Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кк. 4-такырып

.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
67.3 Кб
Скачать

Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Науқастың төсектегі әр түрлі жағдайлары ; Симса жағдайы ; Фаулер жағдайы

Факультет: Жалпы медицина

Тобы: 105 «А»

Орындаған: Молдабекова Ж.Р.

Тексерген: Дүйсенбаева Ш.А.

Алматы

2015 жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе бөлім.

  2. Негізгі бөлім: 2.1 Науқастың төсектегі әртүрлі функционалды жағдайы; 2.2 Науқастың Симс жағдайында орналастыруы; 2.3 Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру.

  3. Қорытынды

Науқастың төсектегі қалпы

 

1. Қатаң төсек тәртібі- ішкі мүшелердің қызметі және құрылысы зақымдалған ауыр халдегі пациенттерге қолданылады.Қимыл-қозғалыс шектеулі, күтім және емдік іс-шаралар төсекте жүргізіледі. Бұл мақсатта функциональдық төсек қолданылады.Функциональді төсектің негізгі мақсаты-емделушіге ең ыңғайлы функциональді жағдай жасау.Төсектің аяқ жағында немесе жанына орналасқан тұтқалар арқылы оның бас жағын көтеруге болады. Қажет болған жағдайда отыратын деңгейге дейін көтереді.Емделушінің аяқ жағының көтерілуін жастықтың немесе тізенің астына валик қою арқылы қамтамасыз етіледі.Емделушінің гигиенасына байланысты, іс-шаралар антисептик ерітінділерімен жүргізіледі, сонымен қатар терінің ойылу алдын-алу шаралары жүргізіледі.

2. Төсек тәртібі- төсекте бірқатар қимыл-қозғалыс жасауға рұқсат етіледі, белгілі бір уақытта отыруға, керует жанындағы сөреде тамақтану, дәрет ыдысына отыру.

3. Жартылай төсек тәрітібі- немесе палаталық тәртіп- емделушілердің қимыл-іс шаралары кеңейтіледі. Төсек жанындағы орындыққа отыру, бөлмеде тамақтану, палата ішінде жүру, дәрет алу, жуыну шараларына рұқсат етіледі.

4. Жалпы тәртіп- асханаға барып тамақтану, баспалдақпен көтерілу, аурухана ауласында серуендеуге рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.

Емделушілер қозғалыс белсенділігін сақтамаған жағдайда өміріне қауіп төнуі мүмкін, сондықтан мейірбике күтім барысында аурудың кезеңдеріне сәйкес белсенділік және тамақтану тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру қажет.

Ауру түріне байланысты емделушінің төсектегі жағдайы белсенді, пассивті, мәжбүрлі болып бөлінеді.

1. Белсенді жағдай- емделуші өзіне өзі қызмет жасай алады, еркін қозғалады.

2. Пассивті жағдай- енжарлық, әрекетсіз жағдай, ауру әсеріне байланысты аз, өзіне-өзі қызмет жасай алмайды.Күтімді көмекші немесе мейірбике жүргізеді, ес түссіз, параличі бар пациенттерге кездеседі.

3. Мәжбүрлі немесе амалсыз жағдай- өзіне мінездеме бере алады, өзін күтуге бар. Бұл емделушілер жағдайын жақсарту мақсатында өздеріне ыңғайлы бір төсектегі қалыпты таңдайды.

Емдеу бөлімшелеріндегі пациенттердің төсектегі қалпы (позасы) әр түрлі болады.

1.Арқасымен жату.

2.Ішпен жату.

3.Бір қырынымен (оң,сол) жату.

Емделушілерге күтім жүргізу барысында арнайы терапиялық позициялар қолданылады.

Науқасты Фаулер қалпына жатқызу (жартылай жату және жартылай отыру қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу бір мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.

Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).

3. Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егерде ол болса).

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егерде ол болса).

6. Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.

7. Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.

8. Науқастың бас жағын 45-60° бұрышпен көтеріңіз (90° - жоғарғы Фаулер қалпы, 30° - төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).

9. Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егерде науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдың әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бүлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.

ІО.Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).

П.Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буының қатты жазылуын алдын ала ескерту).

12.Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен үзақ қыспауын алдын ала ескерту).

13.Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрастың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).

14.Аяқ басын ұстау үшін 90°бұрышпен тіректі қойыңыз (егерде қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек койылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егерде науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жүмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бүлшық ет күш қуатын көбейтеді.

15.Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы порученді көтеріңіз.

16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.

Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас

қалпы, ойылудын алдын алуы.

Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар

қап), функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

4. Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз.

5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).

6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.

7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).

10.Шынтақ және иық буынынан 90° бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

11.«Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

12.Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 90° бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету жэне олардың салбырауын алдын ала ескерту).

13.Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

15.Поручендерді көтеріңіз.

16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.