Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ВЗД-172 / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
550.43 Кб
Скачать

1.6.1 Бұрандалы түптік қозғалтқыштармен бұрғылау ерекшеліктері

Қозғалтқышты ұңғымаға түсіруде түптен 10... 15 м – де бұрғылау сорабын қосу керек және ұңғыманың түп алдындағы аймағын қозғалтқыш жұмысы кезінде жуу қажет. Қозғалтқыштың іске қосылмауы сораптан шыққанда қысымның тез жоғарылауымен белгіленген. Бұл жағдайда қозғалтқышты іске қосу керек.

Ротормен бұрғылау тізбегінің айналуымен бір уақытта сұйықтықты айдап қозғалтқышты іске қосу керек. Қозғалтқышты түпке соққылаумен іске қосуға жол берілмейді. Аспаптың сол жақ айналуының алдын алу үшін қозғалтқыштың реактивті момент әсерінен сыналар көмегімен ротордың айналып кетуін болдырмайды. Бұрандалы түптік қозғалтқыштар өздерінің энергетикалық сипаттамаларымен қашауда жоғары остік жүктеме (Д-195 түрдегі қозғалтқыш 250...300 кН-ға дейін, Д-88 қозғалтқышы 30 кН-ға дейін) қалыптастыруға мүмкіндік береді, бірақ жаңа қашауды іске кірістіру 10...15 мин ішінде төмендеілген остік жүктеме кезінде жүзеге асырылуы тиіс.

Бұрандалы түптік қозғалтқышпен бұрғылау режимінің тиімді параметрлерін таңдауда оның сипаттамаларының ерекшеліктерін ескере қарастырылуы тиіс: айналу жиілігінің бұрғылау сұйығының шығынына пропорционалдығына; салыстырмалы «қатты» жылдамдық сипаттамалары жүктеме астында (қозғалтқыштың тұрақты жұмыс аймағында бос жүріс режимінен ең жоғары қуатағы режиміне дейін айналу жиілігі 15...20%-ға төмендейді) қозғалтқышта қысымның төмендеуінің қашау моментіне сызықтық тәуелділігі.

1.3–кесте-Бұрандалы түптік қозғалтқыштардың техникалық сипаттамалары

Басты параметрлері

Д1-88

Д1-127

ДЗ-172

Д4-172

Д1-195

Д2-195

ДЗ-195

Бұрғылау сұйығының шығыны, л/с

4,5...7,0

15,0...20

25,0...35

25,0...35

25,0...35

25,0...35

20,0...35

Шпиндель білігінің айналу жиілігі, айн/мин

162,0...300,0

132,0...174,0

78,0...108,0

90,0...120,0

80,0...100,0

90,0...114,0

78,0...120,0

Қысымы, МПа

5,8...7,0

6,5...8,7

3,9...4,9

5,0...7,0

4,0...5,0

4,3...6,7

6,0...11,0

Біліктегі күш моменті, кН • м

0,53...061

2,2...3,0

3,1...3,7

5,2...7,0

6,5...8,0

5,2...7,0

8,0...12,0

Қолданылатын қашау диаметрі, мм

98,4...120,6

39,7...158,7

190,5

190,5

215,9

215,9

215,9

Сыртқы диаметрі, мм

88,0

127,0

172,0

172,0

195,0

195,0

195,0

Ұзындығы, мм

3230,0

5545,0

6 880,0

7000,0

7675,0

6535,0

7735,0

Масса, кг

110,0

387,0

912,0

850,0

1350,0

1100,0

1200,0

Бөлім бойынша қорытынды:

Бұрандалы түптік қозғалтқыштар қажетті бөліктерінің санаулылығымен және құрылысының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұрандалы қозғалтқыштың турбобұрғыдан ерекшелейтін ең басты айырмашылығы, оның жұмысты аса қатал жағдайларда атқара алуы.

Түрлі аймақтарда жүргізілген жұмыс нәтижелерінің арқасында бұрандалы қозғалтқыштардың кез-келген тығыздықтағы жуу сұйықтығымен жұмыс істей беретіндігі анықталған.

Отандық ондаған жылдар бойы түптік қозғалтқыштар эволюциялық даму жолынан өтіп, жоғары көсеткіштерді алуды қамтамасыз етіп, бұрғылау мен мұнай және газ ұңғымаларын жөндеудің тиімді техникалық құралына айналды. Бұрғылау үлесінің салмағының тұрақты өсуі БТҚ объективті қолайлы факторлар (жаңа буын бұрғылау нарығында төмен жылдамдықтағы төмен айналымды шорошкалы қашаудың пайда болуы мен бұрғылау жұмысы жаңа технологияларының дамуы) ретінде түсіндіріледі.

28