Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
89.12 Кб
Скачать

Қорытынды

Қоғамның маңызды бір саласы дінді қамтымай мәдениет толымсыз болар еді. Егер біз мәдениетті адамның дүниедегі болмыс тәсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық және тұрақтылық беретін күшке жатады. Шынында да, адамды қаншама құдіретті деп көтерсек те, оның болмысы қайшылықтарға толы: өмір және өлім, пендешілік және руханилық, өзімшілдік және альтруизм, ләззат және парыз, қиратушылық және жасампаздық және тағы басқалары Біздің ойымызша, діннің басты қызметі адамдық қарым-қатынастарды белгілі бір тәртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамдарды иландыру, сендіру. Бұл жағынан алғанда дін мәдениеттіліктің бастама қайнарларына және оны қорғаушы күшке жатады. Тынымсыз соқыр сезімдер мен тылсымдық эгоизмге тоқтау қою керек болды. Бұл шектеу жеке адам үшін аса құдіретті (қолдайтын не жазалайтын) Жаратушының алдында бас июге мәжбүр етті. Ал оның қаһарынан қорқу немесе қолдауынан дәмелену қауымда белгілі бір реттілік бойынша атқарылатын дәстүрлі, сакральды, рәміздік әдеп-ғұрып жүйесін қалыптастырды. Бұл сипатта діннің ритуалдық қызметінің маңызы зор

Алайда, дін тек салт-дәстүр, әдеп-ғұрып шеңберімен шектелмейді. Ол, жоғарыда айтып кеткеніміздей, рухани мәдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі бағдар мен жол көрсетуші. Кез келген дін нақтылы бір наным-сенім жүйесінен тұрады. Дінді тек құдайға ғана сенушілік деп шектеуге болмайды. Құдай ұғымы жоқ діндердің де болуы мүмкін (буддалық, конфуцийлік, даостық, шамандық). Мәдениеттану тұрғысынан, тіпті, кейбір әсіре дәріптелген және оған адамдардың көпшілігі иланған әлеуметтік жүйелер мен автократтық тәртіптердің де дінге ұқсастық белгілерін байқаймыз (мысалы,социализм,бонопартизм,сталинизм, әр елдердегі кішігірім «құдайлар» және тағы басқалары). Танымға адам қандай құмар болса, сенім де адамзаттық мәдениеттің түбегейлі қасиетіне жатады.

Әдебиеттер тізімі

  1.  Зиммель Г. Социология религии//Избранное. Т. 1. М., 1996. С. 579.

  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑Зиммелъ Г. Социология религии//Избранное. Т. 1. — М., 1996. — С. 579.

  2.  Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. — Алматы, 1997. — С. 182

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік колледжі

Реферат

Тақырыбы:Діни көзқарастардың шығуы мен қазақ халқының діни мәдениеті

Орындаған:

Тексереген:

Өскемен,2014