Авмекам
Арнаулы валюталық мемлекеттік міндеттемелерді ҚР Үкіметі атынан Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қорғау мақсатында ҚР ҚМ шығарады. Айналыс мерзімі – 5 жыл. Номиналдық құны – 100 АҚШ доллары. АВМЕКАМ-ның шығарылымы Жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтері есебінен сатып алынған теңгемен номинацияланған Ұлттық жинақ облигацияларымен мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді айырбастау жолымен жүзеге асырылады. Айырбас ҚР Қаржы Министрлігімен мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері мен Ұлттық жинақ облигацияларын мерзімнен бұрын сатып алу және теңгемен түскен пайданы АВМЕКАМ-ды төлеу үшін пайдалану жолымен жүргізіледі. АВМЕКАМ-ның өтелуін жүзеге асыратын қаржылық агент болып ҚР Ұб табылады. АВМЕКАМ-ды ұстаушылар олардың өтелуі кезінде номиналды құнды және жылдық 6,14 % көлемінде сыйақы алуға құқығы бар. Сыйақыны төлеу АВМЕКАМ-ның айналыс мерзімі басталғаннан кейін әрбір 6 ай ішінде төлеу күнінде нарықтық бағам негізінде қалыптасқан ҚР ҰБ-нің ресми бағамымен теңгелей жыл сайын 9 қазан және 9 сәуірге дейін төленеді.
Өтеу Орталық Депозитарийдің мәліметтерінің негізінде қалыптасатын қаржылық агенттің ақпартізіміне сәйкес ҚР-ның Республикалық бюджетінің қаражаты есебінен бағалы қағаздар нарығындағы алғашқы дилерлердің шотына аудару жолымен жүргізіледі.
Ұлттық жинақ облигациялары
Ұлттық жинақ облигацияларын бюджет дефицитін жабудың инфляциялық емес үлесін көбейту және инфляция нәтижесінде халықтың жинақтарын құнсызданудан сақтау мақсатымен ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы министрлігі шығарады. Айналыс мерзімі оларды шығарған күннен бастап 364 күн. Материалды түрде 1000 теңге номиналды құнмен, қаржылық агент қызметін орындайтын ҚР ҰБ-нің депозитариінің депо-шотында сәйкес жазуларды жүргізу жолымен орналастырылады.
Ұлттық жинақ облигацияларының ұстаушылары ҚР заңдылығына сәйкес резидент, сонымен қатар резидент емес заңды және жеке тұлғалары бола алады. Иелену құқын бір ұстаушыдан екінші ұстаушыға аудару тек қаржылық агенттер арқылы облигацияларды ұстаушыларыдң жазбаша немесе электронды түрдегі тапсырыстары негізінде депозитарийдегі сатушының және сатып алушының депо-шоттарына сәйкес жазуларды еңгізу жолымен өтеді.
Облигацияларды инвесторлар арқыл орналастыру бас қаржылық агенттің депозитарийдің субдепозитарийлері рөлін атқаратын екнші деңгейлі банктерболып табылатын қаржылық агенттер арқылы жазылуды (подписка) жүргізу жүргізу жолымен жүргізіледі. Қаржылық агенттер ҚР ҰБ-мен бірлесіп ҚР Қаржы министрлігімен екінші деңгейлі банктер арасында тендер өткізу арқылы анықталады.
Еске сала кететін жайт, инвесторлар ұлттық жинақ облигацияларын иемденуге сұранымды бірнеше қаржылық агенттерге беруге құқылы. Сонымен қатар инвесторлар берген сұранымдарын және сұранымға салынған қаражаттарды қайтарып алуға құқылы. Мұндай жағдайда қаржылық агент бір банктік күн ішінде қайтарылып берілетін сұранымды жойып, ол бойынша инвестордың төлеген сомасын төлеу керек.
Ұлттық жинақ облигацияларын орналастыру және айналысы, облигацияның номиналдық құнын өтеу мен проценттерді төлеу жөнінен субдепозитарлық қызмет көрсететін қаржылық агенттің шығындары бас қаржылық агентпен қабылданатын агенттік келісімшарттарда көрсетіледі және ҚР ҚМ-мен тоқсандық пайыздарды біржолата төлеумен бірге комиссиялық сыйақылармен компенсацияланады. Комиссиялық сыйақылар олар орналастырлған облигациялар көлемінің 5%-нен аспауы қажет.
Қаржылық агенттер инвесторлардан ұлттық жинақ облигацияларын иеленуге деген сұраным мен олар үшін төлемді агенттік келісімшартта көрсетілген көлемге дейін қабылдайды. Ұлттық жинақ облигациялардың эмиссиясының көлемі сәйкес жылдың Республикалық бюджеті туралы Заңда анықталады. Егер сұранымдағы облигациялардың жалпы сомасы бас қаржылық агентпен қаржылық агент арасында жасалған агенттік келісімшарттағы көлемнен аз болса, бұл көлемге жетпей жатқан ұлттық жинақ облигацияларының саны агенттік келісімшартта көрсетілген шарттар негізінде қаржылық агентпен өтелуі қажет. Бұдан кейін қаржылық агенттер жазылу мерзімі біткенннен кейін 3 банктік күн ішінде агенттік келісімшартта көрсетілген көлемдегі ұлттық жинақ облигацияларын өтелуден алынған қаражаттарды ҚР ҚМ-нің арнаулы шотына аударуға міндетті. Қаражаттардың аударылуынан кейін ҚР ҰБ қаржылық агенттерге олар орналастырған ұлттық жинақ облигациялары көлеміне сәйкес сертиыикаттар береді. Бас қаржылық агент қаржылық агенттердің қызметін бақылауды жүзеге асырады және олардың агенттік келісімшартта көрсетілген қызметтері мен міндеттерін орындауда кемшілік тапса, бір жақты түрде агенттік келісімшартты расторгнуть құқығы бар.
Ұлттық жинақ облигацияларының шығарылымы және жазылудың басталуы туралы хабар тарату бұқаралық ақпарат арқылы облигациялардың кезектегі эмиссиясы басталарға 2 күнтізбелік апта қалғанда ҚР ҚМ-мен жүзеге асыралады. Хабарлауда келесі ақпараттар болуы қажет: ұлттық жинақ облигацияларына жазылу және иелену туралы нұсқау, олардың айналыс мерзімі, эмиссияның күні және номері (әрбір эмиссия жеке шығарылымды білдіреді және әр эмиссияның жеке бірегейлендірудің идентификациялық номері болады), айналыс мерзімі, пайыздарды төлеудің және өтеудің к.ні, пайыздық ставканы есептеудің әдісі, бір инвестордың ұлттық жинақ облигацияларын иемденудің максималды және минималды көлемі, жазылысты жүзеге асыратын қаржылық агенттердің тізімі, Ұлттық жинақ облигацияларының шығарылымы іске асырылғанын танудың (мойындаудың) шарттары. Жазылу 10 күнтізбелік күн ішінде өтеді және ұлттық жинақ облигацияларының айналысы басталған күні тоқтатылады.
Жазылу іске асырылғанда инвесторлар ҚР ҚМ-мен тағайындалған форма бойынша инвестордың азаматтығы туралы, тұрғылықты жері, паспорттық берілгендерді, иелікке алынатын облигациялар саны, сұранымды беру күні мен уақыты, жазылушыға қызмет көрсететін қаржылық агенттің аты және т.б. мәліметтер көрсетілген сұранымды толтырады. Инвестор заңды тұлға болса, сұранымда инвестордың толық аты, басшылар және өкілетті тұлғалар туралы мәліметтер және форма бойынша талап етілетін басқа да реквизиттер болуы керек.
Тіркелген форма бойынша толтырылған сұраным ұлттық жинақ облигацияларына жазылуды жүзеге асыратын қаржылық агентке беріледі. Сұранымды берумен бірге инвестор сұранымда көрсетілген облигациялардың көлеміне сәйкес төлеуді жүргізеді. Төлем ұлттық валютада қолма-қол және қолма-қол емес ақша түрінде де қабылданады.
Ұлттық жинақ облигацияларына табыс өзгермелі пайызбен есептелініп, 10 банктік күн ішінде айналыстың 93-ші, 183-ші, 274-ші және 364-ші күнінде немесе тоқсан сайын айналыстың 14-ші, 27-ші, 40-шы, 53-ші күнінде төленеді. Өзгермелі пайыздық ставка бірінші аптаны қосқандағы бірінші тоқсан ҚР ҰБ бірлесіп ҚР ҚМ өткізетін аукциондарда 3 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің орташа салмақтанған дисконттық бағасы бойынша қалыптасқан орташа табыстылық ставкаға байланысты анықталады. Инвестор есептелген пайыздарды алмаған жағдайда бұл сома келесі тоқсандық пайыздармен бірге төленеді.
Пайыздарды төлеудің мерзімі өткеннен кейін 2 банктік күн ішінде инвесторлармен талап етілмеген пайыздық төлемдерді қаржылық агенттер ҚР ҚМ шотына аударады.
Облигацияның номиналды құнын өтеу ол бойынша соңғы пайыздық төлемді төлеумен бірге белгіленген күннен кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Бұл мерзім өткеннен кейін инвесторлармен талап етілмеген пайыздық төлемдер мен облигацияның номиналды құны Республикалық бюджеттің табысына аударылады. Міндеттеме заңдылыққа сәйкес шарттар мен талаптармен орындалуы керек. Міндеттемені орындаудан немесе оның шарттарын бір жақты өзгертуге бас тарту немесе оның шарттарын бір жақты өзгертуге тиым салынады.
Ұлттық жинақ облигацияларымен жүзеге асырылатын барлық операциялар пайыздарды төлеу мен өтеудің белгіленген күніне 7 күн қалғанда тоқтатылады. Бұл уақыт аралығында бас қаржылық агент ҚР ҚМ-не өтеуге ақпартізімді көрсетуі қажет. Бұл ақпартізімде пайздарды өтеуге негіз болатын ұлттық жинақ облигацияларының саны және әрбір жеке қаржылық агент үшін өтеу мен төлеудің сомасы көрсетілуі тиіс. Бұдан кейін ҚМ облигацияларды өтеу мен тоқсандық пайыздарды төлеуге қажет құжаттарды төлеудің белгіленген күніне бір банктік күн қалғанда қаржы агенттерінің корреспонденттік шоттарына аударады.
Негізінен, ұлттық жинақ облигацияларына жазылу халыққа арналып ұйымдастырылып еді, алайда талдау көрсеткендей жеке тұлғалардың ұлттық жинақ облигацияларды иемдену төмен деңгейде қалып отыр.
