Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд ОБЖ (юриспруд.,каз).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
350.39 Кб
Скачать

Кроссвордтың сұрақтары

  1. Өрт кезіндегі бірінші қауіптің бірі.

  2. Өрт туындайтын объектің бірі.

  3. Өрт пайда бола қалғанда адамға не қажет.

  4. Өмірдегі қауіпті қатерлердің бірі.

  5. Үйде өрт болған жағдайда кімдерді бірінші шығарған жөн.

  6. Үйде және автокөлікте өртке қолданатын зат.

  7. Өрттің неше пайызы адам кінәсінен болады.

  8. Үйде өрт кезінде жүйеден ажырататын техникалық құралдың бірі.

  9. Өрт кезінде бірінші ненің таралуын тоқтату керек.

  10. Телевизордың қай бөлшегі жарылса улы түтіні өте қауіпті.

  11. Өрттің көпшілігі адамның қандай іс-әрекетінен болады.

  12. Ағзаға улы заттардың түсу себебінен болатын жағдай.

  13. Үйде өрт шыққан жағдайда судан басқа қандай матаны қолдану керек.

  14. Өрт кезіндегі көп қабатты үйлердегі қауіпті орын.

  15. Өртке қарсы қолданылатын сұйықтық.

  16. Жанар-жағармай жанған кезде сөндіретін заттардың бірі.

Глоcсарий

Табиғи сипаттағы ТЖ-лар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ-лар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін әлектр-әнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ-лар.

ТЖ аймағы - ТЖ жарияланған белгілі бір аумақ. ТЖ-лар таралу ауқымына қарай мынадай болып бөлінеді:

объектілік    (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген);

жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген);

аймақтық    (зардаптарының    таралуы    бірнеше    облыспен шектелген);

барынша     ауқымды     (зардаптарының     таралуы     бірнеше мемлекеттерді қамтиды).

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Апат (катастрофа) - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

ТЖ-дын алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ- дың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталғын шаралар кешені.

ТЖ-ды жою - ТЖ-лар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ-лар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

Шаруашылык жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Баршаңыздың назарыңызға! дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріп-тұру ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

Радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі.

Иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру.

Табиғи радиациялық - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа әлементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері.

Әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген әнергиясының шамасы.

Радиациялык авария - атом әнергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі.

Радиациялык корғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық - гигиеналық, жобалау -конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы.

Радиоактивті калдықтар - мөлшері мен құрамы нормативтік құқықтық актілермен реттелген мәннен асып түсетін радиоактивтік заттардан тұратын,шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегі материалдар мен заттар.

Радиоактивті қалдыктарды көму - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы.

Радиациялык мониторинг- иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру. өрт-адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі.

Кұтқару жұмыстары - ТЖ-лар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін ең төменгі деңгейіне түсіру жөнінідегі іс-қимылдар.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалудың жай-күйі.

Әскери кауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі.

Қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын, ықтимал қауіп қатерден қорғалуының жай-күйі.

Жарақат- сыртқы себептердің әсерінен туындайтын аяқ-қолдың шығуы мен сынуы, ет тканьдерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет тканьдерінің тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Үсу - төменгі температура әсері нәтижесінде организм тканьдерінің зақымдануы.

Жара- терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ткань қабатының бүлінуінен жанға батып ауыртатын, қан кететін, зақымданған жер.

Асептика- жараға микробтар түсуден сақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Антисептика - жарадағы микробтарды азайтып, жоюға бағытталған шаралар жүйесі.

Қан кету - зақымданған қан тамырларынан қанның шығуы.

Дезинфекция - адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бығытталған жұқпалы аурулар жиынтығы.

Жер сілкінісінің ошағы- сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы.

Гипоцентр- алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.

Эпицентр- бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Көшкін- өз салмағының әсерімен тау жыныстарының сырғанап түсуі.

Сел- тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуімен, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.

Дауыл (ураган) – шапшаңдығы 30 м/с және одан да жоғары шапшаңықтағы елеулі ұзақтығы және қиратып-бүлдіретін күші бар жел.

Құйын-найзағайлы бұлтта пайда болып, жердің жоғарғы бетіне дейін, төменге тарайтын қара жең түріндегі атмосферадағы алай-дүлей, өте таңқаларлық , сонымен бірге, табиғаттың қорқынышты құбылысы.

Тасқын- өзенде, көлде немесе теңізде судың көтерілуі нәтижесінде алаптың елеулі бөлігін судың уақытша басып қалуы.

Өрттер- бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін ану процесі.

Акклиматизация - климаттық –географиялық жаңа жағдайға (таулы жерге, ыстық және суық ауау райы жағдайына ) адам ағзасының қалыптасу процесі.

Күйік- бұл электр тогының, химиялық заттардың, жоғары температураның әсерімен организм клеткаларының зақымдануы.

Иммобильдеу- сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау үшін таяу жатқан екі буынды ( сынған жерден жоғарырақ және төмен) арнайы шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен орнықтыра таңып байлау әдісі.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау қүралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Қауіпсіз аймақ - бүл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, кошірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және ондірістін жүмыс істенуін сақтау мақсатында халық пен материалдық қүндылықтарды үйымшылдықпен әкету.

Қоныстандыру- бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жүмысын жалғастыратын үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа үйымшылдықпен апару және орналастыру қаладағы үйымдарда тек ауысымда жүмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып үйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Дауыл – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы  сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.

Боран –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.

Құйын – күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа  құйыны.  Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.

Халықты қорғау принциптері - бүл бейбіт және соғыс уақытын-дағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі ресми белгілөген ережелер.

Тірі қалу факторы – бұл төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке дайын болу, өмір сүруге деген ұмтылыс, өзін құтқару негіздерін білу, аман қалудың іс-жүзіндегі практикалық дағдылары, денесінің дайындығы, өзін және бірін-бірі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.