1.2. Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері
Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекеттік бағалы қағаздарды тәуекелі жоқ бағалы қағаздар деуге болады, өйткені олар ҚР ҰБ және ҚР Қаржы Министрлігі арқылы мемлекет өзінің міндеттемелерін уақытында өтелуіне кепілдік береді. Сонымен қатар, мемлекет өзінің мүмкіндігінше табыстылық деңгейіннің бәсекеқабілеттілігін үнемі көтеріп отыруға тырысады. Ол ішінара салық салудың жеңілдіктерімен және МБҚ-дың өтімділігінің жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар әдетте ҚР-ның Үкіметінің мемлекетік бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес көздерінің үлесін үлкейту және бағалы қағаздар нарығын әртараптандыру мақсатында шығарылады. Әртүрлі займдарды шығару арқылы қаржыландырудың әдісін қолданатын көптеген елдерде бұл тапшылықты қаржыландыру әдісі деген атау алды. Айта кететін жайт, 2011 жылдың 11 ай ішінде осы кезеңнің 2010 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын қоспағанда KASE-тегі МБҚ-дармен операциялар көлемі 2,3 есеге өсіп, 2690 млрд тг құрады. Сонымен қатар резидент еместердің МБҚ-дарға инвестициялары саны да көбеюде.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың белсенділеріне ҚР ҰБ-нен басқа ААҚ «БТА Банк», ААҚ «КазКоммерцБанк», ААҚ «ТемірБанк», ААҚ «КаспийскийБанкі», ЖАҚ «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры», ААҚ «ЦентрКредитБанкі», ААҚ «АТФ Банк», ЖАҚ «ЕуразиялықБанк», ЖАҚ Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым «Жетісу», ЖАҚ «Қазақстанның Ұлттық Банктің зейнетақы активтерін басқаратын компаниясы» жатқызылады.
Муниципалды бағалы қағаздардың мемлекеттік бағалы қағаздарға жататынын айтып өткен жөн. ҚР-да шығарылатын көптеген муниципалды бағалы қағаздар «FITCH» және «MOODY’S» сияқты танымал агенттіктерден жағымды кредиттік-рейтингтік бағаларды алды.
МЕККАМ
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді материалдық түрде ҚР ҮКіметі атынан ҚР ҚМ шығарады. Айналыс мерзімі 3, 6, және 12 ай. МЕККАМ-ды орналастыруды, МЕККАМ-ның айналысы және өтелуі бойынша депозиттік қызметті жүзеге асыратын қаржылық агент болып ҚР ҰБ табылады.
МЕККАМ-ды ұстаушылар ҚР резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалар бола алады. Сонымен қатар бұл міндеттемелердің аукциондарында тек ҚР ҚМ-мен бірлесіп, ҚР ҰБ айқындаған алғашқы дилерлер ғана қатысады. Бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылары аукциондарға тек алғашқы дилерлер арқылы ғана қатыса алады.
МЕККАМ-ның иеленушілері оны кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, оларды қайталамалы нарықта сатуға, сатып алуға құқығы бар. Алайда бұл операциялардың барлығын инвестор алғашқы дилер арқылы рәсімдейді. Кепіл туралы келісім ҚР ҰБ-нің депозитариінде тіркеледі.
МЕККАМ оларды ұстаушылар арасында аукциондық негізде қалыптасқан дисконттық бағамен орналастырылады, ал мерзімі біткенде ҚР ҚМ-мен олардың толық номиналды құны бойынша өтеліп алынады. МЕККАМ-ның номиналды құны – 100 теңге. әрбір эмиссияның көлемі ҚР ҚМ-мен сәйкес жылдың Республикалық бюджетінде көрсетілген көлемге байланысты белгіленеді.
МЕККАМ-ды иеленудің минималды мөлшерін жеке инвесторға немесе дилергебір аукционда, сонымен қатар резидент еместердің қатысу үлесін және бәсекелік емес сұранымды қанағаттандырудың пайызы мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы жағдайға байланысты әрбір аукцион үшін бөлек ҚР ҚМ анықтайды. Сонымен қатар ҚР ҚМ кезекті аукционды өткізуге дейінгі күнтізбелік 7 күннен кеш емес мерзімде аукционның күнін және шарттарын анықтайды және бұл мәліметтерді ҚР ҰБ-не хабарлайды, ал ол өз кезегінде осы мерзімде жазбаша хабарлау хаттарды жіберу арқылы ақпаратты мерзімді басылымдарға жариялау арқылы алғашқы дилерлерді хабарлайды.
3, 6 және 12 айлық МЕККАМ-дарды ҚР ҚМ оларды алғашқы орналастырудан Республикалқы бюджетке түсуінен бастап 91-ші, 182-ші және 364-ші күнтізбелік күні өтейді.
МЕОКАМ
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді ҚР Үкіметі атынан Қаржы Министрлігі шығарып, ҚР заңдылығына сәйкес ҚР бағалы қағаздар нарығында 2, 3 және 5 жыл мерзімде еркін айналыста жүретін бағалы қағаздар.
Алғашқы 2 жылдық МЕОКАМ 1997 жылдың маусымында шығарылды. Оларға деген сұраныс ұсыныстан 8,6 есе үлкен еді. Алғашқы аукционда сату көлемі 0,20 млрд теңге құрап, жыл аяғында 1,5 есеге өсті. 2002 жылы да МЕОКАМ жоғары сұраныспен қамтамасыз етілген еді. Осылайша, 2, 3 және 5 жылдық міндеттемелер белсенді түрде орналастырылды.
Бұл міндеттемелер құжаттандырылмаған формада шығарылады және ҚР ҰБ болып табылатын қаржылық агенттің депозитарийлеріндегі арнайы депо-шотқа сәйкесжазу жолымен орналастырылады және айналыста жүреді. Қазынашылық міндеттемелер оларды ұстаушылар арасында 1 000 теңге номиналды құнымен және сұранымды қанағаттандыру жолымен өтетін аукциондағы ұсыныстар негізінде ең төмеңгі ставкадан белгіленген эмиссия көлеміне дейінгі мөлшерде анықталатын жылдық табыспен орналастырылады.
Қазынашылық міндеттемелерді алғашқы орналастыру бойынша аукционды өткізу барысында белгіленген пайыздық ставкалар бұл міндеттемелер айналысқа түскен күннен бастап есептелінеді. Пайыздарды төлеу қазынашылық міндеттеменің эмиссиясынан кейін сәйкес күні оның айналыс мерзімі шегінде әрбір 6 ай сайын жүргізіледі.
ҚР резидент, резидент емес заңды және жеке тұлғалар қазынашылық билетті ұстаушылар бола алады. Қазынашылық міндеттемелердің иелері оларды кепілге беруге, олармен РЕПО операцияларын жүргізуге, оларды қайталамалы нарықта сатуға және сатып алуға құқығы бар. Осы операциялардың бәрі алғашқы дилер арқылы рәсімделеді.
Қазынашылық міндеттемелердің аукционында ҚР ҰБ мен ҚР ҚМ анықталған алғашқы дилерлер ғана қатыса алады. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушылары аукционға тек алғашқы дилерлер арқылы қатысады. әобір эмиссияның көлемі және шарттары ҚР ҚМ-мен сәйкес жылға арналған Республикалық бюджетте көрсетілген мемлекеттік қарыздыңшегінде белгіленеді. Сонымен қатар жеке инвесторға немесе дилерге бір аукционда МЕОКАМ-ды иеленудің минималды мөлшерін мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы жағдайға байланысты әрбір аукцион үшін бөлек ҚР ҚМ анықтайды. Ал резидент еместердің аукционға қатысу үлесін ҚР ҰБ белгілейді.
Аукциондарды өткізудің күні мемлекеттік бағалы қағаздарға қалыптасқан қажеттілікке байланысты тағайындалады және кезектегі аукционды өткізудің күніне дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде ҚР ҰБ-не қазынашылық билеттердің аукционын өткізу күні мен шарттары туралы хабарлайды. Ал ҰБ өз кезегінде 7 күнтізбелік күннен кешіктірмей бұл мәліметті алғашқы дилерлерге хабарлайды және бұқаралық ақпарат көздерінде жариялайды.
Қазынашылық міндеттемелердің айналысы Республикалықбюджетке ақша түскеннен кейін депо-шотына жазылған сәттен басталады. МЕОКАМ-ды есепке алу және қозғалысы мемлекеттрік қысқа мерзімді қазынашылық билеттер МЕККАМ-ды есепке алу құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазынашылық міндеттемелер ҚР ҚМ-мен сәйкес шығарылымның айналыс мерзімі аяқталғанда олардың номиналды құны бойынша барлық пайыздарды біржолата төлеу арқылы өтеледі.
МЕАКАМ
1998 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы министрлігі айналыс мерзімі 10 жылдық арнаулы қазынашылық міндеттемелерді шығаруда. МЕАКАМ ЖАҚ «Бағалы қағаздардың Орталық Депозитарийдің» депо-шотындағы жазу түрінде құжатсыз формада шығарылады. Номиналды құны – 1 000 теңге.
Арнаулы қазынашылық міндеттемелердің иелері оларды кепілге салуға, РЕПО операцияларын жүргізуге, оларды қайталамалы нарықта сатуға, сатып алуға құқығы бар. Бұл операцияларды рәсімдеу Орталық Депозитарийге хабарлау жолымен алғашқы дилер арқылы жүзеге асырылады.
Сыйақы ставкасы 9,75 % мөлшерінде, оны төлеу бұл қазынадық міндеттемелерің айналыс мерзімі ішінде әрбір 6 айдың сәйкес күнінде жүргізіледі. Арнайы қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша есептелген сыйақы Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі және төленеді.
МЕИКАМ
Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы Министрлігі Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар. Айналыс мерзімі бір жыл және одан жоғары. МЕИКАМ құжатсыз формада шығарылады, олардың инвесторлары бойынша алғашқы дилерлерде ашылған «депо» шотында және Орталық Депозитарийде оларды ұстау шығындардың «депо» шотында сәйкес жазуларды жүргізу жолымен айналысқа шығарылады және орналастырылады. Алғаш рет МЕИКАМ 1999 жылы 24 наурызда айналыс мерзімі 364 күнмен, жалпы сомасы 200 млн теңгеге шығарылды.
Қазіргі кезде МЕИКАМ-ға сұраныс едәуір жоғары. Әдетте оларға деген сұраныс ұсыныстан 2-3, кейде 6-7 есе асады. Жоғары сұраныс бұл бағалы қағаздардың инфляциядан қорғалғандығымен және нақты табыстың кепілдігімен түсіндіріледі.
Аукционды өткізудің алдында эмитент қаржылық агент ұсынысымен индекстелген қазынашылық міндеттеменің эмиссиясының бекітілген жылдық сыйақысын жариялайды. Аукционға қатысушылар шығарылымның бір міндеттемесін сатып алудың бағасын көрсетілген бәсекелік немесе міндеттеменің бағасы көрсетілмеген бәсекелік емес сұранымды бере алады. Бәсекелік сұранымдар номиналдық құнымен де, сонымен қатар номиналынан жоғары немесе төмен бағамен де қабылданады.
Аукционға қатысушылардың сұранымдарын қанағаттандыру индекстелген қазынашылық міндеттеме үшін көрсетілген ең жоғары баға көрсетілген сұранымнан басталып, бәсекелік емес сұраным есебімен хабарланған эмиссия көлеміне жеткенге дейін өткізіледі. Бір индекстелген қазынашылық міндеттемені алудың орташа салмақтанған бағасы және сәйкесінше шегерілу бағасы дисконттық міндеттемелерді орналастыруға байланысты қабылданған бәсекелік сұранымдарды өндеу процедурасының стандартты жолымен анықталады. Бәсекелік емес сұранымдар индекстелген қазынашылық міндеттемелердің аукционынада қалыптасқан орташа салмақтанған бағамен қанағаттандырылады.
Орналастыру бойынша аукцион эмитентпен белгіленген графикпен қаржылық агентпен өткізіледі. ҚР ҚМ индекстелген қазынашылық міндеттеме бойыншааукционның күнін және шарттарын қаржылық агентке кезектегі аукционды өткізуге 7 күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды.
Индекстелген қазынашылық міндеттемелердің әрбір эмиссиясының көлемі және шарттары эмитентпен сәйкес жылдың Республикалық бюджетінде көрсетілген ҚР Үкіметінің мемлекеттік қарызы шегінде белгіленеді.
Ақшаны индексациялау МЕИКАМ-ның айналыста өткен жартыжылдық кезеңіндегі инфляцияның деңгейін ескеретін өзгермелі ставкалар бойынша сыйақыны төлеу жолымен асырылады. Сыйақы эмиссиядан кейін әрбір 6 ай ішінде сәйкес күні төленеді. Ағымдағы төлеуге жататын сыйақы сомасы инвестордың МЕИКАМ-ға салған қаражатының осы кезең ішіндегі инфляциялық жоғалтулардан және сонымен қатар эмиссияда жарияланған сыйақының тіркелген жылдық ставкасы бойынша сомадан құралады.
Айналыстың жарты жылдық кезең ішіндегі инфляция мәні пайыз есебімен ҚР ҰБ-нің мәліметтері негізінде келтіріледі және оны сыйақы төлеуге дейінгі 5 күнтізбелік күн ішінде қаржылық агент алғашқы дилерлерге хабарлайды.
Инфляцияның мәні теріс болағн жағдайда есептеулерде нөлге тең мән қолданылады. Қаржылық агент эмитентке МЕИКАМ-ның айналыс мерзімінің аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей немесе олар бойынша сыйақыларды төлеу күніне дейін келесі мәліметтер бар ақпартізімді (ведомость) беруі тиіс: кезектегі жарты жылдық кезеңдегі инфляция деңгейінің мәні, сыйақы есептелетін және төленетін индекстелген қазынашылық міндеттемелер саны және әрбір алғашқы дилер бойынша есептеу мен төлеуге жататын сомалары.
МЕИКАМ-ның айналысы айналысыалғашқы дилерлердің қаржылық агент – ҚР ҰБ-нен мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алғаны үшін эмитенттің, яғни ҚР ҚМ-нің шотына ақша түскені туралы хабарламасын алған сәттен басталып, сыйақыны төлеуге дейін 5 жұмыс күн қалғанда тоқтатыла тұрып, содан соң сыйақыны төлеген күннен кейінгі жұмыс күнінде қайта жаңартылады және бұл бағалы қағазды өтегенге, сыйақы сомасын төлегенге дейін 5 күн қалғанда тоқтатылады.
МЕИКАМ ұстаушылары болып ҚР резидент және резидент емес жеке және заңды тұлғалары табылады. Аукционға тек қана алғашқы дилерлер қатысады. Бағалы қағаздар нарығыныңқалған қатысушылары алғашқы орналастыру бойынша аукциондарға алғашқы дилерлер арқылы қатыса алады. Резидент еместердің қатысу үлесі ҚР ҰБ-мен анықталады. өткізілген аукционның баға шарттары туралы шешімді эмитент қабылдайды.
Эмитент міндеттемелерді мерзімінен бұрын олардың айналыста жүрудің іс жүзіндегі уақытына сәйкес сыйақыларды төлеу арқылы өтеуге құқылы. Мерзімінен бұрын өтеу туралы эмитенттің шешімі өтелуге 10 күнтізбелік күн қалғанда қаржылық агентке жеткізіледі, ал ол бұл мәліметті 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей алғашқы дилерлерге хабарлауы тиіс. Міндеттемелерді өтеу және сыйақыларды төлеу Республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
