Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_ekzamen_shpora_alf-1.doc
Скачиваний:
401
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
675.33 Кб
Скачать

48. Көздің рецепторлық аппараты. Фоторецепторлық жасушалар. Торлы қабықтың нейрондық құрамы мен глиоциттері. Көздің қосымша аппараттары. Адамның жасына байланысты өзгерістері.

Рецепторлы, күн сәулесін қабылдаушы аппаратқа көздің торлы қабығы жатады.

Тор немесе торлы қабық – retina – көз алиасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа қарашыққа дейін жанасып жатады. Басқа қабықтардай емес, ол эктодермадан пайда болады (көздің дамуы туралы материалды қараныз) және өзінің пайда болу тегіне қарай екі: пигиенті бар сыртқы – pars pigmentosa және ішкі – pars nervosa бөліктерінен тұрады. Ішкі бөлік өзінің қызметі мен құрылысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: артқы бөлімінде жарықсезгіш элементтер бар да – pars optica retinae, ал алдыңғы бөлімінде ондай элементтер болмайды. Олардың арасындағы шекара choroidea – ның кірпікті дененің ordiculuscciliaris – не ауысу деңгейінде орналасқан тісті жиек – ora serrata арқылы өтеді. Pars optica retinae тіпті өте мөлдір, тек өлікте ғана күңгірттенеді.

Офтальмоскоп арқылы тірі адамның көзін қарағанда, оның түбі мөлдір, торлы қабық тамырлы қабықтағы қанның әсерінен қызыл-қошқыл болып көрінеді. Осы қызыл фонда көз түбінде көру нервінің торлы қабықтан шығатын жері болып табылатын ақшыл дөңгелек дақ көрінеді. Көру нервісінің торлы қабықтан шығатын жері көру нервінің дискісі – discus n. optici деп аталады. Оның ортасында кішкене ойысы – excavation disci – бар. Айнамен қарағанда осы ойыстан шығып торлы қабыққа кететін тамырлар да жақсы көрінеді.

Көру нервінің талшықтары өздерінің миелинді қабығынан айырылып, дискіден барлық жаққа қарай pars optica retinae бойымен таралады. Диаметрі 1,7 мм-ге жуық көру нерві көздің артқы полюсінен сәл медиальды (мұрынға қарай) орналасады. Одан латеральды және сонымен қатар, артқы полюстен сәл самай жаққа қарай көлдеңеді І мм сопақ пішінді алаң түріндегі macula деп аталатын дақ байқалады. Оның ортасында нүкте тәрізді шұңқыры – fovea centralis – бар және ол тірі адамда қызыл-қоңыр түске боялған. Бұл көздің ең өткір жері.

Торлы қабықта щеткі ұштары таяқша мен сауытқа ұқсайтын жарықсезгіш клеткалар жатады. Олар пигментті қабатқа жанаса торлы қабықтың сыртқы қабатында орналасқандықтан, жарық сәулелері оларға жету үшін бүкіл торлы қабық қабатына өтуі керек. Таяқшаларда көру пурпуры дейтін болады, олар қаранғыда торлы қабыққа қызғылт түс береді, ал жарықта түссізденеді. Пурпурды пигменттік қабаттың клеткалары түзеді деп есептеледі. Сауыт тәрізді клеткаларда көру пурпуры болмайды. Macula – да тек сауыт тәрізді клеткалар ғана бар, ал таяқшалар жоқ. Көру нерві дискісі аймағында жарықсезгіш элементтер жоқ, сол себепті бұл жер көру сезімін бермейді, сондықтан соқыр дақ деп аталады.

14. Көздің қосымша аппараты: Көздің қосалқы мүшелері.

Көз алмасының бұлшықеттері. Көздің қозғалыс аппараты алты ерікті (көлденең жолақты): жоғарғы, төменгі, медиальды және латеральды түзу бұлшықеттерден – mm. recti superior, interior, medialis, et lateralis, жоғарғы және төменгі қиғаш бұлшықеттерден – m.m. obliquus superior et inferior – тұрады. Төменгі қиғаш бұлшықеттен басқа бұлардың барлығы көз шарасының түбіндегі көру өзегінің айналасы мен fissure orbitalis superior – ге жанасып жатқан бөлігінде осы жерде жайғасқан ортақ сіңірлі сақинадан – annulus tendineus communis – тен басталады; сіңірлі сақина воронка түрінде а.ophthalmica – мен қоса көру нервін, сондай-ақ n.n. oculomotorius, nasociliaris et abducens-терді қорщап жатады.

Түзу бұлшықеттер өздерінің алдыңғы ұштары арқылы көз алмасының экваторы алдында, оның төрт жағына бекіп, сінірлердін көмегімен ақ қабықшамен бітісіп кетеді. Жоғарғы қиғаш бұлшықет маңдай сүйектің fovea trochlearis-ке немесе бар болса spina trochlearis-ке бекіген талшықты-шеміршекті кішкене сақина – trochlea – арқылы өтеді, содан кейін сүйір бұрыш жасай артқа және бүйір жаққа қарай бұрылып, көз алмасына оның жоғарғы латеральды жағында экватордың артында бекиді. Төменгі қиғаш бұлщықет көзжас қапшығы шұқыршағының латеральды шеңберінен басталып, бүйір және арт жағына қарай төменгі түзу бұлшықеттің алдыңғы ұшынан төмендеу көз алмасы астына кетеді; оның сіңірі көз алмасының бүйір жағынан экватордың арт жағында ақ қабықшаға бекиді.

Көз шарасының шел майы мен көз алмасының қынабы. Көз шарасы canalis opticus пен жоғарғы көз саңылауы жананда мидың қатты қабықшасымен бітісіп-өсетін сүйек қабығымен – periorbita – астарланған.

Қабақтар – palpebrae (грекше blepharon,осыдан – блефарит – қабақтың қабынуы) – көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ – palpedra superior – төменгі қабақтан үлкендеу; оның үстінгі шекарасы қас – supercilium – маңдаймен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы. Көзді ашқанда төменгі қабақ ауырлығы күшімен ғана сәл төмен түседі де, ал жоғарғы қабақ оған келетін m. levator palpebrae superioris – тің жиырылуынан белсенді түрде жоғары көтеріледі. Екі қабақтың бос жиегі алдыңғы және артқы қырлармен – limdus palpebralis anterior et posterior-мен шектелген. Алдыңғы қырдың дәл арт жағынан қабақ жиегінен бірнеше қатар қысқа қатты түктер – кірпіктер (cilia) өсіп шығады. Кірпіктер көздің ішіне бөгде заттың түсіп кетіуінен қорғайды.

Көздің дәнекер қабықшасы – tunica conjunctiva – қабақтардың бүкіл артқы бетін қаусырып, көз шарасы жиегі қасында көз алмасынан қарай бүгіліп, оның алдыңғы бетін жабады. Оның қабақтары жабатын бөлігі tunica conjunctiva palpedrarum деп, ал көз алмасын қаусыратын бөлігі tunica conjunctiva bulbi деп аталады. Сөйтіп, коъюнктива алдыңғы жағында көз саңылауы аймағында ашық қапшық түзеді. Шығу тегі жағынан сыртқы тері жабынының жалғасы болғанымен конъюнктива кілегейлі қабықшаға ұқсайды. Ол қабақтарда шеміршектермен тығыз бітісіп, ал қалған жағында астында жатқан бөліктерімен мөлдір қабықшаға дейін босандау қосылады, ал мөлдір қабықтың жиегінде оның эпителийлі жабындысы тікелей corneo эпителиіне ауысады. Конъюнктиваның қабақтардан көз алмасына ауысатын жерлері жоғарғы және төменгі күмбездер – fornix conjunctivae superior et inferior – деп аталады. Жоғарғы күмбез төменгі күмбезден төмендеу. Күмбез дегеніміз – көз бен қабықтың қозғалысы үшін қажетті конъюктиваның қосалқы қатпарлары. Көз саңылауының медиальды бұрышы аймағындағы caruncula lacriimalis-тан латеральды жатқан конъюктиваның жарты ай тәрізді қатпары да – plica semilunaris conjunctivae – осындай роль атқарады. Морфологиялық жағынан Ол үшінші қабақтың (ымдау жарғағының) рудименті болып табылады.

Көз жасы аппараты конъюнктивті қапшыққа жас бөліп шығаратын көз жасы безінен және сол безден басталатын көз жасын шығаратын жолдардан тұрады. Көз жасы безі – glandula lacrimalis құрылысы бөлікті, типі жағынан альвеолалы-түтікті, маңдаң сүйегінің fossa lacrimalis-інде жатады. Оның 5-12 шығарушы өзектері – ductuli excretoril – конъюнктива қапшығы күмбезінің латеральды бөлігінде ашылады. Олардың бөлінетің көз жасы сұйықтығы көз саңылауының медиальды бұрышындағы көз жасы көліне ағып кетеді. Көз жабық тұрғанда бұл сұйықтық екі қабықтың жиектерінің артқы қырлары мен көз алмасы арасында түзілетін көз жасы жылғасы – rivus lacrimalis деп аталатын кішкене кеңістіктің бойымен ағады. Көз жасы көз жасы көлі қасындағы қабақтардың медиальды шетінде орналасқан кішкентай тесіктерге келеді. Тесіктерден кететін екі жіңішке көз жасы өзекшесі – canaliculi lacrimales – көз жасы көлін айналып өтіп, жеке-жеке немесе бірге көз жасы қапшығына құяды.

Көз жасы қапшығы – saccus lacrimalis – көз шарасы ішкі бұрышының айрықша сүйекті шұқыршағында жатқан мұрынжас түтігінің жоғарғы тұйық шеті. Көз жасы қапшығы қабырғасынан басталатын pars lacrimalis m. orbicularis oculi шоғырлары («Бет бұлшықеттерің» қараңыз) оны кеңейтіп,сол арқылы көз жасының көз жасы өзекшелері арқылы сіңірілуіне көмектеседі. Көз жасы қапшығының төмен қарайғы тікелей жалғасы аттас өзекке өтіп, төменгі қалқан астында мұрын қуысына ашылатын мұрын-көз жас түтігін құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]