Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журнал 2.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
8.38 Mб
Скачать

Мазмұны:

  1. Ұлтымыздың жауапты миссиясы

  2. ЭКСПО – Келешек қуаты

  3. ЭКСПО төңірегіндегі келусілер мен қарсыласулар

  4. ЭКСПО – дағы Талғат Ермегияевтің жолы

  5. ЭКСПО – 2017. Дұрыс армандай алдық па?

  6. Көрме туралы қызықты 10 дерек

  7. Өнертабыстар алаңы

  8. Тарихи лотерея

  9. Мезгіл аясында

Ұлтымыздың жауапты миссиясы

Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында жабық дауыс берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы көп дауысқа иеленіп, Бельгияның Льеж қаласын басып озды және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу туралы шешім тарихи оқиға болып саналатынын атап көрсетті.

- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананың таңдалуы – Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі, – деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтады.

- Енді біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл еліміз үшін емтихан ғана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада «ЭКСПО» көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз осы жауапты миссияны атқарып шығатынына сенім білдірді.

Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.

Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.

Экспо – Келешек қуаты

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.

EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да, әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес.

Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра,Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік.

Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде.

Осы ретте сәл шегініс жасасақ... Естеріңізде болса, V Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл көпір» және EXPO-2017 тақырыбы «Болашақ энергиясы» сияқты Қазақстанның Жаһандық экологиялық бастамалары жөнінде мамандандырылған сессия өткен болатын. Сессияның спикерлері ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ауманн, Эрик Маскин, АҚШ Хьюстон университетінің баламалы энергетика зерттеу институтының директоры Алекс Игнатиев, Мыңжылдық жобасы халықаралық ұйымының Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Экоэнергомаш» бас директоры Альберт Болотов, Назарбаев Университеті инженерлік факультетінің машина жасау кафедрасының профессоры доктор Сарим әл-Зубайди, Назарбаев Университеті Инженерлік мектебінің профессоры Жұмабай Бәкенов өз ойын ортаға салды.

Басқосуды қорытындылай келе мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартты.

Жаһандық мәселелерді көтеріп, климаттың өзгеруін, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігін және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсету жайын талқылады. Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр.

Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда.

2012 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде төраға Стин Кристенсеннің басшылығымен Көрмелердің халықаралық бюросы Сарапшылық комиссиясының елімізге жұмыс сапарымен келуін атауға болады. Стин Кристенсен мен КХБ бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес екі рет БАҚ өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында олар Қазақстандағы жұмыс кездесулері туралы алған әсерімен, тың ойларымен бөлісті. Атап айтсақ, Стин Кристенсен Астана ұйымдастыру комитеті құжаттар жинағын дайындау бойынша тамаша жұмыстар атқарғанын мәлімдеді. Техникалық кездесу барысында туындаған барлық сұраққа жауап алғанын айтты. «Біз Қазақстан Президентімен, ел Үкіметінің министрлерімен, Мәжіліс, Сенат өкілдерімен, Астана қаласының басшысымен, азаматтық қоғам өкілдерімен, ҮЕҰ, академиялық топтармен, студенттермен, кәсіподақтармен кездесу өткіздік. Барлық бұл мүдделі тараптар Астана EXPO-2017 жобасына толығымен қолдау көрсетіп отыр. Мен де Қазақстанның жеңіске жетуіне шын жүректен тілектеспін және бұл елдің қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын», - деп ағынан жарылды С.Кристенсен.

Демек, бұдан шығатын қорытынды, әлемдегі беделді ұйымдар Қазақстанның EXPO көрмесін өткізуіне бір жағынан мүдделі болып отырса, екінші жағынан Қазақстан мен оның «энергия» тақырыбына деген қызығушылығын көптеген елдер қолдауда. Қазір елуден астам ел Астанада көрмені өткізуге жазбаша келісім берсе, қырықтан астам мемлекет ауызша растаған.

EXPO-2017 ұлттық жобасына Мемлекет басшысының өзі қолдау көрсетуі оны сәтті іске асырудың маңызды факторы болып табылады. 2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттер EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қолдайтынына сенім білдірді. Президент бүгінде энергетикаға ауқымды инвестиция салу бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрыңғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі.

Қазақстан елордасы сайлауалды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі болғаны анық.

Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Сайлауалды науқанының ең бір жауапты кезеңі – дауыс беретін күн де алыс емес. Оның нәтижесі тек 2012 жылдың соңында ғана белгілі болмақ. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.

ЭКСПО төңірегіндегі келусілер мен қарсыласулар

КЕЛІСУІ ТЕК ҒАНА БІРЕУ, ҚАЛҒАНДАРЫ КЕМШІЛІКТЕР. Марат Шибутов, политолог:

-Политолог ретінде ЭКСПО 2017 өткізуіне қарсы қандай жақсы жорамалдар айта аласыз?

-ЭКСПО 2017 өткізуіне бір ғана жақсы жағы ол Астана қаласының жасырын демеуқаржысы, оларға керегі салтанатты мейрамын жұмысбастылығын қорғау.Бизнес пен өндірістік жөнге салуға қарағанда, бұл өте оңай. Ал қалған жағынан мен тек оның кемшіліктерін көріп отырмын. Бұл көрме дамып келе жатқан елдерге бекер және шығынды. Былай қарап тұрсақ , біз бұл көрмені өткізу үшін қанша компанияларды шығынға келтіреміз.

АҚШАНЫ ДАЛАҒА ШАШЫП ЖАТЫРМЫЗ. Валентин Макалкин,экономист:

-Экономист ретінде ЭКСПО 2017 өткізуне қарсы қандай жақсы жорамалдар айта аласыз?

- Қосымша пайдалары, әрине, бар. Біріншіден, ол атақтылы болу. Екіншіден, өзінің құрылыстық индустрияның дамуының ауызекісін сұрайды, және де оның кадрлық дайындықтарын. Бірақ басқа жағынан, бұл мейрамды өткізу үшін көп қаражатты сұрайды. Оны болжама жасасақ, бұл қаражаттарды республиканың проблемаларын шешуге болатын еді. Жеңіл мысал келтірсем, бар ресми деректерге келетін болсақ, жұмыссыздық деңгейі бес пайызды құрап отыр. Бірақта, шындық нақтығы бес есе көп.

Михаил Алиев, ҚР азаматы. Бұл тек қана мақтаншақтық.

- Мен Қазақстанды, менің елімді басқа мемлекеттерге танығанына қарсы емеспін. Бірақ бұл жағдайға тарихи жағынан қарайық. Великобритания және АҚШ мемлекеттері, ненің арқасында осындай атақты болды? Біріншіден, өздерінің күштілігінен. Менің айтқым келіп отырғаны оларды тұрақты дамуы және жоғары технологиялық экономикасы демократияның дамуы, өмірдің биік қалыптары. Сондықтан ол мемлекеттерге бәрі де барғысы келеді: байлар да және кедейлер де. Осындай танымал мемлекет болу үшін, ұзын тарихи жолдан өтуі керек. Ендігі бізге көшсек, мен қазір осындай дүргілікті мейрам өткізуінін қатты маңызды мәселелер толып жатыр. Мысалы, біздің мемлекттен қарағанда, Куба және Израиль елдерінің медицинасы, Австралия мен Финляндия елдерінің жоғары білімінің қатты дамулары. Бәрі де әр түрлі елдер, оларды біріктіретін кемшілікті бағытта жарып шығу. Өйткені медицина мен білім бірінші орында тұр. Менің сұрағым, бізде басқа елдерге көрсететін қандай жетістіктеріміз бар? Әрине, әзір жоқ. Осыған орай, бізге атақ алғанша, осы мәселелерді ойлағанымыз артық. Біздің еліміз, ең қарапайым нәрселерді түсінсе ғана, біз жетістікке жетеміз!