Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
semeynoe_pravo.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Пәннің оқу бағдарламасы

(Syllabus)

Пән атауы «қазақстан республикасының отбасы құқығы»

Оқу нысаны: күндізгі

Мамандық Құқықтану5B030100 Семестр 3,4

Барлығы 2 кредит

Курс 2

Топтар КЮСП-3, КЮ-2, КСК-2

Дәрістер 20 сағат

Семинар сабақтары 10 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 15 сағат

СӨЖ 45 сағат

Емтихан 5 семестр

Еңбек көлемі 90 сағат

Астана – 2012

Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер

Хамзин Ердос Жантөреұлы - заң магистрі, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы

Оқытушының ғылыми қызығушылықтары:

Азаматтық құқық ғылымының өзекті мәселелері.

Пререквизиттері: Отбасы құқығы пәнін оқудың алдында студенттер ең алдымен мына міндетті пәндерді өтуге тиіс:

1.Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқықтық қатынастардың түсінігін, субъектінің түсінігі.

2.Рим құқығы бойынша рим құқығындағы отбасы қатынасы.

3.Азаматтық құқық бойыншы азамат азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, бірлескен ортақ меншік ұғымын, зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттердің түсінігін алады.

Пәннің сипаттамасы.Отбасы құқығы азаматтық құқықтың бір саласы ретінде көрініс табады. Асырап алу, туыстық, некеге тұру кезінде азаматтар арасындағы туындайтын жеке және мүліктік қатынастарды реттейді.

Отбасы құқықғының пәні- ерлі-зайыптылардың, ата-ананың және балалардың, туысқандардың арасындағы құқықтық қатынастар. Неке отбасы қатынас ретінде осы жоғарыда аталған тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейді, айрықша ерекщелігі ретінде, отбасы қатынастарының субъектісі тек азаматтардың ғана бола алатындығы, бірақ барлығы емес тек заңда көрсетілгендері. Осыған сәйкес отбасы құқықтық қатынастарында қатысушылардың қатаң дараландыру орын алады. Сондай-ақ отбасы қатынастарының ерекшелігі оның ұзақ мерзімді сипатта болуымен және өзара сенімге негізделуімен сипатталады.

Отбасы құқығына жаңа институттардың енгізілуі, атап айтқанда неке шарты, патронат, алименттік келісім сияқты категориялар осы құқық саласының өзекті сипатқа ие болуына басты себеп болуда.

Пәннің мақсаты. Оқу бағдарламасы 17.02.98 жылғы ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының ережелерінің негізінде дайындалған және жоғары білімді заңгерлер дайындауға арналған. Отбасы құқығын оқыту барысында және студенттердің өзіндік оқуы кезінде мына мәселелер шешіледі:

  • отбасы заңнамасының нормалары және отбасы құқығының ғылыми теориялық негіздерін меңгеру;

  • неке отбасы-неке қатынастарының ерекшеліктерін оқып үйренудің нәтижесінде игерілген білімді тәжірибелік жұмыста дұрыс қолдана білу.

Отбасы құқығын оқып үйренудің нәтижесінде студенттер мынаны білу тиіс:

некеге тұрудың тәртібін, некені тоқтатудың шарттары мен негіздерін, отбасы құқықтары мен міндеттерін ажырата білу, оларға қатысты заңнамаларды қолдануды сондай-ақ ерлі-зайыптылардың құқықықтары мен міндеттері,ата-аналардың және балалардың, өзге де отбасы мүшесінің алименттік міндеттері жайлы, баланы орналастырудың нысандарын, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырып алудың нысандарын, қорғаншылық және қамқоршылық, патронатқа қатысты отбасы құқығының нормаларын қолдана білу.

Отбасы құқығының курсын игеру барысында суденттер оқу бағдарламасында көрсетілген ҚР Конституциясын, “Неке және отбасы туралы” Заңды, ҚР Азаматтық кодексін,ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін т.б заңдар мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмесімен танысуы керек.

Сабақтарды өткізу уақыты мен орнысабақ кестелеріне сай белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]