Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
45-51.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
51.52 Кб
Скачать

45Аудит өткізу алдындағы алдын ала жүргізілетін міндетті іс-әрекеттер. Аудиторлық тексеруді  жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдіген анықтау үшін пайдалануға болады:

- сәйкестігін тексеру;

- ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кезеңдерін);

- мән бойынша бақылау;

-талдамалық  реттемелер.

Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Сәйкестігін тексерудің мақсаты – елдегі нормативтік – құқықтық  актілерге  сай құрылған қаржылық  есеп  беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің оңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол  жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:

- клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;

- құжаттар мен жазбаларды тексеру;

- лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.;

- осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.

Ішкі бақылауға  тест жүргізу  ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор қателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды.

Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операциялардың қажетті  түрде мақылданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа номерленгенін анықтауға болады. Егер аудитор  шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.

Аудит мақсаттары тұрғысына қаржылқ есепберуді құру мен ұсынудың негізгі ерекшеліктері және оған қойылатын талаптар келесідей:

1) қаржылық  есеп  беру  ұйымның қаржылық  жағдайын, қызметінің   қаржылықнәтижелерін, ақша қозғалысын және ұйымның меншік капиталындағы өзгерістерді қажетті менімділікпен көрсетуі керек;

2)  ұйым сапалық  сипаттамаларға жауап беретін ақпаратты қаржылық есеп беруді ұсынуды қамтамасыз ететін төмендегі саясатты даярлауы керек:

а) пайдаланушылар үшінорынды шешім қабылдау;

б) келесілерді қамтамасыз  ететін сенімділік:

    - ұйымның нәтижелері мен қаржылықжағдайыннақты ұсыну;

    - оқиғалар мен операциялардың тек заңды нысандарын ғана емес, экономикалық мазмұнын да көрсету;

    - бейтараптық (түрлі қатысушыларға қатысты объективті);

    - байқап қарау;

    - барлық елеулі қатынастарда толықтық.

3) ұйым пайдаланушылардың қаржылықжағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық өзгерістері туралы  толық және нақты ақпаратпен қамтамасыз етуі керек;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мерзім ішінде ұйым қаржылық  есеп беруді; мемлекеттік статистика органына, әр құрылтайшы мен басқа да мүдделі пайдаланушыларға ұсынуды қамтамасызетуі керек.

Қаржылық    есеп берудің мақсаты – ұйымның қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен қаржылық есеп берудегі өзгерістер туралы ақпаратты ұсыну. 

Экономикалық  ақпарат категориясы ретінде есепке алу ақпараты  түрлері иерархиялыққұрылымға ие және ол былай көрсетілген: реквизиттер, көрсеткіштер, құжаттар.

Реквизиттер – ары қарай логикалықбөлуге жатпайтын қарапайым ақпараттық бірліктер. Олар объект, процесс, құбылыстардың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді және белгілі бір мағыналық мәнге ие.

Реквизит келесілерге бөлінеді: объект, процесс, құбылыстардың сандықжағын сипаттайтын  реквизит негіздері және суреттеліп отырған объект немесе процесстің  сапалық жағын сипаттайтын реквизиттік белгілері.

Көрсеткіш – бұл бір реквизит негіздер және бір немесе реквизит-белгілерді қамтитын ақпараттың  құрамдас бөлігі болып табылады. Басқа жағынан, бұл ақпаратқа толы және құжат құруға қабілетті ақпараттың мимимальды құрамдас бөлігі.

46.Аудиторлық қорытынды есеп беру

Аудиторлық қорытынды – қаржылық есеп берушілікті тексеру қорытындыларын жүйелеп, есепте көрсету. «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15-бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандартына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қортынды есеп жасалады.

Қазақстан Республикасы қортынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 «Қаржылық қортынды есеп бойынша аудиторлық қортынды есеп», 710 «Салыстырмалы көрсеткіштер», 800 «Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.

Аудиторлар және аудиторлық фирмалар жүргізген аудит нәтижесінде есеп жасап, оны келісім бойынша тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде өткізілуі керек. Аудитормен келісімнің орындалуы Қазақстандық 5 стандарт бойынша қаржы есебін тексерудің аудиторлық қорытындысы және сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің аудиторлық қорытындысымен анықталады.

                     Аудит есебінің формасы мен мазмұны келесідей принциптерге негізделеді:

-               есептің басқалардан ерекшеленетін тақырыбы болуы керек;

-               есепте аудит мақсаты, көлемі, масштабы көрсетіліп, аудиторлық процедуралардың шекарасы мен мәселесі туралы хабарлау керек;

-               егер аудит есебі басылымға ұсынылса, оған қоса негіз болатын қаржы құжаттары да жариялануы керек;

-               есеп беру үшін пайдаланушыға қолдануға жоғары тиімділік беру үшін белгілі уақытты ұсынуы қажет.

                    Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде тексерудің жалпы көлемі, мазмұны көрсетіліп, оның құқықтық жақтары сәйкес стандарттарға жүргізілгендігі көрсетіледі.

                   Аудит қорытындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәліметтер қаржылық есепте жіберілген қателіктердің болуы мүмкіндігін аудиторлық тәуекелдің қандай мөлшерде зиянды екендігін қарастырады. Одан кейін аудит технологиясының барысы көрсетіледі: 1. Тест арқылы талдау жасау- қаржылық есептерге құжаттар арқылы дәлелдеу; 2. Бухгалтерлік есеп принциптері, оның қаржылық есеп жасаудағы тиімділігін нақты дәлелді түрде көрсету; 3. жалпы қаржылық есепке баға беру.

                   Аудиторлық есептің қорытындылау бөлімінде  аудит қорытындысы көрсетіледі. Оның мақсаты- субъектінің қаржылық есеп берушілігінің дұрыстығын, оның заңдарға, нормативтік құжаттарға, бухгалтерлік және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкестілігін көрсету.

700 «Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қортынды есепке қатымты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәләлдеулер бойынша жасалынған қортындыларды бағалау қарастырылады. Аудиторлық қортынды есепке жалпы қаржылық қортынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір болдыруға тиісті . Сондықтан білдіретін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қортындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  •  Ескертусіз аудиторлық қорытынды;

  •  Ескертулер бар аудиторлық қорытынды;

  •  Аудиторлық қортындыны беруден бас тарту;

  •  Теріс аудиторлық қорытынды.

                            Аудиторлық қортындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қортынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың мекен жайы, аудитордың қолы. Қортынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қортынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдар болуға тиісті.

Аудиторлық қортынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:

  • Қаржылық қортындыны есепте ашылып көрсетілген ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;

  • Қаржылық қортындыны есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принцптерін бағалау;

  • Қаржылық қортынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;

  • Жалпы қаржылық қортынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.

Қортынды есепке аудиттің қортынды жасау үшін қолайлы негізде қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.

Қортынды жасау бөлімі. Аудиторлық қортынды есеп қаржылық қортынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндіегі  аудитордың қортындысын анық көрсетуге тиісті.

Аудиторлық қортындыны білдіру үшін пайдаланылатын «дұрыс және көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілері  бойынша дәл берілген» терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қортынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғанда көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]