Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом2 / yandbtm-2.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
425.47 Кб
Скачать

Түйіндеме Наукенова Ботакөз Негматқызы Өнеркәсіптің инвестициялық қызметіне салық механизмдерінің ықпалына экономикалық баға

Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі экономиканың өнеркәсіптік секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне салық механизмдерінің ықпал етуінің экономикалық бағасын зерттеу қажеттілігімен анықталады. Табиғи ресурстардың мол қорымен, жоғары білікті еңбек ресурстарын иеленуімен Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік өнімдерді шығаруда (қызмет көрсету,еңбекпен қамтамасыз ету) ірі өндіруші болуына объективті мүмкіндік бар.

Біздің алдымызда өндіру өнеркәсібінің дамуының жоғары технологиялық, ғылымды қажетсіну өндірістерінің даму экономикасының теңгерімділігін қамтамасыз ету міндеттері тұр.

Зерттеудің міндеттері мен мақсаты. Зерттеудің мақсаты экономиканың өнеркәсіптік секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне салық механизмдерінің ықпал етуінің экономикалық бағасын зерттеу және Қазақстан Республикасының жеке региондарымен, елімізге инвестицияны тартуды ынталандыру бағытында қолданыстағы салық механизмінің зерттеу негізінде инвестициялық саясатқа олардың ықпал етуінің нақты ұсыныстарын әзірлеу.

Қойылған мақсатты орындау үшін келесі міндеттер анықталған:

-экономиканың өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне салық механизмдерінің ықпал етуінің экономикалық бағасын теориялық түрде негіздеу.

-Қазақстан Республикасының экономикасының өнеркәсіп секторының инвестицияларына салық салуды ұйымдастырудың қолданылу тәртібінің ықпал етуін зерделеу.

-инвестицияны ынталандыруда салық механизімінің құрылымы мен құрылысын анықтау.

-экономиканың өнеркәсіп секторына инвестицияларды тарту мақсатында қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздеріне қолданылатын салық механизмдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

- Павлодар облысының практикасында зерттеп, дамыған елдер мен Қазақстан Республикасының жеке регинодарында инвестицияларды тарту мақсатында салықтық ынталандыру тәжірибелерін экономикалық негіздеу.

Диссертациялық зерттеудің мәні экономиканың өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметіне салық механизімінің ықпал етуінің экономикалық бағасы.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесімен Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының ерекшеліктері.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері болып салық механизімінің инвестициялық саясатқа ықпал етуінің экономикалық бағасы саласында, экономиканың өнеркәсіп секторының ахуалы,инвестициялық процеске салықтық ықпал етуінің әдістемелері мен формаларын талдау. Диссериациялық зерттеу барысында ҚР Конституциясы, Кодекстер, Заңдар,ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР заңды және нормативті актілері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы салық механизімінің инвестициялық саясатқа ықпал етуінің экономикалық бағасы саласында, экономиканың өнеркәсіп секторының ахуалын зерттеуде жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Диссертанттың ғылыми зерттеу барысында төмендегі нәтижелер анықталды:

-рыноктык экономика жағдайында экономиканың өнеркәсіп саласының тұрақты даму негіздері зерделенген және қорытындандырылған.

-экономиканың өнеркәсіп саласының даму тенденциясымен қазіргі күнгі күйі талданды.

-еліміздің экономикасының өнеркәсіп секторына инвестициялық ресурстарды көбейту бағытында салықтық жеңілдіктерді пайдаланудың орындылығы талданды.

- өнеркәсіпке инвестицияны жұмылдыруда мемлекеттік реттеудің жаңа жолдары негізделген.

-экономиканың өнеркәсіп секторының тұрақты дамуын шектейтін проблемалар зерттелген.

-экономиканың өнеркәсіп секторына инвестицияларды тарту жолдарымен, салық механизімін жетілдіру жолдарымен әлемдік рынокте бәсекеге жарамды өнімдерді көбейтуге тиісті ұсыныстар енгізілген

-экономиканың өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің төмендеуіне әсер ететін салық ауыртпашылығына талдау жасалған.

Жұмыстың тәжірибелік құндылығы диссертацияда көрсетілген ұсыныстар кең пайдалануға, жеке ережелерін ҚР ҚМ салық комитетімен салық салу тәртібін реттейтін заңды актілерге Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізуде пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін анықтау. Жүргізілген зерттеу нәтижелері ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (әрі қарай Салық Кодексі) өзгертулер мен қосымшалар енгізу проектісін дайындауда пайдаланылды.

An abstract of dissertation for the degree of candidate of economic science on National Economy Management (by industries and domains)

Соседние файлы в папке диплом2