Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BiznesZhosparBalalarFutbolKlubynAshu.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
575.9 Кб
Скачать

Кіріспе

Шағын-футбол соңғы кезде Қазақстанда, қазақстандық бизнесте кеңінен тараған.

Шағын футбол спорттың қызықты түріне айналуының себептері мол.

Біріншіден, футбол – бұл спорттың құмарлы түрі, ол бизнеспен айналысатын көптеген адамдар сияқты тұтастай алған,да ер-азаматтардың бәріне ұнайды.

Екіншіден, спорттың басқа көптеген түрімен айналысуға қарағанда шағын футбол үшін жағдайлар көп. Негізінен онымен көптеген спорт залдарда айналысуға болады.

Бұдан басқа, шағын футбол үшін командаға 11 ойыншы емес ғана қажет болады, 12 футбол құмар адам болса, олардың екі командаға бөлініп, жаттығуларына болады.

Жалпы, футболдың имиджі соңғы кезде қатты өзгерді, егер бұрын оған ұлттық спорт ретінде қараса, енді белгілі ойыншылардың нәтижесінде ол ерекше және беделді ойынға айналды.

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Шымкент қаласында балалар спорт клубын ашуды қарастырады.

14 жасқа дейінгі балалар нысаналы топ болып табылады.

Клуб мектептің жалға алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы балалар футбол алаңын жалдауға да болады.

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымдарын жеңілдетілген декларацияның негізінде арнайы салық режимін қолдана отырып қызметті жеке кәсіпкер шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады.

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері бүгінде сервистік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Адамдарда әлеуметтік маңызды болып табылатын сауықтыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты спорттық қызметтерді ұйымдастыруда ақылы қызметтер маңызды рөл атқарады және сондықтан да ақылы қызметтер өндірісі дене тәрбиесі ұйымдары ұсынатын қызметтер сапасын арттыру болып танылады.

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтері кеңейту және коммерциялық дене шынықтыру және спорт қызметтерін ұйымдастыру халықтың дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысуына деген қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға, денсаулықты сақтауға, нығайтуға, жұмыс істеу қабілетін арттыруға, салауатты өмір салты мен бос уақытын қалыптастыруға, сондай-ақ спорт ғимараттары мен сауықтыруға бағытталған объектілерді барынша тиімді пайдалануға бағытталған.

Жаңа ақылы спорт қызметтерін құру процесін зерделеу сервистік қызметке перспективті бағыт ұстау болып табылады. Бүгінде ақылы қызмет түрлері өсуде, өйткені олар мынадай санаттар бойынша әр түрлі: қызметтерді ұсыну бағасы, түр-түрі, дене шынықтыру әсері, сондай-ақ ересектер санаттары бойынша.

Топ жастарына қарай бөлінеді. 1-топ – 7 жасқа дейінгі балалар, 2-топ – 8-ден 11 жасқа дейінгі балалар, 3-топ – 12-ден 14 жасқа дейінгі балалар. Әрбір жас топтарының саны – 2. Осылайша, барлық топ саны – 6. Жарты топ дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, екінші жартысы - сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері дайындалатын болады. Бір сабақтың уақыты – 1 сағат. Сабақ уақыты күндізгі және кешкі деп бөлінеді. Осылайша, әрбір баланың бос уақыты ескерілетін болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]