Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

жаза таайындау тест

.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
29.45 Кб
Скачать

1

Жаза дегеніміз

A) қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға соттың үкімімен тағайындалатын, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден немесе айырудан тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

B) қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға прокурор қаулысымен тағайындалатын, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден немесе айырудан тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

C) қылмыс жасауға кінәсіз деп танылған адамға соттың үкімімен тағайындалатын, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден немесе айырудан тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

D) қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға соттың үкімімен тағайындалатын, оның құқықтары мен бостандықтарын шектемей айырудан тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

E) қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға соттың үкімімен тағайындалатын, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден немесе айырудан тұратын мемлекеттік мадақтау шарасы.

2

Жаза тағайындау - деп

A) жаза тағайындау саласындағы сот қызметін анықтайтын негізгі басым идеялар.

B) - қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға соттың үкімімен тағайындалатын, оның құқықтары мен бостандықтарын шектеуден немесе айырудан тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

C) қылмыстың және оны жасаған адамның қоғамдық қауіптілік дәрежесін елеулі түрде төмендететін мән-жайлар.

D) соттың қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға жаза түрі мен мөлшерін таңдауы.

E) сотталған адамның үкім шығарылған соң, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасауы.

3

Қазақстан Республикасы Конституциясының нешінші бабына сәйкес сот билігін тек сот қана жүзеге асырады?

A) 59

B) 19

C) 75

D) 31

E) 65

4

Жаза тағайындаудың заңдық шектері деп

A) бұл прокурор белгілі бір қылмыс үшін нақты адамға нақты жаза таңдауға тиіс болатын заңда бекітілген жазаның минималды (төменгі) және масималды (жоғары) шектері.

B) бұл сот белгілі бір қылмыс үшін нақты адамға нақты жаза таңдауға тиіс болатын заңда бекітілген кез келген жаза.

C) бұл сот белгілі бір қылмыс үшін нақты адамға нақты жаза таңдауға тиіс болатын заңда бекітілген жазаның минималды (төменгі) және шектері.

D) бұл сот белгілі бір қылмыс үшін нақты адамға нақты жаза таңдауға тиіс болатын заңда бекітілген жазаның масималды (жоғары) шектері.

E) бұл сот белгілі бір қылмыс үшін нақты адамға нақты жаза таңдауға тиіс болатын заңда бекітілген жазаның минималды (төменгі) және масималды (жоғары) шектері.

5

«істелген қылмыс үшін қарастырылған жазалар қатарынан оның неғұрлым қатал түрі тек егер оның неғұрлым жеңіл түрі жаза мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда ғана тағайындалады» қағидасы жаза тағайындаудың қай қағидасы болып табылады?

A) қылмыстық қудалауды үнемдеу

B) заңдылық

C) Әділдік

D) жазаны жеке-даралау қағидаты

E) жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескеру қағидаты

6

Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің мәні келесі моменттерден тұрады (қате жауапты тап)

A) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ұйымдастырушы нормалар болып табылады, яғни олар қылмыстық құқықтық санкцияларды жүзеге асыруға көмектесуге арналған.

B) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері, олардың мазмұны мен қылмыстық құқық қағидаттарының жүйесіндегі орнын анықтау ісінде қосымша қиындықтар туғызады.

C) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері сотқа, біріншіден, істелген қылмыс үшін жазаны ҚК Ерекше бөлімі нормасының санкциясының шегінде нақтылауға, екіншіден, оны ҚК-тің Жалпы бөлімі ережелеріне сәйкестендіруге көмектеседі.

D) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері, ең алдымен, сот қызметінің құжаттық рәсімделген қорытындысы ретіндегі үкім танылатын, екіншіден, соттың істі дұрыс шешуге бағытталған процессуалдық әрекеттері танылатын құқық қолдану актісіне талаптар болып табылады.

E) ҚК-тің 52-бабындағы талаптар жалпы сипатқа ие. Жаза тағайындаудың бүкіл жағдайларына тән жалпы белгілер жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде ажыратылып, бекітілген.

7

Өмірбаяндық маңызға ие жалпы мәліметтерге жатпайды:

A) тегі

B) аты

C) туған жері

D) ол тәрбиеленген отбасысы

E) әкесінің аты

8

Сотталушының қылмыс істегенге дейінгі мінездемесіне жатады:

A) аты

B) әкесінің аты

C) туған жері

D) ол тәрбиеленген отбасысы

E) тегі

9

«сотталушыда құқыққа бағынышты мінез-құлықты, тұлғаға, қоғамға, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелері мен дәстүрлеріне позитивті көзқарасын қалыптастыру» қандай ұғымды анықтайды?

A) Сабақ беру

B) Түзеу

C) Мәжбүрлеп түзету

D) Ескеру

E) қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін ескеру

10

Жазаға оны жеңілдету немесе қатаңдату жағына қарай әсер етуі бойынша қарастырып отырған мән-жайларды қалай ажыратады.

A) ауырлататын мән-жайларға

B) ауырлататын мән-жайларға және жеңілдететін мән-жайларға

C) жеңілдететін мән-жайларға

D) аса ауырлататын мән-жайларға және жеңілдететін мән-жайларға

E) аса ауырлататын мән-жайларға

11

Жеңілдететін мән-жайлар тізіміне жатпайды:

A) айыпкердiң кәмелетке толмауы

B) жүктiлiк

C) айыпкердiң жас балалары болуы

D) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қылмыс жасау

E) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау

12

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау үрдісі неше сатыдан тұрады

A) 2

B) 3

C) 4

D) 1

E) 11

13

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың қолданыстағы қылмыстық заңда біржолата жазаны анықтаудың неше әдістері (қағидаттары) көрсетілген

A) 11

B) 4

C) 2

D) 3

E) 6

14

Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі мен мөлшері бойынша бірдей жаза тағайындалса...

A) онда біржолата жазаны қамту әдісі арқылы тек егер олар қылмыстық заңның сәйкес бабы диспозициясының ең жоғары шектерінде ғана тағайындалғанда қолдануға рұқсат етіледі.

B) онда біржолата жазаны ішінара қосу әдісі арқылы тек егер олар қылмыстық заңның сәйкес бабы санкциясының ең жоғары шектерінде ғана тағайындалғанда қолдануға рұқсат етіледі.

C) онда біржолата жазаны қамту әдісі арқылы тек егер олар қылмыстық заңның сәйкес бабы санкциясының ең төменгі шектерінде ғана тағайындалғанда қолдануға рұқсат етіледі.

D) онда біржолата жазаны қамту әдісі арқылы тек егер олар қылмыстық заңның кез келген бабы санкциясының ең жоғары шектерінде ғана тағайындалғанда қолдануға рұқсат етіледі.

E) онда біржолата жазаны қамту әдісі арқылы тек егер олар қылмыстық заңның сәйкес бабы санкциясының ең жоғары шектерінде ғана тағайындалғанда қолдануға рұқсат етіледі.

15

Құрамында кемінде бір ауыр немесе аса ауыр қылмысы бар қылмыстардың жиынтығы бойынша біржолата жаза неше жылға бас бостандығынан айырудан аса алмайды.

A) 12

B) 35

C) 30

D) 25

E) 20

16

Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау үрдісі неше сатыдан тұрады?

A) 2

B) 5

C) 11

D) 3

E) 6

17

Егер үкімдердің жиынтығына тұлғаны істелгені үшін заңда жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не болмаса өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ретінде қарастырылған кемінде бір аса ауыр қылмыстың жасалауына кінәлі деп таныған үкім де кіретін болса, онда бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қанша жылдан аса алмайды

A) 45

B) 30

C) 25

D) 20

E) 15

18

Қылмысқа дайындалу деп

A) адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілген, қылмыс жасауға тура бағытталған тікелей қасақаналықпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік).

B) адамның еркіне байланысты мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмыс жасау үшін қасақана жағдайлар жасауға бағытталған әрекеттер.

C) адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмыс жасауға тура бағытталған тікелей қасақаналықпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік).

D) екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы.

E) адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген, қылмыс жасау үшін қасақана жағдайлар жасауға бағытталған әрекеттер.

19

Шартты түрде соттаудың күшін жоюдың оң негізі болып не табылады?

A) сотталушының сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін түзелуі табылады.

B) шартты түрде сотталушының сынақ мерзімі барысында жаңа қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылықтарды жасамау туралы талапты орындамауы.

C) сотталушының сынақ мерзімі аяқталғанға дейін түзелуі табылады.

D) шартты түрде сотталушының сынақ мерзімі барысында жаңа қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылықтарды жасамау туралы талапты орындауы.

E) шартты түрде сотталушының сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылықтарды жасамау туралы талапты орындамауы.

20

Шартты түрде соттауды жоюдың теріс негізі не болып табылады?

A) сотталушының сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін түзелуі табылады.

B) сотталушының сынақ мерзімі аяқталғанға дейін түзелуі табылады

C) шартты түрде сотталушының сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылықтарды жасамау туралы талапты орындамауы.

D) шартты түрде сотталушының сынақ мерзімі барысында жаңа қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылықтарды жасамау туралы талапты орындамауы.

E) шартты түрде сотталушының сынақ мерзімі барысында жаңа қылмыс немесе өзге де құқықбұзушылықтарды жасамау туралы талапты орындауы.

21

Қытай қылмыстық құқығының ерекшелігі болып кодексте әлдеқашан тағайындалған жазаның жеңілдетілуіне әсер ететін мән-жайлардың көрсетілуі саналады. Мұндай мән-жайларға мыналар жатады (қате жауапты тап):

A) шартты түрде сотталушының қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде және арсыздықпен бұзуы

B) басқа тұлғаның ауыр қылмыстық әрекеттерінің қысқаруы;

C) түрмеде және одан тыс жерде ауыр қылмыстық әрекетті әшекрелеу

D) басқа тұлғаларды құтқару үшін тәуееклге бару

E) табиғи апатқа айқын қарсы тұру немесе елеулі инцидентті жою

22

Қытай қылмыстық құқығы бойынша қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Егер үкім шығарылғанға дейін тұлға өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандыығнан айыруға жазаланатын қылмыстардан басқа бірнеше қылмыстар жасаған болса, онда сот келесі ережелерді ескере отырып жаза тағайындайды:

A) жазаның біржолата мерзімі әрбір қылмыс үшін көзделген жазалардың қосындысынан төмен болуы керек

B) қылмыстардың бірі үшін көзделген жазаның ең жоғары мерзімінен артық болуы керек

C) жазаның біржолата мерзімі әрбір қылмыс үшін көзделген жазалардың қосындысынан төмен, бірақ қылмыстардың бірі үшін көзделген жазаның ең жоғары мерзімінен артық болуы керек

D) қадағалауға соттағанда жаза мерзімі 5 жылдан аса алмайды

E) қадағалауға соттағанда жаза мерзімі 13 жылдан аса алмайды

23

Польша ҚК-інің 54-бабына сәйкес жасөспірім жасының мөлшері:

A) 14

B) 19

C) 16

D) 18

E) 21

24

Польша ҚК жеңілдететін мән-жайларға мыналарды жатқызады (қате жауапты тап):

A) қоғамдық зиындылығы мардымсыз әрекет жасау

B) кінәлінің жәбірленушімен татуласуы

C) қылмыс келтірген зардапты жою

D) кінәлі немесе оның ең жақын адамы елеулі зардап шеккен қасақана қылмыс жасауы

E) кінәлі немесе оның ең жақын адамы елеулі зардап шеккен абайсызда қылмыс жасауы

25

Жаза тағайындау (таңдау) жіктерінің бірін тап:

A) қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін бағаламауы

B) жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескермеуі

C) тағайындалған жазаның сотталушыны түзеуге әсерін ескермеу

D) кінәлі тұлғасы

E)тағайындалған жазаның сотталушының отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайын бағалау

26

Соңғы кездері жаза тағайындау қағидаттарын ажырату қажеттігі жайлы қандай мәселелер көтеріліп жатыр (қате жауапты тап)?

A) жаза тағайындаудың қағидаттарын алып тастау

B) жеке қағидаттардың мазмұны туралы

C) қағидаттардың шеңбері бойынша (саны мен түрлері)

D) қағидаттардың арақатынасы, субординациясы бойынша

E) олардың жаза тағайындаудың жалпы негіздерімен және қылмыстық құқық қағидаттарымен байланысының сипатына қатысты

27

«... дегеніміз қылмыстың, сол сияқты кінәлі тұлғасының объективтік және субъективтік белгілеріне жауап беретін жаза шарасын анықтаудың қылмыстық заңда нақты көрсетілген жалпы ережесі»

A) жаза тағайындаудың арнайы негіздері

B) жаза тағайындаудың көлемді негіздері

C) жаза тағайындаудың жалпы негіздері

D) жаза тағайындаудың ауқымды негіздері

E) жаза тағайындаудың жүйелі негіздері

28

қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жаза таңдау жіктерінің бірі болып табыла ма?

A) ия

B) тек қана жазаны жеңілдететін мән-жайлар

C) тек қана жазаны ауырлататын мән-жайлар

D) жазаны жеңілдететін мән-жайлардың кей біреулері

E) жазаны ауырлататын мән-жайлардың кей біреулері

29

Л.Л. Кругликов жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың негізгі белгілерімен қатар олардың қосымша белгілерін де ажыратады (қате жауапты тап):

A) мән-жайларда олардың қылмыстардың айтарлықтай кең ауқымында орын алу мүмкіндігі аталатын тән белгінің болуы

B) заңда көрсетілген мән-жайдың, қылмыстық әрекет пен кінәлі тұлғасының нақты ерекшеліктеріне қарамастан, орын алған бүкіл жағдайларда жалпы ереже бойынша қоғамдық қауіптілік дәрежесіне де, жазаға да әсер ететіндігін білдіретін жазаға әсерінің болмай қоймайтындығы (міндеттілігі)

C) тізімде аталған мән-жай бүкіл қылмыстарда қоғамдық қауіптілік пен жазаны не жоғарылататынын, не төмендететінін білдіретін жазаға әсерінің белгілі қатаң бағыттылығы

D) мән-жайлардың заңдағы тізіміне оған әлдеқашан енген басқаларының туындысы болып табылатыны

E) жеке мән-жайларды нақтылайтын, оның бір түрі болып табылатын мән-жайлардың енгізілмеуі тиістілігін білдіретін өзге жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың туындысы болуы

30

Н.Ф. Кузнецова, Б.А. Куринов, Н.С. Лейкина мен Ю.Б. Мельникова жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар туралы бүкіл мәліметтерді неше топқа ажыратады

A) 4

B) 3

C) 9

D) 5

E) 2