Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаа педагогикалы техн-ды пайдалану.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
53.39 Кб
Скачать

1.1 Дамыта оқыту технологогиясы

Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен "Дамыта оқыту" технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар"Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.  Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі "Дамыта оқыту" технологиясындағы сабақтың қүрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. I. Бағдарлау -мотивациялық кезең. Бул кезең - оқу міндеттерін (ОМ) қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тап-сырамасын тексеру барысының орныңа алынған бул кезең іштей екі Құрылымға бөлінеді. Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып жаңа та-қырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығы актуалдандырылады. Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдың ала оқушылардың есіне түсіретін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тетік сурақ-тар мен тапсырмалар даярлайды. 2. Оқу міндеттерін (ОМ) айқындау. Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле кұралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет буруына жағдай жасайдыдағы, жаңа тақырыпты танып-білу мотивациясын қалайды. Негізінде осы екі құрылым арқылы I кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сурақ қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады? Өйткені, оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес, Шынды-ғында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткен мен әлі өтілген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық жағдаят туғызады. Проблемалық жағдаяттар туғызу - сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқыи өтілуіне үлкен мән бере қарау керек.  Өйткені, басты тетік осы проблемалық жағдай туғызуда жатыр. Жаңа тақырып-ұтың сәтті меңгертілуі осы түйінделген проблемалык, жағдаяттың қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты. Мұғалімге біз бұл сәтті былайша түсіндірер едік. Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық жағдаят туғызу сәтін мүғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек. Оқушылардың осы сәтті сезінуі мұғалімге олардың таңғалысымен, кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мундай ерекше сәтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пәннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек және мұғалім сол сәтті озінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек. Туындаған проблемалық жағдаят оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық. ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады.  XХІ ғасыр Педагогикалық технологияның бір түрі — сын тұрғысынан дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады.  Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетідей жағдайға жағдай керек. Содан барып оны білім алуга ынта-ықыласы артып, әрекетенеді.  Сабақ 3 құрамдас бөліктен тұрады: 1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эдьконип, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.  Оқушыларға ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады. Ал мұғалім тек ұйымдастырушы. бағыттаушы.  Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын. пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. жауаптары тыңдалады. Әрине жауап үнемі дұрыс бола бермес. Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ереқшелігі сынып оқушыларын жақсы-жаман деп бөлмей. олардың жетілуі дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс.  Әр оқушының өз қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етті ойластырылған. Сол арқылы ол өзін дамыта алады. Мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым-қатынас туады.Ол үшін баланың жауабы мұқият тындалып, дұрыс мақталып. катесін ептеп түзету керек. Сын тұргысынаи дамыта оқыту сынақ емес. ой-өрісті шыңдау.