Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1407_OBZh_shpor.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
570.88 Кб
Скачать

58. Радияциялық қауіпті объектілерде авария болғанда адамдардың іс-әрекеті?

Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек:

-тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету – қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар); - терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру; - балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту; - тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек; - егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының – қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек. Алғашқы көмек көрсету:

- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет; - хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек; - аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызадыу.

59. Химиялық қару деген не? Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыра берді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы, Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады. Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін уғызатындар: зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді.

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:

1.Уақытша қатардан шығару

2.Жою

3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру

4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.