Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BiznesZhosparBalalarFutbolKlubynAshu.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
575.9 Кб
Скачать

3. Өндірістер бағдарламасы

1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

1-кесте – Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Топтар саны, бірлік

4

5

6

6

6

6

6

Топтардың толықтырылуы

67%

84%

90%

90%

95%

95%

100%

Балалар саны, адам

15

15

15

15

15

15

15

1 айға сатылуы, мың теңге

480

754

972

972

1 026

1 026

1 080

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (тұтынушылардың қаланың әр түрлі аудандарында балалар футбол клубтарына деген қажеттілігін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.

2-кесте – Өнімнің жоспарлы бағалары

1 балаға бір айға төленетін ақы

мың тг.

12

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі сонымен қатарлас кәсіпорын қызметі бағасының ұлғаюына әсер ететін болады. .

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Жаңа технологияларды игерудің дамып отырған серпіні спорт қызметтері саласы инфрақұрылымының белсенді дамуын айқындап берді..

1-сурет – Оңтүстік Қазақстан облысында демалыс, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру қызметтері, мың теңге

Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті

Суретте көрсетілгеніндей, ОҚО демалыс, мәдени және спорт іс-шараларын ұйымдастыру қызметі көлемінен түсетін түсімдер жылдан-жылға ұлғаюда. Мәселен, егер 2005 жылы 3 042,6 млн. теңгенің спорт қызметтері көрсетілген болса, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2 166,5 млн. теңгеге (немесе 19,5%) ұлғайды және 5 209,1 млн. теңгені құрады.

Бұл жобаның пайдасына тағы бір көрсеткіш – халық санының ұлғаюы.

2-сурет – Оңтүстік Қазақстан облысы халқы санының серпіні, адам

Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті

2-сурет ОҚО халқы саны өсуінің оң серпінін көрсетеді. Мәселен, 2010 жылы халықтың саны 2 567 707 адамды құрады, бұл 2009 жылға қарағанда 56 009 адамға көп.

3-кесте – Оңтүстік Қазақстан облысында балалар жасындағы халықты бөлу, адам

Жасы

2000 ж.

2005 ж.

2009 ж.

2010 гж

0 - 4

224 256

256 845

329 860

350 192

5 - 9

255 097

224 507

254 019

262 368

10 - 14

253 822

255 466

242 827

237 423

Источник: Департамент статистики ЮКО

3-суреттегі деректерді ескере отырып, балалар футбол клубы клиенттерінің үлесі (5-14 жастағы балалар) 2010 жылғы ОҚО жалпы халқы санының 19,5% құрайды.

4-кесте – 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысының негізгі көрсеткіштері

Дене шынықтыру ұжымдарының саны (бірлік)

Барлығы, оның ішінде балалар:

1 453

Жалпы білім берет ін мектептерде

1 137

Балалар жас өспірімдер клубтарында

10

БЖДДК-да (балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары)

4

Мүдделері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру клубтарында

15

БЖСМ-де, сегізжылдық және т.б.

56

Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда

1

Ақпарат көзі: ОҚО Статистика департаменті

Яғни, Оңтүстік Қазақстан облысында балалар және шынықтыру ұжымдарының саны 1 223 бірлікті құрайды, бұл жалпы санының 84,2%.

Осы уақытта Шымкент қаласында 9 спорт алаңы бар. Қалада дарынды балалар көп, бірақ алаңдар мен жаттықтырушылар жетіспейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]