Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
225.52 Кб
Скачать

2 Сурет. Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды қалыптастыру

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды қалыптастыруда осы факторларды ескере отырып белсенді саясат жүргізу бәсекеге қабілетті өнім өндірісін құру үшін ауыл шаруашылығының тиімді қызметін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мақсатында аталмыш саланың дамуы, яғни оның тауарларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру тұрғысында бірқатар негізгі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар кешенін қабылдау тиімді болмақ [2].

  1. Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды жетілдіру бойынша практикалық іс-шараларды қабылдау осы салаға келіп түсетін отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыруды мемлекеттік қолдауды күшейту, республика Үкіметі баламалы бюджеттік, несиелік, салық саясатын жүргізуі, инвестицияларды тарту мен олардың экономикалық тиімділігін арттыруда қалыптасатын мәселелерді нақты үйлестіретін орагандардың қызмет ету аясын жетілдіру нәтижесінде оңтайлы жүргізілетін болады.

Аталған мәселелердің шешімін Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мен олардың тиімділігін арттыруды дамыту туралы тиісті заңнамалық нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу мен қабылдау жолымен шешуге болады.

  1. Ауыл шарушылығын бойынша инвестициялардың келіп түсуін арттыру жөнінде аймақтық саясат жүргізу.

Аймақтар бойынша маманданыруды қалыптасытру бойынша іс-шаралар қабылдау аса маңызды орын алады. Мәселен, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында – жеміс-жидек, көкөніс саласын, Жамбыл және Алматы облыстарында – қант өндіруді, Ақмола, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарында – астық өңдеуді, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында – сүт өнімдерін, Атырау облысында – балық саласын дамыту қажет[3].

Бұл бағыттар нақты сала бойынша мамандануға, сол аймақтың өндірістік және еңбек ресуртарын жұмылдыруға, ауыл аумақтарының инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпорындар мен олардың өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, осының барлығы жалпы саланың инвестициялық татымдылығын арттыруға өз септігін тигізетін болады.

  1. Институционалдық қамтамасыз етуді жетілдіру. Қазіргі кезеде ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын мемлекеттік бақылау мен қадағалау функциялары мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қызмет, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет, Қазақстанның Мемстандарт және шаруашылық субъектілеріне қызмет етуіне лицензия беруші мемлекеттік органдар арасында бөлінген. Бұл орайда осы құрылымдарың функциялары мен қызмет саласында көшірмелеуге жол бермеу керек.

  2. Өндіріс тізбегін – мемлекет аралық агроиндустриалдық кластерлер қалыптастыру. Қазіргі кезде мемлекет аралық кластерлерді: астық, жеміс-жидек пен көкөніс, қант, сүт, балық салаларын құру мен дамыту өзекті маңызға ие. Бұл бағыттар елдің аграрлық сектор экономикасын өсірудің жаңа нүктелеріне айналуы мүмкін.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары өз инвестицияларын кластер қалыптастыруға бағыттауы үшін шарт-жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда оларға кластердің анағұрлым ірі қатысушыларына тауар мен қызметтер жеткізу рөлі беріледі.

Аграрлық кластердің жұмыс істеуі өндіріс тізбегінде мелекеттің салықтық, кедендік, тарифтік саясатын жетілдіру арқылы белсенді қатысуын көздейді.

Республика Үкіметінің шетел компанияларын ынтымақтастыққа ынталандыру бойынша іс-шаралар қабылдауының маңызы зор. Мәселен, астық өңдеу кластерін ұйымдастыру барысында Қазақстанға комбайндар мен басқа ауыл шаруашылық машиналарын жеткізу үшін Ресей компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастық орнату тиімді болар еді [4].

Тұтастай алғанда республика экономикасын дамытудың кластерлік тетігін іске асыру ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен олар өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болады, экономиканың аграрлық секторына нвестицияларды белсенді тартуға және озық технологияларды ендіру мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесетін болады.

  1. Аграрлық сектордағы мемлекеттік инвестициялық саясат тетіктерін жетілдіру.

Бүінгі таңда аграрлық секторға шетелдік және отандық инвестицияларды тарту бойынша іс-шараларды қабылдау аса маңызды. Ол үшін инвесторларға қолайлы шарт-жағдай жасау үшін тиісті заңдарды жетілдіру бойынша іс-шараларды қабылдау тиімді болмақ.

Осыған байланысты мынандай инвестициялық преференциялар берудің маңызы өте зор:

  • Тауар өндірушілерді инвестициялық жоба аясында жаңадан пайдалануға енгізілген негізгі қорларға қатысты салық төлеуден бес жылға дейінгі мерзімге босату;

  • инвестициялық жобаны іске асыру үшін сатып алынған не қолданылатын жер учаскелері үшін салық төлеуден бес жылға дейінгі мерзімде босату.

Ұлттық заңнамаға ерекше резервке қою режимі бар инвестициялық несие санатын енгізу арқылы банк жүйесінің қызметіндегі инвестициялық бағытты күшейту маңызды. Аталған шарттарды қалыптастыру жағымды инвестициялық климат жасауға жол береді.

Қорытынды

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып дамуының қазіргі кезеңінде, шетел инвестицияларының маңызы өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.

Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.

Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі .

Егер, біздің мақсатымыз дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялау және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс–қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі – шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі :

  • экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;

  • өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру ;

  • өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету ;

  • нарықтың экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау ;

Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.

Жүргізілген зерттеу экономиканың шынайы секторына шетелдік инвестицияларды тарту отандық кәсіпорындар мен өндіріс салаларыың дамуының, тіпті ұлттық экономиканың дамуы, олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.

Шетелдік инвестицияларды тартудың нәтижелілігі төмендегіше болуы тиіс:

  1. экспортқа бағытталған өндірістер көлемінің көбеюі;

  2. егеменді мемлекет ретінде ел алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға жету жолында тұрған ең маңызды салаларға капитал тарту;

  3. импорт сиымды өндірістің қалыптастырылуы (ұлттық тұтыныстағы тауарлар өнімін дамыту, азық-түлік өнімі; медикаменттер);

  4. ғылыми негіздегі өндірістерді ұйымдастыру және олардың көмегімен сұранысы жоқ жеке ғылыми мүмкіндікті игеру;

  5. негізгі өндіріс күші – адамға маңызды жағдайлар жасау мақсатындағы қызмет көрсету салаларын қалыптастыру;

  6. өндірістік инфрақұрылымды дамыту, әсіресе көлік, байланыстар мен ақпараттар, жол құрылысы;

  7. еңбек артықтығы, ең алдымен, елдің оңтүстік аймақтарына шетелдік капитал түсімінің жәрдемі.

Инвестициялық белсенділіктің артуы үшін өз ішіне келесілерді қамтитын мемлекеттік реттеудің шұғыл шаралар жүйесі қажет:

  • инвестицияны рационалды пайдалану, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың қалыптасу механизмінің жүзеге асуы;

  • экономикадағы өндірістік процестерді қалыптастыру мен отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі мақсатындағы инвестициялық әрекеттердің нақты бағыттарын анықтау;

  • құнды қағаздар нарығын дамытуда мемлекет тарапынан жәрдем мен инвестициядағы жинақтың нәтижелі трансформациялық жүйесінің құрылуы;

  • экономиканың шынайы секторларына банктердің инвестициялық бағыттылығын күшейту мақсатындағы банктік аялардың қайта құрылуы;

  • өндіріс аясына бағытталған инвестициялар кепілдемелерінің нәтижелі жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстың жалғастырылуы;

  • инвестициялық ресурстарға кәсіпорындардың жеке құралдарының ағымын жоғарылатуға арналған амортизациялық саясаттың жүзеге асырылуы.

Сонымен қатар, инвестиция ағымын ынталандыру бойынша шаралар жүйесі өз құрамына мыналарды қамтуы қажет:

  • Қазақстан облыстарының әкімшілігі дайындаған барынша маңызды және әлеуметтік мәндегі жобалардың бөлінісімен отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға бағыттылған аймақтық бағдарламалар;

  • инвестициялық жобалар әзірлемесінің деңгейін халықаралық талаптарға жеткізу, бағдарламалардың орындалуы үшін тұрақты маниторингпен қамтамасыз ету;

  • бағдарламалармен және олардың жергілікті іскери орталарда, сонымен бірге шетелдік банктер мен бизнесмендерде позитивті бағыттарының күшеюі бойынша қабылданған қолданыстағы шаралар бойынша орындалуымен кең танысу;

  • шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру мақсатындағы жыл сайынғы аймақтық конференциялардың өткізілуі;

  • сыртқы нарыққа, ұйымдарға инвестициялық жобаларды жылжытуда әкімшілік облыстар мен республикалық органдар күшінің бірігуі, халықаралық инвестициялық көрмелер мен форумдарда жобалардың ұсынылуы;

  • өкіметтің жергілікті атқарушы органдарының өнеркәсіптің қалыптасушы салаларына ТШИ белсенді тарту мақсатындағы шаралар жоспарының әзірленуі, бұл жоспарлардың орындалуы бойынша оларды маниторингпен қамтамасыз ету;

  • инвестициялық несиелер ұсынуға, шетелдік банктердің несиелік ресурстарын тарту арқасында несиелеу мен экспортты-импорттық операцияларға қызмет көрсетуге қабілетті қаржы институттарын дамыту;

  • облыстық әкімшіліктердің ұсынған тікелей кепілдіктері формасында инвестицияны сақтандыру жүйесінің құрылуы;

  • өндірістік сияқты өндірістік емес мақсаттағы жаңа объектілер құрылысындағы қайта инвестициялау барысындағы сәйкес келетін соманың көлеміне салық салынатын табыс өлшемінің азайтылуы;

  • инвестициялық көмек көрсетілетін аймақтық орталықтардың құрылуы барысындағы аймақтық әкімшіліктерге әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде шетелдік инвесторлар мен отандық шаруашылық субъектілерін ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

    1. Экономика сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности. – М.: Под редакцией Колоховой, 20014. 135-150б

    2. Экономика отраслей АПК. – М.: Под редакцией Минакова, 20015, 165-190бет

    3. Л.А.Игонина Инвестиции. Учебное пособие под ред. д.э.н проффесра В.А. Слепова –М.:Юристь.20014, 6-13бет

Инвестиции. Системный анализ и управление. – М.: Под редакцией Балдина К.Б., 20014, 56-63бет

4.Арыстанбаева А.А. Анализ эффективности привлечения иностранных инвестиций в Республике Казахстан // Банки Казахстана.- 20014.- № 9.- с. 27-31

5.Арыстанбеков К. Экономическая политика Казахстана в условиях высокого уровня иностранных инвестиций// Вопросы экономики.- 20014.-№ 8.- с. 110-119

6. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 78-89бет

7.Абсалямова Н. Инвестиционный рычаг экономики будущего // Казахстанская правда.- 2005.- 13 мая, с. 13

9.Акбаев В.Т. Необходимость государственного управления инвестициями в условиях рыночных отношений // Вестник КазГУ. Серия экономика.- 20013.- № 6.- с. 9-15

10.Абдрахманова Г. Инвестиционные риски // высшая школа Казахстана .- 20014.- № 3.- с. 231-238

11.Альжанова Ф.Г. Организация и регулирование инвестиционной деятельности в условиях формирования рыночных отношений // Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук - Алматы, 20014.- 27 с.

12.Альмереков Н.А. Налогообложение иностранного капитала в Казахстане : теория и практика // Автореферат диссертации на соискание кандидата экономических наук .- Алматы, 20013 .- 26 с.

13. www.mid.gov.kz

14.www.investkz.com

15.www.invest.gov.kz

41

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]