Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
semeynoe_pravo.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Бірінші аралық бақылау сұрақтары

1.Отбасы құқығының түсінігі, пәні.

2.Отбасы құқығның негізгі қағидалары.

3.Отбасылық құқықтық қатынастар: түсінігі,түрлері және субъектілері

4.Отбасы құқығын қорғау және іс жүзінде жүзеге асыру.

5.Некнің түсінігі.

6.Некеге тұрудың шарттары.

7.Некеге тұрудың тәртібі.Некеге тұрудың мемлекеттік тіркеу.

8.Некенің жарамсыздығы:негіздері құқықтық салдары.

9.Некені тоқтату:негіздері,тәртібі,құқықтық салдары.

10.АХАЖ органында некені бұзу.

11.Сот тәртібімен некені бұзу.

12.Қаза болған немесе хабар- ошарсыз кеткен зайыбының келуіне

байланысты некені қалпына келтіру.

13.Ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар.

14.Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі.

15.Ерлі-зайыптылардың әрқайсының меншігі.

16.Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігін бөлу:негізі,тәртібі.

17.Неке шарты:түсінігі,нысаны,тараптары.

18.Неке шартының мазмұны.

19. Неке шартын жарамсыз деп тану.

20.Неке шартын өзгерту және бұзу.

21.Ерлі-зайыптылардың жеке міндеттері бойнша

жауапкершілігі.

22.Ерлі-зайыптылардың ортақ міндеті бойынша жауапкершілігі.

23.Баланың туу тегін белгілеу.Әкенің ерікті түрде тану.

24.Әкелікті сот тәртібімен белгілеу.

25.Ата(ана) болуды даулу.

Екінші аралық бақылау сұрақтары

26.Кәмлетке толмаған балалардың құқығы.

27.Ата-ананың құқықтары мен міндеттері.

28.Ата-ана құқықтарынын айыру:негізі,тәртібі және құқықтық салдары.

29.Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру.

30.Ата-ана құқықтарын шектеу:негізі,тәртібі, және құқықтық салдары.

31.Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою.

32.Алименттік міндеттемелердің түсінігі,түрлері.

33.Ата-аналардың кәмлетке толмаған балалар жөніндегі алименттік міндеттемелер.

34.Ата-ананың еңбекке жарамсыз кәмлетке толған балалар жөніндегі алименттік міндеттемелер,мөлшері, негізі,өндіріп алу тәртібі.

35.Кәмлетке толған балалардың,ата-аналардың асырып алу жөніндегі міндеттемелері(мөлшері,негізі)

36.Ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері(бұрынғы ер-зайыбы).

37. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері.

38.Алимент төлеу туралы келісім:түсінігі,субъектісі,нысаны.

39.Алимент уақытында төленбегені үшін жауапкершілік.

40.Ата-ананың қамқорлығынсыз өалған балаларды тәрбиелеу нысаны.

41.Баланы асырып алу:түсінігі,шарттары және тәртібі.

42.Баланы асырап алудың құқықтық салдары.

43.Баланы асырап алудың күшін жою.

44.Қорғаншылық және қамқоршылық:негізі,тәртібі және құқықтық салдары.

45.Потронат:түсінігі.субъектісі,негізі.

46.Баланы тәрбиелеуге беру шарты:түсінігі,субъектісі,нысаны

47.Азаматық хал ахуал жағдайы.

48.ТМД-ға мүше мемлекеттердің азаматтар арасындағы отбасылық қатынастарды реттеу.

49.Азаматтығы жоқ және шетел азаматтарына неке-отбасы занамасының нормаларын қолдану.

50.Қ.Р.”Неке және отбасы туралы” заңына жалпы сипаттама.

Глоссарий

неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

жалған неке - отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке; 

отбасы- некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;

неке жасы- адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;

балалық шақ- кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

мүліктің шарттық режимі- ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;

суррогат ана шарты- балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісімін берген әйелдің арасындағы келісім;

патронат- уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;

алименттер- алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

отбасылық жағдай- некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

материалдық жағдай- жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

азаматтық хал актілері- адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар;

жақын туыстары- ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

қорғаншы (қамқоршы)- қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

қорғаншылық (қамқоршылық)- кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

репродукциялық денсаулық- адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы;

суррогат ана- суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу;

қорғаншы және қамқоршы орган- республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]