Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
16.08.2019
Размер:
65.6 Кб
Скачать

Халықаралық Бизнес Академиясы

Тілдер кафедрасы

“Білім - болашақтың капиталы” жобасы

“ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ - ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ”

Орындаған:Молдаханова Анеля

Тексерген: Қ. А. Жақыбаева

Алматы 2012

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ: Жобаның негізгі мақсаты.....................................3

Ι ЭКОНОМИКА

    1. Экономика........................................................................4

    2. Экономиканың формалары............................................5

    3. Экономиканың түрлері.................................................10

II ҚАЗАХСТАННЫҢ ДАМУЫ- ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ

2.1 Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономиканың дамуыны....................................................................................18

2.2 Қазахстаның экономиканың дамуы туралы мақалалар..................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ: Қазақстан экономикасының нақтылы жағдайы.....................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР.........................................29

Тусау кесері

КІРІСПЕ

Жобаның негізгі мақсаты

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының ел жағдайының ең бір қиын тұсында қабылданып,халықты алдағы күнге деген сенімге үндеген бұл маңызды мемлекеттік бағдарламаны болашақты болжау және соған сәйкес нақты жоспарлар құрып, оны орындау жөніндегі шамшырағымыз болды десек, ақиқаттың ауылынан еш алыс кетпесіміз анық.

Жобаның негізгі мақсаты: Экономика туралы мәлемет жинау және Қазақстан экономикасының даму кезеңдері мен алға қойған мақсаттарға жету жолындағы іс-шараларды қарастыру.

Мемлекетіміз тәуелсіздіктің жиырма жылын өткерді. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Қазақстан үшін әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған, жүздеген жылдар бойы біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға уақыт тығыз болды.

Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда. Әлбетте, мінсіз экономикалық модель жасап, толық қанды қоғам құрып қойдық деп айта алмаймыз.

Қазақстанның ең жоғары мақсаты экономиканы дамуы, өйткені экономика арқылы қалған барлық салалар дамыйды.

Экономика ғылымдарының сол жаңа ғылымдардың қалыптасу жағдайын шолып отыруы тиіс. Сонымен қатар экономика ілімдерінің даму бағыттары бүгінгі таңдағы Экономикалық ойдың негіздерін, соның ең маңызды деген логикалық тұжырымдары мен берік бірлігіне бастайтын болуы қажет. Мен бұл жерде ойшылдардың экономикалық процестерге деген эволюциялық көзқарастарын жүйелеп қана қоймай олардың идеяларын қарастырып нәтижелерін аша білгім келіп отыр.

Ι экономика

1.1 Экономика

Экономика (гр. Oikonomia — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.[1]