Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Раббаниді сопылыа кзарасы.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
148.31 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Имам Раббанидің тасаууфтық көзқарастары»

Орындаған Шора Х.

Ғылыми жетекші, т.ғ.к., доцент Қаратышқанова Қ.

Түркістан-2015

Имам Раббанидің тасаууфтық көзқарастары

ЖОСПАР

I-Кіріспе:

II-Негізгі бөлім:

І-тарау. Ислам ой-пікір тарихындағы сопылықтың қалыптасуының алғы шарттары

    1. Тасаууфтың қайнар көздері – құран, хадис (ислам ғалымдары)

    2. Тасаууф тарихындағы атақты суфилер және олардың сопылыққа көзқарастары

    3. Тасаууфи терминологияның қалыптасуына қатысы бар ғалымдар

ІІ-тарау. Имам Раббани және сопылықтағы болмыс ұғымының қарастырылуы

2.1 Имам Раббанидің өмір баяны

2.2 Имам Раббанидің «Уәхдәтуш-шухуд және Мәктубәт» еңбегіндегі қарастырылатын тақырыптар

2.3 Ибн Араби мен Имам Раббани арасындағы пікір талас

III-Қорытынды:

Кіріспе

«Біздің елімізде мұсылман қауымы исламдағы сүннит жолын ұстанушылар. Қазақстан аумағындағы Ислам Ханафиттік деп аталатын діни құқықтық мектеп пен сопылықты насихаттайтын идеологиның негізінде қалыптасқан. Осылайша қазақтар өздері үшін жаңа Ислам дінін қабылдағанымен, өз бабалары – түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз жазған жоқ. Қазақстан аумағында сопылық дәстүрдің негізін салып, оны түркілік дәстүрмен үндестірген әйгілі тұлға Қожа Ахмет Иассауи» делінген (Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабынан)

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданып, көп жылдан бері көңілді күпті етіп жүрген діни бағыт мәселесі нақтыланды деуге болады. Заңның кіріспесінде «Осы Заң, Ханафи бағытындағы Исламның, ха­лық­тың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін таниды», деп атап өтілуі өте құптарлық жәйт. Осыған орай, діни-рухани та­рихымызға үңілсек, Түркістан-Тұранды біртұтас ұлыс есебінде қарасақ, Мауереннахрға Ислам діні сол VII ғасырда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірден өтер-өтпес заманда келген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көкесі, Аббастың баласы Хусам хазрет Самарқанға келіп өмір сүріп, ислам дінін саф күйінде жайған. Сахаба Хусам бин Аббастың кесенесі Самарқандағы Шахи Зинда қабіріс­таны маңында тұр. Сол бастама­лардың нәтижесінде қазақ-араб әскерлері бірлесіп, 751 жылы Талас соғысында басқыншы қара қытайды талқандап, елден қуып шығып, қазақ даласына қайтып беттемейтіндей етіп жіберген. Табиғин болып есептелетін Имам Ағзам Әбу Ханифа хазрет VIII ғасырда шариғат жазып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүн­не­тін, жолын, амал-ғибадат мәзһабы етіп қалыптастырған болса, сол Ханафи мәзһабын ұстанған Имам Матуриди (894-945 ж.ж.) ақида-сенім мәзһабын қалыптастырып, кітап жазып, түркі дүниесіне жайды, кесе­несі Самарқан қаласында. Мұндағы атақты хадисші Имам Бухари болса, Отырардан ғалым-ғұлама Әбунасыр Әл-Фараби шыққаны баршаға аян.

ХІІ ғасырда Юсуф Хамадани хазрет Бұхараға келіп, Қожа Ахмет Ясауи мен Әбдіхалық Ғиждуаниды оқытып, жан-жақты жетілдіріп, ғалым-мүршид дәреже­сіне жеткізді. XIV ғасырда, бұл ғұлама­лардың ахлағын, тасаууфын Бахауиддин Шах Нахшыбанди хазрет жалғастырды. Қазақ даласынан шыққан батыр Жалаңтөс Баһадүр XVII ғасырда Самарқанда хан болып, қырық жылдай басқарып, «Ширдор» және «Қара тиллә» деген атақты екі үлкен медресе салдырған, бүгінгі күнде ЮНЕСКО-ның қарауындағы «Регистан» алаңы қаланың сәнін келтіріп тұр. [29.02.2012 ж. Егемен Қазақстан газеті]

Қазіргі таңда әлем елдері, халықтар рухани күйзеліске ұшырауда. Осындай бір кезеңде көңілдерге шипа тарататын тасаууфи көркемдіктер мен қасиеттерге деген қажеттілік әсте жоққа шығарылмайтыны шындық. Өйткені атейзмнің басқыншылығынан жаңа құтылған бір жаралы құс тәрізді рухани емге мұқтаж адамдардың шаршаған рухтары мен көңілдері бір-түрлі Абыл Хаяттың талапкер ісбеттес. Расында материялизмнен жалыққан шығыс пен батыс ілімінің адамдары исламды ең алғашында үлкен мутасаууфтардың тартымдылығы мен әдемі қасиеттерінің арқасында танып сүйіп жатыр. Ақыры бұл ұлық дінді жан тәнімен қабылдап бекем ұстанып жатыр.

Ислам ғалымдары Құран мен Сүннетті негізге алғандықтан тақуалық жолындағы мутасаууфтар да жарық көрген шығармаларында тура мүжтәһидтер сияқты шариғат заңына бағына отырып, тасаууфи көзқарастарын сол шәрғи үкімдерге тиеп, қуаттап келген.Тасаууф тарихында Құран мен Сүннетті берік ұстанып келе жатқан Нақшилік пен Ясауия және тағы басқа сол сияқты тариқаттардың шариғатқа бағыныштылығы белгілі.

Тасаууфтың танымы жүректі рухани ұлылықтарға бұрып, таза жүрекпен Алланың ризалығына қол жеткізу болып табылады. Сол себепті тасаууф-көркем ахлақты, адамгершілікті, мейірімділік пен жомарттық, шүкіршілік сияқты қасиеттерді мүміндердің ләззатына айналдырады. Тасаууф басқа ислами ілімдермен кәләм, фикһ, тәпсір, хадистермен үнемі тығыз байланыста болады.

Тасаууф негізінде адам ілімі. Құран-кәрімді түсініп, оны нағыз иманның жолы ретінде ұстанушылар нағыз тасаууфшылар болып саналады. Тасаууфшы-өмір сүрген қоғамның діни өмірінен Алла алдында жауапты сезінетін адам, ерік қалауын Алла тағалаға тәслім етіп сопы бола білу. Тариқатта тасаууф-сырт көрінісінің қарапайымдылығымен айқындалады.