Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ cиллабус.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
92.99 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш.ЕСЕНОВ атындағы

КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану- ғылыми және гуманитарлық дайындық » факультеті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасы

Мамандығы :

«5В050600 – Экономика, 5В050700 – Менеджмент, 5В050800– Есеп және аудит,

5В050900 – Қаржы, 5В051000 – Жергілікті және мемлекеттік басқару, 5В090200 – Туризм,

5В030100 – Құқықтану »

«ФИЛОСОФИЯ»

ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

АҚТАУ 2014

  1. Оқитын пәннің сипаттамасы

«Философия» пәні қоғамдық, әлеуметтік пәндердің негізін құрайды. Бұл пәнді студент меңгеру алдында мектепте өткізілген жалпы тарих, әдеп, қоғамтану, адам және қоғам пәндерін жетік меңгерген болуы қажет. Себебі өткізілетін курс студенттің дүниеге көзқарасынң жаңа мазмұнын ашады. Жоғарғы оқу орындарында оқытылатын «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану» сияқты пәндердің базасы болып табылады. «Ғылым философиясы» және «Техника философиясы» сынды қолданбалы тақырыптар университет студенттері үшін болашақтағы ғылыми тәжірибелік қызметінің методологиялық негізі ретінде қызмет етеді.

Бұл пәнді меңгеру процесінде гуманитарлық пәндер жүйесіндегі философияның орнын, философияның объектісі мен пәнінің ерекшелігін, неғұрлым өзекті мәселелерді айқындау; ғылым және ғылыми таным туралы, оның құрылымы, нысандары мен әдістері туралы, ғылым, техника және технология жетістіктерін пайдалану және дамуымен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелер туралы түсінік болу; адамдағы биологиялық және әлеуметтік, тәндік және рухани бастаулар туралы, сананың мәні туралы, адамның жүріс-тұрысындағы саналылық пен бейсаналылық туралы түсінікке ие болу; философиялық білімнің теориялық, қолданбалы, құндылықтық аспектілерін айқындай білу, күнделікті өмірде және кәсіби өмірге қатысты тәжірибелік шешімдерді негіздеу үшін оларды қолдану; тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы; қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарды реттеудің адамшылық нормаларын білу; ғылыми талдауға дербес және сыни ойлауға, оқу пәндерін игеру үшін белгілі бір методологиялық базасы болуы тиіс; интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке үздіксіз білім алу қажеттілігіне қызығушылық тудыру сияқты қабілеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Пәнді меңгеруге 135 академиялық сағат бөлінген, оларды сабақ түрлеріне қарай былайша топтастыруға болады: аудиториялық сабақтарға – 45 сағат; студенттің оқытушы жетекшілігімен жүргізетін өздік жұмысы (СОӨЖ) – 15 сағат; студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) – 75 сағат.

45 сағаттан тұратын аудиториялық уақытқа дәріс сабағының 30 сағаты мен практикалық сабақтың 15 сағаты енеді.

  1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Студенттерді философия дамуының негізгі кезеңдерімен, философияның өзекті және негізгі мәселелерімен онтология, гносеология, әлеуметтік философия, философиялық антропология және аксиология сынды бөлімдері бойынша философиялық білімнің негіздерімен таныстыру; танымның ғылыми әдісін қолдануға үйрету және олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Әлемдік мәдениет пен өркениеттің даму тарихын бейнелейтін философиялық идеялардың қалыптасуы мен даму тарихын оқыту; түпнұсқалардың мәтіндерімен жұмыс істеуге дағдыландыру және белгілі философтардың негізгі идеялары туралы түсінік беру; дүниенің философиялық, ғылыми және діни суреттемелерінің мәселелерін және негізгі ұғымдарын, адам өмірінің мәнін, адамзат білімінің нысандары мен қазіргі қоғамдағы оның көріну ерекшеліктерін, рухани және материалдық құндылықтардың арақатынасын, олардың адам, қоғам, өркениет өміріндегі рольдерін ұғыну пәнді меңгерудегі негізгі міндеттер болып табылады.

  1. Пәннің қысқаша мазмұны

Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі. «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы.Мифологиялық және діни дүниетанымның философиялық дүниетанымнан айырмашылығы.Философияның даму тарихы.Философияның негізгі функциялары. Көне Үнділік мәдениеттегі діннің мәртебесі және оның философияның қалыптасуы мен дамуындағы ролі. Ведалар дәстүрі. Буддизм мен оның Ведалық дүниетаным мен ритуалдық практикаға қатынасы. Қытайлық философия. Даостық философия. Моизмнің іргелі идеялары. Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси- әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Антикалық философияның даму кезеңдері. Алғашқы философиялық (Сократқа дейінгі) мектептер: а) Милет мектебі: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен; б) Элей мектебі; в) Гераклит мектебі; д) Атомистер.Софистер және Сократ философиясы. Киниктер философиясы. Платон және Аристотель – грек философиясының шыңы. Эллинистік философия. Ортағасырлық философияға тән сипаттар. Ертехристиандық философия: Әулие Августин.Парасат пен сенім қатынасы. Пьер Абеляр. Ортағасырлық батысеуропалық философия: Фома Аквинский. Араб философиясының даму кезеңдері. Әл-Кинди. Әбу Насыр әл Фараби. Ибн-Сина. Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридың философиясы. Суфизм. Қожа Ахмет Иассауи. Қайта өрлеу дәуірі философиясы және мәдениетінің пайда болуының алғы шарттары. Гуманизм, неоплатонизм, натурфилософия. ХІХ ғасырдағы неміс философиясының даму кезеңдері. Иммануил Канттың философиясы. Гегельдің логикасы мен диалектикасы. Фейербахтың антропологиялық материализмі. Марксизм философиясының негізгі ерекшеліктері. К.Маркстің жаттану концепциясы. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Жыраулар шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Сопылық дәстүр. Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. Ы.Алтынсаринның гуманизмі мен антропоцентризмі. А.Құнанбаевтың адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы туралы. Дін философиясы. Ш.Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. ХІХғ.аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. Славянофилдер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы. Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтология мәселелері. Болмыс емес феномені. Өлім феномені. Мәдениет пен философиядағы өлімге деген қатынас. Буддистік тантризм және өлімді қабылдау сатылары. Адам болмысының экзистенциализмі. Онтологияның антропологиямен байланысы. Әлеуметтік философия пәні, қоғам феномені. Қоғамның пайда болуы. Антропосоциогенез. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Қоғам динамикасы. Ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Ақпараттық қоғам. Диалектиканың тарихи типтері. Ежелгі Шығыстағы диалектика. Көне Грек философиясындағы диалектиканың формалары. ХХ ғасырдағы диалектиканың негізгі варианттары. Диалектика және диалогика. Диалектика жүйе хақында. Диалектиканың негізгі принциптері. Таным және шығармашылық. Ақиқат. Адасу. Ғылыми таным. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Логика және әдіснама. Ғылым дамуының перспективалары. Дін философиясы пәні шекаралары. Дін философиясы және теология. Теистік және теистік емес діндер. Діннің адамгершіліктік мазмұны. Сенім және білім. Ырымшылдық. Атеизм. Діни сезім. Киелі нәрселер. Киелі орындар. Діншілдіктік конфессионалдық формасы. Діни фанатизм, фундаментализм, діни шыдамдылық. Дін мен саясат. Халықаралық діни – саяси терроризмнің қаупі. Техниканың анықтамасы және тарихы. Техника философиясы, статусы. Техника және адам. Технология және информатика. Глобалдық мәселелер. Пайда болуының себептері. Экологиялық апат қаупі. Глобалдану, глобализм, антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым – талабы ретінде. Глобалдық модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде.