Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
semeynoe_pravo.doc
Скачиваний:
75
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырып №,

сағаттар

саны

Тақырып және оның сағаттық көлемі

Бақылау сұрақтары

Сабақтың мақсаты мен міндеті

Көкейтесті мәселелері

1 тақырып.

2 сағат

Отбасылық құқықтың пәні, әдісі, жүйесі қайнар көздері мен қағидалары

1. Отбасылық құқықтың пәні

2.Отбасылық құқықтың әдісі

3. Отбасылық құқықтың жүйесі мен қайнар көздері

4. Отбасылық құқықтың салалық кағидалары

Мақсаты: некеге тұрудың шарттары мен тәртібін білу.

Міндеттері:

-неке нақтылығы және оның жолындағы кедергілері жөнінде заңды нормаларды игеру

-некеге тұруға және некені бұзуға байланысты сұрақтарды шешу және алған білімін тәжірибеде қолдану.

Отбасылық құқық дербес оқу пәні бола отырып, қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

2 тақырып.

2 сағат.

Отбасы құқықтық қатынастары.

1. Отбасы құқығындағы әрекет қабілеттілігі және құқық қабілеттілігі.

2. Отбасы құқығындағы заңи факті.

3. Отбасы қатынастарының жалпы сипаттамасы.

4. Отбасы құқықтарының жүзеге асырылуы. Отбасы құқықтарын қорғау және жауаптылық шаралары.

Мақсаты: отбасы құқығындағы заңи фактілер ұғымын талдай білу.

Міндеті:

- отбасы құқығындағы құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасын меңгеру;

- отбасы құқықтарының жүзеге асырылуын және оларды қорғау шараларын меңгеру;

Отбасы құқықтарын жүзеге асырудың өзекті кейбір мәселелеріне тоқталу.

3 тақырып.

4 сағат

Қазақстан Республикасының заңнамасындағы неке институты

1. Неке ұғымы, құқықтық сипаттамасы

2. Некенің ҚР заңнамасы бойынша рәсімделуі

3. Некеге тұру шарттары

4. Некені жарамсыз деп тану

5. Некені бұзу

Неке институтын оқып-үйрене отырып неке түсінігін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру керек, сонымен қатар некенің құқықтық сипаттамасын қарастыру қажет.

Басты назарды неке жасасуға қажетті шарттарға, некені жарамсыз деп танудан туындайтын проблемалараға. Сонымен бірге некені бұзу мен тоқтатудың құқықтық салдарына аударған жөн.

4 тақырып.

4 сағат

Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері

  1. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен мүліктік құқықтарының түсінігі

  2. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттерінің түрлері

  3. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі

  4. Ерлі-зайыптылардың жеке меншігі

  5. Неке шарты.

Жеке құқықтар неке одағының беріктігінің негізін құрайды және ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда басты орын алады. Жеке құқық қатынастарын моральдық нормаларға негізделген өзара жеке қарым-қатынастардан айыра білу қажет.

Ерлі-зайыптылар ара-қатынасы терең әрі көп қырлы. Бұл салада құқық пен моральдың байланысы нақты көрінеді. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттелуге жатпайды. Бұлардың көпшілігі мораль нормаларымен реттеледі.

5 тақырып.

2 сағат

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері

  1. Баланың туу тегін белгілеу

  2. Баланың құқықтары

  3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

  4. Ата-ана құқығынан айыру және оларды шектеу

Бұл тақырыпы аясында ата-аналардың балаларының алдындағы құқықтары мен міндеттері жайлы және керісінше ер жеткен балалардың ата-аналарының алдындағы міндеттері жайлы ақпараттар зерттелуі тиіс.

Ата-ана міндеттерін орындаудан, алимент төлеуден қасақана жалтарса, өз баласын перзентханадан, емдеу мекемелерінен алудан дәлелді себептерсіз бас тарту

6 тақырып.

2 сағат.

Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастыру нысаны

1. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды айқындау және орналастыру.

2. Бала асырап алу ұғымы, тәртібі мен шарттары. Бала асырап алудың күшін жою.

3. Қорғаншылық және қамқоршылық.

4. Патронат ұғымы, құқықтық сипаттамасы.

Еліміздегі ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың санының күндеп өсуі аталған тақырыптың бүгінгі таңдағы аса өзекті мәселелердің біріне айналдыруда. Осы ретте, аталған топқа жататын балаларды орналастыру нысандарын терең меңгеру осы тақырыптың басты мақсаты болып табылады. Сондай-ақ, осы тұста баланы асырап алу институтына да баса көңіл бөлінбек.

Бүгінгі таңдағы шетел азаматтарының еліміздегі балалар үйінен көптеп бала асырап алу мәселесі қоғамда үлкен талқылау туындатқан аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

7 тақырып.

4 сағат

Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары

  1. Алименттік міндеттемелер түсінігі

  2. Ата-аналардың алименттік міндеттемелері

  3. Балалардың алименттік міндеттемелері

  4. Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттемелері

  5. Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері

  6. Алиментті төлеу туралы келісім

  7. Алиментті сот тәртібімен төлеттіру және өндіріп алу тәртібі.

Мақсаты: Алимент өндіріп алудың тәртібі мен мөлшеріжәне субъективтік жағдайын білу.

Мідеттері:

-алимент өндіріп алу жөніндегі заңды нормаларды игеру;

-алимент көлемін және оны өндіріп алуға байланысты, алимент төлеуден босату негізіне байланысты дауды тиянақты шешуге және алған білімді тәжірибеде қолдана білу.

Алимент өндіріп алу тәртібі және мөлшерін анықтау.

Алимент-тік келісім

Шетелге тұрақты көшетін тұлғадан алимент өндіріп алудың ерекшелігі

Алимент төлеуден босату тәртібі мен негіздері.

Алиментті төлеуден жалтару-дың жауапкершілігі.

Барлығы 20 сағат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]