
51Төмендегі көрсеткіштер бойынша маңыздылық мөлшерін анықтаңыз
49«Аудиттің даму тарихы. Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
АҚШ-тағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерртеу қорытындысында: «бұл аудит» қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді – деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ та олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе шоттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б. деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп – атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдасьыру туралы салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы, ақша құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін брокерлере, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуге кепілдік береді. Қорыта келгенде аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, бизнеспен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетінің қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайда ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан отчет информацияларын зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық информация алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік отчеттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.
Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.
Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.