Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд ОБЖ (юриспруд.,каз).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
350.39 Кб
Скачать

Қоғамның қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз — азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);

3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Бұзақылық қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең көп таралған түріне жатады. Бұзақылық жасағанда қоғамдық тәртіптің, еңбек пен тыныштықтың қалыпты жағдайы өрескел бұзылады. Бұзақылық әрекеттер жасау кезінде азаматтардың денсаулығына жиі зиян келтіріледі, сондай-ақ бөтеннің мүлігі жойылады немесе бүлдіріледі.

Бұзақылық, ең алдымен, қоғамды анық құрметтеушілікті білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылықпен сипатталады. Арсыздықпен ерекшеленетін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушылыққа мыналар жатқызылады: зорлықпен ұштасқан әрекет (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру), ұзақ және қасарыса созылған бұзақылық әрекеттер, азаматтарды жәбірлеу, мүліктерді жою, көпшілік шараларды болдырмау, мекеменің, кәсіпорынның немесе қоғамдық көліктің қалыпты қызмет етуін уақытша тоқтату. Ерекше арсыздық деп, мысалы, ұятсыздығын білдіру, науқас, кәрі, дәрменсіз күйдегі адамдарды келемеждеп қорлау және т.б. айтуға болады. Зорлық жәбірленушіні ұрып-соғу немесе денсаулығына жеңіл зиян келтіру нысаінында күшпен әсер етумен сипатталады. Ұрып-соғу, зиян келтіру отбасына, жеке жек көрушілік әсерінен туыстарына немесе таныстарына қатысты жасалса, бұзақылық деп сараланбайды. Бұзаақылық жасағанда бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы материалдық залал келтірілуі мүмкін.

Бөтеннің мүлкін жою — мүлікті толықтай жарамсыз етуді, ал бүлдіру— мүліктің тұтастығын бұзуды білдіреді.

Тағылық дегеніміз — мәдени және материалдық құндылықтарды мағынасыз бүлдіруді, сәулет, мәдениет, өнер туындыларына жасалған тағылық пен қатыгездікті білдіреді. Бұл қылмыстың объектісі — қоғамдық тәртіп. Ғимараттар немесе басқа да құрылыстар, сондай-ақ қоғамдық мүлік қылмыс заты болып табылады. Ғимараттарға тұрғын үйлер, санаториялық-курорттық, мәдени-ағартушылық, өндірістіқ басқару орындары және т.б. объектілер жатқызылады. Басқа құрылыстарға ерекше қорғаудағы және құрмет тұтатын объектілер жатады, мысалы, ескерткіштер, ескерткіш тақталар, мемориалдық кешендер және т.б. Мүлікке тек қоғамдық көліктегі немесе қоғамдық орындардағы мүліктер ғана жатқызылады. Қылмыс ғимараттарды немесе басқа да құрылыстарды қиратудан, қоғамдық көліктегі немесе басқа да қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіруден тұрады. Қорлау деп ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды неше түрлі жазулармен, суреттермен немесе белгілермен бедерлеген тағылықты айтады. Мүлікті бүлдіру деп оны қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда бүлдіруді айтады. Сонымен, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар деп қоғамның әрбір мүшесінің қауіпсіз өмір жағдайын және олардың қалыпты әрекеттерін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық құқықтық тәртіпті және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қоғамға қауіпті ерекеттерді айтады. Бұл қылмыстар Қылмыстық кодексің жеке тарауында қарастырылған және оларды жасағаны үшін айыппұлдан бастап, өлім жазасына дейінгі жазалар көзделген.

10-тақырып. Лаңкестікпен күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қоры.

Жоспар:

10.1. Лаңкестікке қарсы күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қор.

10.2. Лаңкестік актілердің түрлері, олардың мақсаты және жүзеге асыру түрлері.

10.3. Лаңкестікпен күрес жүйесі.

Лаңкестік – гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.

Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін.

VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ.с.)  мен  Оспанға (ғ.с.) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған.

Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан).

Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:

Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы  91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.

Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне  жатады.

Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.

Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да  білген абзал.

Лаңкестікке қарсы iс-қимыл туралы.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы. Осы Заң терроризмге қарсы iс-қимылдың, терроризм профилактикасының, терроризмнiң зардаптарын барынша азайтудың және (немесе) жоюдың негiзгi принциптерiн, мақсаттарын, құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, сондай-ақ терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi жүзеге асыруға байланысты адам мен азаматтың мiндеттерi мен құқықтарын, оларды сақтау кепiлдiктерiн белгiлейдi.

Саяси лаңкестік - қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Лаңкестік мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Лаңкестік қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Лаңкестікке күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Лаңкестіктің психологиялық негізі - радикализм, экстремизм.

Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр.

Терроризм мәселесі соңғы уақытқа дейін елімізде ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретіндей дәрежеде емес, ал ықтимал қауіп-қатер ретінде ғана қарастырылып келді. Сондықтан да болар, еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесі басқа қатерлерге қарсы, айталық этносаралық шиеленіс, есірткі тасымалының жолын кесу, заңсыз миграция сияқты қауіп-қатерлерге төтеп беруге бейімделген еді.

Қазақстандық және шетелдік сарапшылар да терроризм проблемасы Қазақстанға төніп тұрған нақты қауіп емес, ал Орталық Азиядағы жалпы ахуал аясында қарастырып келді (әсіресе 1999 жылғы ақпандағы Ташкенттегі терактіден және 1999-2000 жылдары Қырғызстанның Оңтүстігіндегі Баткен оқиғасынан кейін). Қоғамдық пікірде де терроризм Қазақстанда негізінен сыртқы қауіп-қатер ретінде қабылданды.

Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға ШешенстандыРесейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты - қорқыту, үркіту, хаосты туындату.

Терроризмнің өсу себептері - дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының тізімінде осы ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының аумағында қызметі заңсыз деп табылған 34 экстремистік, террористік бағыттағы ұйым бар.

Қазақ жерінде қазір қанша секта бар? – Елімізде 40-қа жуық конфессиялар, оның ішінде 3855 діни ұйым жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, 3855 – Исламдық, 278 – православтық, 82 – католиктік, 1161 – протестанттық, 27 – яһудейлік, 4 – буддистік, және тағы 46 дәстүрлі емес діни ұйымдар қызмет етіп жатыр.

1-Аралық бақылаусұрақтары.

  1. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәні, мақсаты, міндеттері.

  2. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздеріноқытудағы өзекті мәселелер.

  3. Қауіпсіздік ұғымына сипаттама.

  4. Қауіп түсінігі және топтастырылуы.

  5. Төтенше жағдай түсінігі және топтастырылуы.

  6. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.

  7. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар түсінігі.

  8. Радиациялық қауіпті нысандағы ТЖ.

  9. Химиялық қауіпті нысандардағы ТЖ.

  10. Ионизациялық сәулелер.

  11. Радиация түсінігі.

  12. Адам ағзасының біртұтастығы.

  13. Адамның функционалдық мүмкіндіктері.

  14. Рецепторлар, оларға сипаттама.

  15. Адамның өмір сүру ортасымен сыйыспалылығы.

  16. Қауіпсіздік психологиясының түсінігі.

  17. Тіршілік ортасындағы антропогенді қауіптер.

  18. Табиғи қауіптер және оларға жалпы сипаттама.

  19. Жер сілкінісі (Рихтер шкаласы, себептері,сипаттамасы).

  20. Өрт (дала, орман өрттеріне сипаттама)

  21. Тұрмыстағы өрт, шығу себептері және іс–әрекеттер.

  22. Сел (жалпы түсінік).

  23. Қарлы көшкін.

  24. Көшкіндер мен опырылып құлау.

  25. Гидросфералық қауіптер және оларға жалпы сипаттама.

  26. Су тасқыны.

  27. Атмосфералық қауіптер және оларға жалпы сипаттама.

  28. Ауа массаларының желдік қозғалысы.

  29. Қарлы боран.

  30. Қауіпті қар басу, нөсер, бұршақ.

  31. Төтенше жағдайда құтқару ұйымдары мен шұғыл қалпына келтіру жұмыстары.

  32. Төтенше жағдай кезіндегі ҚР мемлекеттік жүйелерінің алдын-ала хабарлау мен іс-қимылдары.

  33. Террористтік әрекет кезіндегі халықтың міндеті.

  34. Атмосфералық ауа ластануының қайнар көздері және деңгейлері.

  35. Гидросфераның ластануының қайнар көздері және деңгейлері.

  36. Литосфераның ластануының қайнар көздері мен деңгейлері.

  37. Шу және оның адам ағзасына әсері.

  38. Механикалық тербеліс.

  39. Акустикалық тербеліс.

  40. Электромагниттік, электрлік, магниттік өріс.

  41. Лазерлік сәулелену.

  42. Электрлік тоқ.

  43. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі туралы.

  44. ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы заңы.

  45. Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi.

  46. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының ролі.

  47. Қоғамдық тәртіп сақтау және қылмыспен күресу органдар жүйесінің дамуы.

  48. Лаңкестікпен күресті ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық қоры.

  49. ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы.

  50. ҚР «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы.

М-II. Медицина білімінің және салауатты өмір сүрудің негіздері

Б-III. Салауатты өмір сүрудің негіздері

11-тақырып. Салауатты өмір салты және оның құрамдас бөліктері.

Жоспар:

11.1. Салауатты өмір сүрудің мәнісі.

11.2. Салауатты өмір сүрудің құрамдас бөліктері.

11.3. Денсаулықты сақтаудың және шынықтырудың қажетті шарттары

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз.  "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”      Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.      Денсаулық  - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау  - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.         Қазіргі уақыттағы әлеуметтік  - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін  тигізуде.

Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,"…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.    Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.    "Дені сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.      Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.      Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: "Денсаулығың мықты болуы үшін  мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”     

12-тақырып. Аса қауіпті жұқпалы аурулар, оларды жіктеу және алдын алу.

Жоспар:

12.1. Жұқпалы аурулар және олардың қоздырғыштары.

12.2. Жұқпалардың (індеттердің) жұғу жолдары және алғашқы белгілері.

12.3. Жұқпалы аурулардың алдын-алу шаралары

Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.

1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері. Мұндай вирустарға "вирус — клетка кешені" деген синоним қолданылады.

2.  Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі.

Бұл жағдайда "вирион" деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді. істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді. Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді.

Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?

Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.

Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды.

Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?

Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д'Эррель).

Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.

Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.

Әсіресе олардың ең қауіптілері: ЖИТС, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.

Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:

1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.

2.Мүшеқаптарды қолдану.

3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.

4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.

5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.

6.Ешқашан басқаның сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.

Соз (гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады

Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады.

Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін.

Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті.

Оба (чума).

Оба (лат. pestіs– кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру.

Yersiniapestis бактериясының пайда болуының нақты уақыты белгісіз. Кейбір тарихшылардың болжауынша, оба 1500-2000 жыл бұрын псевдотуберкулез мутациясының нәтижесінде болған. Сондай-ақ, оба алғашқы бүргелермен бірге адам пайда болғанға дейін пайда болған деген де пікір бар.  

Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапонмикробиологіС.Китазато(1853 – 1931) менфранцузбактериологыА.Йерсен(1863 – 1943) (адамнан, 1897 жылыегеуқұйрықтан) тапқан.

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді.

Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы дамиды.

Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады.

Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде (сайгак), мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Жануарларға бүргелер арқылы беріледі.

Алғашқы белгілері.

Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, дененің қатты дірілдеуі, дене қызуы 39-40оС-қа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы. Психикасы өзгере бастайды. Мастар секілді сөйлеу алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы бұзылады. Бауыры, тілі ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.

Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады.

Ауру асқынған жағдайда науқас өледі.

Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі.

Обаны емдеу.

Алғаш рет обаға қарсы вакцинаны XX ғасырдың басында Владимир Хавкин жасады. 1896 жылы аумағы жағынан Үндістандағы екінші үлкен қала Бомбей оба дертіне оранды. Сол кезде тырысқаққа қарсы тиімді вакцина жасаған Лозанн университетінің приват-доценті биліктің өтініші бойынша Бомбей қаласына келеді. Аз ғана уақыттың ішінде обаға қарсы алғашқы тиімді вакцинаны жасап, ол оның қауіпсіздігін алдымен өзіне салып көрсетіп, кейіннен бірнеше жылдар бойы халықты вакцинациялауға тікелей қатысып отырды. Бомбей қаласында Хавкин құрған обаға қарсы шағын лаборатория кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бактериология және эпидемиология бойынша ең ірі зерттеу орталығына айналды және 1925 жылдан бастап Хавкин атындағы Институт атымен аталады.

Науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау.

Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.

Тырысқақ (холера).

Тырысқақжедел жұқпалы, клиникалық жағдайына байланысты әр түрлі дәрежедегі диариямен, интоксикациямен (дененің кебуі, су жоғалтуы) сипатталатын ішек ауруы.

Қоздырғыш ашылуына Р. Кох, Ф. Готилехс еңбектері зор. Тырысқақ вибрионы өте ұсақ, иілген таяқша. Қоздырғыш сыртғы ортаға тұрақты суда бірнеше апта, кей жерлерде 7-8 айға дейін тіршілігін сақтайды. Күн сәулесіне, кептіруге, дизенфекциялы ерітінділерге өте сезімтал, қайнатқанда тез өледі.

Тырысқақ ауруы ең алғаш 1817 жылы анықтала бастаған.

Ауру көзі - науқас адамдар және қоздырғыш тасымалдаушылар. Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен көптеп шығады. Сонан соң шыбындармен, басқа да таратқыштармен тарап кетуі мүмкін. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады. Жеңіл іш өтуден тез арада адам өліміне алып келеді.

Тырысқақтан сақтануға вакциналарды, антибиотиктерді, басқа да дәрілерді қолданады. Тырысқақ шыққан жерге төтенше комиссия карантин жариялайды.

Жұқтыру түрлері: қарым-қатынас, су. Су-ең қауіпті жұқтыру түрткісі. Тырысқақ пен барлық жастағы адамдар аурады, жиі жаз-күз айларында бас көтереді.

Сау адамдарға қоздырғыш залалданған суды қолданған кезде не ашық су қоймаларында суға түсукезінде жұғуы мүмкін.

Емдеу: Науқастың өмірін сақтап қалу үшін 1-ші мақсаттаорганізмдегі су-электролиттік тепе-теңдікті сақтап қалпына келтіру керек. Ол 2 этаптан тұрады.

1. Регидратация, инфузиялық терапияға дейінгі жоғалған сұйықты қалпына келтіру. 2. Сұйықтық жоғалуының жалғасуын коррекциялау, яғни дәреті қалпына келгенше

су-электролиттік тепе-теңдікті ұстап тұру.

1817-1926 жылдар аралығында тырысқақтан пандемия болып, 2млн адам өлген. 1961 жылы Эль-Тор вибриона тудырған пандемия болды.

Пандемия (грек тілінен аударғанда тұтас халық) – жұқпалы аурудың бүкіл ел аумағына таралуымен сипатталатын эпидемия.

Алдын-алу шаралары.

Тырысқақ қолайсыз аудандардан келген адамдарға ерекше көңіл бөлініп, олардың от басы мүшелеріе 5 күн емхана дәрігері бақылайды. Егер дәреті өзгерген жағдайда инфекциялық стационарға бақылауға алады. Арнайы алдын алу мақсатында көрсетпелеріне байланысты беріледі. Сынама (прививка) 7 жастан бастап жасалады. Тырысқақ ошағында эпидемияға қарсы комплексті шаралар жүргізіледі:

1. Жедел түрде госпитализациялау, оқшаулау, тексеру және емдеу.

2. Жедел-ішек инфекцияларын тырысқаққа тексеру.

3. Контакта болғандарды табу, оларды оқшаулау 5 күн медициналық бақылауда ұстау (бактериологиялық тексеру, профилактикалық мақсатта антибиоттин тағайындау).

4. Ошақта эпидемиологиялық тексеру

5. Күнделікті және ақырғы дизенфекция.

6. Санитарлық- гигиеналық шаралары.

Көбіне Үнді, Индонезия, Пакистан елдерінде жиі байқалады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ақпаратына сәйкес 2010 жылы тырысқақпен 863547 адам ауырған, оның 115587 қайтыс болған. Ауру Африка (217288/8643), Азия (524658/153), Орталық Америка (121600/2761),  Европа (Германия1/1) елдерінде тіркелген. 2011 жылдың өткен мезгілінде дүние жүзінде 253045 ауырған адам тіркелген, оның 4663 қайтыс болған, бұл Африка (20899/105), Азия (382/6),  Америка (231763/4552),  Европа (Испания 1/0) елдерінде.

Қазақстан Республикасында адамдар арасында тырысқақ ауруы тіркелмеген.  Бірақ Қазақстанды Азия және Еуропа елдерімен байланыстыратын көлік инфрақұрылымының  дамуымен тырысқақ ауруының тасымалдану қаупі зор. Санитарлық қызмет осы аурудың тасымалдануы мен тарауының алдын-алу үшін аумақта барлық алдын-алу іс-шараларын жасап, тырысқақпен басқа қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туған жағдайда барлық ведомствалардың жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнге эпидемиолог, инфекционист, аудандық бас санитарлық дәрігерлер мен карантиндік және аса қауіпті аурулардың  алдын-алу, оның ішінде тырысқақтың алдын алу туралы шаралар өткізіліп тұрады (семинарлар, қауіпті жұқпалы ауруларға күдік туған жағдайда барлық ведомствалардың жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі).

13- тақырып. Медициналық-биологиялық қауіптер.

Жоспар:

13.1.ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС.

13.2.Туберкулез, қатерлі ісік және т.б..

13.3. Алдын алу шаралары және сақтану жолдары.

АИТВ (ВИЧ), ЖИТС (СПИД).

АИТВ (ВИЧ) – адамның иммунды тапшылық вирусы.

ЖИТС (СПИД)-жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы.

АИТВ (ВИЧ) — иммунды жауаптың арнайы құрамдарының жоғалуы. Иммунды тапшылық белгілері Т-және В-торшаларының қызметінің бұзылуынан туады. Осының салдарынан организмнің антидене түзу қабілеті бұзылады.

Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС (СПИД)- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі.

АИТВ – жұқпасының жұғу жолдары және жұқтыру:

  • Жыныстық қатынаста;

  • Қан құюда;

  • Баланың құрсақта зақымдалуы (ауру анадан баланың жолдасы арқылы);

  • Стерилді емес медициналық құралдарды қолданғанда;

  • Есірткілерді ортақ шприцпен қолданғанда.

АИТВ жұқпасы жұқпайды:

  • Тұрмыстық жолмен (ортақ ыдыс-аяқтарды, бет орамалдарды қолданғанда);

  • Контактылы-тұрмыстық жолмен (қол алысу, құшақтасу арқылы);

  • Ауа-тамшылы жолмен (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде);

  • Трансмиссивті жолмен (қан сорғыш жәндіктердің шағуы арқылы зақымдалу қаупі жоқ).

Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді.

ЖИТС – науқасын шақыратын вирусты 1983 ж. француз ғалымы Л. Монтанье тапты. Ал 1984 ж. американдық ғалым Р.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.

ЖИТС-тің байқалуыәр түрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек:

1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі.

2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі.

3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар.

4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы.

Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды АИТВ - инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек.

Осы уақытқа дейін ЖИТС пен АИТВ-ға қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз. Қазақстан Республикасында АИТВ-мен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды.

ЖИТС-тің соңғы сатысы-өлім. ЖИТС-ке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек.

Туберкулез (құрт ауруы) – созылмалы жұқпалы ауру. Ол әр түрлі органдарға жайылуы мүмкін.

Туберкулездің қоздырғыштары.

Туберкулездің жұқпалылығы туралы дәрігерлер сонау көне заманда-ақ білген, олар туберкулезге шалдыққан ауру төңірегіндегі ауада қандай да бір жұқпалы микробтардың бар екендігін болжаған. Алайда бұл аурудың жұқпалылық табиғаты туралы тек ХIX ғасырдың ортасында ғана нақтырақ айта бастады. 1882 ж. неміс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микробтың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелдеген. Туберкулез қоздырғышы туберкулез таяқшасы немесе кох бацилласы (КБ) деп атала бастаған. Сүтте, май мен ірімшікте КБ ұзақ сақталады.

Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада зақымдалған органнан – өкпе туберкулезі кезінде қақырықтан, бүйрек немесе несеп бүршігі кезінде кіші дәреттен бөлінеді.

Туберкулез жұқпасының негізгі таралу көзі аурудың қақырығы болып табылады. Шыққан қақырық аурудың төсек орнына, тұрмыстық заттарға, тұрғын үй немесе өндірістік ғимараттың еденіне, қабырғасына шашырайды. Шаңмен бірге құрғаған қақырық шашырандысы сау адамның тыныс жолына өтеді. Туберкулез тек шаң арқылы емес, сондай-ақ қақырық тамшысының өкпеге бірден түсуі арқылы жұғуы мүмкін. Жөтелген кезде қақырықтың ұсақ тамшылары 2 метрге, ал түшкірген кезде 9 м жетеді.

Кейбір жағдайда ол тамақ ішкен кезде (су, ет) ас қорыту жолдары арқылы жұғады.

Жұғу көздері:

Адам т. қоздырғышының негізгі көздері ауру адам б.т.

Туберкулезбен ауырған кезде әр түрлі сипаттағы белгілер пайда болады: жалпы әлсіздік, уайымға салыну, тәбеттің нашарлауы, арықтау, түнде тердің шығуы, дене температурасының жиі көтерілуі.

Туберкулез ашық және жабық түрге бөлінеді. Ашық түрінде қақырықта т. таяқшасы байқалады. Туберкулездің жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшасы болмайды. Туберкулез қоздырғышы ең алдымен өкпені жалайды. Туберкулез микобактериясы енген ұлпаларда ұсақ бұдыр немесе ірі ошақтар түрінде қабыну учаскелері пайда болады.

Емдеу. Негізінен амбулаторлық тұрғыда өткізіледі. Химиопрепараттарды қабылдауміндетті, онсыз туберкулезбен ауырған адамжды емдеу мүмкін емес.

Сақтандыру. Әлеуметтік, санитарлық және арнайы сақтандыру шараларын қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру халықтың денсаулығын жақсартуға, ана мен баланы қорғауға, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталуы тиіс. Санитарлық сақтандыру, яғни туберкулез ошағында дезинфекция жүргізіледі, аурдың жеке заттары арнайы тазартылады. Арнайы сақтандыру БЦЖ вакцинасымен жүргізеді.

Бруцеллез.

Бруцеллез – бруцелл тобы қоздырғыштары туғызатын жұқпалы ауру. Адам ауру жануарлардың сүтін және сүт өнімдерін ішу кезінде немесе малды жайғаған кезде тері жамылғысының зақымдануы арқылы қоздырғыштың өту кезінде ауруға шалдығады. Тері немесе кілегейлі қабық арқылы бруцеллдер өтіп қанға түседі. Қаннан қоздырғыш бүйрекке, көкбауырға, сүйек майына өтеді. Нәтижесінде тірек-қозғалыс, жүйке, жыныс жүйелерінде асқыну дамиды. Аурулар еңбек қабілетін сақтайды. Шаршағандық, тітіркенушілік, бастың сырқауы байқалады. Тәулігіне бірнеше рет қара тер қатты бөлініп, қалтыраушылық туғызады. Бүйрек пен көкбауыр үлкейеді.

Бруцеллезден сақтандыру жануарларды бруцеллезге шалдығуын төмендетуге бағытталған тиісті санитарлық-ветеринарлық шараларды жүргізу болып табылады. Азық-түлік сапасына бақылау жасалады, бруцеллезбен ауырған жануарлардың сүт тағамдарын пайдалануға тыйым салынады.

Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?

• Үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;

• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;

• Аса тоя тамақ жемеу;

• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, ас-қазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан ары арттырып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

• Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау;

• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды жемеу;

• Шектен тыс шаршамау;

• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;

• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;

• Еңбек ету мен демалу тәртібін сақтаңыз;

• Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз.

Ісікке қарсы тұра алатын А, С және Е дәрумендерін, селена, фолий қышқылын, ет мөлшерін қыс-қартып, балық және құстың етін, балластық заттарға бай азық-түліктерді көбірек пайдалану әрбір адамның саулығының кепілі.

14- тақырып. Денсаулықты бұзушы зиянды әдеттер.

Жоспар:

14.1.XXI-ғасырдың қауiптi аурулары.

14.2. Нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке салыну.

14.3. Зиянды әдеттердің алдын-алу шаралары.

Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді.

Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.

Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп - жылай келеді.

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды.

Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр.

Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек. Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі.

Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді.

Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:

1. Ерін тіл және өңеш қатерлі ісігіне жол ашады.

2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.

3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

4. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшыратады.

5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).

6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, жасушалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.

7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.

8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.

9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.

10. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.

11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес.

12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды. 

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді.

Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.

Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.

Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.

Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.

Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.

15-тақырып. Адам денсаулығына әлеуметтік-гигиеналық факторлардың әсері.

Жоспар:

15.1.Қоршаған орта және оның гигиеналық маңызы.

15.2. Ортаның адамға әсер ететін физикалық және химиялық факторларының сипаттамасы.

15.3. Сақтану жолдары.

Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.

Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.

Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесіндеадамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.

Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мәселелерге бақылау жасау, баға беру және толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі «Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр.

Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.

Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.

Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады.

Атмосфералық ауаның, судың, топырақтың ластануының тура зерттеу мен қатар, оны басқа нысандар арқылы зерттеуге болады. Мысалы, биологиялық нысандарды зерттеу арқылы (өсімдіктер, жануарлар органдары биоорталар). Қоршаған ортаның көптеген химиялық ластаушылардың бағалауда адамға қауіптілігі бойынша бірінші орындарда ауыр металдар мен радиомуклидтер тұр.

Олардың улылығынан (1-2 қауіптілік класстары) басқа, олардың көбінің мутагендік, концерогендің эмбриогонадотоксикалық әреттері болады. Сондықтан қоршаған ортада ауыр металдар мен радионулидтердің күрделі қоспалары көрсетілген әсерлердің пайда болуы қаупін күшейтеді және ластаушыларды кешендік бағалау қажеттігін анықтайды.

Б-IV. Медицина білімінің негіздері және алғашқы медициналық көмек көрсету.

16-тақырып.Алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері.

Жоспар:

16.1. Алғашқы көмек көрсетудің ережелері.

16.2. Жасанды дем алдыру.

16.3. Жасанды дем алдырудың түрлері.

Алғашқы жәрдем (егер адам дем алмаса).

Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут қана бар, өйткені адамның миы үш минут оттегінсіз болса, клиникалық өлім пайда болады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Адамның тамыр соғысын тексеріңіз, егер адам дем алмаса тамыр соғысы жоқ болады, еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.

  2. Адамның дем алу жолын тазартыңыз. Адамның аузы құсығына немесе сілекейіне толып, тілі тамағына түсіп сол себептен адам дем аламай жатуы мүмкін.

Сондықтан:

  1. Адамның басын шалқайтыңыз, жаурынның астына бас төмен ал кеуде жоғары тұру үшін оралған киімді кою керек, жақты көтеріп аузын ашыңыз.

  2. Адамның тілі тамағына түссе, оны саусақтармен дұрыстап жіберіңіз.

  3. Адамның басын солға не оңға бұрып, оның аузын сілейкеден және құсығынан босатыныз.

  4. Егер адамның аузы қатты тістелініп жатса, онда төменгі жақтың бұрыштарын алға тартып, иекті төмен түсіріп ауызды ашыныз.

  5. Егер адам жоғарыда айтып кеткен қимылдан өзі демалып қалса, онда оны кеудесіне жатқызып басын солға не оңға шалқайтыңыз.

  6. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды дем беруді бастаңыз (ауыздан-ауызға немесе қолдарын көтеріп төмен түсіру).

  7. Егер адамның жүрегі соқпаса және тамыр соғысы жоқ болса, онда жасанды дем берумен бірге жүректің тура емес массажын жасау қажет.

«Ауыздан ауызға» әдісі.

  1. Өз қолының ортанғы саусақпен зардап шеккен адамның тілді дұрыстап қою үшін ауызды теқсеріңіз.

  2. Зардап шеккен адамды арқаға жатқызып, аузын ашып, жақты бір қолымен ұстай тұрыңыз.

  3. Зардап шеккен адамның мұрнын жауып, өз ауызыңызбен оның аузын қосып, кеуде көтергенше ауаны қатты үрлеңіз. Мұны басталғанда еркін қолыңызды адамның кіндіктен сәл жоғары қойып асқазанына ауа кірмеу үшін кішкене итеріп тұрыңыз.

  4. Өкпе ауаға толғаннан кейін зардап шеккен адамның, ауа енді сыртқа шығу үшін аузы мен мұрынын босатыңыз.

  5. Осындай қимылдарды минутына 20 рет жылдамдықпен адам өзі демалғанша қайталау керек.

Егер адамның ауызы бұзылып қолдан дем беруді жасай алмасаңыз, онда зардап шеккен адамның аузын жауып, ауаны мұрыннан беруге болады.

Егер адам өзі демалуды бастаса, онда оны демалуға қауіпсіз кеудесіне жатқызу керек. Зардап шеккен адамнан алысқа кетпеңіз - өйткені адамның дем алу тағы да тоқтауы мүмкін.

Егер зардап шеккен адам кішкентай бала болса, онда оның аузы мен мұрынын өз аузыңызбен бірақ жауып, қолдан дем беруге болады. Сонымен бірге кішкентай балаға үлкен адаммен салыстырғанда демді жиі беру керек.

Жүрекке массаж жасау.

Егер адамның жүрегі соқпаса, онда миға қан бармай адам тез өліп қалады. Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге, өкпеге ауыздан ауызға тәсілімен ауаны беріп тұрсаңыз. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтатып тастауы мүмкін.

Алақандарды бір біріне қосып, кеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.

Егер массажды сіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып, бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажды екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып, бір рет жасанды дем беру керек.

Егер адамда тамыр соғысы пайда болса, онда жүрекке, массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.

Егер жүрекке массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.

Егер жүрекке массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.

Суға батқандағыларға және асфиксия кезінде көрсететін көмек.

  1. Зардап шеккен адамның бас жағына тізелеп отырып, екі қолыңызбен шынтақ жағынан ұстау керек.

  2. Сосын оларды біркелкі басына қарай көтеріп, осындай қалпында 1-2 секундтай ұстай тұру керек.

  3. Содан кейін біркелкі, бірақ жылдамырақ қолдарын кеудеге қарай түсіру керек.

  4. Осы қимылдың аяғында қолды кеудесіне кішкене қысу керек.

  5. Осындай қозғалыстарды минутына 16-18 рет адам демалумен бірдей жылдамдықпен жасау керек.

17-тақырып. Шұғыл жағдай кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

Жоспар:

17.1. Қан кетудің түрлері және тоқтату әдістері.

17.2. Жылылық соққы және күн тигенде, үсік шалғанда, уланғанда көрсететін алғашқы медициналық көмектер.

17.3. Жарақат алғандағы алғашқы көмек.

Алғашқы жәрдем / қанды қалай тоқтатады.

Кішкене алған жарақаттан қан өзінен өзі тоқталады. Егер қан ағымы тоқтамаса, матамен қатты байлап қою керек.

Қатты қысып байлау:

  1. Адамды жатқызыныз. Жарақат алған жерді киімнен босатып дұрыстап қарап шығыныз.

  2. Егер жарақатта бөтен зат болмаса, оған қанды жақсы сінетін материалды (салфетка, орамал, шүберектің бір бөлігі) қойыңыз. Жарақат жерді жоғары көтеріңіз, бұл қан ағымына қан айналымына байланысты азаюға апарады. Жарақаттағы салфеткаға, орамалға мақтаны немесе матаны қойып бинтпен қатты байлап тастаңыз.

  3. Егер қан ағымы тоқтамаса, яғни қан байланған жерінен шығып жатса, бұрынғы байланған бинтті алмай оның үстіне екінші қабатпен тағы да бинтпен қатты байлап тастаңыз.

4. Егер сізде бинт жоқ болса, онда оның орына кез келген шүбіректі қолдануға болады.

Егер жарақат жерінде бөтен зат болса.

Егер жарақат жерінде бөтен зат болса, мысалы шынының бір бөлігі, онда оны алмаңыз. Олай сіз жарақат алған адамға зиян келтіресіз. Мүмкін бұл зат қан ағымын ұстап тұруы мүмкін.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Жараның айналасын он минуттай қатты қысып, қанды тоқтатыңыз.

  2. Сақиналық таңғышпен жарақат жерінің айналасын ораңыз.

  3. Бинт жарақат жеріндегі таңғышты жоғары және төмен жағынан қатты ұстап тұру керек.

  4. Жедел жәрдемді шақырыңыз.

Артерияны басу және бұрау (жгут) салу.

Егер қысып ұстап тұрған байлам көмектеспесе, онда жарақатқа қанды апаратын артерияны басып көріңіз.

Ең алдымен артерияны қолмен басып көріңіз. Егер бұл көмектеспесе, онда адамға бұрау салуға тура келеді.

Ол үшін шүбірекпен, шлангпен немесе жұқа арқанмен жарақат жерінен жоғары жағын байлаңыз. Сосын бұрамның астына жұқа таяқшаны, қарындаш немесе қаламды кіргізіп қатты бұра бастаңыз. Содан кейін қарапайым қысатын таңғышты байлаңыз.

Артерияны 10 минуттан артық қысып ұстауға болмайды. Әйтпесе ұлпаларда қан бармағаннан өзгермейтін құбылыстар пайда болады да, оны кесіп тастауға тура келеді.

Бұрау салғаннан кейін адамға су ішкізу керек.

Варикоз тамырлардың жарақатталуы.

Аяқтағы варикоз тамырлардың кеңейуі қауіпті, себебі бұл тамырлар жарылып, қатты қан ағымы басталуы мүмкін.

Мұндай жағдайда қан ағымын тезірек тоқтатып, зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.

  1. Адамды жатқызып, аяғын биікке көтеру.

  2. Жарақат жерін бинтпен немесе шүберекпен орап тастаңыз.

  3. Егер бинтке қан сіңіп кетсе, оның үстіне жаңа таңғышты байлаңыз.

  4. Жедел жәрдемді шақырып, зардап шеткен адамды тыныштандыруға ұмтылыңыз.

Мұрыннан, ауыздан немесе құлақтан қан ағу.

Мұндай қан ағымдар адамның бас немесе кеуде жарақатын алғанның белгілері. Ауыздан қан ағу кеуде жарақатын алу белгілері, құлақтан және мұрыннан қан ағымы бас сүйек – ми зақымының белгілері.

Сондықтан мұндай жағдайда тезірек жедел жәрдемді шақырыңыз. Жарақат алған адамды шынтақтап жатқызып, басын қан аққан жағына шалқайту керек. Егер қан мұрыннан немесе құлақтан ақса, бұл жерлеріне мұз қою керек. Сонымен бірге қан ағып тұрған жерін таза салфеткамен, орамалмен, мақтамен жабу керек. Бірақ бұл жерін қыспаңыз.

Егер адам есінен айрылса, онда оны жатқызып, басын аяғынан жоғары қою керек.

Алғашқы жәрдем / жарақат жерін қалай орау керек.

Орайтын заттар:

  • Бинттер (стерильді және стерильді емес).

  • Дым жұтқыш және қарапайым мақта. Дым жұтқыш мақта ылғалды және іріңді тарту қабілетіне ие.

  • Таза орамалмен, кесілген матамен, салфеткалардың көмегімен қан тоқтатуға және жарақат жеріне кір кірмеуге жағдайын жасауға болады.

Жарақат жерін қалай дұрыс байлау керек:

  1. Бинттін шетін жарақат жеріне қойып, бір толық айналым жасаңыз, қаптаманың сыртқы жағын жараға қарай ұстаңыз, солай орауға ыңғайлы болады. Жарақат жерінен төмен 2-3 рет толық айналым жасап, 2-3 рет жарақаттан жоғары байлаңыз.

  2. Сосын бинттің шетін екіге кесіп, содан екі жіпті жасап, байлап қойыңыз (тек жарақаттың астында емес).

Дұрыс емес жасалған таңғыш қатты қысып тастап және қан айналымына кедергі жасауы мүмкін. Сол себептен жарақат алған адам саусақтарын қозғата ала ма, саусақ ұштарының түсі өзгерген жоқ па және сезім қабілеттері жоғалған жоқ па таңғаннан кейін тексеру керек.

18- тақырып. Жаппай зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

Жоспар:

18.1. Адамдардың жаппай зақымдалуы кезінде жүргізілетін негізгі шаралар және медициналық көмектер.

18.2.Радиациялық зақымданудың денсаулыққа әсері.

18.3. Күшті әсер етуші заттармен зақымдану.

Зақымданған адамға көмек көрсету сатылары:

Улызаттардыңорганизмгесіңіуінтоқтату. Олүшінантихимиялықпакеттіқолданыпадамныңбетіненулызаттардысүртіптастаукерек, противогаз кигізіп, дененіңашық жерлерін сүртіп, киімніңжағасын, жеңдерінтазалапқауіптіаймақтаналыпшығу.

Тасымалдаған кезде жергілікті пәс орындарды, тоннельдерді, сай, тоғай, ми батпақты айналып өткен жөн, өйткені ауыр улы газдар осындай жерде шоғырланып тұрып қалады. Күшті әсер ететін улы заттардың буы қаланың көшелеріне, сая-бақтарына, үйшатырының астына және подъездеріне шөгуі мүмкін.

Жертөле сияқты жерлерге жасырынған адамдар противогазды шешпеу керек, себебі бұндай паналар улы заттардың сұйық тамшыларынан қорғайтынымен олардың буларынан сақтамайды.

Зақым ошағынан шыққанда арнайы қойылған көрсеткіштер арқылы немесе желге бір қырын беріп жүру керек. Сонда да ақырын аяқ басып, жүгірмей, шаң көтермей, үйлерге сүйенбей, айналадағы заттарға, бұтақтарға тимей өтуге тырысу керек. өсімдіктердің жапырақтары мен бұталарында улағыш заттардың тамшылары болады, олармен жанасуы адамның зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін.

Денеге, киімге жұққан тамшыларды қағазбен, немесе қол орамалмен, шүберектермен сүртіп отыру керек. Противогаздардың әртүрлі маркалары болатынын естен шығармау керек, кей бір улы заттарға қарсы қосымша сүзгіш қораптар беріледі.

Қауіпсіз орынға жеткізе зардап шеккеннің ауыз-мұрын, көзін шайып, өзін санитарлық өңдеуден өткізеді (мүмкіншілігі болса душ қабылдатады), киімін ауыстырады. Көзді шаю үшін суды немесе соданың 2% -дық ерітіндісін қолдануға болады, вазелин майы 1-2 тамшысын көзге тамызуға да болады. Асқазанды, ішек-қарынды тазалау үшін қолдан құсқызады, іш-өткізетін дәрілік береді. Ішек-қарынға адсорбент еңгізеді - активтендірілген көмірдің, карболеннің 3-4 үлкен ас қасығын 200 мл суға қосып ішкізеді. Іш өткізу үшін натрий сульфаттың немесе магний сульфаттың 20-30 граммын 100 мл суға ерітіп ішкізеді.

Зардап шеккен адамға жылы жағдай, таза ауа қажет, мүмкін қолдан тыныс беріп жүрегін басу немесе оттегімен ингаляциялау керек шығар. Бірақ тұншықтырғыш затты жұтқан адамға қолдан тыныс беруге болмайды.

Көмек көрсету барысында жеке дәрі қобдишадан керекті антидотты пайдаланған жөн, ал антихимиялық пакеттегі сұйықтықтың көзге тимеуін қадағалауды ұмытуға болмайды.

Алғашқы көмек алған адамды арнайы емханада ары қарай мамандар емдейді. Мына жәйттерді есте сақтаған жөн:

       -антидатторды уланудың алғашқы кезеңде немесе уланды деген белгілері көрінгеннен кейін бірнеше минут арасында қолдануы нәтиже береді;

       -фосфорорганикалық заттар және иприт денеге тисе, оның ашық жерлерін алғашқы 5 минут арасында ішінара санитарлық өңдеуден өткізуі зақымдану ауырлығын едәуір төмендетеді;

       -алғашқы жәрдем неғүрлым тезірек көрсетілуі керек, сондықтан бұл жерде зақымданғандар өзіне және өзара көмек беруге тиісті;

       -әдетте қолдан тыныс беруді УЗ тараған ауада қолданбайды. Құтқарушылар химиялық зақымдау ауқымына кірер алдында УЗ-дан сақтану үшін жеке адамға арналған дәрі қобдишадан (АИ-2) антидоттың сақтандыру дозасын ішіп, қорғану киімінің, резина етігін, қолғап және противогазды киіп алуы керек. Тіпті химиялық зақымдау ауқымнан зардап шеккен адамды алып шыққаннан кейін де фосфорорганикалық заттар, иприт және басқа да кейбір УЗ-мен зақымдаушылардың алғашқы медициналық көмек көрсетушілерге едәуір қауіпті екенін естен шығармаған жөн. Зақымданушылардың киіміне, шашына және терісіне жұққан УЗ біраз уақыт сақталып, дененің жалаңаш жерлерін зақымдауы мүмкін. Сондай-ақ, әсіресе жабық үй-жайларда, автомашиналарда киімге жұққан УЗ-дың буының десорбциялануы (булануы) есебінен де зақымдануға әбден болады.

КӘУЗ және УЗ-мен зақымданған адамдарға алғашқы көмек көрсету.

КӘУЗ және УЗ-дан қорғану үшін әр-түрлі противогаздарды, респираторларды, дене қорғайтын арнайы киімдерді пайдалану керек, қорғаныс ғимараттарға жасырыну немесе биіктеу төбелерді таңдап алу, зарар ауданнан кету қажет. Егер осы шараларды жасап үлгермеген адамдар зиян заттардың ықпалына түскен болса, онда оларды құтқарып, оларға көмек көрсету керек.

Бұл заттардың түрі де, қасиеттері де көп болғандықтан хабары жоқ адамдар оларды ажырата білмейді, оның үстіне, арнайы органдар "Химиялық қауіпі" дабылмен апат туралы хабарлап үлгермеуі де мүмкін. Сондықтан алдымен улы химиялық заттарға тән ерекшеліктерін, олардың қоршауымызда болу белгілерін көрсету қажет:

-біріншіден, олар газ, сұйық, аэрозоль, тамшы түрінде пайдаланылады (УЗ), немесе апат кезінде төгіліп, атылып шығады (КӘУЗ);

-екіншіден, иістері бейтаныс, күнде кездесе қоймайтын, көбінесе өткір, қышқыл, кей-кезде керісінше тәтті болып келеді;

-үшіншіден, олардың түрлі түстісі, түтінді түрлері де кездеседі, адам ауызына бір-түрлі дәм келтіреді;

-төртіншіден, тыныс алу органдарды, денені ашытып тітіркентеді;   кейбір сұйық түрлері тиіп кетсе көз бен теріні күйдіру де мүмкін.

Хлормен уланған жағдайдағы көмек. Хлормен уланған адамға «В» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, ГП-5 азаматтық газтұтқышын кигізу қажет, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанбаған жерге шығарып, қысатын киімдерден босату қажет. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Көз, ауыз, мұрынжұтқыншақты кішкене 2-5 %-дық ас сода ерітіндісі қосылған таза сумен шаю керек. Уланған адамға көп сұйық ішкізу қажет: жылы сүт, шай, кофе. Суық мерзімде оны жылыту қажет және толық тыныштықты қамтамасыз ету керек.

Аммиакпен уланған жағдайдағы көмек. Аммиакпен уланған адамға «КД» немесе «М» маркалы өндірістік газтұтқышын, жоғары концентрация жағдайында – айырғыш газтұтқышын кигізіп, жедел умен ластанған жерден таза ауаға шығару қажет. Ластанбаған жерде уланған адамға су буымен дем алдырады. Дем алысы нашарласа немесе тоқтаса «ауыздан ауызға» әдісімен қолдан дем алдыру қажет. Аммиак асқазанға енген жағдайда бір стақан суға бір шай қасық сіркесуы қосылған бірнеше стақан су ішкізіп құстыру қажет. Аммиак көзді зақымдаған кезде, мол сумен шаю қажет.

Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек.

Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.

Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.

Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.

Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданған аумағын ағынды сумен жуады.

Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды. Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).

Егерзардапшегушініңтынысалуытоқтаса, жасандытынысалужасаукерек. Жүрексоғысысезілмесе, жасандытынысалуғақосымшажүректіңсыртынан массаж жасалады. Көмекәрқашандажасандытынысалуданбасталады.

Сәулелену шарпуына түскен адамдарға көрсететін алғашқы көмек.

        Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекшілердің радиацияға ұшырау қауіпінен сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қиындыққа соғады. Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.

         Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккендерге көмек толық көрсетіледі.

          Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қағады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды, т.б.). Сонан соң зардап шеккенді зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-20°С шамасында болуға тиіс, науқасты салқындатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аэрон немесе аминазин таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді (активтендірілген көмірдің 25-30 г, күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға сіңуді азайтады. '15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды. Аяғында ішін өткізетін дәрі береді - бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында қолданады.

         Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер және шоктан сақтайтын аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның құрамында белок, А,С,В-тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-жиі беріледі, организмге сусындар–сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп саналады.

         Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмекке мұқтаж болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400-600 рентген және одан да көбірек), екінші - емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші - екі аптаға дейін емді керек етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің алғашқы реакциясына қарайды.

        Жіті сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күю, т.б.) да есепке алынады.

19-тақырып. Жарақаттанғандарды тасымалдаудың жалпы ережелері.

Жоспар:

19.1.Жарақаттардың түрлері.

19.2.Жарақаттанғандарды және ауруларды тасымалдау ережелері.

19.3. Жарақаттанғандарды және зақымданғандарды тасымалдау әдістері.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдардың зақымдануы, сыртқы себептердің – аяқ қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсірінен ұлпалардың және органдардың тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Әсер механикалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы) психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көбі механикалық әсерлерден болады (сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің) буын мен сүйектің зақымдануы жатады.

Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Ағза ұлпасында қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, ал аз күштің көп рет және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).

Естен тану – ортылық жүйке жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай. Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады: сүйектің зақымдануынан болған, жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, жұқпалы ауруларда, сәулеге ұшырағанда жиі кездеседі.

Естен тану 2 кезеңнен тұрады:

  1. Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән. Сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгеріп ерні көгереді, тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жылдам 2-ші сатыға көшеді.

  2. Екінші кезең. Орталық жүйке жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады, денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

Бұл кезең ауырлығы бойынша үш түрлі дәрежеге бөлінеді.

1-дәреже – жәй естен тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді, бірақта әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады. Дене температурасы қалыпты немесе төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді, жарықтан тітіркенбейді. Тамырдың соғысы бір қалыпты жиілігі минутына 100-110 соққы. Тыныс алу бір қалыпты, терең, кейде жиілейді.

2-дәреже – қатты естен тану. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің қоршаған ортаға құлқы жоқ. Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді. Көздің қарашығы тарылған, жарықтан әлсіз тітіркенеді. Тері сұрғылт түске еніп бозарады. Дене температурасы төмендейді. Тамыр соғысы жиі болады (Р 70/40).

3-дәреже – өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ. Тері бозарады, суық тер шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді. Күре тамырлық қан қысымы мүлдем анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бірқалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін.

Естен тануға қарсы шаралар.

Ауыртпайтын дәрі-дәрмек: промедол, морфин, аналгин 5% 2 мл ерітіндісі, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1 г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Сүйек сынған, соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек.

Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады.

Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады.

Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады.

Жарақаттанушыны тасымалдау.

Есінен айырылған жарақаттанушыны тасымалдау өте қауіпті. Қатты қан кету, ашық сынық кезенде бірінші медициналық көмек көрсету, естен танған адамды тасымалдау қауіпті.

  • Зембілмен тасымалдау;

  • Екі футболкадан немесе пальтодан жасалған тасымалдағыштар. Түймелерін қадап, жеңін теріс қаратып қадаға таңылады.

Жарақаттанушы үстіне жатқызылады.

  • Шанамен, шаңғымен тасымалдау;

  • Отырғызып, тасымалдағыштармен тасу;

  • Жіппен таңып тасу;

  • Кесілген қолдорбамен тасу;

  • Ағаштан жасалған сүргілермен мата, терімен тасымалдау;

  • Жарақаттанушының тасымалдану барысындағы қалпы:

  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқасы және аяқ-қолы сынған жағдайда – арқамен жатқызып тасымалдау;

  • жарақаттанушы естен танып қалған жағдайда, арқа жауырыны сынғанда – ішімен жатқызу;

  • жамбас сүйектері сынып, ішкі құрсақ ашық жарақаттанғанда, буын тізелері қисайғанда – арқамен жатқызып тасымалдау;

  • жарақаттанушы есінен танып қалған жағдайда және қансырағанда – басты төмен және аяқтығоғары көтеріп арқамен жатқызу;

  • жарақаттанушы есінен танып, басқа амал болмаған жағдайда бір жанымен жатқызу;

дененің жоғарғы жағы немесе мойын жарақаттанғанда жартылай отырғызып, аяғын алдына созу.

Зардап шеккенді көтеріп апару және тасымалдау.

Жазатайым оқиға болған кезде зардап шегушіге дереу алғашқы көмек көрсетумен қатар, оны тез арада және дұрыс жақын орналасқан емдік мекемеге жеткізу қажет.Зардап шеккенді көтеріп апару мен тасымалдау ережелерін бұзу оның денсаулығына түзелмейтін зиян келтіруі мүмкін.

Зардап шегушіні көтеру, көтеріп апару және тасымалдау кезінде оның ыңғайлы қалыпта болуын және оны селкілдетпеуді бақылау қажет. Қолмен көтеріп апару кезінде көмек көрсетушілер адымдап жүрмейді. Зардап шегушіні зембілге көтеріп салуды келісе отырып, команда бойынша жүргізеді. Зардап шегушіні оның ауырмайтын жағынан көтеріп, көмек көрсетушілер бір тізелерінде тұрып, қолдарын басының, арқасының, аяғының және бөксесінің астына салу кезінде қолдары зардап шегушінің екінші жағынан көрінетіндей болады. Зардап шегушіні зембілге салу кезінде оны орнынан көтермей, оны жерден сәл көтеріп, екінші біреу зембілді астына салған дұрыс болады. Бұл әсіресе сынған жағдайда маңызды болып табылады. Мұндай жағдайларда біреу сынған жерді ұстап тұрады.

Омыртқасы зақымдалған зардап шегушіні тасымалдау үшін зембіл төсемінің үстіне тақтай, ал оның үстіне киім қойылуы және зардап шегуші арқасымен жатады. Тақтай болмаған кезде зардап шегушіні зембілге ішімен жатқызады.

Төменгі жақ сынған кезде зардап шегуші тұншығып жатса, оның бетін төмен қаратып тасымалдайды.

Іші зақымдаған кезде зардап шегушіні арқасына жатқызып, аяғының тізесін бүгу қажет. Тізесінің астына киімнен жасалған жұмсақ жастық қойылады.

Кеуде төсі зақымданған зардап шегушіні жартылай отырған қалпында, арқасына киім қойып тасымалданады.

Тегіс жерде зардап шегушіні аяғын алдыға қаратып, ал төбеге немесе баспалдақ бойынша көтерілу кезінде басын алдына қаратып тасымалдау қажет. Зембілге еңістік қалып бермеу үшін төмендегі көмек көрсетуші зембілді көтеріңкіреп ұстайды.

Соққыларды болдырмау және зембілді солқылдатпау үшін, зардап шегушілер бірдей аяқпен, тізелерін бүге, аяқтарын қатты көтермей жүрулері керек. Зембілде тасымалдау кезінде зардап шегушіні, таңғыш пен таңғыш қалақтың салынуын бақылау қажет. Ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде зардап шегушінің жатқан қалпын ауыстыру, оның басының астына салынған киімді дұрыстау, (іші ауырған кезден басқа жағдайларда) шөлін басу, ауа-райының қолайсыздықтары мен суықтан қорғайды.

Зардап шегушіні зембілден түсіру кезінде оны оған салу кезіндегідей іс-әрекеттер жасау керек. Зардап шегуші салынған зембілді ұзақ уақыт бойы тасымалдау кезінде көмек көрсетуші оны зембілдің сабына байланған бауды мойынына салу арқылы да тасуы қажет.

Ауыр халдегі зардап шегушіні тасымалдау кезінде оны ауыстырып жатқызбай, сол зембілмен бірге астына шөп төсеп арбаға немесе машинаға салады. Зардап шегушіні тасымалдау кезінде абайлап, оның селкілдеуіне жол бермейді.

20-тақырып. Халықты қорғаудың ұжымдық және жеке бас құралдары.

Жоспар:

20.1. Қорғаныс құралдарының классификациясы.

20.2. Жеке бас қорғаныс құралдары.

20.3. Ұжымдық қорғаныс құралдары.

Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдануосы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты қорғау республика Азаматтық Қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар - ең жоғары құндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

Жеке қорғаныс құралдарының түрлері:

ГП 5 газтұтқышы

Респиратор 3М

ГП 7 газтұтқышы

ГП 9 газтұтқышы

Теріні және тыныс алу жолдарын қорғайтын құралдар.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары және олардың негізгі құрылымдары.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау әсерін және сақтандыру кезіндегі күнделікті төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Кестелік медициналық қорғаныс құралдарына мыналар жатады: - АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы;

- ИПП-8, ИИП-10 радиациялық қауіпті аймақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы;

- ППМ медициналық таңу пакеті.

2-Аралық бақылау сұрақтары.

  1. Биологиялық және әлеуметтік маңызы бар аурулар: жалпы мағлұматтар.

  2. Инфекциялық ауруларға жалпы сипаттама. Инфекцияның ауру кезіндегі алдын-алу шарасы.

  3. XXI ғасырдың қауіпті аурулары.

  4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  5. Тұқым қуалаушылық және аурулар.

  6. Тамақтану және аурулар.

  7. Дұрыс тамақтану ережелері.

  8. Тағам құрамындағы қосындылардың қауіпі.

  9. Тамақтан уланудың алдын-алу және клиникалық көріністері.

  10. Ішімдік және табиғи ауытқушылық.

  11. Темекі тарту, нашақорлық.

  12. Жасанды тыныс алдыру және жүрекке массаж жасау.

  13. Жарақаттар түрлері, топтасуы.

  14. Тамақтан улану және улану белгілері.

  15. Күйік, алғашқы дәрігерге дейінгі көрсетілетін.

  16. Туберкулез:жұқтыру себептері мен жолдары.

  17. Жасанды тыныс алдырудың негізгі тәсілдері. Жүрекке жанама массаж жасау.

  18. Жедел жағдайдағы алғашқы көмек.

  19. Қан кетудің түрлері.

  20. Қан кетудегі алғашқы медициналық көмек.

  21. Ширатпа немес бұрауды қою әдістері.

  22. Мұрыннан, ауыздан қан кету.

  23. Аса қауіпті инфекциялар.

  24. Оба (сипаттамасы, алғашқы белгілері)

  25. Тырысқақ (сипаттамасы, алғашқы белгілері)

  26. Эпидемия түсінігі.

  27. Пандемия түсінігі.

  28. Адамның иммунды тапшылық вирусы (АИТВ)

  29. АИТВ жұқтыру жолдары, белгілері, алдын алу шаралары.

  30. Журе пайда болған тапшылық вирусы (ЖИТС) ауруы.

  31. ЖИТС белгілері және салдары.

  32. Естен тануға қарсы шаралар.

  33. Сүйек сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.

  34. Суға батқандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

  35. Жарақат жерінде бөтен зат болғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.

  36. Естен тану белгілері.

  37. Жарақаттанушы тасымалдау.

  38. Зардап шеккендерді тасымалдау ережелері.

  39. Ішімдіктің және нашақорлықтың психологиялық зардабы.

  40. Темекінің адам ағзасына әсері.

  41. Нашақорлық зардабы.

  42. Тіршілік қауіпсіздігіне нашақорлықтың және ішімдіктің әсері.

  43. Нашақорлықтың және ішімдіктің алдын алу.

  44. Соз, мерез аурулары, олардың қауіпі.

  45. Бруцеллез (жұғу көздері, жұғу жолдары, алдын алу шаралары).

  46. Улы жәндіктер шаққан кездегі алғышқы медициналық көмек.

  47. Аллергиялық аурулар (аллергендер, сипаттамасы).

  48. Қант ауруы: пайда болу себептері және зардаптары.

  49. Күшті әсер етуші улы заттармен уланғандағы алғашқы медициналық көмек.

  50. Күйіктің түрлері және медициналық көмек.