Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
89.12 Кб
Скачать

Кіріспе

Тарихижадыға тиесіліадамзат тарихыныңөн бойына көз жүгіртер болсақ, ондадіндарлықтыңадамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама ретдінніңақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады.

Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді.

Дінадамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялықмеханизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Жоспар

1.Дін туралы ұғым

2.Діни көзқарастардың шығуы

3. Қазақстан Республикасындағы діни ахуал

4.Қазақстанда исламның таралуының басталуы

1.Дін туралы ұғым

Дін-қоғамдыққұбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылғанмақалалар,ғылыми еңбектерсаны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Цицероншығармаларында «религия»сөзі халықтың тұрпайысоқыр сенімінеқарсы қойылғанұғымретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-біртұжырым, дін деп кез-келгенсенімтүрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оныңсубстанциясы. Сенімқарым-қатынас,байланыссынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Менқұдайғасенемін» деп айту үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады.Адам әлеуметінің ең көне рәсімі — құрбандық шалу рәсімі.

Құрбандықне мақсатпен шалынады, оның мәні неде және тағы басқалары деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ бұл жерде дінді анықтаудағы қиыншылықтар сияқты көп бөгетке тап боламыз. Бірақ осында көпшілікке белгілі, қалыптасып қалган көзқарас та жоқ емес — ол бойынша діни наным-сенімдердің қоғамды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарга шығарылған. Басқа сөзбен айтар болсақ, олкөзқарасдіннің де, сенімнің де қоғамтудырушы рөлін анықтағысы келетіндігі айғақ.

Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман-мақсаттарының тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория ретінде де қарастырылады.

Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысыңда қол жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық механизмдіатайды. Діннің негізінде рәсім тұр.Рәсімдеп жеке тұлғаның әлеуметтік ісәрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады. Өкімет пен азаматтық қоғам институттары пайда болмай тұрыпақ рәсім адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға болысқан.

2.Діни көзқарастардың шығуы

Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан гылыми деректер жагалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күр- делі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның гылымга жақын түр- лерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan — грек сөзі, бәрі, theos — құдай, deus — латын сөзі, құдай).

Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Қудай ретінде түсіну. Мұндай Құдайга деген көзқарастың шеңберінде «табиғатты жарату» мәселесі құр босқа қалып қояды. Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен таны- лады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданган атенстік козқарастар да туды (atheos — құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаган адамдардың саны да аз емес. Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жагапай ортаны түсіну емес (гылымның жетістіктері бүл қажеттікті анағұрлым жақсы орындайды), ол — оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым- қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Ягни дін қоғамдагы мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне жаратады (mores — латын сөзі, әдет-ғұрып). Сонымен қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma — латын сөзі, басшылықтың бастамы, тэртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға айналдырады. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адам- ның борышы, парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіс- пеншілік сезімі нақтылы қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құнды- лықтар Қүдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүние- сіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор эсерін тигізеді. Атеис- тік багыт ұстаған адамга қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оган керек пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелден- ген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол — өте қиын жол.Сонымен қатар діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылық- тардан басқа, соларга қайшы келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың: «Мен сендерге бейбіт емес, қылыш әкелдім», — деген қагидасы бар. Ал ислам дініндегі «жихад», «газауат» деген нормалар дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат тарихында талай діни согыстар болып өтті. Қазіргі Балқан елдеріндегі, Израилъ мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни, этникалық қайшылықтар жатыр.Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуга әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде эртүрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога жэне т.б.).

Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар. Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы). Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге болады. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын тугызды. Басқа қоғамдағы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, өзінің әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея — эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру.

Христиан дінінің негізгі қағидасы — сүГііспеншілік жэне оны уагыздауда осы дін өте биік ягни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дэрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды — Алланы, оның қүдіретті күшін мойындайды. Бүл діннің негізгі ерекшелігі — Құрандагы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйле- сімді түрде ретке келтіріп отыруга тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Ауганстан, Пэкістан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда. Ислам дінінің негізгі қағидасы — мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарга қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен элеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бэрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді. Үшінші дүниежүзілік дін — Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі — оның этикалық-практикалық багыттануы (ethos — грек сөзі, эдет-ғұрып, prakticos — грек сөзі, белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі — адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызыгына тоймауын- да. Ал зардаптан құтылу үшін адам бүл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтері- ліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардап- тан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.

Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі — ахішса (зиян- дық жасамау) қағидасы, яғни өмір сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де болмауга тиіс.

Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден лэззат іздеген, гедонизм (gedone — грек сөзі, рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дагдарыс туғызган қазіргі Батыс цивили- зациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы үялайды. XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одагының шеңберінде социалис- тік қоғам құру барысында жаца ағарған дінді адамдардың жан дүниесіне кіргізу (маркснзм-ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүр- гізілді. Жалпы алғанда, марксизмді Батыс Европа ой жүйесінің логикалық соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат болашақта жер-бетін, қогам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау барысында жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек емес. Ол тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді. Жаңа адам жан- жақты жэне үйлесімді түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін кедергісіз өтей алады. Алайда мүндай «жердегі жұмақ» орнатуға бағышталған орасан зор ерлік жэне сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірибе 70 жылдан кейін қоғамды тарихи тұйыктыққа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің мэн-мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды. Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығы- нан қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жагынан алғанда, қайшы- лықтарға толы цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір гана дін болуы қажет сияқты. XIX гасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып орындауга тырысуда. Екінші жағынан, XX ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаган адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетіс- тіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табигаттың әлсіреуі көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.

Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.

Қытайдағы дін, Теңдік және уйлесім сисволы

Ортодокс кресті

Мұсылман діні, Аллах сөзінің жазылуы

Адам ұжымдары қақтығыссыз сүреалмайды. Адамдардың алғашқы бірлестіктері зорлық-зомбылықсыз, «бәрінің бәріне соғысынсыз» (Т. Гоббс) болып көрген де емес. Бастарын біріктіре тұра, бір-бірімен қауымдаса тұра адамдар бөлінісіп, ыдырасып та үлгереді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағымсыз қасиеттерін — қанды жауыздық «құмарлығын» өзіндік бір жолға салып, оның қарқынын басатын бірден-бір құрал ретіндеқұрбан шалуқарастырылады. Яғни діннің бір негізгі көрінісі болып табылатын құрбан шалу әрекеті қоғамды дезинтеграция, бытыраңқылықтан сақтайтын механизм болып табылды. Сол сияқты діннің өзінің бойынан да осы қасиеггі кездестіреміз, яғни дін де адамдар арасындағы қиратушы зорлық-зомбылық құштеріне кері әрекет етіп, әлемге тыныштық, келісім, жақсылық әкелуді мақсат тұтады.

Адамдар бүкіл адамзат тарихыбарысында өмірдентұрақтылық,өзгерместік,мәңгілікпен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай. Дінадам Жанынантуындайтын дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеушінормативтіқұрылым болып табылады.

Дамыған діндердің ортақ мүддесі — қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру. Бір құдайға табынушы діндердің алғашқысы — иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді көздейтін және бейбіт-тыныш өмір сүрудің кепілдііі бола алатын дәрежеде көрсетілген. «Дін — бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды» [2].

Жалпы қандай да болмасын қауымныңтұрақты әрі үзіліссіз, ұдайы дамуының және қызмет етуінің түпкі себебі сол қауым мүшелерінің әлеуметке лайық, мақсат-мүделлі іс-әрекетіне көп байланысты екендігі кімге де болса түсінікті нәрсе. Адамның жалған өмірінің шеңберінен тысқары орналасқан қандай да бір түпнегіздер табу — діннің болмыс етуініңалғы шарты. Қоғамдағы адамның алдында көптеген өмірлік маңызы бар сұрақтар туары рас, ал енді оның шешімін құдайға деген сенімсіз, дінсіз табу қиынға соғады, әлде тіпті де мүмкін емес деуге болады. Ол мәселелер мәңгілік мәселелер және де ол адамболмыс-бітімініңайрықша ерекшелігін құрастырады да. Сондықтан да діннің қай кезеңінде болмасын, қандай қоғам типінде болмасын алар рөлі ерекше. Дінде ең құдіретті жасампаз — Құдай — табиғаттан жогары және бөлек тұр. Оны гылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін тугызады.

Сенім дегеніміз - белгілі бір қоғамдагы уагыздалатын пікір- лерге,нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұргыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі — гылыми сенімдік. Оган қазіргі адамдардың гылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді (scientia — латын сөзі, білім, ғылым, techne — грек сөзі, өнер, жасай білу, шеберлік, cratos — грек сөзі, билік).Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса гылыми деректерден шықпайтын, тіпті оган қайшы келетін қиялдарга нандыру және соларды адамның өз-озіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды. Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарга пайғам- барлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар (absolutus — латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).

Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды қүрайды. Оларга Құран, Тэурат, Талмуд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бұл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табигат заңдылықтарына бағынбай- тын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылган. Солардың ішіндегі ең гажабы — адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі.

Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген өмір сүру нормаларын әрқашанда қоғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын көрсетеді. Діннің заңдарын бұзган адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады. Діни сенімнің қайнар көзі — адамның дүниені сезімдік- құндылық тұргыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді.