Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану силлабус.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
341.99 Кб
Скачать

4. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар (1985–1992 жж.)

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасы­мен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комиетет құрылды. Комиеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апатқа өкімет назарын аудару болды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» париясын құрды.

1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылмандар әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси қозғалыс­тар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәре­жедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы құрамында 800000-ға жуық мүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің қолшоқпары жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспаған­дықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғары­да аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.

11 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

  1. Партия сөзі латин тілінен аударғанда :

- бөлік, бөлшек

- заң

- ел психологиясы

- мораль негіздері

- ар алуан билік

  1. «Саяси партия» ұғымына анықтама берген, ағылшын саяси қызметкері:

  • Э.Берк

  • И.Кант

  • Сократ

  • Зенон

  • Калликрат

  1. Фракциялық суверенитет теориясының авторы:

  • Ж.Ж.Руссо

  • Сократ

  • Платон

  • Геродот

  • Аристотель

  1. Азаматтық қоғам дегеніміз:

  • мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы

  • Жоғарғы орындарға сайлау мүмкіндігі

  • Шағын қала-мемлекеттердің бар болуы

  • адамның жан дүниесінің жетілуі

  • саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдері

  1. Лоббизм деген не?

  • белгілі бір заң жобасын қабылдауғы ықпал ету

  • белсенді тұлға

  • қара тобыр

  • республика

  • тирания

  1. Азаматтық қоғамның радикалды концепциясын қалыптастырған:

  • Т.Пейн

  • И.Кант

  • З. Фрейд

  • А.Швейцер

  1. Ең бірінші либералды партия қайда пайда болды?

  • Англияда

  • Францияда

  • Испанияда

  • Совет үкіметі кезеңінде

  • Афина қаласында

  1. Екі партиялы мемлекет -

  • Франция

  • Қазақстан

  • АҚШ

  • Уругвай

  • Ресей

  1. Томендегі ойшылдардың қайсысы азаматтық қоғам мәселесіне ерекше назар аударған?

  • К.Маркс

  • Мусоллини

  • Фома Аквинский

  • Н.Макиавелли

  • Сократ

  1. «Протестантизм мен Европадағы капитализм рухы» еңбектерінің авторы:

  • М.Вебер

  • Мартин Лютер

  • К.Маркс

  • Жан Боден

  • Жан Жак Руссо

Дәріс 12. Саяси мәдениет, саяси идеология. Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы.

Жоспар:

1. Саяси мәдениет ұғымы.

2. Саяси мәдениет түрлері.

3. Саяси идеология, оның түрлері.

4. Ұлттық идея қалыптастыруының мәселелері.

5. Қазіргі замандағы неоконсерватизм, неолиберализм, неомарксизм.

Әдебиеттер тізімі:

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері: конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.

1. Саяси мәдениет ұғымы.

Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.