Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журнал 2.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
8.38 Mб
Скачать

Тарихи лотерея

ҚАЗАҚСТАНДА АСТАНА ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЛОТЕРЕЯ БАСТАЛМАҚ. EXPOLOTTO ұлттық ауқымдағы тұңғыш лотерея жобасы болып табылады, оның мемлекеттік міндеттері келесі: - көрме идеяларын, мақсаттарын насихаттау және көпшілікке тарату; - бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін арттыру жолымен коммерцияландыруды арттыру; - халықтың жалпы лотереяларға деген сенімін көтеру. - еліміздің лотереялық нарығын дамыту. Лотереяны ұйымдастыру кезінде Халықаралық көрмелер бюросының кеңестері ескерілді. Лотереяны өткізуден жиналған қаржы ЭКСПО-2017 павильондарының құрылысына және аталған көрмені ұйымдастырумен байланысты басқа да мақсаттарға жұмсалатын болады. Көрме ұйымдастырушылары ЭКСПО-ны қолдау мақсатында лотереяларды 2008 жылы Сарогос қаласында (Испания), 2010 жылы Шанхайда (ҚХР) өткізген болатын, сондай-ақ, лотерея 2015 жылы Милан қаласында (Италия) өтетін Дүниежүзілік көрменің тіркеу құжаттамасында мәлімделген. EXPOLOTTO жобасын іске қосуға дайындық кезеңінде лотереяға қатысты қоғамдық пікірді, нарықты зерттеу және талдау жұмысы өткізілді. Сауалнама барысында әлеуметтік, экономикалық, гендерлік және басқа да белгілері бойынша лотереяларға белсенді немесе енжар қатысатын сұхбаткерлердің өлшемдері анықталды. Алынған мәліметтер Қазақстанда мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізетін лотереяны дамытудың әлеуеті жоғары деп айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік елдерде лотереялардан түскен кіріс көмегімен денсаулық сақтау, білім, спортты дамыту және басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын бюджеттік шығындардың айтарлықтай бөлігі қаржыландырылатыны белгілі. Мұндай тәжірибе АҚШ және Еуроодақ елдерінде бар. Лотереялар көрмелер, форумдар, спорт жарыстары және тағы да басқа жалпы мемлекеттік маңызға ие ұлттық жобаларға ілесе өткізіледі. EXPOLOTTO брендімен күнделікті және апталық ұтыстар, сондай-ақ, лезеттік лотереялар секілді лотереялық өнімдердің топтамасы шығарылды. EXPOLOTTO жобасының оператор-компаниясы «Kazakhstan lottery service» ЖШС болып табылады. Лотереялық ұтыстардың ашықтығын және оны өткізуді "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бақылайтын болады.

Мезгіл аясында

Егер сізде уакыт капсуласы болса, сіз оған не салар едіңіз?

Қасымбаева Әйгерім, ALMA университеті, 2 курс, 19 жас

Болашақ ұрпағымыз өз ата-тегін ұмытпауы үшін мен оған халқымыздың ұлттық байлығын салар едім.

Қайрат Диара, ALMA университеті, 2 курс, 18 жас

Мен капсулаға карточка немесе құнды қағаз салар едім, себебі болашақта ол өз құндылығымен өзінің көнелігімен ұрпағымызды бакытты қылар еді.

Пастушенко Анастасия, ALMA университеті, 3 курс, 20 жас

Мен оған өзімді салар едім, себебі болашақта әлем қалай өзгеретінін, политикалық жағдайды, адамдарды және олардың сән үлгісін, білім деңгейін , отбасы құндылықтарын , оқу үлгісін өзім көргім келеді.

Джумаева Арина, ALMA университеті,3 курс, 20 жас

Мен болашақта ұрпағымызға әлем тарихынан кітап және түрлі жазбалар түрінде салар едім, себебі адамзатқа өз өткен тарихынан білу маңызды деп санаймын.

Бабазаев Исхар, ALMA университеті,4 курс, 21 жас

Мен оған өзімнің жақсы көретін адамдардың тізімін және болашақты қалай елестетінімді жазып қалдырар едім.