Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1407_OBZh_shpor.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
570.88 Кб
Скачать

84. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері.

Ірі авариялардың қауіпті нәтижелері өрттер мен жарылыстыр болып табылады. Көбіне жоғарғы қысымда болатын қазандар, баллондар, труба құбырлары, көмір шаңы және шахтадағы газдар, ағаш шаңы мен ағаш өңдейтін және жихазға арналған өндіріс орындарындағы түрлі-түсті заттар жарылу нысанына айналады. Өндіріс орындарындағы көптеген авариялар зақымдалған мекеме жұмысшылары үшін ғана қауіп тудырмайды, сонымен қатар жақын маңдағы мекемелер мен тұрғылықты жерлерге де қауіпті. Бұларды жұмысты ұйымдастырған кезде ескеру керек.

Жарылыс кезінде соққы толқыны тек ғимараттардың қирауына ғана әкеліп соқпайды, сонымен қатар адам өлімін тудырады. Қираудың сипаты мен дәрежесі көбіне жарылыс күшіне және құрылыс орынының техникалық беріктігіне байланысты болады. Көмірсутекті газдарды (метан, этан, пропан) көп пайдаланылатын өндіріс орындарында жарылыстар жиі кездеседі. Көбіне жарылатын заттар: қазан дайындйтын заводтағы қазандар, химиялық заводтың өнімдері және полуфабрикаттары, бензин булары және басқа компоненттері, диірмендердегі ұндар, элеваторлардағы шаң, қант заводтарындағы қант ұнтақтары, ағаш өңдейтін мекемелердегі ағаш шаңдары.

Өрттер барлық жерлерде болады: өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығы нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, тұрғын үйлерде және т.б. Олар жаңғыш заттарды барлық транспорт түрлерімен тасымалдау кезінде пайда болады. Нафталин, камфора, скипидар сияқты химикаттар өздерінен өзі жанады. Паралонның жану процессінде улы түтін бөлініп шығады, ол қауіпті улануға соқтырады. Өндіріс процессіндегі белгілі шарттарда ағаш, көмір, шым тезек, алюминнің, ақұнтақтың, бидай шаңының, сонымен қатар мақтаның, зығырдың жануы қауіпті болады. Жыл сайын миллиардаған ақша өрт күліне айналады, әр сағат сайын 1 адам өрттен қаза табады және 20 шақты адам күйік алады.

85. Адамдардың өрт кезіндегі іс әрекеті

Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:

1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.

2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды еңт алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.

4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.

5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.

  • өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;

  • өрт гидранттарының орналасуын;

  • жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпіті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз