Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаа педагогикалы техн-ды пайдалану.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
53.39 Кб
Скачать

1.6 Жаңа оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту технологиясының орны ерекше болады.

Барлық, дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты - оқушылардың өз бетімен білім алу. білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының талайы осы мақсатқа лайықталғаның көру қиын емес. Осы компьютерлік оқыту технологиясының философиялық негіздемесін гуманиетік деп анықтаймыз. Осы жерде компьютерді сабақта көп қолдану оқушыны басқа адам түгілі, өзінен, өзінің нақты, рсалды өмірінен де алыстатып, виртуалды өмірге әкетеді деген көзқарастар пайда болуы мүмкін. Бірақ, кибернетика ғылымының негізін қалаған Винер компьютердің қанша дамыған түрі болса да, адамның миына еш жете алмайтының айтқаның есте сақтау керек.  Адам компьютерді келесі адамға қарсы екі түрлі жағдайда қолданады: бірі - компьютердің "тілін" білнегенде, екіншісі -гуманиетік идеядан мулде түсінігі жоқ, адамгершіліктен ада болғанда. Осы айтылғандар компьютерді оқу-тәрбие процесіне қарқынмен енгізудің қажет екенін көрсетеді. Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық процестің өтілуі. Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы басып үйренген оқушы, бір жағынан, қәазақ тілінен белгілі бір білім мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен "тіл табысып" жататыны анық. Ал түпкі мәнінде, мұғалімнің итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне иек артпай, оқушының өө бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі.Компьютермен оқыту технологиясының тұжырымдамасын былай деп анықтап аламыз.Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатым білім беру әрекеті (деятелыносты).Компьютермен оқыту технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін, негізінен, мынадай деп қарастыруға болады: -талдау-болжау қызметі; -жобалау қызметі; -коммуникатиеті қызметі; -дидактикалық қызметі; -бақылау-түзету қызметі; - психологиялық демеу болу қызметі; ұйымдастырушылық қызметі. Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Комльютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.  Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманиетік сипатын көрсетеді. Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді. Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті бар»?деген сұрақты айналып өту еш мүмкінемес. Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі.Бірқатар педагогтер кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын , қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді деп негізі бір қауіп білдіреді. Компьютер мектептегі лигафон кабинеттері немесе сыныптағы теледидар сияқты дүниелер , сондықтан да білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай зияны жоқ деген пікірлер де бар.  Компьютерлерді мектептің оқыту мазмұнына енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі- ақпараттық технологияның екпіндеп дамуы мектеп бағдарламасының үнемі жаңартылып отырғанына қарамастан оның созылмалы аурудай артта қалуына әкеп соқтырады деп санайды. Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да назар аударған жөн:тек компьютермен қарым қатынаста болған балалар гуманитарлық қызмет түрлеріне аса қажет сезімалдық пен мейірбандылықты жоғалтып алып , дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым –қатынасқа бас ұрулары әбден мүмкін . Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ , ал есептегіш техникалармен танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова және басқа авторлардың еңбектерінде көрсетілгенде, информатиканың мынадай: процедура,функция, рекурсия , тармақталу, цикл мәліметтер құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды меңгеру операциялық деп аталатын қазіргі ойлау стилін қалыптастыруға ықпал етеді.  Осының өзі - ақ оқу пәні ретінде информатиканы мектепке енгізудің алғы шарттарын жасады. Сонымен қатар білім алушылардың жас кезеңі жөніндегі мәселелерде көтерілді. Ойлау стилі балаларда ішкі сыныптарда басталатыны белгілі.Бұл балалардың ойлау қабілетіне ықпал ететін іргелі бірқатар математикалық ұғымдарды бастауыш ектепте меңгертумен түсіндіріледі. Базалық сапа ретінде қарастырылуы тиіс оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырылуды сөз етсек , информатиканың негізгі ұғымдарының артықшылығына тағы да көз жетіземіз. Информатиканың негізгі ұғымдарын ерте бастан оқытудың қажеттігін мынадан-ақ көруге болады:білім берудің алғашқы кезеңінде информатиканың әдістерін меңгерген оқушы мектептің қалған сатыларындағы білім алуда ( атап айтқанда , түрлі пәндердегі сабақтарда) адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді пайдалану дағдысын Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды. Екіншіден, бастауыш мекктепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай өзгертуге алып келеді.  Бұл жерде мынаны ұққан жөн:»информатика» мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі оқулықтарының бірде –біреуінің ролін атқара, мектептегі гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің ара қатынасын қайта бөліске сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқылатын әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұтатады. Осы кілтті дұрыс пайдалана білген мұғалім оқушыларының алдында өз пәнінің мәнін терең әрі тиімді түрде аша түседі. Информатиканы ерте жастан оқытудың үмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана түседі .Осыны назарға алған В.Буциктің зерттеулеріндегі ерте жас кезеңіндегі оқушыларға компьютерлік сауаттың алғашқы эксперименттерін беріп қою жеткіліксіз, оларға компьютер негізінен басиауыш білім және түбірлі түсініктер іс-әрекет әдіс тәсілдері жөнінде нақты саут беру жайы айтылады.  Атап айтқанда,В,Буцик кіші мектеп жасындағыларға басиауыш компьютерлік сауатберудің мынадай әдістемесін ұсынады:бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік редакторлардың көмектері арқылы орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру , яғни ақпаратты өңдеу, ақпаратты сақтау,ақпаратты беру салаларынан компьютердің мүмкіндіктері жөніндегі түсінік пен сауат қалыптастыру. Сонымен қатар Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында мынадай негіздерді енгізе отырып , әдістемелік жүйе ұынады. 1.Мектепте компьютерді қолданудағы басты мақсат дүниетанымдық және жалпы мәденилік сипатта болуы , баланың тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс. 2.Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың теориялық ойлауын дамытуы қажет.Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған.  Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толытыратын компьютердің екі қызметін:өошеу аспабы және пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік әлем жөніндегі білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет. Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді оқыта отырып соңында информатиканы бөлек курс ретінде бөліп алу қажеттігін дәлелдейді. Тәжірибелік тұрғыдан қарағанда , ішкі мектеп жасындағыларға түрлі пәндерді оқытуда компьютерді оқыту құралы ретінде қосалқы көмек үшін қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.