Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ cиллабус.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
92.99 Кб
Скачать

5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары

Өздік жұмыс әр апта сайын оқытушыға жеке тапсырылады. Алғашқы екі тақырып бірден бірге тапсырылуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған өздік жұмыстар қабылданбайды. Берілген тапсырмалар өте сапалы, теориялық тұрғыда терең қамтылып, ұқыпты дайындалып тапсырылуы тиіс.

Студенттің оқытушының басшылығымен орындалатын өздік жұмысы

СОӨЖ № 1. Философия мәдениет феномені ретінде. Мәдени-тарихи контекстегі философия.

Тапсырма 1. Негізгі түсініктер бойынша кестені толтырыңыз.

Түсінік Анықтамасы

Дүниетаным

Мифология

Дін

Философия

Онтология

Гносеология

Аксиология

Диалектика

Методология

Әлеуметтік философия

Тапсырма 2. Кестені толтыру:

Болмыс

Табиғат

Құдай

Адам

Қызмет түрі

Дін

Ғылым

Философия

Болмыс: 1) жалғыз шынайылық; 2) Құдай; 3) сезім арқылы қабылданатын объектілердің жиынтығы. Құдай: 1)абсолютті сана; 2)абсолютті болмыс ; 3) гипотеза.

Табиғат: 1) болмыстың көрінуінің жан – жақтылығы; 2) құбыжықтар әлемі; 3) зерттеудің жалғыз нысаны.

Адам: 1) құбыжық; 2) табиғаттың бөлігі; 3) сана.

Қызмет түрі: 1) Құдайға қызмет ету; 2) өндірістік тәжірибе; 3) адамның дүниеге қатынас түрі. .

Тапсырма 3. Сұраққа жауап беріңіз.

Рене Декарт айтқан мына тұжырым философия пәнінің мазмұнын қалай айқындайды: «Философия ағаш сияқты, оның тамыры – метафизика, діңі – физика, діңінен тарайтын бұтақтары – үш басты ғылымдар – медицина, механика, этикаға апаратын ғылым салалары-

қалған ғылымдар. Ағаштың жемістері тамырынан немесе оның діңінен емес, бұтақтарының шет жағынан жинайтынымыз сияқты философияның пайдалылығы оның барлық бөліктерін қоса зерттеумен байланысты.».

Тапсырма 4. Тесттің жауабын табу:

1. Философия қашан пайда болды?

А) б.з.д.I – V ғғ.В) XVII – XVIII ғғ. С) б.з.д. III мың.ортасы. D) б.з.д.VII – VI ғғ. Е) б.з.д.III – I ғғ.

2.Философияның қайсы анықтамасы дұрыс көрсетілмеген:

А) философия – бұл жеке теория; В) философия – бұл дүниетаным; С) философия – бұл табиғат пен қоғамның дамуының ортақ заңдылықтары туралы ғылым; D) философия – бұл мәдениеттің квинтэссенциясы; Е) философия – бұл ойларға толы кезең.

3. Төмендегілердің қайсысы философияның пайда болуының алғышарты болмайды?

А) мифология В) социология С) дін D) геометрия Е) тарих

4. Философияның негізгі екі бағыты?

А) материализм және идеализм В) скептицизм және стоицизм С) реализм және номинализм D) позитивизм және неокантшылдық Е) апологетика және патристика

5. «religio» термині латын тілінен аударғанда

А) өнер, В) қасиеттілік, адалдық С) ғылым D) құқық Е) саясат

СОӨЖ № 2. Шығыс мәдениетіндегі философия феномені

Тапсырма 1.Философиялық терминдер сөздігін толтырыңыз:

Ведалар, Упанишадалар, карма, архат, атман, брахман, иога, нирвана, сансара, касталық жүйе, буддизм, конфуцийшілдік, даосизм, моизм, легизм, жэнь, дао, ди, инь және янь, ли, сяо, ци.

Тапсырма 2. Жүйеленген кестені толтырыңыз:

Мектептер

Негізін салушылар

Неізгі түсініктер

Даосизм

Легизм

Конфуцийшілдік

Моизм

Джайнизм

Буддизм

Негізін салушылар: Махавира Вардхамана, Сидхардха Гаутама, Шан Ян, Конфуций, Лаоцзы, Мо-цзы. Негізгі түсініктер: Джива, Дао, азап, дэ, орта жол, фа, «жалпыға ортақ сүйіспеншілік» принципі (цзянь-ай), жэнь, ли.

Тапсырма 3. Тесттің жауабын табу:

1.Упанишад дегеніміз:

A) Храм;B) Құдай туралы ілім;C) Варналарды бір-біріне қарсы қою; D) Құдайлар гимні;

E) Ритула;

2. Ежелгі Қытайда философиялық мектептер нешеге бөлінді:

A) 1;B) 3;C) 2;D) 4;E) 6;

3. Мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады деген бағыт:

A) Кофуций;B) Даосизм;C) Легизм;D) Буддизм;E) Барлығы да дұрыс емес;

4. Даосизмнің негізін қалаушы:

A) Лао-Цзы;B) Хан Фей;C) Ян Ван;D) Джоу Ян;E) Мей Шень;

5.Ежелгі Үнді қоғамының дамуына сай қандай көзқарастар қалыптаса бастады:

A) Діни;B) Философиялық;C) Мифологиялық;D) Натурфилософиялық;E) Материалистік;

СОӨЖ № 3. Антикалық мәдениеттегі философия.

Тапсырма 1.Философиялық терминдер сөздігін толтырыңыз:

Софистика, полития, эпикуреизм, стоицизм, киниктер, ридік стоицизм.

Тапсырма 2. Сәйкестілікті табыңыз: Антика философиясының өкілдері мен олар дүниенің түпнегізі деп таныған бастаманың арасындағы

Философтар

Бастама

Фалес

- сан

Анаксимен

- атом

Анаксагор

- апейрон

Демокрит

- ауа

Анаксимандр

- идея (эйдос)

Пифагор

- от

Гераклит

- заттар ұрығы -эйдолдар

Платон

- су

Тапсырма 3. Кестенің үшінші графасын толтырыңыз.

Кезеңдері

Өкілдері

Басты философиялық қызығушылығы

1

Натурфилософия

1. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Гераклит

2.Левкипп, Демокрит

3. Пифагор

2

Интеллектуализм

4. Сократ, Платон

5. Аристотель

3

Эллинистік

6. Киниктер

философия

7. Эпикуршілдер

8. Стоиктер 9. Скептиктер

10. Плотин

Тапсырма 4. Тесттің жауабын табу:

1.Милеттік мектептің философтарының ұсынысы:

A) Эмпиризм позициясы;B) Қоршаған ортаға сыни көзқарас; C) Идеализнің материализмнен үстемдігі;

D) Материалистік позиция;Е) Идеалистік позиция;

2. Сократқа дейінгі философиялық мектепке не сай:

A) Космоцентризм, бастапқыны іздеу, гилогоизм;B) Өз-өзінен рухты іздеушілік;

C) Қоршаған табиғаттың проблемасын шешуге кішкентай уақыт бөлу;

D) Материалдық идеяға үстемдік ету;E) Материализм;

3. Б.з.д. 6ғ. ортасы мен біздің дәуіріміздің 5-6 ғ. аралығында Антикада қандай кезең қалыптасты:

A) Классикалық;B) Сократқа дейінгі философия;C) Эллиндік;D) Римдік;E) Сократтан кейінгі философия;

4.Демокриттің ілімінше дүниенің бастамасы:

A) Жер;B) Атом;C) Ауа;D) Апейрон;E) Су;

5. Күн туралы шығарманың авторы:

A) Анаксимен;B) Фалес;C) Парменид;D) Ксенофан;E) Анаксагор;

СОӨЖ № 4. Ортағасырлық мәдениеттегі философия феномені.

Тапсырма 1. Философиялық терминдер сөздігін толтырыңыз:

Христиандық дүниетаным, неоплатонизм, теоцентризм, провиденциализм, креационизм, теология, схоластика, томизм.

Тапсырма 2. «Ортағасыр дәуіріндегі батысеуропалық және араб ойшылдарының философиялық көзқарастары» тақырыбындағы іскерлік ойын.

Қатысушылар: студенттерді екі топқа бөлу. Уақыты 50 мин.

Топ студенттері екі топқа бөлініп, 1 – топ «Ортағасыр дәуіріндегі батысеуропалық ойшылдардың көзқарастары» тақырыбын, ал 2 – топ «Ортағасыр дәуіріндегі араб ойшылдарының философиялық көзқарастары» тақырыбын талдайды.

Тапсырма 3. Кестені толтырыңыз.

Аты -жөні

Өмір сүрген уақыты

Негізгі еңбектері

Болмыс мәселесі

Адам мәселесі

Дүниені тану мәселесі

Құдайды түсінуі

Әл-Кинди

Әл-Фараби

Ибн-Сина

Ибн-Рушд

Әл-Ғазали

Омар Хайям

Ж. Баласағұн

М. Қашғари

А. Иасауи

Тапсырма 4. Тесттің жауабын табу:

1. Араб философы деген құрметті атаққа ие болған:

A) Әл-Фараби;B) О.Хаям;C) Ибн-Руш;D) Ибн Сина;E) Әл-Кинди;

2. С.Бақырғанидың суфизм ағымына жақын жері:

A) Тілі, діні;B) Шарап туралы айтқандары;C) Өмірі;D) Құдайды уағыздауы;E) Болмысы;

3. Орта ғасырлық Европада тараған, бүкіл тіршіліктің жоғарғы жаратушы күш, құдаймен байланыстығын түсіндіретін философиялық әлемтанудың түрі – бұл:

A) Антропоцентризм; B) Провиденциализм;C) Креационизм;D) Теоцентризм;E)Рационализм;

4. Ортағасырлар кезеңі неше жүзжылдықты қамтиды?

А) тоғызВ) алтыС) бесD) онЕ) сегіз

5. Ортағасырлар философиясы мына түпдеректің негізінде қалыптасқан жоқ.

А)Платон философиясыВ) Қасиетті Жазу С) НеоплатонизмD) Аристотель философиясы Е) Милет философиясы

СОӨЖ № 5. Ренессанс пен реформация мәдениетіндегі философия.

Жаңа Заман мәдениетіндегі батысеуропалық философия

Тапсырма 1. Философиялық терминдер сөздігін толтырыңыз:

Түсінік

Анықтамасы

Эмпиризм

Рационализм

Индукция

Дедукция

Дуализм

Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Канттың ойынша, «таза таным» деген не? Оның құрылымын көрсетіңіз.

Тапсырма 3. Л.Фейербах пен К.Маркс адамның тарихты түсінуін қалай талдайды?

Тапсырма 4. Тесттің жауабын табу:

1. Канттың философиялық зерттеулеріндегі сын кезеңдерге дейінгі маңызды мәселелері:

A) Болмыс, табиғат, жаратылыстану;B) Таным;C) Иррационализм;D) Рухтың және болмыстың байланысы;E) Дін;

2. Санаңда алғашқыдан бар, ешқандай зерттеулер жүргізіп дәлелдеуді керек етпейтін білім, бұл:

A) Философиялық білім; B) Апостериорлық білім;C) Априорлық білім;D) Рационализм;

E) Иррационализм;

3. Философияда Гегельдің ұсынғаны және дәлелдегені:

A) Объектік идеализм теориясы; диалектика – бұл жалпыға ортақ философиялық әдіс;

B) Адамның санасының танымдық шектеулігі туралы идеясы;

C) Адамның ойлану қабілетінің он екі категориясы;

D) Қалыптасқан императивтік категория – моральдік заң;

E) Иррационализм;

4. Утопиялық-социалистік идеяны ұстанушы:

A) Т.Мор;B) Макиавелла;C) Т.Компанелла;D) Дұрыс жауап жоқ.E) Барлық жауап дұрыс;

5.Ф.Бэконның ілімін жалғастырушы:

A) Б.ДжорджB) Д.Юм;C) Дж.Локк;D) Д.Скот;E) Т.Гоббс;

СОӨЖ № 6. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

ХІХ-ХХ ғғ. ресейлік мәдениет контестіндегі орыс философиясы

ХХ ғ. мәдениет контекстіндегі батыстық философия

Тапсырма 1. «Орыс философиясының даму кезеңдерінің сипаттамасы»: 1. IX XIII ғасырлардағы Русьтегі ертехристиандық философия.

2. XIII XVII ғасырлардағы Орыс философиясы. 3. XVIII ғасырдағы Орыс философиясы (петрлік реформалар кезеңі және материалистік философия). Тапсырма 2. Қазақ философтарының қайсысы «алғашқы ақиқат Жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім ақиқаты. Бірақ бұл ақиқат сенім негізінде алынғандықтан және жеткілікті ғылыми негіздемесіз болғандықтан адамдардың көпшілігі оны қабылдамады»деген пікір білдірді? (А. Байтұрсынов, Абай, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, Ш. Уәлиханов).

Өкілдері Негізгі философиялық ойлары, еңбектері

Ш. Уәлиханов

А. Құнанбаев

Ы. Алтынсарин

А. Байтұрсынов

М. Дулатов

С. Торайғыров

Ш. Құдайбердиев

Тапсырма 3. Мына афоризмдерді талдаңыз.

Ф. Ницше философиясының А. Шопенгауэр идеясымен ұқсастығы неде?

-«Мені өлтірмейтін нәрсе маған күш береді»;

-«Ағаш пен адам ұқсас. Ағаш күн нұрына талпынған сайын оның тамырлары неғұрлым тереңге,түнекке, жамандыққа тарта береді»;

- «Егер де тұңғиыққа ұзақ қарайтын болсаң, ол да саған солай қарайды».

Тапсырма 4. Тесттің жауабын табу:

1. Төмендегі афоризмдердің қайсысын Абай айтқан:

A) «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін»B)«Философия ойларға дәуір» C)«Ақыл, ғылым, ерік – жігер және ар – ождан ғана адамды адам етеді»D)«Өмірден ләззат ал» E)«Мақсаттың құралы бар» 2. ХIХ ғасырдағы ұлы қазақ ағартушысы, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы: A) М. Шокай. B) Ш. Уәлиханов.C) Ә. Бөкейханов.D) А. Байтұрсынов.E) Ы. Алтынсарин 3. Ш.Уәлихановтың көзқарасынша, қоғам дамуының көзі: A) саяси күрес; B) өндіріс тәсілі; C) мәдениеттің дамуы; D) географиялық орта; E) халықтың орналасуы 4. Ноосфера теориясының авторы? A) В.И.Вернадский B) Д.И.Менделеев C) М.В.Ломоносов D) А.И.Опарин E) И.П.Павлов

5. П.Чаадаев қайсы еңбектің авторы: A) «Философиялық хаттар» B) «Табиғат туралы хаттар» C) «Басқа жағалаудан хат» D) «Тіршіліксіз үйден хаттар»E) «Адамгершілік хаттары» 6. «Әсемдік әлемді құтқарады» сөзінің авторы: A) Ф.М. Достоевский B) П.Я. Чаадаев C) П.А. Флоренский D) В.С. Соловьев E) Л.Н. Толстой 7. Философтардың қайсысы волюнтаризмнің өкілі болып табылады?

A) З.Фрейд B) А.Шопенгауэр C) В.Дильтей D) С.Кьеркегор E) А.Бергсон

8. «экзистенциалды ойлау» идеясы кімдікі?

A) Серен Кьеркегор B) Артур Шопенгауэр C) Карл Ясперс D) Мартин Хайдеггер E) Фридрих Ницше

СОӨЖ № 7. Болмыс философиясы. Диалектика теориясының негізгі мәселелері.

Тапсырма 1. Ф.Энгельстің тезисін талдаңыз: «дүниенің бірлігі оның материалдығында». Ғылымның дамуы осы тезисті тұжырымдайтынын дәлелдеңіз. Дүниенің бірлігі объективті идеализм мен дінді мойындай ма?

Тапсырма 2. Г.Гегельдің мына сөздерінде диалектиканың қандай заңдары көрініс тапқан?

«Әрбір философиялық жүйе қажетті түрде өмір сүрді және қазір де қажетті түрде өмір сүруді жалғастырып келеді: олардың ешқайсысы жоғалып кеткен жоқ, олардың бәрі тұтастық ретінде философияда сақталды....Ағаштың дамуы – дәнді жоққа шығару, гүлдер жапырақтарды жоққа шығарады және жапырқтар ағаштың ең жоғарғы, ақиқат өмір сүруі мүмкіндігін ала алмайды. Бірақ соңғысы оған дейінгі сатылар болмаған жағдайда өмір сүру мүмкіндігін ала алмайды».

Тапсырма 3. Тесттің жауабын табу:

1. Канттың философиялық зерттеулеріндегі сын кезеңдерге дейінгі маңызды мәселелері:

A) Болмыс, табиғат, жаратылыстану;B) Таным;C) Иррационализм;D) Рухтың және болмыстың байланысы;E) Дін;

2. Санаңда алғашқыдан бар, ешқандай зерттеулер жүргізіп дәлелдеуді керек етпейтін білім, бұл:

A) Философиялық білім; B) Апостериорлық білім;C) Априорлық білім;D) Рационализм;

E) Иррационализм;

3. Философияда Гегельдің ұсынғаны және дәлелдегені:

A) Объектік идеализм теориясы; диалектика – бұл жалпыға ортақ философиялық әдіс;

B) Адамның санасының танымдық шектеулігі туралы идеясы;C) Адамның ойлану қабілетінің он екі категориясы;D) Қалыптасқан императивтік категория – моральдік заң; E)Иррационализм;

4. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі:

A) Индукция;B) Қозғалыс;C) Табиғат;D) Материя; E) Тыныштық;

5. Болмыс пен ойлаудың жалпы формалары, ғылымның қалыптасуы мен дамудың жалпы шарттары неге тән:

A) Категория;B) Сан;C) Даму;D) Болжам;E) Диалектика;

6. Құбылыстардың арасында жалпы, қажетті,тұрақты, маңызды қайталанып отыратын байланыс:

A) Диалектика;B) Даму; C) Заң;D) Құбылыс;E) Категория;

СОӨЖ № 8. Таным философиясы. Философиялық антропология Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңіз: «Агностицизм»термині нені білдіреді және жауаптарды таңдаңыз? а) дүниені тануға болмайды б) Білімнің өзгермелігі в) таным шындықты бейнелейді г) таным тек қана жай сипатқа ие, шынайы білім тек сенім арқылы келеді.

Тапсырма 2. Американ философы Ч.Пирстің айтуынша, «Біз неге сенетін болсақ, біз үшін сол ақиқат» деген көзқарасын өз түсінігіңізде талдап көретіңіз.

Тапсырма 3. Э.Фроммның мына пікірін қалай түсінесіз «Әрбір адам адамзаттың өкілі екеніне сенемін. Біз бәріміз періште немесе күнәһарлармыз.»

СОӨЖ № 9. Глобальдық мәселелер философиясы

Тапсырма 1. «Адамдардың табиғатқа қатынасының кезеңдері» конспект жасаңыз. (тарихи-философиялық аспект). Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беру: Римдік клубтың қызметі туралы не білесіз? Оның отырысына қандай мәселелер дайындар едіңіз?

Тапсырма 3. Тесттің жауабын табу:

1. «Глобальдану» термині қай уақытта кең таралды?

A) ХХ ғ. 20- жылдары B) XXI ғ. басы C) XX ғ. 90 жылд. D) XIX ғ. E) XX ғ.

2. Глобальдық мәселелер қандай сипатқа ие?

A) ұлттық B) аумақтық C) антропогенді D) діни E) территориялық

3. XVIII ғасырда «абсолютті орналасу» табиғи заңының авторы? A) Кант B) Мальтус C) К. Маркс D) Ф. Энгельс E) Л. Фейербах 4. Глобализацияға қарсы, ұлттық мәдениетті сақтап қалуды жақтайтын концепция қалай аталады? A) вестернизация B) антиглобализм C) глобализм D) локализация E) эгоцентризм 5.1968 жылы құрылған глобальдық мәселелерді зерттеумен айналысатын ғалымдардың халықаралық ұйымы қалай аталады?

A) МВФ B) БҰҰ C) Гринпис D) Рим клубы

E) ШОС