
- •17. Адамның провизорлы мүшелері жайлы ұғым. Хорион, амнион, сары уыз қапшығы, аллантоис. Оның құрылымдары және маңызы.
- •33. Арнайы қасиетi бар тiндер: ретикулярлы тін, май тіні, шырышты және пигмент тіндері.Олардың таралуы, қызметі, құрылыс ерекшеліктері.
- •37. Бұлшық ет тіндерінің жалпы морфрфункционалдық сипаттамалары. Ет тіндерінің морфофункционалдық және гистогенетикалық жіктелуі. Шығу тегі эпидермалды, нейралды ет тіні.
- •19. Дамудың қатерлі кезеңдері жайлы ұғым. (п.Г.Светлов). Адам ұрығының негізгі қатерлі кезеңдері. Детерминация процесінің бұзылуы аномалия мен кемтарлықтың себептері ретінде.
- •5. Жасушалық қабық (плазмолемма). Плазмолемманың химиялық құрамы мен функциясы. Жасушааралық байланыс /контакты/.
- •16. Имплантация, оның стадиялары. Адам имплантациясының ерекшелігі. Гаструляция. Ұрықтық гистогенез. Эмбрионалдық бастама жасушларының дифференцировкасының негізінде тіндердің пайда болуы
- •47.Көздің негізгі функциональдық аппараттары: диоптрикалық (жарықты сындыратын), және аккомодациялық
- •1) Диоптриялық аппарат, күн сәулесін сындырушы. Оған қасаң қабақ, көздің алдыңғы және артқы камера сұйықтығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене жатады.
- •12. Көздің аккомадациялық аппараты.
- •48. Көздің рецепторлық аппараты. Фоторецепторлық жасушалар. Торлы қабықтың нейрондық құрамы мен глиоциттері. Көздің қосымша аппараттары. Адамның жасына байланысты өзгерістері.
- •24.Көпқабатты эпителилер: көпқабатты жазық түленетін, көпқабатты жазық түленбейтін және көпқабатты ауыспалы эпителий. Көпқабатты эпителилердің шығуы, таралуы, қызметі мен құрылысындағы ерекшеліктері.
- •46.Көру мүшесі. Жалпы морфо-функциональдық сипаттамасы. Дәм көздері мен эмбриональдық дамуы. Көз алмасының жалпы құрылысы.
- •26. Қан жүйесі туралы ұғым. Қан мен лимфаның құрамы, оның негізгі қызметі. Гемограмма және лейкоцитарлық формула. Қанның жасқа қарай өзгеруі.
- •15. Майдалану. Анықтамасы. Адам ұрығында майдаланудың сипаттамасы. Морула. Бластоцисталар.Эмбриобласт, трофобласт.
- •27. Қан мен лимфаның формалық элементтері. Эритроциттер және лимфоциттер.Қан құрамындағы эритроциттер мен тромбоциттерге морфофункционалды сипаттама.
- •29. Қан түзу туралы түсінік. Гемопоэздің түрлері. Ұрықтық гемопоэедегі қанның тін ретінде дамуы. Оның кезеңдері мен сипаттамалары.
- •28.Лейкоциттер классификациясы. Гранулоциттер мен агранулоциттер. Құрылысы, функциясы. Лейкоцитарлық формула / пайыздық мөлшерлері/.
- •6.Мембраналы органеллалардың құрылымдық- қызметтік сипаттамасы: эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, митохондрия, лизосома, пероксисома
- •32. Талшықты дәнекер тіндері, олардың түрлері, құрылысы және қызметі.Сіңір- мүше ретінде.
- •21. Тіндердің эволюциясы мен заңдылықтары. Тіндердің жіктелуі. Жаңарып отыратын лабилді және тұрақты жасушалар популяциясының физиологиялық регенерациясы, реперативтік регенерациясы.
- •14. Ұрықтану. Анықтамасы. Адамдағы ұрықтану процессінің ерекшеліктері. Ұрықтану және оның биологиялық маңызы
- •11.Эндорепродукция. Полиплоидия және оның қызметі мен биологиялық маңызы. Полиплоидияның даму механизмі. Эндомитоз, екі және көп ядролы жасушалар. Мейоз және оның ерекшелігі мен биологиялық маңызы.
- •22.Эпителиальді тіндердің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Базальды мембранаға түсінік. Морфофункционалдық және генетикалық жіктелуі.
- •25. Эпителиальді тіндердің секреторлық қызметі. Безді эпителийлердің құрылысы мен жіктелуі. Секреторлық процестің гистофизиологиясы. Секреция түрлері: голокринді, апокринді, мерокринді.
16. Имплантация, оның стадиялары. Адам имплантациясының ерекшелігі. Гаструляция. Ұрықтық гистогенез. Эмбрионалдық бастама жасушларының дифференцировкасының негізінде тіндердің пайда болуы
Имплантация – ұрықтың жатыр қабырғасына енуі, ол 7-ші тәулікте жүреді. Имплантацияда екі стадияны ажыратады: адгезия (жабысу) және инвазия (ену). Бірінші стадияда трофобласт жатыр қабырғасына жабысып, митоз арқылы цитотрофобласт пен симпластотрофобласт қабаттарына түрленеді. Цитотрофобласт - жасушалық құрылымын сақтап қалатын және бластоцельді қорғайтын ішкі қабат, ал симпластотрофобласт - жасушалары плазмалем- маларынан айырылып, біріккен ортақ цитоплазмалық массасында ядролары кездейсоқ орналасқан сыртқы қабат. Екінші стадия кезінде симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттерді өндіріп, жатырдың шырышты қабығын бұзады. Бұл кезде трофобласт бүрлері жатырға еніп, бір ізділікпен эпителиді, дәнекер тінін және қан тамырларының қабырғасын теседі, нәтижесінде имплантациялық шұңқыр пайда болады. Трофобласт алғашында аналық тіннің ыдыраған материалын пайдаланады (қоректенудің гистиотрофты түрі), кейіннен ол тікелей ана қанымен қоректенеді (қоректенудің гемотрофты тип). Ана қанынан ұрық қоректі заттарды ғана алып қоймай, тыныс алуға қажет оттегіні де алады. Осы кезде жатырдың шырышты қабығында гликогендерге бай децидуальді жасушалар түзіледі. Ұрық толығымен имплантациялық шұңқырға батқан соң, шұңқыр қан және аналық тіннің бұзылған өнімдерімен толтырылады. Имплантациялық кезең ұрықтық дамудың алғашқы қатерлі кезеңі болып табылады.
Гаструляция
Гаструляция химиялық және морфогенетикалық өзгерістердің күрделі процесі. Бұл кезде жасушалар көбейеді, өседі, орын ауыстырады және дифференцировкаға ұшырайды. Нәтижесінде тіндер мен мүшелер бастамаларының, білікті мүшелер комлекстерінің шығу көзі - ұрықтық жапырақшалар пайда болады: сыртқы (эктодерма), ортаңғы (мезодерма) және ішкі (энтодерма).
Адамдарда гаструляция екі фазадан тұрады. Бірінші фаза 7-8-ші тәуліктерде, ал екінші фаза 14-15-ші тәуліктерде басталады. Бұл фазалардың арасындағы кезеңде ұрықтан тыс мүшелер қалыптасады.
Гаструляцияның бірінші фазасы деляминация (лат. lamina — табақша) тәсілімен жүреді. Бұл кезде екі ұрық жапырақшалары сыртқы – эпибласт (екіншілік эктодерма, мезодерма және хорда материалдарынан тұрады) және ішкі – гипобласт (ұрықтық және ұрықтан тыс энтодерма материалдарынан тұрады) түзіледі. Эпибласт кейінірек 8-ші тәулікте қалыптасатын амниондық көпіршікті түзеді.
Гипобласт қалыптаса бастаған сары уыз қапшығының үстіңгі қабырғасын түзеді. Деляминациянының артынша сыртқы және ішкі жапырақшалардан бластациста қуысына жасушалар көшеді. Олар бластоцистаның қуысына орналасып, ұрықтан тыс мезодерманы (мезенхима) қалыптастырады. 11-ші тәулікте жасушалар бластоцистаның қуысын толтырады. Мезенхима трофобласқа қарай өсіп, оған енеді де, осы кезде ұрықтың бүрлі қабығы – хорион түзіледі.
Ұрықтан тыс мезодерма амниондық және сары уыз көпіршіктерін қалыптастыруға қатысады. Адамдарда сары уыз қапшығында сары уыз болмайды, ол сірлі сұйықтықпен толтырылған.
Гаструляцияның екінші фазасы жасушалардың көшу (иммиграция) тәсілімен жүреді. Ол 14-15 тәуліктен басталып 17-тәулікке дейін созылады. Эпибластағы жасушалар қарқынды бөлінеді. олар сыртқы және ішкі жапырақшалардың арасына орналасып, орталыққа қарай жылжиды. Жасушалық материалдың көшу процесі нәтижесінде алғашқы жолақ түзіледі. Алғашқы жолақтың бас жағы жуанданып алғашқы түйіншек пайда болады, одан хорда бастама алады. Хорда білікті қаңқаның қалыптасуына негіз болып табылады.
17 - тәулікте білікті мүшелердің қалыптасуы жалғасады. Бұл стадияда барлық үш ұрық жапырақшалары: эктодерма, мезодерма, энтодерма көрінеді.
20-21 тәуліктерде ұрық денесі ұрықтан тыс мүшелерден босап тұлғалық қатпарлар пайда болады. Кейінірек гистогенез және органогенез процестері жүреді.