Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жоба.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
16.08.2019
Размер:
65.6 Кб
Скачать

2.1 Қазахстаның экономиканың дамуы туралы мақалалар

2010 – 2011 жылдары Қазақстанның экономикалық дамуы қайтадан тұрақты фазаға өтті, деп есептейді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«2010-2011 жылдардағы экономикалық даму Қазақстанның дамудың тұрақты фазасына өткенін көрсетіп отыр, яғни экономикалық өсім – 7% рост. 2010 жылы экономиканың өсімі - 7%, 2011 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша да 7%-дық өсім көріп отырмыз», - деді К. Мәсімов бейсенбі күні «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: тәуелсіздіктің 20 жылы және жаңа міндеттер» экономикалық форумында.

Оның пікірінше, экономика өсімініәң қарқыны 11 айдың қорытындысы бойынша дас сақталады.

«Алдағы 2 аптада 11 айдың қорытындысы бойынша мәліметтер жарияланады. Осындай өлшемде өсіп келеміз деп ойлаймын, жылына 7%», - деді премьер-министр.

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.

Жоспарда сыртқы және iшкi факторларға қарай 2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негiзделедi және орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылы айқындалады.

Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.[8]

Биылғы жылы Қазақстан, Ресей және Беларус арасында Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойылды.Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішев үш ел экономикасының дамуы үшін қандай перспективалар ашылатыны, алдағы жылдан қандай өзгерістер күтуге болатыны туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді

Биылғы жылы бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Қазақстан, Ресей және Беларус арасында Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасының қаржы министрі Болат Жәмішев үш ел экономикасының дамуы үшін қандай перспективалар ашылатыны, алдағы жылдан қандай өзгерістер күтуге болатыны туралы біздің тілшімізге әңгімелеп берді.

- Болат Бидахметұлы,алдағы жылдан бастап Қазақстан Кедендік одақтың мүшесі болады. Қазақстан, Ресей және Беларус арасындағы сауда-экономикалық қатынастарда қандай өзгерістер орын алады? Кедендік одақты құру біздердің елдеріміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қандай мәні бар?

- Өздеріңіз білетіндей, 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Бірыңғай кедендік тарифтер бойынша келісім күшіне енеді және бұл біздің республикамыздың Ресей Федерациясымен және Беларус Республикасымен Кедендік одақ аясында экономикалық өзара іс-қимылы басталатынын білдіреді. Жалпы, Кедендік одақ дегеннің дәл анықтамасы - бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың келісілген мөлшері. Қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан, Ресей және Беларус арасында баж алымынсыз сауда жүргізілетін болады, 2010 жылғы маусымның 1-інен бастап Кедендік одақтың Кедендік кодексі күшіне енді және үш ел арасында кедендік ресімдер жүзеге асырылмайтын болады. Кедендік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге асырылмайды. 2011 жылғы шілденің 1-інен бастап Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың барлық осы түрлері алып тасталады. Тек шекаралық бақылау ғана қалады. Мұның тауарларды еркін жылжыту тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні түсінікті. Әкімшілік кедергілер де болмайды, Одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы сауда жеңілдейді. Әрине, бизнес бұл жеңілдіктердің барлығын да оң қабылдайды, өйткені әкімшілік кедергілер тауарлардың қозалысын қиындата түседі. Қызметтерді еркін ұсынуға, жұмыс күштерін және капиталдарды жылжытуға байланысты мәселелер әлі бар. Әр елде әртүрлі қолданылатын монополияға қарсы реттеу мәселелері қалып отыр және ол біздің кәсіпорындарымыз бен біздің еліміздегі ресейлік және беларустық кәсіпорындар үшін кедергі ретінде қызмет етуі мүмкін. Монополиялық салалар да жоқ емес - теміржол, энергетика. Сондықтан, егер біздер тауарлардың еркін қозғалысы үшін мүмкіндік құратын өте маңызды қадам жасайтын - Кедендік одақ құратын болсақ - осы жолмен одан әрі жылжығанымыз орынды болмақ. Бұл өз кезегінде, ақша-несие, қаржы, көші-қон саясатын көздейтін болады. Яғни, тұтастай алғанда, мемлекеттердің экономикалық саясаттарын келісуді талап етеді. Сондықтан, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі мемлекеттер басшылары деңгейінде өткен отырыста Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шешім қабылданған болатын. Біртұтас экономикалық кеңістік құру - бұл келесі кезең. Ол үшін нормативтік база алдағы екі - 2010-2011 жылдар ішінде құрылуы тиіс. Бұл келісімдердің барлығы бірдей осы мерзімдерде күшіне енбейтіні түсінікті, жекелеген шешімдерді іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Кедендік одақ, Біртұтас экономикалық кеңістік құру біздің ел үшін шикізаттық емес экономиканы дамытуға мүмкіндік береді. Шикізаттық емес экономика үшін, ең алдымен, сату рыногы маңызды. Егер сату рыногы болмаса - ешқандай да бәсекелестікке қабілетті өндіріс те болмайды. Кедендік одақ, Біртұтас экономикалық кеңістік шикізаттық емес секторды дамытуға мүмкіндіктер құрады, бірақ кепілдік бермейді. Кедендік одақтың ішінде бәсекелестіктің болатыны сөзсіз және бұл орынды да, өйткені шынайы экономика тек бәсекелестік қабілетті жағдайда ғана құрылады.

Міне, Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік құрудағы шешілуі тиісті саяси және экономикалық міндеттердің қысқаша мәні осындай.

- Кейбір тауарлар бағаларының арту мүмкіндігіне байланысты Кедендік одақты құрудың ықтимал теріс салдарларына алаңдаушылық танытып отырғандар да жоқ емес. Осыған орай Сіз не айтқан болар едіңіз?

- Өзгерістерге ұшырауға бейім бірқатар тауарлар бойынша өтпелі кезең көзделген және тиісінше, келесі жылы олар бойынша кедендік тарифтердің өсуі болмайды. Сонымен қатар, таяу келешекте, үшінші елдерден импортталатын бірқатар тауарлар бойынша бағаның артуы мүмкін, бірақ міндетті түрде емес. Көп нәрсені төлем қабілетінің сұранысы, сондай-ақ ресейлік және беларустық тауарлар түріндегі баламалардың бар-жоғы анықтайтын болады. Егер орта және ұзақ мерзімді перспективалар туралы айтар болсақ, біздің елімізде отандық өндірістің дамуы үшін жағдайлар құрылатын болады. Біздің экономикамыздың шикізаттық бағыты оның әлсіз жағы болып табылады. Әрине, біздің елімізде мұнайдың және басқа да қазба байлықтардың бар болуы - маңдайымыздағы бақ. Бұл салалар біздің экономикамыздың өзегі болып отыр және қазіргі дағдарыс жағдайында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымын осылар қалыптастыруда, біздерде макроэкономикалық көрсеткіштерде тұрақтылық орнаған.

Солай болғанымен, біздің экономикамыз дағдарыс жолағынан шыға қойған жоқ. Макрокөрсеткіштер деңгейінде жағдай оңға басты, бірақ микроэкономикалық деңгейде бұл туралы сөз қозғау әлі ерте. Құрылыс және қаржы секторлары да толық көлемде тұрақтана қойған жоқ. Шағын бизнеске қатысты да осыны айтуға болады.

Осылайша, біздердің мұнай өндіру және кен өнеркәсіптеріміз, жалпы алғанда, экономиканы дағдарыстан шығаруға ықпал етуде, бірақ экономиканың мұндай біржақты дамуы, сөзсіз, тәуекел факторы болып табылады. Ол елдегі бүкіл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ете алмайды. Сондықтан біздер үшін экономиканы әртараптандыру өте маңызды. Біздердің тауар өндірушілеріміз үшін сатудың үлкен рыногы ашылғанда ғана олар бәсекелестікке қабілетті бола алады. Міне, Кедендік одақ осы үшін құрылып отыр.

- Кедендік одақтың құрылуына байланысты Қаржы министрлігінің алдында қандай міндеттер тұр?

- Кедендік одақты құру аясында қол қойылған барлық келісімдерді іске асыру үшін біздің министрлік алдында қыруар жұмыстарды атқару міндеті тұр. Атап айтқанда, Одақтың Кедендік кодексін іске асыру үшін барлық жағдайлар жасау қажет. Қазақстан осы құжатты әзірлеуге жауапты. Кедендік кодекстің негізіне 1973 жылғы Киото конвенциясы алынған. Осы Конвенцияда кедендік саясаттың негізгі мәселелері реттелген.

Кедендік одаққа байланысты жанама салықтар - қосылған құн салығы және акциздер - Одақ ішіндегі сауда кезінде қалайша жиналады деген сұрақтың туындауы сөзсіз. Жанама салықтарды жинау функциясы Кеден комитетінен алынып Салық комитетіне беріледі. Алдағы уақыттары ішкі шекаралардан барлық кедендік бекеттер алынып тасталатын болады және жанама салықтарды жинаудың қиындай түсетіні де белгілі. Жанама салықтарды жинау функциясына ие болған Салық комитеті Ресейдің және Беларустің салық органдарымен ақпараттық алмасу негізінде бақылауды жүзеге асырады.

Кедендік одақты құру аясындағы жұмыстардың маңызды бағыттарының бірі - сыртқы кедендік шекараны нығайту. Ағымдағы жылы наркотрафикке қарсы күрес аясында мемлекеттік шекараларды және кедендік шекараларды нығайту бағдарламасы қабылданды.

Кеден комитетінде Жедел басқару орталығы құрылды. Барлық бастамаларда біздер Үкімет және барлық мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тауып отырғанымызды баса айтқым келеді. Жедел басқару орталығы барлық кедендік бекеттерде жағдайды бақылайтын болады.

- Кедендік баждардың артуына байланысты кейбір тауарлардың бағалары артуы мүмкін дегенді айттыңыз. Қандай тауарлардың бағалары және олар қаншалықты көтерілетіні туралы қазір сөз қозғауға бола ма?

- Иә, үшінші елдерден импортталатын көптеген тауарлардың түрлеріне деген кедендік тарифтер көтеріледі. Бұл тарифтер «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды. Нақтылы тауарлардың түрлері бойынша бағалардың көтерілуіне қатысты тоқталсақ - өте күрделі мәселе. Қазір тауар Ресейден немесе Беларустан әкелінсе, олар қымбаттамайтынын айтуға болады.

- Кедендік одақты құру Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының тұрақтылығына әсер ете ме? ҚР Президенті Н.Назарбаев айтқан Кедендік одақ базасында аймақтық немесе ұлттық валютадан жоғары валюта құрылуы мүмкін бе? Біздердің экономикаларымыздың долларға тәуелділігі азая ма?

- Ұлттық валюталардың тұрақтылығы көптеген факторларға тәуелді. Оның ішінде алтын-валюта резервіне, ол өз кезегінде сыртқы сауда теңгеріміне тәуелді. Тұрақтылық инфляция деңгейіне және көптеген факторларға тәуелді. Есеп айырысулар жүйесінде еш нәрсе өзгермейді, айырбастау бағамының қарқынын айқындайтын факторлардың жағдайларында да ешқандай өзгеріс боламайды. Жаңа факторлар пайда болмайды.[9]