Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд ОБЖ (юриспруд.,каз).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
350.39 Кб
Скачать

4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздануының картасы

Автор

Аталуы

Жылы

Дана

Оқулықтар. Оқу құралдары

Тайжанов С.

Өмір қауіпсіздігі негіздері

2004

100

Приходько Н.Г.

Безопасность жизнедеятельности: курс лекций

366с.

Алм.

2000

126

Приходько Н.Г.

Безопасность жизнедеятельности: курс лекций

366с.

Алм.

2004

1

Приходько Н.Г.

Безопасность жизнедеятельности: курс лекций

366с.

Алм.

2006

4

Приходько Н.Г.

Безопасность жизнедеятельности. Курс лекций (СД-диск)

2003

4

Безопасность жизнедеятельности / Арустамова Э.А.

2000

2

Безопасность жизнедеятельности / Арустамова Э.А.

2003

10

Безопасность жизнедеятельности. Уч. пос./ С.В.Белов и др.

1999

9

Безопасность жизнедеятельности /Арустамова Э.А.

1998

1

Безопасность жизнедеятельности / Арустамова Э.А.

1999

1

Безопасность жизнедеятельности/ С.В. Белов

2004

1

Исанов К.Ш.

Обеспечение безопасности жизнедеятельности человека

1999

1

Саудабеков К. и др.

Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учеб. Пособие

240с.

Алм.

1999

418

Шлендер П.Э. и др.

Безопасность жизнедеятельности: учеб. Пособие

208с.

М.

2007

1

Прохожев А.А.

Теория развития и безопасности человека и общества. Монография.

2006

3

5. Дәрістезистері.

М-I. Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері

Б-I.Адам, қоғам және мемлекет қауіпсіздігінің негіздері.

1-тақырып.Қауіпті және төтенше жағдайлар туралы жалпы түсінік.

Жоспар:

1.1. Төтенше жағдай туралы түсінік.

1.2. Төтенше жағдайлардың мақсаты мен мiндеттерi.

1.3. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

Тіршілік қауіпсіздігі - адам өміріне төнетін жалпы қауіп- қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

Тіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау.

Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қаупі және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіндігі болады.

Тіршілік қауіпсіздігі курсының негізгі мақсатына төмендегі мәселелер кіреді:

  • қауіп-қатерді тани білу, оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың зиянының шамасын, қатер болу мүмкіндігін және т.б.;

  • болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;

  • қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасау.

Пәнде мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады:

- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;

- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық құралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;

  • шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу тұрақтылығын зерттеу әдістері;

  • ТЖ мен оның салдарын болжау;

- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

- Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері.

Төтенше жағдай (ТЖ) - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, авария, зілзала немесе жойқын қару қолдану салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы ТЖ-лар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ-лар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін әлектр-әнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ-лар.

ТЖ аймағы - ТЖ жарияланған белгілі бір аумақ. ТЖ-лар таралу ауқымына қарай мынадай болып бөлінеді:

  • объектілік    (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген);

  • жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген);

  • аймақтық    (зардаптарының    таралуы    бірнеше    облыспен шектелген);

  • барынша     ауқымды     (зардаптарының     таралуы     бірнеше мемлекеттерді қамтиды).

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Апат (катастрофа) - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

ТЖ-дын алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ- дың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталғын шаралар кешені.

ТЖ-ды жою - ТЖ-лар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ-лар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

Шаруашылык жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Баршаңыздың назарыңызға! дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық телевизорларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріп-тұру ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

Радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі.

Иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру.

Табиғи радиациялык ая - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа әлементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері.

Әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген әнергиясының шамасы.

Радиациялык авария - атом әнергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі.

Радиациялык корғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық - гигиеналық, жобалау -конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы.

Радиоактивті калдықтар- мөлшері мен құрамы нормативтік құқықтық актілермен реттелген мәннен асып түсетін радиоактивтік заттардан тұратын,шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегі материалдар мен заттар.

Радиоактивті қалдыктарды көму - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы.

Радиациялык мониторинг- иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру. Өрт-адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі.

Кұтқару жұмыстары - ТЖ-лар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалудың жай-күйі.

Әскери кауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі.

Қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын, ықтимал қауіп қатерден қорғалуының жай-күйі.

Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономикаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне нұқсан келтіруге әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық - қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынымен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорнының жекелеген жүйесінде), объектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады. Экологиялық апатты қасырет деп те атайды, мысалы, Арал қасыреті. Басты белгілеріне шығынның ауырлығы және адам құрбандарының болуы жатады. Авария деп көбіне адам өлімі жоқ оқиғаларды айтады. Стихиялық, апат әдетте көлемді сипатта болады, сондай-ақ, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық және басқа да жағдайлардың себебімен түсіндіріліп (табиғи өрттер, жаппай көпшілік аурулар) көбіне техногенді сипаттағы авариялар мен апаттардың пайда болуына әкеледі. Экологиялық апаттар тұрғылықты жерде көптеген жағымсыз өзгерістерді туындатады, сондай-ақ әдетте тірі организмдердің өліміне (құстар, балықтар мен көптеген басқа жануарлар) әкеледі; олар стихиялық құбылыстардан да, техногенді авариялардан да өрістеуі мүмкін.

        Төтенше жағдай адамдардың қаза табуына әкелетін немесе әкеліп соғуы мүмкін олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін халықты айтарлықтай матералдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған апат немесе зілзала салдарынан пайда болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Төтенше жағдайлар негізіне: сыртқы және ішкі себептер жатады.

Ішкі себептер:

Технологиялар күрделілігі;

Персоналдар біліктілігінің жетіспеушілігі;

Жобалық конструкторлық жетіспеушілік;

Қондырғылардың физикалық тозуы;

Еңбек тәртібінің төмендеуі.

Сыртқы себептер:

Стихиялық апаттар;

Аяқ астынан электр энергиясын, газды, суды, техникалық өнімдерді тоқтату;

Терроризм, соғыс.

Төтенше жағдайлардың дамуының бес сатысын айтайық:

Теріс эффекттердің жинақталуы;

Дамудың периоды;

Экстремалды период;

Басу периоды;

Салдарды жою.

Апат – бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық залалмен сипатталады.

Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі. Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ көлемі.

Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:

  • табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала)

  • жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).

Табиғи апаттар:

1.Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт).

2.Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).

3.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).

4.Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы).

Жасанды апаттар:

1.Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол).

2.Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық).

3.Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық)

4.Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.).

Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

1.Пайда болу саласы бойынша.

2.Ведомстволық қатыстылығы бойынша.

3.Аумақтық таралуы бойынша.

Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:

  • табиғи;

  • техногенді;

  • жанжалды болып бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайлар:

  • геофизикалық қауіпті құбылыстар

  • геологиялық қауіпті құбылыстар

  • метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар

  • теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар

  • гидрологиядық қауіпті құбылыстар

  • табиғи өрттер

  • адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы

  • ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы

  • ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:

  • өндірістік

  • транспорттық авариялар

  • өрттер

  • КӘУЗ тасталуымен авариялар

  • РЗ тасталуымен авариялар

  • БҚЗ тасталуымен авариялар

  • ғимараттардың кенеттен құлауы

  • электр-энергетиқалық жүйелердегі

  • коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар

  • тазартқыш құрылыстардағы авариялар

  • гидродинамикалық авариялар жатады.

Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:

  • қарулы шабуыл

  • кейбір аймақтардағы толқулар

  • соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

  • құрылыста

  • өндірісте

  • халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмети көрсету саласында

  • көліктік байланыста

Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:

  • объектілік

  • жергілікті

  • аймақтық

- кең ауқымды

2-тақырып. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы және олардың зардаптары.

Жоспар:

2.1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.

2.2. Табиғи апаттардың сипаттамасы және олардың түрлері.

2.3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай болғанда адамдардың іс-әрекеті.

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың дамуы байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейді, ал топан су басу және қатты дауылдар мен ірі тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын салу әліде жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда.

-  Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады:

-   геологиялық (геофизикалық) құбылыстар - жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер;

-   метеорологиялық   (ауа-райына   тән)   құбылыстар-дауылдар, борандар, құйындар;

-  гидрологиялық құбылыстар-топан су басуы, цунами, өзендердегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі;

- табиғи өрттер - орман, дала, шым тезек өрттері;

- жаппай көпшілік аурулары (жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы) - эпидемиялар (індет), эпизоотиялар, эпифитотиялар.

Жер сілкінісі.

Жер сілкінісі кенеттен пайды болады. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіздің толқындарынан цунами пайда болады.

Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан.

Қалаларда ғимараттар, өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Жер сілкінісі кезінде бұзылуы экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек:

Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды алдын-ала ойластыру қажет. 1) 15-20 секундтан аспайтын уақытта жүріп өтетін жолды белгілеп қою; 2) Үйде, жұмыста, жұмыс орнына жақын жерлерде қауіпсіз орынды алдын-ала анықтау; бұлар ішкі негізгі қабырғалардың арлығы, қабырғалардың аралығы, қабырғалар арасындағы бұрыштар.

Жер сілкінісі кезінде ең қауіпті болатын жерлер: бұрыштағы бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттағы бөлмелер, лифтінің маңындағы бөлмелер. Құлап келе жатқан заттардан, сынықтардан берік стол және кереуеттердің астына тығылуға болады.

Жер сілкінісі кезінде:

Егер бір қатарлы үйде немесе 1,2-ші қабатта болсаңыз үрей туғызбай 15-20 сек. ішінде ғимараттан шапшаң шығу керек.

Неғұрлым ашық, қашық жерге жету.

2-ші қабаттан жоғары тұратын болсаңыз үйдің ішінен қауіпсіздеу жерге басыңызды қолыңызбен жауып орналасасыз.

  • сылақтар, жарық беретін шынының құлап түсу қауіпі болатын болса столдың астына жасырыну;

  • терезеден қашық болу;

  • есіктен шығарда өзгелерді басып, таптап кетуден сақтану, лифтіні пайдаланбау;

  • дүмпу тоқтағанда, арқаны қабырғаға бере жүріп басқышпен түсіп, ғимаратты тастап шығу;

  • көршілердегі балалаларға, егде адамдарға көшеге шығуына көмектесу;

  • үзілген сымдардан сақ болу;

  • көлікте рольде болсаңыз, ашық жерге шапшаң тоқтау. Дүмпу аяқталғанша көліктен шықпау.

Жер сілкінісіне дейін аса қажет заттарды алдын ала дайындап қою қажет:

  • Құжаттар;

  • Қажетті дәрі-дәрмектер, запас бинттер;

  • Қалта шам және запас батарейка;

  • Жылы киімдер мен аяқ-киім;

  • Су және қаптамадағы тамақ (2-3 күнге запас);

  • Май шамдар, сіріңке;

  • Сынбайтын ыдыс;

  • Тасымалданатын радиоқабылдағыш;

  • Осының барлығын рюкзакта немесе сөмкеде пәтерге кіре берісте сақтаңыз.

Табиғаттың қаhарлы құбылысы - жер сілкіну - жалпы (көбіне) геофизикалық себептерден болатын жер қыртысындағы, оның астынғы қабаттарындағы дүмпу (соққы, қимыл) және жер бетіндегі діріл, тербеліс. Бұның бәрі былай өрістейтін көрінеді. Жер қайнауында әрдайым күрделі процесстер орын алуда.

         Жер қыртысы бір тұтас емес, оны литосфералық плиталар (блоктар) құрайды-континенталдық және мұхиттық; плиталардың (тахталардың) шеттерін сейсмикалық және тектоникалық жағынан алғанда белсенді опырылу (уатылу) аудандар қоршайды. Литосфералық плиталар әрдайым қозғалыста болып жылына 1-6 см жылдамдықпен түрлі бағыттарға жылжиды. Бұндай қозғалыстардың себебі - жер шарының айналу динамикалық эффектілермен үйлескен жер қыртысының астындағы ыстық және қою сұйықтықтың баяу конвекция түріндегі ағыстары шығар деп білеміз. Бір жерде жаңа сұйық зат төменнен жоғары көтеріліп плиталарды жан-жаққа ығыстырса, екіншісінде плиталар бір-бірін шеттерімен жанай өтеді, ал тағы басқасында бір плита екінші плитаның үстіне мінгесіп оны төменге батырып жатады. Тақталардың осындай баяу қимылдары бара-бара кернеулердің пайда болуына, олардың ұлғаюына әкеледі де оларды арттыра түседі. Енді осы кернеулер ақыры жер сілкінісіне айналу үшін бір түрткі болу керек сияқты. Түрткі ретінде келесі физикалық процесстер болуы мүмкін: ай және күн тартысымен болатын су толысуы; күн белсенділігі; жер полюстерінің орнынан жылжуы; жер субядросының қозғалысы бірқалыпты еместігі (элипс бойынша жылжуы); басқа жердегі сілкіністер; адам әрекеттері; аталған процесстердің бір-бірімен үйлесіп келуі.

жарылыс мантияда кернеулер туындатып, жер астын дүмпітетін және бетін дірілдететін жер сілкінудің көзін пайда етеді. Қатты күштердің әсерінен күштену, қозғалыс пайда болады, жер қабаттарының формасы өзгереді, қатпарлары жиырылып, бір-бірінен ажырап, жер түйдектерге айналады. Жарылыс айтарлықтай лезде болатын қатты соққы сипатында, немесе бір қатар дүмпулер түрінде өтеді. Жер қойнауында шоғырланған энергия бәсеңдетіледі.

          Ол жер қабатының қалыңдығында серпінді толқындар туындатып, солар арқылы жер бетіне жетеді де, қирату себебі болып, бара-бара сейіледі.

         Жер астынан дүмпу пайда болатын алап- жер сілкіну ошағы -ішінде көптен бері жиналған әнергияның ытқып шығу процесі өтетін жердің қалың бір аумағы болып табылады. Ошақтың ортасынан шартты түрде гипоцентр деп аталатын нүкте алынады. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы (пішіні) әпицентр деп аталады. Гипоцентрден тұс-тұсқа бойлай және көлденең жайылатын серпінді сейсмикалық толқындар, ал әпицентрден тұс-тұсқа жердің бетімен үстінгі сейсмикалық толқындар таралады. Күшті жер сілкініс кездерінде жер қабаттың (топырақ) тұтастығы бүлінеді, жер сілкініс жер астынан шығатын гуілге ұласады. Жер сілкіну қағида бойынша, пайда болған кезіне дейін, қашықтыққа байланысты әрқилы қарқындағы көптеген дыбыстар шығарады. Эпицентрге жақын жерде қатпарлы шоқы үйіндісінің опырылғанындай қатты дыбыстар естіледі; одан гөрі алыстаңқыраса дыбыстар күннің күркіреуіне немесе жарылыстың гуіліне ұқсап кетеді.

          Жер қойнауындағы дүмпулердің нәтижесінде бірнеше секундтың арасында немесе көзді ашып-жұмғанша жер қыртысының бір учаскелері көтерілсе, келесі учаскелері бірнеше сантиметр немесе тіпті, бірнеше метр төмен түседі, ал кейбір учаскелер басқаларына қарағанда горизонталь бағытта да қозғалады. ұйлер мен ғимараттар, көпірлер қирайды, темір жол рельстері иіліп үзіледі. Ағаштар бұтақтарын жерге тигізе теңселеді. Коммунальдық-әнергетикалық желілері істен шығып қалады, адамдар құрбан болады. Газ және әлектр желілерінің бүлінуінен өрт шығады. Тауларда опырылып құлау және көшкіндер, үлкен ойыстар да болуы ықтимал.

          Су астында жер сілкінгенде орасан зор толқындар - цунами пайда болады; құрғақта сұрапыл қирату пайда ететін, биіктігі 60 метрден асатын цунами тіркелген. Жер сілкіну адамдарға ырымшыл үрей туғызатын зілзала құбылыс. Жер сілкінудің материактерде де, мұхиттарда да болып тұратынын бақылаулар көрсетеді.

         Жер сілкіну ошағының көлемділігі бірнеше километр мен бірнеше жүз километр арасында өзгермелі. Екі негізгі сейсмикалық белдеу белгілі. Жер орта теңізі - азиаттық сейсмикалық белдеу; бұл Португалия, Италия, Грекия, Туркия, Иран, Солтүстік ұндістан және әрі қарай Малайзия архипелагын қамтиды; Тынық мұхиттық сейсмикалық белдеу- Жапония, Қытай, Қиыр Шығыс, Камчатка, Сахалин және Курил аралдарын қамтиды (Жер шарының сілкіністерінің 90% осы белдеуде өтіп жатады). Қазақстан шекарасында Алматы, Қызыл-Орда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.

         Жер сілкінудің негізгі сипаттары деп ошағының тереңдігін, магнитудасын және жер бетіндегі қарқындылығын айтуға болады.

        Жер сілкінудің ошағы әрқилы терендіктерде, көбінесе 20-30 километр тереңдіктегі жер қыртысында пайда болады. Кейбір аудандарда жүздеген километр тереңдіктен шығатын қимылдар байқалады.

          Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды. Ол эпицентрден 100 км қашықтықта микрон бірлігімен сейсмограф өлшеген топырақ қимылының максимальды амплитудасынан (топырақ теңселу ауытқу шегінен) алынған логарифм болып табылады. Рихтер бағанасы бойынша магнитуда (М) ноль мен тоғыз сандардың арасында өзгереді. Егер магнитуда бірлікке арттса топырақ ауытқуы он есе ұлғаяды, сондай-ақ жер сілкінудің жалпы энергиясы отыз есе артады.

           Жер бетіндегі энергияның қарқындылығы баллмен өлшенеді. Ол ошақтың тереңдігіне, эпицентрден қашықтығына, топырақтың геологиялық құрылысына және басқа да факторларға байланысты болады. Өзінің қарқыны бойынша, яғни жер бетінде білінуіне қарай, халықаралық сейсмикалық М8К-64 бағанасына сәйкес, жер сілкіну 12 градацияға - баллға бөлінеді. АҚШ-да 12 баллдық ММ бағанасы қолданылады. Жер қыртысында пайда болған негізгі сызат (жарық, жарықшақ) тереңдікте тоқтап қалуы немесе жер бетіне шығуы мүмкін; оның ұзындығы бірнеше метрден жүздеген километрге барады (ірі сілкініс). Сілкіну ауданның радиусы орта қарқындылығында 5-15 км, ал күшті болған кезде 50-160 км құрайды. Көлемді сейсмикалық толқындар (алғашқылары, негізгілері) 3-8 км/с жылдамдықпен таралады, екінші кезеңдегілер - 2-5 км/с.

         Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспаптар, сейсмографтар, оның болмашы сілкінуін өлшеп, жазып отырады. 1-2 баллдық әлсіз жер сілкінуді адам сезбейді, оларды аспаптар ғана тіркейді. Олар планетамызда күнделікті болып тұрады. 4-баллдық жер сілкінісінде заттар (ыдыс, шыны, есік) теңселеді және жеңіл сылдыраған дыбыстар естіледі; 6-баллдық (күшті) сілкінуде қабырғадан картиналар құлап, сылақтардың бөлшектері уатылып ғимараттардың қабырғалары жарылып, үйлер жеңіл бүлінеді; 7- баллдық (өте күшті) сілкінуде тасты үйлердің қабырғаларында жарықтар пайда болады, нашар үйлер қирайды; 8-баллдық (қирататын) сілкінуде мықты салынған ғимараттар ішінара қирайды; 10 баллдық (жойқын) сілкінуде құрылыстар толық бұзылады, темір жол рельстері майысып, жер бетінде жарықтар пайда болады, көшкін, опырылып құлау деген құбылыстар орын алады; 12-баллдық сілкінуде ешқандай құрылыс шыдамайды, жерді үлкен жарықтар бөліп тастайды, көшкіндер мен опырылып құлау саны өте көбейеді, су құламалар (сарқырамалар) пайда болады, өзендер ағысы бағытын өзгертеді. Осылайша, жаппай көпшіліктің зардап шегу ошақтары жер сілкінісі 7-8 баллдан бастап, одан да жоғары болған аймақтарда орын алады.

           Жер сілкіну оқиғаларын жыл бойынша планетамызда болатын жиілігі және ұзақтығы бойынша да жіктеуге болады, олар да баллдың өсуіне байланысты. Мысалы, 11-12 баллдық жер сілкінулер жылына 1-2 ғана рет болса, олардың ұзақтығы 30 секунд пен 90 секунд арасында созылады. Бұндай жағдайда сілкініс алатын аумақтар (6 баллдық сілкінуден бастап қосқанда) радиусы 80-160 км-ге жетеді. 7-8 баллдық сілкінулер 10-30 секундта өтіп, жылына 100-150 рет болады. Күшті жер сілкіністері, қарқындылығы 5-6 баллға баратындары, жылына 8000 реттей орын алады, ұзақтығы 5 секунд. Яғни, жер сілкіну - бұл айтарлықтай жиі және қауіпті табиғи құбылыс. 1999 жылы көптеген адам құрбаны мен орасан қиратулар әкелген жер сілкіністер Түркияда, Грекияда және Тайванда өтті. Жалпы, жер шарында жылда 100 мыңға таяу сілкіністер өтіп жатады.

          Жер сілкінісі басқа да стихиялық және техногенді апаттарға, ауыртпалықтарға себеп болады, мысалы, топан су басуына (бөгендер мен бөгеттерді бұзу арқылы), өрттерге (мұнай қоймаларын қиратуында, газ құбырларын үзгенде), күшті әсер ететін улы заттарды ашық далаға шығарып жіберетін химиялық кәсіпорындардағы аварияларға, радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға шашырататын атом электростанциялардағы апаттарға және тағы басқаларына. Күшті жер сілкіну ядролық зақымдау ошағында болатын салдарын еске түсіреді.

          Ғылым және техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, жер сілкінісінің болуы мүмкіндігін алдын ала білу мақсатында, бір қатар мемлекеттер осы салада ғылыми зерттеулер және тәжірибе өткізуде. Белгісіздік (көп ұштық) шарттарының көп болуының салдарынан сілкіністі дәл болжау өте сирек кездеседі. Дегенмен, жер сілкіну жаршыларына мыналар жатуы мүмкін: әлсіз сілкіністерінің болуы, жатады. 10-30 км тереңдікте жердің кейбір орындарында әрқилы себептерден балқытылған магма жиналады; ал тектоникалық қимылдардан жер қыртысында жарықша сызаттар пайда болса, сол магма сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылап жер бетіне төгіледі. Бұл процесс барысында су булары және әр түрлі газдар бөлініп едәуір қысыммен жолында кездесетін бөгеу нәрселерді айдап ұшыртады. Жердің бетіне шыға магманың бір бөлігі шлак болып, екіншісі лава түрінде ағады. Шлактар, пемза, күлі, тау жыныстары шыққан жердің айналасында қоқырап үйіледі де бара-бара өсетін тауды құрайды. Осындай тауды жанартау деп атаған. Оның түрі көбінесе конусқа келеді.

Құрлықтың беті мен мұхиттардың түбінде осылай пішіні мен құрамы ерекше боп, тау жыныстары пайда болады.

         Магманың жоғары көтерілетін өзегі вулканның көмейі деп аталады, көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, вулкан тозаңдары, орасан зор күл және атқылап шығатын тастар, магма сол кратер арқылы жер бетіне шығады. Вулканның күлі жарылыс кезінде түзелетін лаваның өте ұсақ бөлшектері болып табылады. Ауада суыған күлдің бір бөлігі таудың айналасына шөгіп, қыстақтарды басып қалады; келесі бөлігін жел жүздеген километр қашықтыққа ұшырып әкетеді. Жерге шөккен вулкан жыныстарын тефра деп атайды. Тефраны қатып калған лаваның сынықтары құрайды. Сынықтардың ірілерін таужанардың бомбалары дейді, майдаларын -таужанар құмы, ал ең ұсақтары күлі деп саналады. Вулкан күлі әдеттегі отын жанғаннан кейін алынатын күлге ұқсамайды. Тефраның жерге түсуі мал, жануарлардың, өсімдіктердің жоюлуына, ал кей кезде адам құрбанына әкеліп соғады.

          Вулкан атқылаған кезде жер астынан гуіл естіледі, кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Егер атқылауға дейін жанартауды қар мен мұзбасып жатқан болса, қызған лава оларды ерітіп жібереді. Күлмен араласқан су өте күшті лай тасқынын туғызып, ол беткейлерді бойлай төмен зор жылдамдықпен ағады. Едәуір тығыздығы бар бұл ағындар кездескен ірі тас кесектерін қозғалтып өзімен бірге тартып түсіреді де қауіптілікті одан әрі жоғарлатады. Құтқару жұмыстары және елді басқа жерге көшіру бұндай кезде ауырлана түседі.

            Жанартаудан шыққан газ бен су булары шыжып тұрған бұлттарды түзейді, ол соққы толқын түрінде, жылдамдығы сағатына 40 км-ге, температурасы 1000°С-дейін баратын жылжыған ыстық дуал сықылды келеді. Мұздақтар ерігенде аз уақыт арасында топан суға айналып кетеді. Лава ағынының температурасы да 900-1000°С-қа жетеді, бірақ оның жылдамдығы тау конусының еңісіне байланысты; көбіне олі км/сағ аспайды.

           Жанартаудың атқылауы өте улы, адам денсаулығына зиян, аса қауіпті газтектес қоспаларының шығуымен ұштасады - күкірт тотықтары, күкірт сутегі, хлорсутегі және фторсутегі қышқылдары, көміртек газдары – бәрі өте биік концентрацияда таралады. Бұл газдардың бөлінуі ұзақ уақыт, вулкан лава мен күлін шығаруын тоқтатса да, жалғаса беруі мүмкін.

           Мексиканың оңтүстігіндегі 1943 жылы жүгері егістігінде басталған вулкан бес күнде биіктігі 160 м конус тәрізді тауды пайда етіп 1952 жылы сөнді; бұл кезде оның биіктігі 2800 м бодды. Ең биік сөнбеген жанартау - Ключи Шоқысы- Камчатка түбегінде орналасқан. Әлденеше рет атқылаудың нәтижесінде 5 мың жыл ішінде оның биіктігі 4750 м-ге жеткен. 1975 жылы сол Камчаткада бірнеше айдың ішінде бірден жаңадан сегіз вулкан пайда болды. Күл бұлты 10-15 км биіктікке көтерілді, атқылаған жерден күл 200-250 км радиусты басты. Кавказ тауларының ең биік шыңы - Әльбрус- сөнген вулкандардың қатарына жатады Бір вулкандардан ұзақ уақыт бойы газ, бу бөлініп шығады, жарылыс болады, тас ұшып жатады, бірақ тұтқыр лава жер бетіне төгілмей, кратердің ішінде қатады. Басқаларында лава сұйық болып, газдар күшті жарылыссыз-ақ, оңай бөлініп шығады. Конусы аласа, беткейлері түйетайлы болып келетіндері де кездеседі. Сұйық лава кең кратердің жиегінен асып, беткейлерді бойлай құйылады да, толқындатып жатады. Мысалы Гавай аралдарындағы Килауза атты вулканның биіктігі 300 м, ал кратердің диаметрі 4-6 км. Оның ішін бұрқылдап қайнаған лава толтырып, лава көлін түзген.

        Ғалымдар вулкандар атқылауын зерттеу нәтижесінде литосферада бірнеше ондаған километр тереңдікте орналасқан заттардың құрамы мен қасиеттері жөнінде мағлұматтар (мәліметтер) алады. Жер сілкінетін және жанартаулар атқылайтын аудандар көбіне ұштасып жатады. Мұндай құбылыстар жер қыртысы тұрақсыз аудандарда өтеді. Пайда болу жағдайына қарай жанартауларды төрт түрге жіктеуге болатын сияқты. Бірінші түрдегі вулкандар мұхит тақтасы құрлық тақтаның астына киістіру нәтижесінде пайда болады. Жылу әнергиясының шоғырлануына байланысты тақталар бір-бірінен ажыраған кезде сызаттарда төменнен көтерілген лава жиналады. Бара-бара жиналған лава жер бетіне ұмтылады. Екінші түрдегі вулкандар рифтолық зоналарда туылады. Оның себебі - жер қыртысының жұқалауы, әлсіреуі. Бұл жерде мантия мен жер қыртысының арасы адыраяды. ұшінші-жер қыртысының едәуір омырылған аумақтарда өтеді. Төртінші - мұхит табанындағы кейбір жекелеген жерлерінде "ыстық нүктелер" пайда болады, тау жыныстары балқып базальт лава түрінде бетке шығады.

          Әрекетіне байланысты жанартаулар белсенді, ұйқыға кеткен және сөнгендер бөлінеді. Белсенді вулкандардың саны 900-ге жақын болып саналады, бұларға адамзат тарихы басталған заманда атқылағандары жатады. Сөнгендерге осы уақытта атқыламағандары, ал ұйқыға кеткендерге - белсенділіктің белгілерін анда-санда көрсеткен, бірақ атқылауға бармағандары жатады.

Өрт – бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін жану процесі.

Табиғи өрттер деген ұғымға орман, дала және егістік алқаптарының өрттері, шым тезек және жер асты жанғыш өрттері жатады. Өрт жану қарқындылығы бойынша ормандағы өрттер әлсіз, орташа және күшті болып бөлінеді. Жану сипаты бойынша аласа және биік өрттерге, ұзақтығы жөнінен тез жанатын және үзбей жанатын өрттерге бөлінеді.

Ерекше зиян келтіретін және адам құрбандарына себеп болатын өрттің кең тараған түрлері болып орман және дала өрттері саналады. Бұл өрттер сирек кездесетін құбылыс емес, олар жыл сайын болып тұрады; өкінішке орай, өрттің 90-97 % адамның кінәсынан басталады. Болған 100 өрттің тек 3-7 ғана найзағай ойнағанда түскен жасылдан немесе шым тезектің өздігінен жану себебінен пайда болады. Көктемде негізгі себебі-ауылшаруашылық өрттері; бұл өрттерді ескі және арам шөптерді құрту үшін, топырақты күл әлементтерімен байыту мақсатында немесе орманды тазалағанда, яғни ағаш дайындаған орындарда кесілген қалдықтар мен діңгектерді жою үшін жүргізеді. Саяхатшылар мен жидек, саңырау-құлақ терушілер алауды дұрыс пайдаланбайды, темекінің қалдықтарын тастайды - жалпы, адамдар өрт қауіпсіздік ережелерін жиі бұзып отырады. Орман және дала өрттері - ағаштар мен дақылды өсімдіктердің кең алқапқа стихиялы тарайтын бақылаусыз жануы. Мұндай ландшафтты өрттер жүздеген, мыңдаған және кейде миллиондаған гектар кеңістікті қамтиды.

Дала өрттері ашық алқаптарда құрғақ шөпті және пісіп жетілген астықты жерлдерді шарпиды. Олар мерзімдік сипатта, яғни жаздыкүндерінде өтеді. Дала өрті қаншама зиян келтіретінін айтпасада түсінікті. өрттің таралу жылдамдығы 20-30 км/сағ-дей болады.

Ормандағы өрттер ағаштар мен бұталарды, орманда даярлаған өнімдерді, құрылыстар мен ғимараттарды құртады. өрттен әлсіреген ағаштар зиянды індеттердің ошағына айналады, сөйтіп, өтқа күйген ағаштар ғана емес, оларға іргелес тұрған ағаштардың да құрып кетуіне себепкер болады. өрттің салдарынан орманның қорғаныш болуы, судан сақтайтын және басқа пайдалы қасиеттері кемиді, құнды хайуанаттар құриды, орман шаруашылығын және орман қорын пайдалануды басқару жоспары бұзылады.

            Орманның қай бөлігіне от жайылғанына қарай өрттер төменгі, жер асты, жоғары, ал от шарпуының жылдамдығы мен жалынының биіктігіне қарай - әлсіз, орташа және күшті өрт болып бөлінеді. Басқаларынан гөрі төменгі өрттер жиі кездеседі. Бұл жағдайда өрт тек топырақтың бет жағындағы жамылғысына тиіп, ағаштардың төменгі сабақтары мен топырақтан шығып жатқан тамырларын шарпиды. Жер бауырлап жанған әрттер лапылдақ және маздақ болып бөлінеді. Қозғалыс жылдамдығы қарқындылығына қарай 1 м/мин ден 16 м/мин дейін (шамада 1 км/сағ), алаудың биіктігі 1-2 метрдей болады, өрттің жиегіндегі температура 900ºС-ға жетеді.

 Жоғарғы орман өрттері төмендегіден пайда болады және ағаштар төбесінің жануымен сипатталады. Жүгіртпе жоғарғы өрттерде жалын 8-25 км/сағ жылдамдықпен бір ағаштан екінші ағаш төбесіне, кейде өрт тимеген бүтін учаскелер тастап жылжиды. Тұрақты жоғарғы өрттерде от тек ағаш төбелерін ғана емес, ағашты діңгегіне дейін қамтиды. Жалын 5-8 км/сағ жылдамдықпен топырақ жамылғысынан ағаш төбелеріне дейін бүкіл орманға тарап жаппай қаулайды. өрттің досы жел, желге өрттің таралу жылдамдығы мен қарқындылығы байланысты.

           Жер асты өртенуінің бірден біріне шым тезек өрті жатады. Шым тезек (торф) - ылғалы көп, ауа жеткілікті болмағандықтан батпақтағы өсімдіктің құрып бітуінің салдарынан пайда болатын геологиялық жас қабат. Шым тезек кенінің орташа қалыңдығы 2 метрге шамалас. Алайда, қабатының қалыңдығы 8-13 метр шым тезекті саз кездесіп отырады.

         Температураның, төңіректің ылғалдығының, шым тезекке айналатын өсімдіктердің биологиялық құрылысының және басқа да бірқатар себептердің әсерімен шым тезек бірте-бірте шіри береді. Оның шіру дәрежесі неғүрлым жоғары болған сайын тұтанғыштығы да арта береді. Шым тезек орындарындағы жанудың жалпы санының 60%-ке жақыны өздігінен тұтануынан болғаны тіркелген. Қалған жағдайда өндіруге арналған машиналардан ұшқын түсуі, найзағай ойнауы және басқа себептер болады екен. Шым тезек әдетте түгел жанбайтын болғандықтан едәуір территорияны түтін басып кетеді. Ауасыз жанғандықтан жану процессі өте баяу, 0,1-0,5 м/мин жылдамдықпен жүреді, кей жерлерде білінбейді да және жанып біткен қуыстар да пайда болады. Сондықтан жер асты өрттің ошағына топырақты үнемі қадамен сынап, сырықпен байқау арқылы үлкен сақтықпен жақындау керек. Жану өте ұзақ уақыт, керек болса қыстың күні қар қабатының астында да жалғаса беруі мүмкін.

          Шым тезектің өртенуі мынадай зиян келтіреді: біріншіден, оның өзі отын ретінде пайдаланылады, яғни ол қажет материал; екіншіден, желдің бағытымен ұшып баратын жанған шым тезектің бөліктері едәуір қашықтыққа жетіп орманда жаңа өрт ошақтарын пайда етеді, үшіншіден, айналадағы температура көтеріледі, іргелес ауданды қалың түтін қаптауымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, шым тезек өртін сөндіру күрделі жұмысқа айналады, ол арнайы құралдарды қажет етеді.

Өрт туындайтын негізгі объектілер негізінен тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 75,2 %-ын құрайды, 13,6 %-ы көлік құралдарына тиесілі, 2,4 %-ды сауда объектілері, 2,8 %-ды өндірістік сипаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,8%-ды әкімшілік-қоғамдық ғимараттар құрайды.

Өрттің пайда болу себептері: отты ұқыпсыз пайдаланудан, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болады. Өрттің 90%-ы адам кінәсінен, 78%-ықұрғақ ағашқа найзағай түсуден, 2-3%-ы өзге себептерден болады. Әр түрлі электр сымдарының тұйықталуы, газ плитасын дұрыс пайдаланбау, электр приборын қараусыз қалдыру, электр жүйесіне көп күш түсу, тоқыма, ағаш өңдейтін, ұн тартатын өнеркәсіптер мен кәсіпорындардағы шаң-тозаңдар.

Өкінішке орай өрттің көпшілігі адамның ұқыпсыздығынан және жауапсыздығының нәтижесі.

Өрт кезіндегі іс-қимыл.

Өрт пайда болғанда ұстамдылық сақтау және дұрыс шешім қабылдау қажет. Сасқалақтауға болмайды, айналадағылардың үрейге жол бермеуі тиіс.

Өрт сөндіретін құралдар болғанда өрт кезінде қолдану қажет.

Өртпен күресте және зақымданғандарды құтқару кезінде қауіпті нәрсе ауаның қатты ысыу, тұншықтыратын түтін, оттегі қоспасының жинақталуы, ғимараттар мен құрылыстың құлау мүмкіндігі болатын болатын есте ұстаған жөн.

Есте ұста: егер 10 метрге дейінгі заттар көруге мүмкін болмаса, онда түтіннің жинақталуы өте қауіпті.

Өртті сөндіруде бәрінен бұрын жалынның таралуын тоқтату керек. Бұл жағдайда суды жалынға емес, жанған заттың жоғары жағына қарай бағыттау керек.

Егер үйде шағын өрт шықса, оған су құйыңыз, немесе ауыр, ылғал матамен жабыңыз.

Жанған киімді жапқышпен жауып, оны шешіп тастап және сумен сөндіруге болады. Жерге домалау арқылы да жалынды сөндіруге болады.

Жанар–жағар майды көбік тудыратын құрамалармен, топырақпен, құммен көму арқылы сөндірген жөн.

Егер электр сымның сырты жанса, бәрінен бұрын оны ағыту керек.

Егер телевизор жанса, онда оны жүйеден бірден ажырату керек. Сосын су құйып сөндіру қажет. Егер киноскоп жарылса, улы түтін өте қауіпті, дем алмауға тырысыңыз, балалар болса өзге жерге шығару қажет.

Өрт сөндіруге мынадай іс–қимыл талап етіледі (егер пәтерде болса):

  • 101–ге телефон шалу;

  • Балалар мен қарттарды шығару;

  • Содан соң барып өртті өз күшімен сөндіру.

Егер жанып жатқан бөлмеге адамдарды құтқару үшін кіретін болсаңыз сырт киіммен немесе басыңызға тығыз материалмен, ылғал одеяламен жауып алыңыз.

Улы газдан сақтану үшін ылғалданған мата арқылы демалыңыз. Күшті түтіндеген бөлмеде еңкейіп не жорғалап жүріңіз. Өрт кезінде лифтіні пайдаланбаңыз.

Сел – тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуі, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.

Селдер ұзаққа созылған нөсерден, қарлар мен мұздақтардың шапшаң еруінен, тұрып қалған мұзды көлдердің жарып кетуінен, жер сілкінісінен пайда болады. Қазақстанда сел қаупі күшті аудандарға Іле Алатауының Солтүстік баурайы, Жоңғар, Теріскей және Қырғыз Алатауы жатады.

Сел тасқынының тікелей қаупінің белгілері: күшті шуылдың шығуы, сел ағызып әкеле жатқан тастардың соққысынан жердің дірілдеуі, лас шаңды бұлттың пайда болуы жатады.

Егер сел тасқынына тап болсаңыз онда жергілікті өкімет органдарының, полицияның берген нұсқауларына сәйкес қауіпті аймақтан тез арада шығу керек. Қауіпсіз аймақтар айтылатын болады. Егер уақыт мұрша беретін болса, онда қауіпті аймақтан малды айдап әкетуді қолға алу керек.

Адамдарды, малдарды, жеке мүліктерді, бағалы заттарды құтқарып қалу үшін суға жүзу құралдары пайдалануы тиіс. Құралдар дер кезінде табылмаса, онда қолдан салдар жасау қажет.

Басқа тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, сел тасқыны бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады, селдің ұзақтығы 1-3 сағаттай болады. Селдің жылдамдылығы әдетте 2,5-4,0 м/с аспайды, бірақ су бөгетті бұзып - жарып селді бастаған жағдайда оның жылдамдығы 8-10 м/с және одан да көп болуы мүмкін. Селдің алдыңғы шебі биіктігі 5-15, кейде 25 м-ге жетеді, яғни "сел бась”деп аталады.                             

Сел тасқыны эрозиялық механизм арқылы туындағанда алдымен су ағыны жағауларындағы қиыршық тас пен құм, шөп-шаламды, қысқасы беткейлердің етек жағын орып өтеді де өзін осы бос борпылдақ материалдармен қанықтырады- бұл процессті сельдің түзілуі деуге болады. Бөгетті бұзып - жарып сел басталатын механизмінде су жиналуымен тау жыныстарының бара-бара сумен қаныға жүретін процесстер бір-бірімен қатар, бір мезгілде өте береді. Бір кезде шегіне жетіп сел массасы бөгеуді жарып шығады. Құлама-шөккінді механизмде селдің пайда болуы әбден ылғалданған тау жыныстарының және қар мен мұздың өзен ағынына құлап немесе сырғып қосылуынан басталады.

Техногенді факторларының қауіптілеріне әсіресе су қоймалардың сапасыз жасаған бөгеттері және техногенді жыныстарды есепсіз жинап қоюы жатады. Су әртүрлі үйінділерді (ұзақ жаңбырлар кезінде) батпақ пен лай аралас массаға айналдырады.

Физикалық түрлері жағынан селдер байланыссыз және байланысты болып бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын - қатты заттар қосылыстар бар су, ал байланысты селдер - судың негізгі массасы қою боп, ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады.

Селдің қауіптілігі - тек оның бұзу күшінде ғана емес, сондай-ақ, оның кенеттен келуінен де болады. Бүлдіруші күшін сипаттайтын ерекшеліктері оның екпінінің қаттылығы, құрамының тұтастығы, шапшаң қозғалып, жөңкіле ағатындығы болып табылады. Кедергілерге ұшырыған кезде сел ағыны оларды басып өтіп, өз күшін жоғалтпай, қайта үдете түседі. Сел халық шаруашылығы объектілеріне, елді мекендер мен қалаларға, егістік жерге, суармалы жүйелерге, темір жол мен тас жолдарға өте қауіпті, өйткені күтпеген жерден пайда болып, тікелей қатер төндіреді. Мұндай жағдайда дамбы (бөгеу) түрінде жасалған жағалаудағы қалқалар айтарлықтай тосқауыл бола алмайды. Мүжіліп түскен тау жыныстарын ағызып әкелгенде, сел кездескен нәрселерді шайып, өзіне қосып әкетеді.

Қар көшкіні басқа да көшкіндердің жылжуы сияқты гравитация тартысы қар арасындағы ұстау күштерінен асқан кезде пайда болады.

Қар өзінің әрекетін бастай отырып, барлық жаңа қар массаларын, тастарды және басқа заттарды ілестіре тез арада жылдамдылығын күшейтеді. Негізінен, көшкін қардың ұсақ кристалдары мен ауаның араласуымен сипатталады. Жазықтау жерге немесе аңғар түбіне жете қар өз қозғалысын тоқтатады. 50°-тан көп құлама тіктілікте қар өздігінен жайғана төмен құйылады, яғни қар массасының пайда болу жағдайы туындамайды. Көшкіннің пайда болуына ең қолайлы жағдай - 30-40° тігімен орналасқан, майда шөптер басқан баурайларда биіктігі 30 см қардың өсуі жатады. Көп нәрсе ескі жатқан қар жамылғысына және жаңа қар басу қарқындылығына байланысты болады. Егер 2-3 күн аралығында 0,5 м қар жауса, ол, әдетте, қауіпті емес; ал осы жағдай 10-12 сағатта болса қар көшкіні әбден мүмкін. Жылдамдығы 7-8 м/с-ге жететін жел тұрса, ол көшкін қар қалыңдығын 10-15 см төмендетеді. Басқаша айтқанда жел көшкін болу мүмкіндігін арттырады. Әсіресе қарлы борандар қардың бір жерге көп мөлшерде жиналуына себепкер бола алады. өте маңызды факторларға ауа температурасы жатады. Қысты күні жылы ауа райында (0°С) немесе уақытша болатын жылымықтарда қар жамылғысының босандығы жоғарлайды және не қар көшкіні жүреді, не қар шөгеді. Температураның төмендеуінде көшкін басталу мерзімі ұзарады. Көктемде жылуымен бірге сулы қар көшкіндер болу мүмкіндігі өседі.

         Қар көшкіннің әрекетіндегі негізгі сипаттарға мына параметрлерді жатқызамыз: жекелеген жағдайларда көшкін жылдамдығы 100 м/с дейін жетуі мүмкін; құрғақ қар көшкіннің тығыздығы 200-400 кг/м3, және сулы жағдайда 300-800 кг/м3 болып қар массасының соққы күшін анықтайды, сондай-ақ, бұл тазалау еңбек күші көлеміне белгі етеді; кідірікте 10-15 м қар массасының биіктігі авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру кезінде параметр ретінде қызмет етеді, бұл жерде қар өте тығыз келеді; көшкіннің түсу қайталануы әр түрлі-жекеленген аудандарда қар көшкін жылына 15-20 рет түсуі мүмкін; қар массаның көпжылдық максималды мәнмен алғанда жету алыстығын осы маңайда құрылыстар жүргізгенде есепке алады.

Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желді ( жылдамдығы 25 м/с биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50 мм немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 20 мм және одан да үлкен), күшті қар жаууын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), шаңды және құмды борандарды, вегетациялық мерзімде ауа температурасының күрт төмендеуін (қатқақ болған жағдай), қақаған аязды немесе шыжыған аптап ауа-райын жатқызады.

          Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с ( 117,3 км/сағ) асатын, яғни 12баллды жел. Сондай-ақ дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды да айтады. Қиыр Шығыста, ұнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атап кеткен. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауын-шашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті.

         Егер дауылдан болған апат аумағындағы қиратуына салыстырмалы түрдегі кішігірім дауылды желдің территориясындағы қиратуды қоссақ, онда дауылдың ені жүздеген километрмен, кейде ІОООкм-мен өлшенеді. Тайфундардың қирату жолы әдетте 15-45 км құрайды. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн.

Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдылығы 15-30 м/сек жетеді. Тасқынның ұзақтығы -бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында Зм/с-ден ЗОм/с дейін күрт көтеріледі.

         Кейбір дауылдар апаттың қуатты күштерінің бірі болып табылады және өзінің қирату әрекетінде жер сілкініске жол бермейді. Олар өзімен бірге орасан зор әнергия әкеледі. Орташа қуатты дауылдың бір сағатта жұмсайтын әнергия мөлшері 36 миллион тонналық ядролық жарылысқа тең! Дауылды жел өте берік құрылыстарды бүлдіріп, жеңіл құрылыстарды құлатады; егінді алқаптарды суырып, әлектр желілерінің сымдарын үзеді, бағаналарын жығады; көпірлерді, ағаштарды түбімен қопарып тастайды, кемелерді суға батырады, түрлі техногенді аварияларға себеп болады. Дауыл бөгендер мен бөгеттерді бұзып су тасқынға алып келген, поездарды рельстерінен лақтырып кеткен, фабрика құбырларын құлатқан, кемелерді құрлыққы шығарып тастаған оқиғалар болып жатты. Теңіздердегі тараған дауылды желдер биіктігі 10-12м немесе одан да биік толқындарды көтере алады.

         Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырады. Қар басумен бірге өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқталады, байланыс жүйелері, әлектр-, су-, жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, өлімі де сирек емес. Қарлы борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес - ондаған километр. Жаз күндері дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп болатыны түсінікті.

         Тозаңданған немесе құм дауылдары шөл және шөлейт далаларда бірнеше жүз мыңдаған шаршы километр аймақтарды көміп тастай отырып, топырақ пен құмның орасан массасын (миллиондаған тонналар) жүздеген, тіпті мыңдаған километр қашықтыққа апарып тасымалдайды. Далалық алқапта осындай жағдай әдетте жер жыртуы дұрыс жасалмаған кезде болып тұрады.

         Температураның кенет төмендеп кетуінен қар жауып, боран соғуы мұз тұруға - конструкциялар мен заттардың бетін мұз немесе ылғал қар басуына себепкер болады. Мұз тұру мынадай түрлерге: көк тайғақ, қатқақ, ылғал қар мен қатқан қардың қабаттануы болып бөлінеді. Әсіресе, мұз тұру әлектр қуатын беру желілері үшін қауіпті келеді - олар үзіледі, көбіне транспорт жұмысы да тоқталады.

        Ауа қозғалыс қатарына құйындар да жатады. Құйын -жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшері жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң келеді. Ол тез айналатын дәу воронканы, бұлттан түскен піл тұмсығын елестетеді. Бұл әрекетте ауамен бірге су, құм, шаң бөлшектері суырылып аспанға көтеріледі.

         Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта пайда болады, яғни атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда. Олар су айдын үстінде, сондай-ақ, құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде де туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен ере жүреді. Құйынның пайда болатын уақыты мен тұрақты жері ешқандай болжамға келмейді.

          Құйынның ішкі қуысы, әдетте бос болып келеді, шеңбері көлденеңінде ондаған метрден жүздеген метрге барады. Қабырғаларында ауа серіппе тәрізді айналады және жылдамдығы 200

м/с ( 700 км/сағ.) жетуі де жиі кездеседі. Тығыздау келген құйындардың қабырғаларының қалыңдығы ішкі қуысының енінен айтарлықтай аз, аздаған метрмен өлшенеді, бостауларында- керісінше. Құйынның өзі сорғыш сияқты бұлтқа қарай әр түрлі заттарды, адамдар мен жануарларды және тағы басқаны ішкі қуысымен емес, қабырғамен жылжытып тартып немесе көтеріп әкетеді. Ауаның қысымы ішкі қуыста перефериясындағына қарағанда қашанда төмен; физика тұрғысынан алғанда, қысымның осындай едәуір айрмашылығы заттарды сіңіру әффектісіне себеп болады. Жылжи отырып құйындар заттарды ондаған километр қашықтыққа алып кетеді. Құйынның өзінің біртұтас түрінде жылжу жылдамдығы шамада 50-60 км/сағ, ал орташа ені 350-400 м.

          Құйындарға төбелер, орман, теңіз, көл мен өзендер тосқауыл бола алмайды. Кішігірім көлді кесіп өткенде құйын оны толық құрғатып жіберуі мүмкін. Құйынның жылжуындағы ерекшеліктің бірі -оның секіруі. Жермен келе жатып ол уақытша ауаға көтеріліп, жерге тимей кетеді де қайта төмендейді.

         Қуатты құйындардың әрекеті таңқаларлық, ал психологиялық әффекті адамдарға әсер еткенде суреттеуге келмейді. Ауаға көтеріліп бірнеше шақырым жерге автомобильдер, кішігірім үйлер, түбірімен жұлынған ағаштар тасымалдануы мүмкін. Сондай-ақ өндіріс ғимараттары, коммуникация желілері де зақымдануы ғажап емес.  Теңіздерде көтерілген құйындар құрлыққа шыққанда күшін бәсеңдетпей қайта арттыра түседі.

3-тақырып.Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы және олардың зардаптары.

Жоспар:

3.1.Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар.

3.2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптары.

3.3. Қазіргі заманғы жаппай қырып жоятын қарулар

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әр түрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әр түрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, зауыттар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. Мысалы: Атырау облысын алатын болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті.

Өндірістік қондырғылардан шығатын және адам өміріне қауіп тудыратын зиянды заттарға мыналарды жатқызуға болады: шаң, жылу шығару, ылғал бөлу және зиянды газдар. Шаң  қатты немесе сұйық заттардың майда бөліктері, ауа кеңістігінде орналысқан.

Тоқыма кәсіпорындарында шаң талшықты материалдарды: мақта, зығыр, кендір, кенап, жүн, жібек және басқада талшықтарды қопсыту, түту және тарау процесінде түзіледі. Сонымен қатар шаң әр түрлі материалдарды майдалауда және  ұрғылауда пайда болады. Тоқыма кәсіпорындарында шаң жалпы құрылымына қарай органикалық және минералды болып бөлінеді. Органикалық шаң  негізгі үш түрге бөлінеді:1) өсімдіктектес шаңдар-мақта, зығыр, кенап, кендір; 2)жануартектес шаңдар - жүн және жібек; 3)  жасанды және химиялық талшықтар шаңдары. Шаң құрамына  мыналар енеді: талшықтар үзінділері, шиттің қабығы, жапырақ қиықтары, ағаш  және т.б.

Минералды шаң талшықты жинаған және тасымалдағанда түсетін  майда топырақ бөліктерінен тұрады. Оларға асбестің талшық бөліктері, боялған мақтадан және иірім жіптен бөлінетін шаң түріндегі бояу бөліктері. Ең көп шаң бөлігі  алғашқы өңдеу машинасында бөлінеді.

Шаң өлшемі микрометрде (мкм) өлшенеді. Өндірістік жағдайда микрон бөлігінен 100 мкм дейінгі шаңдар кездеседі. Шаң майда болған сайын ол зиянды, оңай тыныс алу жолдарына түседі.

Өндірістік шу — өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу. Өндірістік шу дыбыс жұтатын құрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар (қаркындылығы және толқыны бірдей, бірак қарсы фазадағы шумен басу және т.б.) арқылы басылады.

Діріл (Вибрация) — скалярлық шамамен сипатталатын нүктенің немесе механикалық жүйенің қозғалысынан туындайтын тербеліс.

Діріл (лат. Vibratio-тербеліс, діріл). Діріл-механикалық тербеліс, сызықтағы кернеулер мен деформациялар таңбалары айнымалы болғанда басталады.

Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі талдағыштары (түйсіну мүшелері) сау адамда көбінесе өздерінде бұл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, құлағы, тілінен бірдей айырылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен шығармашылық әрекеті талдағыштардың адам таңқаларлық жағдайда бір-бірімен байланысатындықтарын, әсіресе мұнда вибрациялық түйсіктердің маңыздылығын көрсетеді.

Вибрацияның жалпы және жергілікті түрлері болады. Жалпы вибрация түгел ағзаға әсер етеді, ал жергілікті ағзаның тек белгілі бір бөлігіне ғана әсер етеді.

Жалпы вибрацияның әсерінен жүрек қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, тамырлардың тарылуы, буын өзгерістері тарылып, қозғалысты шектейді.

Жұмысшылар қолдарына жергілікті вибрацияның әсерінен терінің сезімталдығы, жүйке талшықтарының сезімталдығы, қан тамырларының серпімділігі жоғалып, сіңірлерінің сүйектеніп кетуіне әкеліп соғады.

Жұмыс барысында ұзақ уақыт дірілдің әсерінде болған адам әр түрлі кәсіптік ауруға ұшырайды. Мысалы асқазанның жаралы кеселіне, психикалық және жүйке жүйесі ауруына, гипертония, діріл ауруына шалдықтырады. Кәсіптік аурулардың ішінде діріл ауруының алатын орны ерекше. Осы аурумен жиі ауыратын машина жасау, металлургия, құрылыс, тау- кен өнеркәсіптерінде, көлік саласында және ауыл шаруашылығында істейтін жұмысшылар. Діріл жиілігі 16-20 Гц шамасында болғандадіріл ауруы пайда болатын жағдай туады. Діріл жылдамдығының қабылданатын мөлшері 10-4 м/с деңгейінде, ал 1 м/с ауру сезіле бастайды. Діріл ұзақ уақыт әсер еткенде ғимарат, техника бұзылуы мүмкін.

Вибрациядан сақтанудың бір әдісі вибродемпфирлеу (виброжұту) деп аталады, ол механикалық энергияның жылу энергиясына айналуы. Ол үшін конструкторларда арнайы материалдардың вибрацияланатын агрегаттарын қолданады (мысалы: мыс-никель, никель-титан, титан-кобальт жүйелерінің қорытпасы). Жақсы вибродемпфирлі материалдарға пластмассалар, ағаш жатады.

Вибрациядан қорғанудың тиімді әдісі болып виброоқшаулану болып табылады. Виброоқшаулағыш ретінде пружиналарды, серпімді резеңке төсеніш, тығындар, т.б. қолданады.

Шығу тегіне байланысты вибрацияның 3 категориясын ажыратады:

  • транспортты;

  • транспортты-технологиялық;

  • технологиялық.

Өнеркәсіп орындарында, ауыл-шаруашылық өндірісінде, күнделік тұрмыс өмірде улылығы бар, сондықтан адамға және қоршаған ортаға зиянды көптеген химиялық заттар пайдаланылады.

Олар авария себебінен төгілген немесе далаға атылған жағдайларда қоршаған ортаны зарардануға, ал адамдарды зақымдауға әкеліп соқтырады. Аталған заттар оларды өндіретін, пайдаланатын немесе сақтайтын көсіпорындарда көп мөлшерде болады. Осы кәсіпорындар қатарына мынандайлары жатады: химиялық, дәрі-дәрмек өндіретін, қағаз шығару комбинаттары, қорғаныс, мұнай өңдеу, қара және түрлі-түсті металлургия зауттары, минерал тыңайтқыштарын шығаратын кәсіпорындар сондай-ақ, азық-түлік, ет-сүт өнеркәсіп объектілері, тоңазытқыштар, сауда қоймалары, үй-жай тұрмысы шаруашылықтары.

Кейбір жиі кездесетін күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) атап өтсек, бұлар: хлор, аммиак (МН3), күкіртті сутегі (Н28), фосген (СОСІ2), күкіртті ангидриды (8О2), бензол (С6Н6), акрилонитрил (СН2=СН-СМ), метиламиндер (СН3КН2, (СН3)2КН т.б.), көгерткіш қышқылы (НСМ), тұз қышқылы (НСІ), бром сутегі, фтор, фтор сутегі, азот қышқылы (НМО3), күкірт қышқылы (Н24). Көбінесе бұлар газ немесе сұйық түрінде болады, әдетте сақтау немесе тасымадцау үшін қысым әрекетімен сұйықтық түрге айналдырылады. Тұрғындардың өздерінің мекен жайы маңайындағы орналасқан объектілерден келетін қауіпін білгені жөн. Мысалы үшін, қағаз өндіретін комбинатта, су жүргізетін бекеттерде көп мөлшерде хлор сақталынады; тоңазытқыш немесе ет комбинатында, мұнай өңдеу зауттарда, азот қышқылы, сода; тыңайқыштарды өндіретін жерде аммиак болуға тиісті; көгерткіш қышқылы пластмасс шығаратын кәсіпорында, ал күкіртті сутегі мұнаймен айналысатын және күкірт пен оның қоспалары бар заттарды дайындайтын зауттарда аса мол мөлшерде кездеседі.

Соңғы жылдары күшті әсер етуші улы заттармен улану (КӘУЗ) жағдайлары жиі кездеседі, олар жаппай уланудың себепкері болуы мүмкіндігімен қауіпті. Улардың бұл тобына өндірісте (химиялық, мұнай газ өңдеу, металлургия, фармацевтика), ауыл шаруашылығында (улы хмикаттар) мен басқа салаларда пайдаланылатын түрлі токсинді заттар жатады. Адамдарды, жануарларды жаппай уландыру жағынан және топырақты, суаттарды уландыру мүмкіндігі жағынан қауіп төндіретіндер көбінде газдар, булар және аэрозольдар. Түрлі апаттар нәтижесінде қоршаған атмосфераға шығып, олар улану аймағын құрайды, оның мөлшері мен қауіптілігі заттың түріне, ауа райының жағдайына (желдің болуы, ылғалдылық пен ауа температурасы) байланысты болады. Бұл заттардың көбі ауадан ауырырақ болады да бұлт ретінде төмен жерлерде, жер асты қоймаларында шоғырлануы мүмкін. Уланған бұлт орнынан қозғалып жаңа жерлерді уландыруы мүмкін. Қатты жел бұлттың тез тарқауына ықпал етіп, улы заттың шоғырлануын азайтады, ал жаңбыр удың жерге сіңуіне ықпал етеді.

Күшті әсер етуші улы зат (КӘУЗ) деп әдетте шоғырлану мүмкіндік шегі асып кеткен жағдайда, белгілі мөлшерде адамдарға, ауыл шаруашылығы малдарына, өсімдіктерге зиян келтіріп, оларға түрлі деңгейде зақым келтіретін химиялық қосындыларды атайды. Өндірістің түрлі саласында бүгінгі күні КӘУЗ-дің 100-ден астам атауы пайдаланылады. Хлор, аммиак, фосген сияқты КӘУЗ-ді пайдаланатын немесе өндіретін химиялық өнеркәсіптер, апаттық жағдайға ұшырағанда жұмыскерлер мен қызметкерлерге, ал ірі апат жағдайында тұрғындарға да қауіп төндіреді.

Қауіпті жерлерден аулақ жүрген жөн. Ол үшін өмір сүріп тұратын маңайдағы КӘУЗ-ды өндіретін, пайдаланатын немесе көп мөлшерде сақтайтын кәсіпорындарды есте ұстау керек. Зиян заттарды ашық түрінде байқап қалған жағдайда, ол туралы адамдарға, азаматтық қорғаныс штабына, санитарлық-әпидемиологиялық қызметтерге, милицияға хабарлауға міндеттісіз.

Уланып қалған кезде мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

-көздің ашуы, жасы ағуы, күюі, қабағы аурлауы; адам жарықтан қорқу сезімі немесе жарықты ажыратамауы, көздің ісуі;

-терінің күюі, ашуы, қышуы, ісуы, жаралануы, күлдіреуі, түсі өзгеруі (көгеру немесе қызару);

-тыныс алуы қиындау, жөтелу, ауыздан көпіршік кету, тамақ жұталмауы;

-бас айналу, ауру, жүректің айнуы, қатты соғуы, лоқсу, құсу;

-жүйке жүйесі зақымданғанда қорқу сезімі пайда болуы, тынышсыздық, мас болуы, сал ауруға ұшырау, шайқалып жүру, үйқыға тарту, айнала заттар көзге қос түрінде көріну, елес пайда болуы;

-жалпы   дененің  температурасы   қан   қысымдылығы   өзгеру, әлсіздену, естен тану.

Хлор – тыныстарылтқыш өзіндік күшті иісі бар сарғыш-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр, суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Хлор өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Оны маталарды ағарту үшін пайдаланады, целлюлоза мен қағаз өндірісінде, каучук (резеңке) түрлерін жасауда, суқұбырлары стансасында залалсыздандырғыш құрал ретінде суды зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Зақымдалған құбырлардан атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. Буға айналу барысында және ауада су буымен қосылу барысында жер бетіне жасылтым-ақ түсті тұман ретінде төселеді, төменгі қабаттарға жер асты қоймаларына кіруі мүмкін. Хлор буы тыныс алу ағзаларына, көз бен теріге қатты әсер ететді. Хлор ағзаға негізінен тыныс алу жолдары арқылы енеді.

Хлормен улану белгілері: кеуденің қатты ауыруы, құрғақ жөтел, құсу, қозғалыс координациясының бұзылуы, демікпе, көздің ашуы, жас ағу. Жоғары концентрациямен дем алған жағдайда өлімге әкелу мүмкіндігі бар.

Аммиак – мүсәтір иісті түссіз газ, ауадан жеңілірек. Ол тоңазытқыш қондырғыларында хладогент ретінде, тыңайтқыштар және басқа химиялық өнімдерді жасауда қолданылады. Құрғақ түрі ауамен 1:3 қатынаста араласқан кезде жарылыс әкеледі. Суда жақсы ериді. Зақымданған құбырлардан шыққан кезде түтіндейді. Демге тартқан жағдайда қауіпті. Аммиак буы дем алу ағзаларын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Аммиакпен улану белгілері: жүрексоғуының жиіленуі, тамыр соғуының бұзылуы, жөтел, мұрын бітелу, көздің ашуы мен жасаурауы, дем алудың қиындауы, қатты уланған жағдайда – жүрек айнып, қозғалыс координациясының бұзылуы, сандырақтау.

Күкірт сутегі.

Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.

Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.

Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.

Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.

200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.

750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.

1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.

Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.

Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік).

Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады.

Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің, тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің бұзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.

Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. Атом бомбасы - авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20 т (1950 жылдар).

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Дүниеге    келгеннен    бастап-ақ    ядролық    өзіне    ие    болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады.  Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

          Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың, жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жырылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.

         Осыған қарай мынадай сауалдар туындайды: егер сау қалған адамдар ядролық зақымдау ошағында көмек көрсету және тағы да басқа жұмыстарды жүргізіп өздерінің өмірлеріне қауіп төндіретін болса, онда бұндай жұмыстардың алып баратын мағнасы неде, жалпы ол әрекеттердің өздері шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін бе?

Жауап алу үшін, алдымен, ядролық қару және оның жарылыстарының салдары туралы бір қатар мәліметтерді білу керек.

           Атом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр әлементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) әлементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір әнергия босайды екен.

          Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг уранның барлық ядролары ыдыраса босалған әнергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын әнергиясына тең болады. Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұңкыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил әквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.

           Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері әлектростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс. Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану әнергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны тремоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Сонда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; сонан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы әріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).

          Ең қарапайым бомбалардың құрылысы екі немесе одан көп уранның бөлшектерінен түзілген, оның әрқайсысының массасы ауыспалы массадан аз болу керек. Жарылыс айтылған бөлшектердің бірге қосылуынан басталады. Ауыспалы масса деген жарылғыш заттың (мысалы, уран) ең аз мөлшері, ол одан асса өздігінен бөліну реакциясы өрістейді. Уранның ауыспалы массасы ондаған, ал плутонийдікі бірнеше килограммға тең. Бірақ іске қосылатыны бұл заттардың тек 20%-ға дейін-ақ. Мысалы Жапонияға қарсы қолданылған атом бомбасында не бары зарядтың 3%-ы ойнады. Қалған масса атылуға үлгермей газ тектес жағдайға айналып ұшып кетті.

           Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар. Олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.

           Жарылыстың алғашқы бастамасында энергияның бір бөлігі гамма-сәулелер және нейтрон ағындары түрінде босанады. Бұлар материядан оңай өтіп, терең енетін қасиетіне қарай өткіш радиация деп аталған және жолында кездескен тірі организмнің клеткаларын иондайды (екі қарама-қарсы әлектр зарядына бөледі). Энергияның басым мөлшері жылу формасына айналады. Жарылыс орталығында температура шамада 10 миллион градусқа дейін көтеріледі. Салыстыру үшін - күн бетіндегі температура 6 мың градус шамасында. Оқ дәрінің қоры мен қабықшасы кірпік қағым уақыт арасында газ түріне айналады да реакциялар барысы тоқталады.

            Қызған газ бен ауа сәуле шашатын отты жарқыл шарды құрайды. 1 Мт қуаты бар жарылыстың жарқыл шары өрістеп көлемі 10 секундта 2000 метрдей шамасына жетеді.

           Кеңістіктің шектелген аз көлемінде орасан зор әнергияның босатылуы себебінен ауа қысымы күрт көтеріледі (1 млрд. атм. шамасына). Тығыздалған ауа массасының жан жаққа таралуы нәтижесінде қысым көрші ауа қабатына өтіп, ауа толқынның туындатады. Сығымдалған ауаның алдынғы қабатын соққы толқының шебі деп атайды. Соққы толқыны екі зонадан құралған: тығыздалған зонасында ауа қысымы атмосфера қысымынан артық, сирету зона тығыз зонаға ілесіп келеді - оның ауа қысымы атмосфера қысымынан төмен. Соққы толқынымен бірге ауа ағыны да пайда болады. Дыбыс жылдамдылығынан арта түсіп жылжыған ауа ағыны мен соққы толқыны зор қирату күші деп табылады. Кеңістікте жан-жаққа таралып олар орталықтан алыстаған сайын жайылып бара-бара зақымдау әсерін төмендетеді, ауа толқыны төңіректе күн күркіреген сияқты дыбыс шығарады. Соққы толқыны жарылыстың түріне қарай су астында да болады. Жер астындағы соққы толқыны жер сілкінісіне ұқсаған қимыл келтіреді.

           Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділі өнімдері -ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияға қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болған радиобелсенді изотоптар, т.б. - тропосферадан ұзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түсе,радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды. Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық жарылысының кіндігінде нейтрондар әсерінен сінген радиацияның деңгейі тез арада төмендейді, өйткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады.

           Жалпы ядролық жарылыс әнергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% - өткіш радиация.

           Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқұлақ тәрізді радиобелсенді бұлтты құрайды. Топырақтың құрамына кіретін кремний, натрий, магний әлементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ұшықтырып, адамдарды және малдарды зақымдауға соқтырады.

Сонымен жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.

          Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені әнергияның басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, әлектр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек плутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.

          Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады.

            Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

Әуе соққы толқынның негізгі зақымдаушы әрекетінің көрсеткіштері: артық қысым ( Рш), ауа ағымының жылдамдылығына байланысты итеру күші (Рж) және артық қысымның әрекет ету уақыты болып табылады. Артық қысым деген термин толқын шебі қысымының атмосфераның кәдімгі қысымынан артықшылығынан шығады. Толқын мен аралас жылжыған ауа ағымы динамиқалық қысымды, яғни итеру қабілетін көресетеді. Рш және Рж Паскаль (Па) деген өлшем бірлігімен есептеледі.

           Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына қарай бірнеше зонаға бөлінеді:

1) Толық қирау зонасы - Рш=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана   үйінділер   қалады.   Жер астындағы   қорғаныс   ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр түрлі жарақат алады.

2) Күшті қирау зонасы - Рш=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталуы мүмкін. Жасырынбаған  адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3) Орташа қирау зонасы - Рш=30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, әлектр жүйелерінің бағандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толық сақталып қалады. Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану қауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - Рш=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді.   Ағаш  үйлер  бұзылады,  жеңіл от  алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

500 мыңдай тұрғындары бар орташа қаланы едәуір дәрежеде қирату үшін қуаты 500 кт бомбаның біреуі ғана қажет екен.

Жалпы ядролық жарылыс аяқ астынан ұйымдастырылып халық алдын ала дайындалмаған, хабарландырылмаған жағдайда үлкен қаланың тұрғындарының 1/3 бөлігі қазаға ұшырайды. Едәуір бөлігі жарақат алады, күйеді, уланады, сәуле ауруына шалдығады, психикалық ауру болады, жоғалады, т.б.

            Хиросима апатынан зардап шеккен адам санының 40% және қаза тапқандардың 20% жарылыстың соққы толқынның себебінен болыпты. Соққы толқының тағы ерекшелігі-ол герметикаланбаған (саңлаулары бар) қорғаныс паналарға өтіп кетеді. Сондықтан осы паналар толқын сөндіретін керек-жарақтармен жабдықталу керек. Адам денесі соққы толқынның әсерінен лезде сығылып одан кейін ұлғайтылады, алдымен бұдан дененің ауа және сұйықтық толған қуыстары органдарының (өкпе, бас миының қарыншалары) үлпалары жарылып, үзілуі мүмкін.

         20-30 кПа қысымдылықта зақымның жеңіл деңгейі, құлақтың дабыл жарғақтарының жарылуы, есту қабілеті бұзылады, 30-50 кПа -құлақтан, аңқадан қан ағу, қысқа мерзімге естен тану, орташа деңгейдегі жарақаттану, кейкезде сүйек сынуы, өліммен аяқталу да мүмкін. 50-80 кПа қысымдылықта ішкі ағзалардың жарылуы, ұлпалардың майда, нүкте тектес қан ағуы, өліммен аяқталу жағдайлардың саны күрт өсуі. Қорғаныс паналарда, жерттөлелерде соққы толқының әсері лезде емес, сәл созыңқырап келеді, сондықтан осы жерде орналасқан адамдар биігірек қысымдылықты басынан өткізе алады.

         Соққы толқынның шебінде ауа температурасы да жоғары болады. Мысалы, 100 кПа артық қысымда ауа температурасы 350°С дейін барады. Бұл фактор жарылысқа жақын орналасқан панахананың ішінде отырған адамның ашық мүшелерін, тыныс алу жолдарын күйдіруі ықтимал.

         Бұдан басқа ғимараттардың құлаған қабырғалары және басқа да заттары адамды басып қалып асфикция (түншығу), ұзақ жаншылу синдромы сияқты жағдайларға әкеледі.

         Ауа ағымымен ұшқан заттар да (үйдің бөлшектері, терезе әйнегінің сынықтары, т.б.) адамның жарақаттану себебі болады. Салыстыру үшін: 30 кПа артық қысымдалығында ауа жалдымдылығы 60 м/с дейін барып дауылдан екі есе асып түседі. Ауа ағымы адамды тек лақтыру мен тыйылмай, шаң-тозаң көтеріп көзін және тыныс жолдарын шаңмен бітеп тастайды.

Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әр-түрлі ядролық реакцияларының себенінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі -радиобелсенділі әлементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

        Өткіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бұлттың 2-3 км биіктікке көтерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір әлементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

         Өткіш радиация мен радиобелсенді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші – сәулелену дозасы (шарпу мөлшері). Жіті сәуле ауруының дәрежелері шарпу мөлшеріне байланысты. Ілгеріде айтқандай гамма-сәулелену мен нетрондардың атомдарды, молекулаларды иондау қасиеті бар. Шарпу мөлшері деп сәулеленген ортаның (материяның) бірлік массасы сіңіріп алған иондатқыш сәуле ағынының әнергия шамасын айтады. Шарпу мөлшерінің үш түрін ажырата білу керек:

-    экспозициялық   мөлшері   әуедегі   радиацияны   сипаттайды. Халықаралық  бірліктер   жүйесінде   ол   кл/кг  мен   өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік өлшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі.

-   жұтылған   мөлшері   иондатқыш   сәулеленудің   биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1  кг массасы  1 Дж энергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр=1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1 рад, яғни 1 Гр=100 рад.

-   эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коэффициентті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма   -   сәулелену   мен   нейтрондардың   биоұлпаға   ететін   әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

      Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс орталығынан қашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн. тонналық жарылыста, одан 2,8 км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

Радиация          фотоматериалдарды          бүлдіреді,          кейбір радиоэлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емес. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріне байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0,0015 Гр-мен шектеледі (0,15 рентген). 30 жылда қабылданған 0,05 Гр (5Р) мөлшері қауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (және малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып өтырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялық нәтижесі-барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап өтыру керек. Бұрынырақ айтылғандай алғашқы радиацияға (өткіш радиация) шалдығу қауіпі негізгі нейтрон қарудан және жер үстіндегі ядролық жарылыстан төнеді. Сәуле ауруы адамның инфекцияға қарсы тұратын қабілетін (иммунитетін) пәсеңдетеді.

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 әлементтерінің 200-ге жүық тұрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі,дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады.

          Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы). Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

         Қорғану әдістерін жүзеге асырғанның өзінде сәуле ауруына шалдыққандардың 20% бірінші дәрежелі, 20%-екінші, 30%-төртінші дәрежелі болып шығады (орташа шамалаған есеппен). Осылардың 50%-ті 2-3 аптадан кейін емделу үшін емханаға жатқызылуы керек. Жарылыстың кезінде немесе РЗ-мен ластанған ауданнан радиацияны қабылдау себебінен туындаған сәуле ауруының клиникалық көрінісі бірдей. Ядролық жарылыс себебінен зарарданған жердің формасы әллипс тәрізді болуы міндетті емес. Егер жел бағыты жылдам өзгеріп тұрса, радиобелсенді бұлттың қимылы да бір қалыпты болмайды. Адамдар сыртқы гамма-сәулелену шарпуына түсуімен бірге РЗ-дың денеге жабысуға, тыныс алу жолдарымен ағзаға өтуге, тамақ, су арқылы ішек-қарынға түскенге байланысты сәулеленеді. Алайда бұл факторлар сыртқы гамма-сәулеленуге қарағанда шіли маңызды емес көрінеді. Тек сүтпен және сумен бірге өткен 131-йод изотопы қауіпті болып саналады. Өйткені ол қалқанша безде жиналады. Табиғат РЗ-мен ластануы атом әлектр станциялары талқандалып қалғанда да немесе өздігінен атылған кезде де болады. Ондай оқиға болды да. Ол белгілі Чернобыль АЭС-ның апаты (1986ж). АЭС-ның жұмысы да ядролық реакциялардан шығу энергиясын пайдалануға негізделген, алайда әнергия шығару әдісі жарылыс түрінде емес, керісінше баяу қалпында өтеді және авария себебінен таралған радионуклидтердің құрамы біраз өзгеше келеді. Чернобыль апаты жағдайында радионуклидтердің (РЗ-дың басқаша атаулысы) жан-жаққа таралуы ұзақ мерзімге созылды және осы уақыт арасында ауа райы құбылмалы болып зарарданған зоналардың формасы желпеуіш тәрізді қалыптасты. Радиация деңгейі РЗ-дың құрамына байланысты 7 есе ұзарған уақыт сайын 2 есе басылып отырды. Дегенмен бір жыл өткеннен кейін радиация деңгейі 55 есе азайды. ЧАЭС аймағындағы ел-мекендерден халық түгел көшірілді, ауыл-шаруашылық өндіріске жердің 2 млн. гектар көлемінде тыйым салынды, өйткені оның бәрі зарарданылды деп саналған. Орманның 400 га ауданы сарғайып шықты

          Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.

           Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жіті сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады. Ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.

         ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.

          ЖСА-ның 4 мерзімі болады:

-   бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді. басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;

- екінші мерзімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа; адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;

-  үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы  түсуі   мүмкін;   қан  үйысуы  бұзылады,   жалпы  организмнің қорғаныс күштері бәсеңдеп инфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді;

- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). Шарпу мөлшеріне қарай ден-саулықтың толық қалпына келу уақыты созылыңқырап келеді. ЖСА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін. Күйіктердің бүл түрлері тереңде   жасырын   түрде   дамып,   бұлшық   еттердің,   сүйектердің жансыздануына соқтырады. Және ЖСА-ның 4 дәрежесі болады:

- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д= 100-200 рад. шамасында енген кезде өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін;

- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. өлім шығыны 20%;

- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы мүмкін. Организмның алғышқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. ұшінші дәрежеде қан денешектерінің (лейкоцит, әритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;

-         төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады. 

Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістері туындайды екен, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бұл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) деп таниды.

        Адам организміне басқа зақымдаушы факторларымен салыстырғанда электромагниттік импульсі аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әр-түрлі электр аспаптарының (аппаратураның), байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және кабельдері биік кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және төмен әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде бұндай құбылыстар орын алу мүмкін, өйткені электр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, төмен әуедегі жарылыстан пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін ендімелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек,

         ЭМИ-бен бірге радиотолқындар тарайды, олар едәіур қашықтыққа жетіп радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі.

Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында әлектромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті жоқтығынан жарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, алайда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айтканда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.

         Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.

        Әсіресе бүл маңайда орналасқан жанар, жағар майлардың қоймалары тағы да басқа женіл от алдыратын заттар болса, олар өртті мүлде күшейте түседі. Жекеленген өрт алған территорияда қалың түтін, көміртек қышқыл төтығы және басқа да улы газдар басып кетеді.

       Жарық сәулесі адамдардың денесін күйдіріп жанарын зақымдайды. Қуаты 1 млн. т. жарылыста ауа мөлдірлігі орташадай жағдайда 7 км қашықтықта адам денесі бірінші дәрежелі күйікке шалдығады (жарық күші 3 кал/см2).

       Бірінші дәрежелі күйікте терінің беті қызарып ісінеді, сыздап ауырады; екінші дәрежлі күйік шамада 6 км қашықтықта пайда болады (4-10 кал/см2), тері күлдіреп, талауратады; 4-5 км қашықтықта үшінші дәрежелі күйік өзін теріні жансызданып, ойық жара пайда болуымен білдіртеді. Бұл жерде жарық күші 10-15 кал/см2. Бұл бірнеше секунд уақыт мерзімге сығымдалған ашық ауа райында күн сәулесі жер бетінің әр см210 минут аралығында төгілген энергиясымен тең.

      Көзді зақымдауда жарық сәулесі үш түрлі әсер білдіреді: бірнеше минуттай уақытша көрмей қалу - бұл жарықтың ауытпалығына байланысты, әсіресе ымырт не түнгі кезеңде - жанары орнына өздігінен қайта оралады; алыс қашықтықтағы жарылысқа тіке қараудан болатын қабақтын көз шарасының көздің торлы қабағының күюі.

        Жарық сәулесінен өрістеген өрт салдарынан да адамдар әр түрлі дәрежелі күйіктерге шалдығады.

        Оған қосымша өрттер аумағында оттегі жетіспегендіктен, көміртек қышқылымен уланғандықтан және ауаның ыстығынан адамдар   ауыр   жағдайға  ұшырайды.  Аздап бұзылған   қорғаныс паналарында да бұл нәрселер орын алады деп күтілуде.

Химиялық қару —уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 — 36) химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

Химиялық қарудан қорғану.Химиялық қарудан қорғану — әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық қару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-