ақшаларды эмиссиялау арқылы жабу айналысқа нақты активтермен қамтамасыз етілмеген төлемдік қаржылардың көптеп түсуіне әкеледі. Сөзсіз бұл әдіс инфляцияны тудырады.
Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздар шығару арқылы қаржыландыру банктік несиелер көмегімен қаржыларды тартумен салыстырғанда, аз шығындарға әкеледі. Бұл Үкіметтің қарыздық міндеттемелерінің жоғары өтімділікпен ерекшеленетінмен түсіндіріледі және инвесторлар оларды қайталамалы нарықта орналастырғанда мемлекетке несиеге берілген ссудаларды сатумен салыстырғанда көп қиындық тудырмайды. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтық экономика елдерінде ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде болады.
Барлық елдерде мемлекеттік бағалы қағаздар екі негізгі қызмет атқарады: фискалдық және ақша-несиелік саясаттың инструмен қызметі. Фискалдық саясаттың мәні экономиканы мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттік шығындар мен салық салу арқылы реттеуге негізделеді. Экономиканың құлдырауы кезінде мемлекеттік шығындарды көбейтуді және салықтарды азайту шараларын қамтитын ынталандырушы фискалдық саясат қолданылады. Бұл мемлекеттік қарыз міндеттемелерін шығару немесе ақшаларды қосымша эмиссиялау арқыл қаржыландыру мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуіне әкеледі. Егер экономикада артық сұраныс негізінде инфляция туындаса, үкіметтік шығындардың азаюымен және салық ставкаларының өсуімен сипатталатын тежеуші фискалдық саясат қолданылады.
Тежеуші саясат мемлекеттік бюджеттің оң сальдосының қалыптасуына әкеледі, яғни артық қаржылардың пайда болуына әкеледі. Артықшылықты пайдаланудың екі әдісі бар: қарызды өтеу және айналыстан ақшаларды шығару. өз қарыз міндеттемелерін халықтан өтеп алу арқылы үкімет өзінің артық салықтық түсімдерін қайтадан ақша нарығына жібереді. Бұл өз кезегінде инвестициялардың түсуін және тұтыну көлемінің өсуіне ынталандыратын пайыздық ставкалардың төмендетуге әкеледі.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мәні өндіріс, жұмысбастылық және баға деңгейінің жиынтық көлемін тұрақтандыру мақсатында ақшаның ұсынысын өзгерту болып табылады. Экономиканы тұрақтандыру мақсатымен ҰБ коммерциялық банктердің резервтерін реттеу арқыл олардың қызметін қадағалайды. Ақша-несиелік реттеудің үш негізгі әдісі бар: «ашық нарықтаға» операциялар ҰБ тарапынан ақшаны ұсынуды реттеу тетіктерінің ішінде ең маңызды орынды алады. Мемлекеттік облигацияларды сатып алу немесе сату арқылы сәйкесінше олардың өтімділігін көтереді немесе ақша нарығынан шығарады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың маңызы болып олардың қаржы-несиелік қарым-қатынастардың жиынтығын білдіретіні табылады. Бұл қарым-қатынастарға мемлекет көбінесе несиелік негізде экономиканың жеке секторынан ақша ресурстарын алушы, жинақтаушы, несие алушы ретінде қатысады.
Мемлекеттік қарыз міндеттемелері – барлық қарыз міндеттемелрінің ішіндегі ең сенімді түрі, сондықтан олар инвесторлар үшін өте тартымды. Бұл қағаздар бойынша тәуекел минимлады, бірақ шынында олар бойынша корпоративті облигацияларға қарағанда, әлдеқайда табыстылы қдеңгейі төменрек. Мемлекеттік бағалы қағаздардың ерекше сенімділігі экономиканың тұрақсыздануы жағдайында да өзінің міндеттемелерін өтеуге әрқашан қаражат таба алатын мемлекеттің жауапкершілігімен қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды былайша классификациялауға болады:
1. Шығару нысаны бойынша – құжаттандырылған, құжаттандырылмаған. Құжаттандырылған бағалы қағаздар міндетті орталықтандырылған сақтауға жатпайтын ерекше құжат (сертификат) нысанында шығарылады. Олар арнайы шоттарға жазу түрінде болады, ал құжаттандырылмаған бағалы қағаздар міндетті орталық сақтауға жатады.
2. Өтеу мерзімі бойынша – қысқа мерзімді, айналыс мерзімі бір жылдан аспайтын, орта мерзімді айналыс мерзімі бір жылдан бес жылға дейін және ұзақ мерзімді, айналыс мерзімі бес жылдан асатын мемлекеттік бағалы қағаздар.
3. Пайыздық табысты есептеу және төлеу шарты бойынша. Тұрақты, сатылы, өзгермелі пайыздық ставкалы және нөлдік купонмен мемлекеттік бағалы қағаздарбар, яғни бағалы қағаздарды орналастыру оның номиналды бағамына қарсы жеңілдікпен қойылады.
4. Айналыс сипатына байланысты нарықтық және нарықтық емес бағалы қағаздар болып бөлінеді. Нарықтық бағалы қағаздар биржалық, сондай-ақ биржалық емес нарықта да еркін сатылып, қайта сатылады. Нарықтық емес бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана айналыста жүріп, қайталамалы нарықта айналысқа түсе алмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздардың пайда болуы әеуметтік нарықтық шаруашылықтың дамуымен байланысты және олар негізінен халық арасында орналастыру үшін шығарылады. Нарықтық емес бағалы қағаздарға мысал болып, әлеуметтік, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз мемлекеттік қорларының бағалы қағаздары бола алады.
5. Эмитенті бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар қазыналық, муниципалды болады. Сәйкесінше аймақтық үкіметтік билігімен және жергілікті өзін-өзі басқарудың органдарымен шығарылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар дегеніміз – ол мемлекеттік ішкі қарыздың болу формасы; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар.
Экономикалық сипаты бойынша барлық мемлекеттік бағалы қағаздар қарыздық бағалы қағаздар, алайда практикада әрбір мемлекеттік бағалы қағаздар оны облигациялардың басқа түрлерінен өзгешелендіретін өзінің жеке атауын алады. әдетте, «облигация» терминіне басқа «қазыналық вексель», «сертификат», «займ» және т.б. әр ел шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздарға өзінің терминологиясын қолданады.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың қызметтері. Мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуы және айналысы келесі мәселелерді шешуде пайдаланылуы мүмкін:
Мемлекеттік бюджет тапшылығын инфляциялық емес негізде қаржыландыру, яғни келесі жағдайда қосымша ақшаны шығарусыз: белгілі бір күнтізбелік кезеңде бюджеттің шығысы оның кірісінен асып кеткенде (кассалық тапшылық); ай немесе тоқсан ішінде бюджетке түсімдер бұл кезеңдегі бюджет тапшылығын қаржыландыруға жеткіліксіз болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысы бойынша бюджеттің түсімдері оның шығындарынан көп болғанда және тапшылық келесі жылдағы бюджетке түсімдер есебінен де жабылмаса (жылды қтапшылық).
Тұрғын-үй құрылыс инфрақұрылым, әлеуметтік қамсыздандыру сферасындағы мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру;
Экономикалық белменділікті реттуе: айналыстағы ақша массасы, базарларға және инфляцияға әсер ету, инвестициялауға шығындар және бағыттар, экономикалық өсу, төлем балансы және т.б.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың артықшылығы. Мемлекеттік бағалы қағаздардың кез-келген бағалы қағаз және активтер алдында екі өте маңызды артықшылығы бар:
Біріншіден, бұл салынған қаражаттың сенімділігінің ең жоғары деңгейі және сәйкесінше негізгі капиталды және оның табыстылығын жоғалтудың минималды тәуекелі.
Екіншіден, басқа бағалы қағаздармен немесе капиталды салудың басқа бағыттарымен салыстырғанда салықтық жеңілдіктердің болуы. Жиі мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларға және алынатын табыстарға салықтар мүлдем салынбайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру көбінесе мыналар арқылы жүргізіледі.:
Орталық банктер және қаржы министрлігі арқылы. Шығарылатын облигацияның түріне байланысты негізгі инвесторлар болып: халық, зейнетақы, сақтандыру компаниялары және қорлар, банктер, инвестициялық компаниялармен және қорлар;
Құжаттандырылған (бланктік) немесе құжаттандырылмаған нысанда (өкілетті депозитарийлерде арнайы шоттарға жазу түрінде). Қазіргі кезде мемлекеттік бағалы қағаздардың құжаттандырылмаған формада шығңарылымы өсуде.
Басқа да әдістермен: аукциондық сатылымдар, белгіленген бағалар бойынша барлық ерік білдірушілерге ашық түрде сату, белгілі бір инвесторлар арасында жабық сату және т.б..
