Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану силлабус.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
341.99 Кб
Скачать

4. Қазіргі заманның демографиялық мәселелері.

Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:

  • экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);

  • әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);

  • қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.

14 Дәрістің тақырыбына арналған арм(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Тесттік сұрақтар.

1. «Көпвекторлы саясат» деген термин:

- «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме

- дәстүрлі саясат

- тек қана Америкалық өмірге сай саясат

- ар алуанды саяси пікірлер

2. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген:

- Р.Челлен

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

3. Демография – ол:

- халық санын реттеуге арналған саясаттың бір бөлінісі

- саяси процесстердің географиялық ортаға тәуелділігі

- демография туралы ілім

- қоршаған орта туралы ілім

- глобализацияның мәселелері

4. Табиғи шекара деген:

- табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар

- табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара

- темір жол шекарасы

- ауа райының ерекшелігі

5. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл:

- Фридрих Ратцель

- Давид Юм

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

6. Хартленд деген ол:

- Евразияның өңірі

- Европа елдері

- Африка елдері

- Американың Атлантикалық жағалауы

7. Адамзаттың құтқарылу жолдары:

- техногенді өркениеттен қашу

- глобалды мәселелерді шешу

- діни нормаларды жаңғырты

- космосты мекендеу

8. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу:

- кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу

- Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- ядерлы державалардың күшін шектеу

9. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса:

- ішкі істері де дұрыс болады

- сыртқы саудасы өрлейді

- экономикасы құлдырайды

- экономикасы өркендейді

- қауіпсіздігі арттайды.

Дәріс 15. Әлемнің жаңа конфигурациясындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылары.

1.Қазақстанның халықаралық қатынастағы орны.

2. Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүдделері.

3. Әлемнің жаңа конфигурациясындағы Қазақстанның сыртқы саясатын іске асыруындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылары.

Әдебиеттер тізімі:

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.10: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011.

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.7: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.8: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.9: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Зиманов, С.З. Парламент Республики Казахстан в трудные годы провозглашения независимости [Текст] / С.З Зиманов.- Алматы: Алаш, 2011.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің тәжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар (25 ақпан 2009ж.): конференция материалдары/ Б.К. Султанов

ШЫҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері: конференция материалдары

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері: конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.