Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мірді тану.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
34.01 Кб
Скачать

«Өзін- өзі тану» пәнінің мақсат, міндеттері және тәлім- тәрбиедегі орны

Еліміз, 1991 жылы егемендік алғаннан кейін, оқу-орындарында және қоғамдыќ ортада көптеген ұлттық бағытта өзгерістер бола бастады. Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ, ол бүкіл үздіксіз оқу-тәрбие жүйесіне «¤зін-өзі тану» пәнінің енуі. Бұл пән бала-бақшадан басталып, жоғары оқу орындарына дейін ендірілген. Аталмыш пәннің авторы бәрімізге танымал С. А. Назарбаева.

Оқулықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасы негізінде дайындалған.

Бұл пән негізінен төмендегі кµрсетілген тақырыптар мен тарауларды қамтып, көптеген адами құндылықтарды игеруге жол бастаушы болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты да адамдарға рухани-адамгершілік қасиеттерді игерту болып табылады. Ал, міндетіне келер болсақ, сол игерген қасиеттерін қоғамдыќ ортада толық пайдалана білу. Тәлім-тәрбиедегі орнына келер болсақ, бұл айтылған рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген кез-келген адам баласы ешуақытта жамандық жасауға бармайды, әрі «толық адам» болып қалыптасады.

Адамзаттыњ ±лысы Абай Ќ±нанбаев сипаттаѓан “Толыќ адам” т±жырымдамасына лайыќты ќасиетке ие болу—‰лкен жетістік. «Толық адамы» көп ел ешуақытта азып- тозбайды. Сондықтан да бұл пәннің қажеттілігі зор.

Ал енді, бұл пәнді толық меңгерту үшін, негізінен әрбір келешек ұрпақтың діннен, философиядан (яғни дүниетанымнан) және ғылымнан хабары болуы қажет. Себебі, бұл үшеуі бір-біріне тікелей байланысты. Сонымен қоса Құраннан, Хадистен, Хикметтерден, Әдет-ғұрып, Салт-дәстүрден, Ырым-тыйымнан, Сенім-наным-танымнан түсініктері болуы тиіс. Бұларды меңгеру үшін, әрине біз өзіміздің ата-бабаларымыздың, ғұлама-ғалымдарымыздың қалдырған рухани мұраларынан нәр алуымыз керек. Бұған қоса, өткен ақын-жырау, жазушы, билер мен шешендердің қалдырған жалынды, мєњгі µлмейтін мақал-мәтелдері мен қанатты сөздерінен де көп мәлімет алѓанымыз жөн. Сонымен, жоғарыда айтып өткен тақырыптарды жеке талдап көрсетейін.

Оқулықтардың бірінші тараулары негізінен «таным жолында» делініп, оны бірнеше тақырыптарға бөліп қарастырады. “Ізгілікке бастар жол”, «Өз м‰мкіндігімізді таниық», «Ізденген жетер мұратқа», «Әсемдікке ұмтылайық» атты тақырыптарды меңгере отырып, келешек жас ұрпақ жалпы адамзаттыќ құндылықтардың адам өміріндегі орны мен маңыздылығы туралы, адамгершілік пен жасалған ізгілікті істердің адамды ќуанышќа бµлеп, ізденістерге жетелеп, үлкен табысқа жеткізетіні жөнінде пікір алуға болады.

Екінші тарауларда оқу мәтіндері сыйластық, қайырымдылық, кең пейілділік, жанашырлық, бауырмалдық тәрізді адамгершілік құндылықтардың мәнін ұғынуға бастайды. Еліміздегі ынтымақтастық, өзара келісім, бірлік, тәуелсіздік, бостандық, достық, ұлтжандылық сияқты құндылықтардың қоғамдағы орны туралы да осы тараулардан түсінік алуға ұмтылдырады.

Үшінші тараудағы адамның табиғатқа ізглікті қарым-қатынасы, қоршаған ортаның тіршіліктегі орны, денсаулықты сақтау мен нығайту және зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдары туралы айтылған құнды ойлар, әрбір өскелең жасќа µмірін жаќсы етіп с‰ру өз қолдарында екендігін ұғындырады.

«Жасампаздық жарасымы» атты төртінші тараудың құрамындағы мәтіндер ұлттық тағылым, дәстүр жалғастығы, ата-баба салты, ұрпақтар сабақтастығы сияқты қазақы болмысты танытатын мәдени мұраларды оқып-үйрену арқылы, келешек жас ұрпақ ұлттық тәлім-тәрбие бесігінде тербетіледі. Сөйтіп, оқулықтардағы оқу материалдарының бәрі де өздерін қызықтыратындай мәтіндерден құрастырылып, тақырыптық жүйе жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталған.

Жас ұрпақ оқулықтардағы берілген мәтіндерді ден қойып, зор ынтамен оқыр болса, талай мәселе төңірегінде ой түйеді. Адами қарым- қатынастағы әр қилы сұрақтарға жауап таба алады. Шығармашылық тұрғыда үлкен ыждаћатпен жасалған әр істері өздеріне табыс әкелері сөзсіз. Олай болса, қолдарындағы ұстаған бұл оқулықтардың нәрімен сусындап, ерінбей еңбектене берсін.

«Өзін-өзі тану» пәнінің барлық оқулықтарында берілген б‰кіл білім мазмұны жастарды ізгілік еліне жетелеп, таным шаттығымен шыңдай береді.

Міне, «¤зін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсат міндеттері осындай рухани-адамгершілікке жетелейтін бірден-бір жол болып табылады. Ал енді, бұл жоғарыда айтылғандарды толық меңгеру үшін, әрине көптеген ізденістер қажет. Бұл айтылған білімдерді толық меңгеру үшін, әрбір жастың тәрбиелі болғаны жөн. Сондықтан, осы жерде Әл-Фарабидің мына сөзі ойға оралады: «Тәрбиесіз берілген білім—Адамзаттың қас жауы». Өзін-өзі тануға байланысты ќ±нды ой-т±жырымдар Қожа Ахмет Йассауй еңбектерінде де кµптеп кездеседі. «Өзін-өзі таныған—Алланы да таниды»-дейді. Өзін-өзі тану үшін, әрбір адамның көкірек көзі ашық болуы тиіс. Бұл туралы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадистерінде мынадай сөздер бар: «Мен Миғражға көтерілгенде, жетпіс мақамды басып өттім. Жетпіс мың пердені аштым, енді оң дәрежесіндей Аллаға жақындадым. Бірақ, жұмыр бастағы көзбен көре алмадым, тек көкірек көзіммен көріп, тоқсан тоғыз мың сөз сұхбат құрдым, оның отыз үш мыңы шариғатта, отыз үш мыңы тариқатта, ал қалған отыз үш мыңы ақиқатта»-дейді.

Ал, Абай болса: “Ақыл мен қайрат кімде жоқ, ол хайуанда да бар” – сондықтан, бұл екеуі болса да, ол—“Толық адам” бола алмайды. Сондықтан, жылы жүрегі болуы керек, сонда ол— “Толық адам” болып қалыптасады – дейді.

Шәкәрім өзінің “Үш анық” деген еңбегінде “Ар ілімін” былай тұжырымдайды:

Бірінші—әрбір адамда діни таным болуы қажет, екінші—ғылыми танымы болуы керек, үшінші—“Ар ілімін” меңгеруі тиіс – дейді, және оны үшке бөледі:

1. Мейірімділік.

2. Ынсаптылық.

3. Әділеттілік, міне осы үшеуі бойында болған адам, нағыз “Толық адам” бола алады деп, тұжырымдайды.

Абай әлемді екіге бөледі: бірінші—көрінетін, ал екінші—көрінбейтін. Сондықтан, осы екі әлемді меңгеруге ұмтылуымыз қажет дейді.

Қожа Ахмет Йассауй ілімді, ғылымды, білімді, ғалымды екіге бөледі:

Бірінші: Тән ғылымы, тән ғалымы, қал ілімі, шариғат, тариқат, дүниауи білім (жалған білім).

Екінші: жан ғылымы, жан ғалымы, хал ілімі, мағрифат, ақиқат, иллаћи білім (шынайы білім).

Кемел адамды (толық адамды) қалыптастыру үшін, оған: парасатты сөз, парасатты іс, парасатты ойлау, парасатты білім үйретуіміз қажет.

Қожа Ахмет Йассауйдің өзін-өзі тану идеяларын анықтау үшін, біз алдымен Иллаһи (Аллалық) ілім, ғылым, білім, дін және дүниетаным ұғымдарын жете түсінуіміз қажет.

Бұл айтылғандарды меңгеріп алмай тұрып, Қожа Ахмет Йасауйдің рухани мұраларындағы өзін-өзі тану идеяларын түсіну қиынға соғады. Сондықтан да, біз көптеген мағлұматтарды «Құрани Кәрімнен», «Хадистен», «Хихметтерден» іздегеніміз жөн және солардың астарларын ашуға ұмтылуымыз қажет. Мәселен, «Құрани Кәрімде» көптеген құпиялы сырлар берілген. «Хадистердегі» айтылғандардың астарын, оған қоса «Хихмет» шумақтарындағы астарлы құпиялы сырларын ашуға ұмтылғанымыз жөн деп ойлаймыз.

Сонда ғана, Иллаһи ілім, ғылым, білім, дін және дүниетаным құпиялары айқындала түседі. Бүгінгі таңда, осы аталмыш киелі еңбектердегі мағлұматтардың құпиялы сырлары біртіндеп ашылып келеді. Оған мысал ретінде, батыс әлемінің небір ғұлама-ғалымдарының ислам дінін қабылдауын айтуѓа болады. Олар: Кусто, Армстронг, Мұхаммад Али, ( Кассус Клей) т.б. Бұған қоса айтарымыз, Ч.Дарвин теориясын жоққа шығарып отырған түрік ғалымы Ћарун Яхия. Осылардан-ақ көптеген құпиялы мәліметтердің осы киелі еңбектерде жатқандығына көз жеткізуге болады. Сондықтан да, осы құпиялы сырларды біз де ашуға ұмтылсақ, онда Қожа Ахмет Йассауйдің мұраларындағы өзін-өзі тану идеяларын ашқан боламыз.

Осы жоғарыда айтылып өткен ғұлама-ғалымдар, «Құрани Кәрімдегі» бірнеше құпиялы мағлұматтардың сырлы астарын ашып, оған көз жеткізгендіктен, Алланы мойындап, Ислам дінін қабылдаған.

Бүгінгі таңда, әлемді жеті қабаттан тұрады деп, ѓылым енді дәлелдеген болса, бұл «Құрани Кәрімде» бұрыннан бар. Яғни, бұдан 14-ғасыр бұрын мәлім болған. Ал ғылым болса, оны әлі толық мойындамай келеді.

Ол қабаттар: қатты дене, сұйықтық, газ тектес, плазмалық жағдай, физикалық ваккум, энерго-ақпараттық өріс немесе сана өрісі (торсион өрісі). Абсолютті «Еш нәрсе». Єлемніњ осылай жеті қабатқа бөлінгендігі, бүгінгі ғылымда да анықталып отыр. Әрине, әлі көпшілік б±дан хабардар емес, оның қатарында көптеген ғалымдар да бар.

  • Негізгі бет

  • Өзін-өзі тану

  • Орталық туралы

  • Құрылымдық мекемелер

  • Кітапхананың электрондық каталогы

  • Жаңалықтар

  • Халықаралық қатынастар

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

  • Мемлекеттік сатып алулар

  • БАҚ біз туралы