Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ cиллабус.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
92.99 Кб
Скачать

6.Ф.Бэкон «Жаңа Органон» және Дж.Локктың «Адам ақыл – парасаты туралы тәжірибе» атты еңбектерін оқып шығып, түсінік жасаңыз.(Жаңа дәуір философиясы. Әлемдік философиялық мұра.А.,2006

Бақылау сұрақтары

  1. Жаңа Заман философиясының негізгі бағдары қандай?

  2. Эмпиризм негізінде қандай идея бар?

  3. Бэкон философиясының өзегі-әдіс (метод) жайлы ілімі қалай аталады?

  4. Бэкон табиғатты танып білудің басты кедергісі деп нені есептеді?

  5. Адамдардың субъективтік түсініктеріне тән қателесулерді Ф. Бэкон қандай ұғымдармен тұжырымдады?

  6. Декарт философиясының негізгі танымдық принципі қандай?

  7. Спинозаның философиясы бойынша дүниедегінің бәрін басқаратын құбылыс?

  8. Канттың трансценденталдық философиясының негізгі идеясы қандай?

  9. Гегель ілімінің ерекшеліктерін атаңыз.

  10. Фейербахтың негізгі философиялық ізденістері қандай?

Әдебиет: Н.ә. : 1:133-141, 2: 43-55, 4:6 том -5-495, 4:8 том-5-512, 4:7 том-5-530, 7:42-46, 8:136-175, 11, 13: 43-55, 14: 5-320.

Қ.ә. : 1: 5-415, 6.

Семинар 8

  1. ХІХ ғасыр –ғылымның алтын ғасыры. Рационализм және оптимизм, прогесске деген шексіз сенім

  2. ХІХ ғ. екінші жартысындағы эпистемологиялық айтыстар мен саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы . Маркс идеяларының батыстық қоғамның саяси-әлеуметтік тұғырнамаларына әсері

  3. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Позитивизмнің дамуы. Эмпириокритицизм және махизм. Неокантианство

«Өмір философиясы» және экзистенциализм. А. Шопенгауэр, Ф. Ницше

Міндетті тапсырылу керек.

  1. И.Канттың «Таза зердеге сын» және «Практикалық зердеге сын» атты еңбегін оқып шығып, талдаңыз. (Неміс классикалық философиясы. Ауд. Қ.Әбішев А.,2006. 22-48 бб.)

Бақылау сұрақтары

  1. Рационализм мен оптимизмнің анықтамасын беріңіз.

  2. Индустриалды қоғамның негізгі доминанттарын атаңыз.

  3. Индустриалды қоғамның басты құндылығы қандай?

  4. Эпистемологиялық айтыстардың басты тақырыбы қандай?

  5. Позитивизмнің анықтамасын түсіндіріңіз.

  6. Позитивтік социологияның негізін салған кім?

  7. Позитивизмнің жалғастырушысы эмпириокритицизм мен махизм ағымдарының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

  8. Неокантианствоның ғылыми әдісі мәселесін жасақтаудағы ролі.

  9. «Өмір философиясын» негіздеген кім?

  10. Еуропалық нигилизм ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Әдебиет: Н.ә. : 4:9 том-5-419, 7:46-57,8: 136-218, 11, 13: 49-55,16.

Қ.ә.: 1, 8.

Семинар 9

  1. Қазақ халқы ойлау мәдениетінің мифологиялық бастаулары

  2. Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні

  3. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарын

  4. ХІХ ғ. Қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарастары: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы

Міндетті тапсырылу керек.

  1. Көктүріктер мифологиясы және Жылқы мифологиясы немесе атты ерттеп міну. (С.Қондыбаев. Қазақ мифологиясына кіріспе. А.,1999. 194-273 бб.)

  2. . Қазақ философиясының бағыт – бағдарлары тақырыбында эссе дайындаңыз.(Ғ.Есім. Қазақ философиясының тарихы. А.,2006. )

Бақылау сұрақтары

  1. Номадтық мәдениеттің синкретизмі неде?

  2. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістердің негізгі тақырыбы қандай?

  3. «Жерұйық» шығармасының авторы кім?

  4. Сопылық дәстүр қазақ философиясының қалыптасуына қандай әсер тигізді?

  5. Қазақстандағы сопылық философиясының мәнін уағыздаушы және таратушы кім?

  6. 17-18 ғғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарында қандай сарын басым болды?

  7. Жыраулар қандай мәселемен айналысқан?

  8. Отан қорғауда ерекше көзге түсіп, жорық жырауы атанған кім?

  9. Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсаринның философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмін түсіндіріңіз7

  10. Абайдың адамгершілік философиясы қандай шығармаларында ерекше көрініс тапты?

Әдебиет: Н.ә. : 4;1 том-5-482, 4: 5 том-5-518, 7: 86-140,11, 15.

Қ.ә. 2, 4.

Семинар 10

  1. ХІХ ғ. орыс философиясына тән сипаттар. Батысшылдық және славнофилдік.

  2. Орыстың революционер-демократтарының философиясы (Герцен А., Огарев Н., Чернышевский Г.).

  3. В.Соловьевтің «Жалпы бірлік» метафизикасы.

  4. Н.Бердяевтің персонализмі.

Орыс космизмі.

Міндетті тапсырылу керек.

  1. Н.Бердяевтің «Өзін – өзі тану» еңбегіндегі еркіндік ұғымын талдаңыз. (Орыс философиясы. Әлемдік философиялық мұра. А.,2006. 273 б.)

Бақылау сұрақтары

  1. Ресей философиялық ойларының негіздерін қандай идеялар құрады?

  2. Алғашқы орыс философы – митрополит кім болды?

  3. Славянофильдер нені қолдады?

  4. Батысшылдық ағымының ерекшеліктерін атаңыз.

  5. “Философиялық хаттардың ” авторы кім және негізгі идеясы қандай?

  6. “ Құдай жоқ болса, онда мән де, мақсатта жоқ ” - деген философ кім?

  7. “ Барлық жаратылыс тұтастығы құдайда ” - деген ойшыл кім?

  8. Н.Г. Чернышевский бойынша интеллигенцияның өмірлік сұрағы қандай?

  9. Бердяевтың ойынша өмірдің тарихы мәселесі неден көрініс тапқан?

  10. В. Соловьев философиясының орталық идеясы қандай?

  11. Орыс космизмінің ерекшеліктері қандай?

Әдебиет: Н.ә. : 1: 141-157, 2: 55-58, 4: 12 том -5-495, 7: 57-79.

Семинар 11

  1. Э. Гуссерльдің феноменологиясы.

  2. М. Хайдеггер, А. Камю, Ж. Сартрдың философиялық ізденістері

  3. М. Фуконың билік пен білім контоминациясы мәселесі

  4. Герменевтика және тексті түсіндіру мәселесі

  5. Постмодернизм философиясы

  6. Мартин Хайдеггердің «Философия дегеніміз не?» атты еңбегін оқып шығып, түсініктеме жасаңыз. (ХІХ-ХХ ғғ. Батыс философиясы. А.,2006. 135б)

  7. Г.Поппер. Ашық қоғам және оның жаулары. (Ашық қоғам философиясы. А.,2006.15 б.)

Бақылау сұрақтары

  1. Позитивизмнің үшінші тарихи формасын білдіретін ХХ ғасырдағы философиялық ағым қалай аталады?

  2. Феноменологияның негізін салушы кім ?

  3. Неопозитивизмнің негізгі проблемасы қандай?

  4. Структурализм философиясы үшін тән танымның социогуманитарлық методын атаңыз.

  5. Гуссерльдің пікірінше адамның шынайы табиғаты қандай?

  6. Хайдеггердің жаңа еуропалық нигилизмді талдауын түсіндіріңіз.

  7. Сандырақ өмір сүру тақырыбының негізгі идеясы қандай?

  8. Ж.П. Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейлік идеясын түсіндіріңіз.

  9. Герменевтика ұғымының анықтамасын беріңіз.

  10. Постмодернистік ойлаудың өзіндік ерекшелігін түсіндіріңіз.

Әдебиет: Н.ә.: 1: 166-188, 2: 75-89, 4: 11 том-5-451, 4:15 том -24-298, 4: 13

том -80-399, 6, 7: 79-86, 8: 257-409, 16.

Қ.ә. : 5, 9, 13, 14.

Семинар 12

  1. Болмыс – философиялық категория ретінде. Болмыс формалары және аспектілері.

  2. Материя ұғымы. Әлемнің материалдық бірлігі принципі.

  3. Қозғалыс материяның атрибуты. Материя қозғалысының түрлері.

  4. Кеңістік және уақыт

  5. Диалектиканың категориялары және негізгі заңдары.

  6. Освальд Шпенглер «Еуропаның құрдымы» еңбегін талдап, негізгі мәселелерді көрсетіңіз. (ХХ ғасырдағы мәдениет философиясы. А.,2005.138 б.)

Бақылау сұрақтары

  1. Болмыстың анықтамасын және негізгі формаларын ата.

  2. Материалистік философияда болмыс нені білдіреді?

  3. Материяның философиялық анықтамасын беріңіз.

  4. Қозғалыс пен тыныштықтың арақатынасы қандай?

  5. Сананың анықтамасын беріңіз.

  6. Диалектиканың қай заңы даму процестерінің ішкі қайнар көздерін ашады?

  7. Дамудың механизмын көрсететін заң қандай?

  8. Әлемнің дамуының қайнар көзі неде?

  9. Құбылыстың ішкі, көзге көрінбейтін жағын атаңыз.

  10. Материалистік диалектика бойынша дүниенің негізі (субстанция) неде?

Әдебиет: Н.ә. : 1: 420-585, 2: 89-180, 7: 140-186, 11, 13: 89-180.

Семинар 13

  1. Таным – шындықты бейнелеу формасы. Танымның субъектісі және объектісі

  2. Ақиқат – танымның мақсаты ретінде. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат.

  3. Ғылыми танымның әдістері.

  4. Ғылымдағы түсіну проблемасы.

  5. Г.Гегель «Логика ғылымы» еңбегінен үзінді келтіріп, талдаңыз. (Неміс классикалық философиясы. А.,2006.220 б.)

Бақылау сұрақтары

  1. Таным ұғымының анықтамасын беріңіз.

  2. Сезімдік және рационалдық танымның арақатынасы қандай?

  3. Ақиқат дегеніміз не?

  4. Ақиқаттың түбегейлі өлшеуішін атаңыз.

  5. Сезімдік танымның негізгі формалары қандай?

  6. Танымның субъектісі қандай?

  7. Адамның дүниені танып білуін жоққа шығаратын бағыт қандай?

  8. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білім қалай аталады?

  9. Ғылыми танымның негізгі әдістерін атаңыз.

  10. Таным процесінің ең жоғарғы сатысы қалай аталады?

Әдебиет: Н.ә. : 1: 202-420, 2: 180-217, 7: 186-224, 11, 13: 180-217, 14

Семинар 14

  1. Философия тарихындағы адам мәселесі.

  2. Адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік сана-сезім.

  3. Тұлға үғымы. Адам өмірінің мәні мен мақсаты.

  4. Құндылықтар туралы ілім. Аксиология.

  5. Г.Зиммель. «Тарих уақыт мәселесі» еңбегін оқып шығып, түсініктеме келтіріңіз.(ХХ ғасырдағы философия. А.,2007.56 б.)

Бақылау сұрақтары

  1. Философияда адамның негізгі бейнелері қандай?

  2. Микрокосм және макрокосм ұғымдарын түсіндіріңіз.

  3. Антропоцентризмнің анықтамасын беріңіз.

  4. Тән мен рух үйлесімін іздестіру формаларын атаңыз.

  5. Адам өмірінің мән-мағынасы қандай?

  6. Бақыт феноменін түсіндіріңіз.

  7. Адамның әлеуметтік бірдейлігін қалай түсінесіз?

  8. Еркіндік пен анархия ұғымдарының айырмашылықтары қандай?

  9. Жеке бас еркіндік идеясын түсіндіріңіз?

  10. Конформизм және конформдық мінез-құлық дегеніміз не?

Әдебиет: Н.ә. : 2: 266-281, 7: 323-340, 13: 266-315 , 14.

Семинар 15

  1. Глобалдық мәселелер және олардың пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі философиялық мағынасы .

  2. Глобалдық мәселелерді шешудің негізгі бағыттары. Футурологиялық бағыттың қалыптасуы.

  3. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері.

  4. О.Лафоктон. «Болашақтың қоғамы» еңбегін оқып шығып, түсініктеме жасаңыз.(Ашық қоғам философиясы. Әлемдік философиялық мұра. А.,2007. 14 т.489б.)

Бақылау сұрақтары

  1. Глобалдық мәселелердің пайда болу себептері қандай?

  2. Адамның зиянды әрекетінен қоршаған ортаны қорғау мәселесі қалай аталады?

  3. Экологиялық апат қаупін жеңудің қандай негізгі сценарийлерін білесіз және олардың философиялық мағынасын түсіндіріңіз?

  4. Глобалдану, глобализм және антиглобализм ұғымдарын түсіндіріңіз.

  5. «Глобалдық модельдеу» дегеніміз не?

  6. «Римдік клубтың» негізгі мәселелері қандай?

  7. Глобалдық мәселелерді шешудің негізгі бағыттарын атаңыз.

  8. Футурология дегеніміз не?

  9. Футурологияның негізгі бағыттарын атаңыз.

  10. «Глобалдық сана» ұғымына түсініктеме беріңіз.

Әдебиет: Н.ә. : 2: 315-320, 4: 419-489, 6, 11, 13: 310-320.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасында зертханалық жұмыс қарастырылмаған.