Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

КК,Халі ауыр науастарды ктімі

..docx
Скачиваний:
119
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
21.23 Кб
Скачать

МЕББМ Қазақстан-Ресей Медицина Университеті

Ішкі аурулар пропедивтика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Халі ауыр науқастардың күтімі.

Студенттің аты-жөні: Канафина А.Б

Факультет: Стоматология

Курс: 1

Топ: 103 А

Оқытушы: Дуйсенбаева Ш. А.

Алматы, 2015ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізуге қойылатын талаптар

  • Науқастың көзінің, құлағының, ауыз қуысының, мұрнының күтімі, аяқ күтімі, науқастың шашын жуу.

  • Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізудің реттілігі

  1. Науқастың астын жуу

  2. Қорытынды

  3. Пайдаланылғын әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кездегі медицина саласындағы жаңа технологиялардың алуан түрлілігіне қарамастан, науқас күтіміні ең маңызды мәселе болып қала береді. Дұрыс күтім ауыр хадегі науқастардың тез арада жазылып кетуіне зор ықпалын тигізеді. Сондай-ақ науқасқа дұрыс емес күтім науқас халіне кері әсерін тигізіп, оның денсаулығына улкен зардап келтіретіні сөзсіз. Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізуге қойылатын талаптар

Науқастың дұрыс күтімі үшін тек дәрігердің ғана емес, медбикенің де жауапкершілігі мол. Медбике білімді әрі білікті ғана емес, сондай-ақ моральдық тұрғыда адамгершілік қасиеті мол болуы керек. Бірақ, түрлі науқастардың арасында үнемі жақсы көңіл-күйде болу айтарлықтай оңай емес. Сонда да, медбике науқасты емдеуде белгілі талаптарды, ретті қадағалауы тиіс. Медбикеге қойылатын талаптар: науқастың ауруханаға түскеннен жазылып кеткенге дейінгі уақыт аралығында үнемі науқас халін бақылап, науқас гигиенасын қадағалау - оның уақытында киімдерін ауыстыру, ауыз қуысының, мұрнының, терісінің, құлағының, шашының тазалығын қадағалау.

Науқастың көзінің, құлағының, ауыз қуысының, мұрнының күтімі, науқастың шашын жуу. Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізудің реттілігі

Көзді жуу:

Көзден бөлінген заттар кірпіктерді жапсырады, сондықтан, көзді жуып отыру керек:

Қолды жуу

8-10 залалсыздандырылған шариктерді сулау керек

Тампонды сығып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек

4-5 рет қайталау керек

Құрғақ тампондармен құрғату керек.

Құлағының күтімі:

Күнделікті жуыну кезінде науқастар өздері жуа алады. Ал, төсектен тұруға болмайтын аурулардың құлақтарын мейірбике тазалауы керек.

Орындалу тәртібі:

Науқасты отырғызасыз

3% сутегінің қышқыл ерітіндісін құлаққа тамызасыз

Мақтаны орап жоғары, төмен айналдыра отыра құлаққа кіргізесіз

Мақтаны ауыстырып, қайталайсыз.

Құлақты тазалау кезінде қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені құлақ барабанына зақым келуі мүмкін.

Ауыз қуысының күтімі:

1. Ауыз қуысын шаю

Қолда: орамал, лоток, стакан, антисептик ерітіндісі(5% калий перманганатының ерітіндісі).

Іс-әрекеттің алгоритмі:

Емделушіні отырғызыңыз

Емделушінің кеудесі мен мойнын орамалмен жабыңыз

Емделушінің қолына антисептик ерітіндісі бар стаканды ұстатыңыз

Иегінің астына лотокты қойыңыз

Науқастан ауыз қуысын шаюды сұраңыз

2. Ауыз қуысын сүрту

емделушіден аузын кең ашуын сұраңыз

антисептик ерітіндісі сіңірілген мақтаны қысқышпен немесе пинцетпен алып, мақтаны ауыстырып отырыңыз

антисептик ерітіндісі сіңірілген мақтаны қысқышпен алып, тістің ішкі және сыртқы жақтарын сүртіңіз, тісті ашып тұру үшін, қалақша қолданыңыз

іс-әрекет аяқталғаннан кейін емделушінің ауыз қуысын қайнаған сумен шаю керек.

3. Ауыз қуысын шаю

Резеңке бүріккіш баллонға немесе Жане шприціне жылы антисептик ерітіндісін құйыңыз. Емдеушінің басын тыныс жолына тамып кетпейтіндей қылып бір жаққа бұрыңыз(мүмкіндік боғанша емделушіні отырғызыңыз)

Емделушінің кеудесі мен мойнын клеенкамен жабыңыз, иегінің астына лоток қойыңыз

Еріннің шетін қалақшамен тартып, шетін ауыздың алдынғы жағына енгізіңіз

Ерітіндіні біркелкі жіберіп, оң және сол жақ ұрт қуыстарын кезекпен шайыңыз.

Мұрынның күтімі

Өз бетімен жүре алатын аурулар күнделікті жуыну кезінде мұрын тазалығын қадағалайды. Ал, ауыр науқастардың мұрын тазалығын сақтай алмағандықтан, оны тазалап отыру керек.

Орындалу тәртібі:

Жатқызып немесе отырғызып науқастың басын сәл бұрыңыз

Мақтаны орап, вазилинмен немесе маймен майлаңыз

Мақтаны мұрынға енгізіп, оны 2-3 минут қозғайсыз

Мақтаны ауыстырып, қайталаңыз

Мұрынға майды тамызып, мақтамен тазалау керек.

Науқастың шашын жуу

Шашты күнделікті тарап және аптасына 1 рет жуып, қарап отыру керек.

Орындалуы:

Ыдысты науқастың бас жағына төсекке қоясыз

Науқастың мойнына клеенка төсейсіз

Науқастың басын көтеріңкіреп, шалқайту керек.

Басына жылы су құйып, сабындап жуыңыз

Орамалмен сүртіп, құрғатып, тарау керек.

Науқастың астын жуу

Керекті құралдар: әлсіз калий перманганаты қосылған шыны жылы су (30-35 ) , клеенка, корнцанг, қолғап, әдейі ыдыс және салфетка.

Орындау тәртібі:

Науқасты арқасымен жатқызыңыз; аяқты екі жаққа сәл ашып, тізені бүгу керек

Астына клеенканы төсеп, оның үстіне әдейі ыдысты қойыңыз

Науқастың оң жығына тұрып, сол қолмен ыдысты ұстаңыз, ал салфетка мен корнцагты оң қолда ұстаңыз, жыныс мүшелеріне антисептикалық сұйықтықты құйыңыз, артына қарай салфеткамен сүртіп отырыңыз.

Теріні толығымен құрғатыңыз

Ыдыс пен клеенканы алып тастаңыз.

Қорытынды

Науқасты бақылап, оның жеке бас гигиенасын сақтау оңай емес. Бұл баптылықты, мұқияттылықты, аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан, науқасқа тиесілі қызмет атқару үшін, оны орынды емдеу үшін, біз науқастың жеке бас гигиенасын сақталуын білуге міндеттіміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Сырқаттың жалпы күтімі». Заликина Л. С.

2. «Паллиативная помощь» Медико социальные принципы и основы сестринского ухода.

3. «Сестринский уход» Петрова В. Н.