Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1407_OBZh_shpor.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
570.88 Кб
Скачать

42. Жер сілкінісі кенеттен болған жағдайда көшеде, көлікте болсаңыз, сіздің әрекетіңіз?

Жер сілкінісі-қаһарлы кездейсоқ құбылыс! Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісін болжау өте қиын.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ! Ең маңыздысы — сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

КӨШЕДЕ: • ғимараттардан, электр беру желісінен алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз; • ғимараттарға кірмеңіз;

Үзілген өткізгіштен сақтаныңыз.

Ал көпшілік жүретін орындарда болып қалсаңыз, асықпай, адамдардың жолына кедергі жасамай, аурулар мен мүгедектер болвп қалған жағдайда көмектесуге тырысыңыз. Әкімшәләк нұсқауларын орындаңыз! КӨЛІКТЕ: • мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз; • дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз; • қоғамдық көлікте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғаннан кейін жүргізушіден есікті ашуды өтініп, итеріспей шығып кетіңіз.

43. Жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайды?

жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет. • биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін. • егер де жер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек. • төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін су мен тағам болу керек. • Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет.

- үшінші және одан жоғары қабаттардан кетудің қажеті шамалы, ең жақсысы дүмпудің аяқталуын күтуге болатын салыстырмалы қауіпсіз орында қалу. Бұл есіктің ойығы, ішкі қабырғалар арасындағы бұрыш, каркас бағанасының, үстелдің, партаның астында отыру. Ең қауіпті орындар – сырқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, бұрыштағы бөлме, лифт, сатының баспалдығы, балкон;

- шкафты, сөрені, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекітіңіз. Кереуетті терезенің жанына қоймаңыз. Сөрелерді кереуеттің, есіктің, плитанын астына қоймаңыз. Жиһазды бөлмеден шығатын жерді жаппайтындай етіп орналастырыңыз;

- дәлізді, өтетін жерді баспалдақ тораларын, есік ойығын жиһазбен және мүлікпен жаппаңыз;

- пәтерде, үйге кіре берісте электрді, газды және суды ажыратуды үйреніңіз;

- үйде консервіленген тағам мен суды, құм салынған шелекті, пол швмын, өрт сөндіргішті (автомобильдік), алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдемді қабылдау тәсілін үйреніңіз. Қауіпті заттарды (улы химикат, жылдам тұтататын сұйық) оларды сынбайтын немесе шашылмайтын сенімді жерге сақтаңыз;

44. Жер сілкінісі кезінде қандай жерлер қауіпті?

Жер сілкінісі-қаһарлы кездейсоқ құбылыс! Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісін болжау өте қиын.

Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағңы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар, сонымен қатар ғимараттар, биік ағаштар, электр энергиясы өтетін сымдар,сыртқы бұрыштар, сөрелер және подвалдар жатады, құлауы мүмкін заттардың қасында болу өте қауіпті. Көшеде келе жатсаңыз, ғимараттардың жаны және үзілген сымдар өте қауіпті. Бұл жағдайда ғимараттардың іші қауіпті, кірмеңіз. Бұл кезде көлікте болсаңыз, мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз; дүмпулер аяқталғанша көліктен шыққан қауіпті, орныңыздан қозғалмаңыз; қоғамдық көлікте отырған орындарыңызда қалып, дүмпу аяқталғаннан кейін жүргізушіден есікті ашуды өтініп, итеріспей шығып кетіңіз. Негізінен жер сілкінісі бола қалған жағдайда тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар қатарында болып табылады.