Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
45-51.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
51.52 Кб
Скачать

48Аудитордың жұмыс құжаттары, оларды жасау,пайдалану және сақтау тәртіптері.

230 «Құжаттау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында  «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралықстандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді  құжатпен рәсімдеуге тиісті екендігі көрсетлген.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты – аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

- олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде  көмектеседі;

- олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға  жағдай туғызады;

- оларда аудиторлыққорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

                 Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңыздымәселерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

              Жұмыс құжаттарына келесілер жатады:

1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

              2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

              3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

              4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

              5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

              6. Ассистенттер орындағын жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

              7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

              8. Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері;

              9. Аудитордың өз клиеніне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

              10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;

              11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

              12. Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының  талдауы, тексеруші баланстар;

              13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылыққорытынды есебінің, сонымен бірге қорытынды есеп бойынша жасалған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;

              14. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша  аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

Аудиторлармен жұмыс алдында дайындалған барлық құжаттар оның жұмыс қағаздарын ажыратады және аудитті жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар аудиторлық жұмыстың дәлелі болып табылады. Аудитті тексеру барысында аудитор әртүрлі мәліметтерді пайдаланады. Оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәліметтер көзі деп бөледі.

Тікелей мәлімет көзі фактілерді тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар- бухгалтерлік есеп кестелері, түгендеу құжаттары және түгендеу қорытындысы, акті.

Қосалқы мәліметтер көзі  олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорынның шаруашылық жұмысына қатысты мәлімет.

Бухгалтерлік есеп құжаттарын дәлел көзі мағынасы ретінде 4 топқа бөледі: алғашқы, топтаушы, ерікті, қосымша.

49Аудиттің даму тарихы. Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

АҚШ-тағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерртеу қорытындысында: «бұл аудит» қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді – деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ та олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе шоттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б. деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп – атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдасьыру туралы салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы, ақша құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін брокерлере, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуге кепілдік береді. Қорыта келгенде аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, бизнеспен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетінің қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайда ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан отчет информацияларын зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық информация алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік отчеттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда  Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.

Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.

50Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу.  Алдынала жоспарлау процесінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдарламаларын дайындауға кіріседі.

Жалпы жоспар дайындау  процесі ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент  мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлықтексеру тиімділігіне көмекмесуі мүмкін.

Аудитор аудиттің  жалпы жоспарын іске асыруға  қажетті  жоспарланған аудиторлық процедуралар   сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек.

Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:

- аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;

- аудиторлық топ жұмысының  сапасын бақылау құралы;

- аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, таңдау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгетуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.

Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы  дәлелдеу үшінқажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.

Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет  етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негізбойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепке айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]