Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Крделі сратар 8-15 жауап.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
308.22 Кб
Скачать

9.Қазақстандағы білімнің ұлттық моделінің қалыптасуын дәлелдеңіз.

Еліміздің жоғары оқу орындарында  оқытудың кредиттік технологиясы 2001 жылдан бастап енгізіліп келеді. Сонан  бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен енгізілді  деп айтуға болмайды. Сол себептен, бүгінгі таңда министрлік кредиттік оқыту технологиясын ары қарай дамытуға бағытталған саясатын дұрыс жүргізіп келеді.

Жаһандану бұған дейін ешқашан адамзат тарихында осыншалық ерекше маңызға ие болып көрмеп еді. Сонымен қатар жер шарының барлық елдері мен әлем халықтарын кеңінен қамтымап еді. Ұлттық құндылықтар дағдарысының кең көлем алғаны соншалық, біздердің көпшілігіміз үшін ол ұлттың аман қалу мәселесі ретінде ұғылады. Бұл туралы Э.Эриксон: XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы әлемдік қарқынды өзгерістер ұлттық құндылықтар мәселесін мәселесін өршіте түсті деп көрсетті [1].Сондықтан да жаһанданудың бірқатар үдерістері ұлттық құндылықтар дағдарысына тікелей әсер етеді. Бұл үдерістер – демократияландыру, экономикаландыру, ақпараттандыру, мәдени стандарттау құндылықтарды әмбебаптандыру– сөзсіз ретте сан мыңдаған жылдардан бері сақталып келе жатқан, атадан балаға мұраға қалдырылған, былайша айтқанда, бабалар аманаты болып қалыптасқан ұлттық құндылықтардың табиғи дамуына тұсау болады. Мұнда алуан түрлі қақтығыстар орын алады, оның нәтижесі ұлттық құндылықтардың беріктігі немесе әлсіздігіне, жаңаны қабылдай алуы немесе оған тосқауыл болуына, ұлттық ерекшелік қасиеттерін өз бойында сақтай отырып, жаңасына бейімделуіне байланысты болады. Сонымен, қазіргі әлемді демократияландыру социумның негізгі элементттерін иерархиялық тұрғыдан ауыстыра отырып, ішкі және сыртқы саясатта негізгі ережелерге бағынуды талап етеді. Осы иерархияда алғашқы орынға адам тұлғасы, екінші орынға – қоғам көтеріледі, үшінші орынды мемлекет иемденіп, жеке адам мен қоғамның мүдделерін қорғайтын қалқанға айналады. Әлемдік істерде елеулі орынға ие болғысы келетін кез келген ел бүгінгі күнде осы иерархияны қатаң сақтауға мәжбүр. Сыртқы ортаны демократияландыру ешкімге де адам құқықтарын аяқасты етуге, оның нормаларын бұрмалауға мүмкіндік бермейді. Әлемнің ешбір мемлекеті өз ішінде бір саясатты қолданып, оның аумағынан тыс жерде келесі саясатты қолдана алмайды. Мәселені келесі жағынан алғанда, егер сыртқы жағдай ескерілмейтін болса, ұлттық даму стратегиясын қалыптастыру мен дамыту бойынша қандай шаралар қолданылмасын, бәрібір олар бүкіләлемдік жаһандық үдерістер легіне және қаржы, өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. салалардағы үдерістер әсеріне ұшырайды. Жаһандану, сонымен, ішкі және сыртқы саяси шекаралар пердесін сыпырып алып тастайды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтар әлемдік экономикалық кеңістікті қалыптастыруға алып келетін экономикаландырудың қатаң қыспағына ұшырайды, ұлттық оқшаулануға негізделген ұлттық даму ерекшеліктеріне қауіп төндіреді, сондықтан осы қалыпnасып келе жатқан кеңістікке интеграциялану – ұлттық мүдделерді қорғаудың тиімді тәсілі болып келеді. Интеграциядан бас тарту – бұл толыққанды дамудан бас тарту деген сөз. Әлемдік экономикалық кеңістіктің бір бөлігіне айналмай, ешбір қоғам бәсекеге қабілетті бола алмайды. Бұл фактор ұлттық дамуды қамтамасыз етуде геосаяси және геостратегиялық тетіктерге қарағанда, геоэкономикалық тетіктердің басым екендігін көрсетеді, өйткені атап айтқанда, осы геоэкономика әлемдік дамудың негізгі парадигмасына айналады. Алайда, мұндай интеграция бірқатар жағдайларда ұлттық ерекшеліктерді жоюға, экономикаландыру барысында оның сіңісіп жоқ болуына әкелуі де мүмкін. Бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік ретінде қалыптасатын ақпараттандыру ғаламдық желілік қоғам орната отырып, адамдарға бүкіл рухани иігіліктер мен материалдық байлықтарға жол ашады, интеллектуалды ресурсын молайтады, соның арқасында тұрақты дамуға негіз болатын барлық ресурстарға жол ашылады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, ақпараттық технологиялар шексіз игілік көзі болып табылмайды: олар мемлекетаралық қарсы күрес аясында ақпараттық құралдармен өте жақсы қаруланған мемлекеттер тарапынан ішкі және сыртқы саясатқа қатты әсер ететін жаңа тиімді тетіктерге айналады, соның салдарынан ұлттық құндылықтарға қауіп төнетін болады. Сонымен қатар жаһандық ақпараттық ағындар ұлттық ерекшеліктерді жоюға әкеледі. Мәдени стандарттау ақпараттық ашықтықтың белгілі бір дәрежедегі салдары бола отырып, бір кездері тұйық болып келген мәдени ерекшеліктер арасында дүмпу тудырады. Өте күшті заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен жаһандану түрлі мәдениеттер арасындағы бұрын мызғымас болып саналып келген қағидаларды бұзып жарады. Бұл иірімде қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуге қабілетті мәдениеттер ғана аман қалады. Мұның жарқын үлгісі – жапон мәдениеті. Қарама-қайшы мысал ретінде мәдени біріздендіру қыспағына төтеп бере алмаған испан, мексикан, түрік, аргентин және т.б. мәдениеттерді атауға болады. Жаппай мәдени жаһандану бұл жағдайларда ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзегінен де күшті болып шықты, мұнда тек мәдени фольклор ғана аман қалып қойды: испан корридасы, түрік исламы, мексиканың асханасы, аргентинаның тангосы. Барлық осы жағдайларда жаһандану ұлттық ерекшеліктердің мәдени өзектерін талқандай алды, осы елдердің азаматтарын «әлем азаматы» атандырды. Олардың кебін киюге «әрең тыныс ала отырып» шығыс және Орталық Еуропа елдері (Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Болгария, Румыния), Балтық елдері дайын тұр. Кезекте – Ұлыбритания, Франция, Германия. Олар әлі де болса қарсыласып бағуда, өйткені олардың тарихи мәдениеті өте тереңнен нәр алады. Бұл мәселеде шағылмайтын жаңғақ кейпін танытып тұрғандар – сан ғасырлар бойы мәдени тарихи дәстүрлерге ие болған Қытай, Үндістан мен Ресей. Алайда, оларға сүйсіне қараудың қажеті жоқ, егер олар құлаштап дамып келе жатқан өзгермелі әлемге бейімделуді бастамаса, жаһандану оларды да жайпап салады. Осы күнге дейін осы үш мәдениет қана өздерінің жоғары бейімделгіштік қасиетін танытып келді. Осы үш мәдениет қана басқа мәдени стандарттарды тықпалауға ұмтылған өзге мәдениеттермен «ілініскен» кезде өздерінің ұлттық, соңынан барып саяси бейісмделу қасиеттерін тиімді жүзеге асыра білді.Егер атап көрсететін болсақ: Үндістан британ мәдениетін өзіне бейімдеп алды; Ресей либералдық және коммунистік батыс жобаларын өз бойына сіңістіре білді; Қытай советтік үлгідегі коммунизмді өз ыңғайына келтірді, ал қазір керек десеңіз, ол батыстың экономикалық либерализмі мен американың мәдени жаһандануын да өз ырқына бағындырып келеді [3]. Бұл дегеніміз, осы үш мемлекет жаһандану ықпалына ұшырамайды дегеyut кепілдік бермейді. Ұлттық құндылықтарды сақтап қалу шайқасы әлі де болса алда күтіп тұр. Бұл үшін олар жаһандануға қарсы тұрарлық аса қуатты әрі сенімді ұлттық жобалар ұсынуы тиіс. Ұлттық құндылықтарды әмбебаптандыру. Бұқаралық ақпараттық технологиялар көмегімен ( алғашқы кезекте телевидения мен Интернет) ол батыстың даму моделін, соған сәйкес ретте батыстың құндылықтарын көрнекі ретте көрсетіп келеді: жеке бостандық, адам құқығы, демократиялық механизм, нарықтық экономика, құқықтық мемлекет, азаматық қоғам және т.б. Қалай болғанда да, осы құндылықтарға арқа сүйеген елдер көш бойы озып шығып, арқа сүйемеген елдер кейін қалып қойды. Алайда, бұл дегеніміз, ұжымшылдық, мемлекеттік патернализм, авторитарлық (кейде тоталитарлық) басқару тетіктері, экономикалық өмірдегі мемлекеттік дирижизм және т.б. жаһандану дәуірінде түкке аспай қалады дегенді білдірмейді. Жапон Өнеркәсіптік университетінің профессоры К.С.Итоның пайымдауынша, әлемдік жүйе жеке ерекшеліктерден әмбебап құндылықтарға қарай жол тартып барады [3]. Америкалықтар шектен тыс индивидуалистер болғандықтан, — олар үшін жаһанданудың салдарлары орны толмас өкінішке әкеліп соқтырады. Сонымен, ұлттық құндылықтар үшін, ұлттық ерекшеліктер үшін жаһанданудың салдарлары қарама-қайшы пайымдаулардан тұрады. Ол дамудың бұрын-соңды көз көріп, құлақ естіп көрмеген мүмкіндіктеріне ие. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер сатысында тұрған Қазақстан үшін осы айтылған жағдайлардың барлығы да маңызды болып келеді.