Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ВЗД-172 / 1. Техникалық бөлім.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
550.43 Кб
Скачать

1.5 Бұрандалы түптік қозғалтқыштарды құрастыру

Қозғалтқыштарлы құрастыру және жөндеу жұмыстарын стандартты турбиналық қоймаларда болатын қондырғылар арқылы жүзеге асырады.

Статордың бұрандаларын шешу кезінде оның сыртқы корпусын майыстыру қаупі зор.

Егер де кілттік жұдырықшалары оның бетінде орналасқан болса, жоғарыдағы келтірілген жағдайды болдырмас үшін кілттің жұдырықшасын статордың бетімен бір мезетте ұстау керек.

Роторды статордан бұрап алу арқылы немесе 1.7 - суретінде көрсетілгендей шығыр арқылы шығарады.

1.6–сурет-Статордан алмастырушыны бұрап алу сызбасы

1.7–сурет-Жұмыс жұбын бұзудың сызбасы

Қозғалтқыш шпинделін, діл турбобұрғылар сияқты бөлшектейді. Әсіресе остік тірегіне көп мән береді: тіректі біліктен дорбамен шешіп алған дұрыс. Шарларды бір добрадан екінші дорбаға ауыстыруға немесе жөнделгендердің орнына басқа шарларды пайдалануға болмайды. Жеке шарлардың жойылған жағдайында немесе мойынтіректің екеуінен де осы шарлардың қатарын өшіріп тастауға болады.

Статордың сырттай резеңке қабатының түгелдігі тексеріледі, диаметрін қадағалайды Dе.

Статор арнасының қисықтығын статор қабатыны ұзындығымен тең болатын калибрмен тексереді. Сондай-ақ диаметра Dе көлеміне сәйкес, қажетті көлемдегі диаметрдегі калибр қолданылады. Егер да калибр бүкіл қабатына кірмейтін болса, мұндай статорды жарамсыз деп таниды.

Басқа бөліктеріне бағытталған қадағалау жұмыстары мен жарамдылықтарын тексеру жұмыстары қарапайым түптік қозғалтқыштарға қойылатын талаптардың ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.

Қозғалтқыштарды жинай кезінде оның бөліктерін 1.2-кестесіне сай етіп майлайды.

1.2– кесте-Жұмыс кезіндегі бұрандалы қозғалтқыштардың майы

Бөлімі мен бөлігі

Майлаушы материал және стандарттың нөмірі

Пайдалану тәсілі

Пайдаланатын жері

Шпиндель білігі

ГОСТ 20799-75 бойынша И30А немесе И45А маркілі индустриалы май

Қабатпен жағылады

Отырғызатын бөлігі

Статор, ротор, төменгі тіреуіші, төменгі тіреуіштің төлкесі

ГОСТ 6757-73 бойынша техникалық май

Дәл сондай

Резеңке беті мен резеңкеге тиетін дене беті

Шарнир

ГОСТ 6267-74 бойынша ЦИАТИМ-201 майы

Толтырылады

Жартылай жалғастырғыш шарнирлардың арасының ішкі беті

Корпусқа бекітілетін бөліктер

МРТУ 12Н98-64 бойынша насос майы

Қабатпен жағылады

Біліктердің сырқты беттері

Бұрандалы байланыстар

ТУ38-101330-73 бойынша Р-113 майы

Дәл сондай

Бұранда көрінісі

1.6 Бұрандалы түптік қозғалтқыштарды қолдану аймағы және тиімділігі

Отандық ондаған жылдар бойы түптік қозғалтқыштар эволюциялық даму жолынан өтіп, жоғары көсеткіштерді алуды қамтамасыз етіп, бұрғылау мен мұнай және газ ұңғымаларын жөндеудің тиімді техникалық құралына айналды. Бұрғылау үлесінің салмағының тұрақты өсуі БТҚ объективті қолайлы факторлар (жаңа буын бұрғылау нарығында төмен жылдамдықтағы төмен айналымды шорошкалы қашаудың пайда болуы мен бұрғылау жұмысы жаңа технологияларының дамуы) ретінде түсіндіріледі және қозғалтқыштарды пайдаланудағы маңызды артықшылықтарының ішінде бірінші кезекте атап өткен жөн:

- қолайлы энергетикалық сипаттамалары – төмен айналу жиілігінде жоғары айналу моменті түрлі түрдегі қашауды тиімді өңдеуді қамтамасыз етеді;

- қозғалтқыш қысымының салыстырмалы аздап төмендеуі гидро - мониторлы қашауды қолдануға мүмкіндік береді;

- әр түрлі тығыздықтағы (газдалғаннан бастап 2000 кг/м3 дейін және одан жоғары ауырлатылған тығыздықты) бұрғылау сұйығын қолдану мүмкіндігі;

- ең төменгі турбобұрғылармен салыстырғанда осьтік өлшемдері және

жоғары арнайы айналушы моменті, қозғалтқыштарды көлбеу бағытталған және көлденең ұңғымалардың түрлі қисықтық радиусында бұрғылауда қолдануға мүмкіндік береді.

Ұңғыманы күрделі жөндеуде қазіргі уақытта кіші өлшемді бұрандалы қозғалтқыштар іс жүзінде еліміздің барлық бөліктерінде қолданылатын турбобұрғылардың орнын басты. Технологиялық мәселелердің әртүрлілігі стандартты өлшемдері үлкен 42 – ден 127 мм-ге дейінгі диаметрлі бұрандалы қозғальтқыштарды жасауды талап етті, әдетте құм мен цемент тығындарын бұрғылау үшін, пайдалану тізбегін қайта бұрғылауда және басқа да жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын. Бұл машиналарды пайдалану тәжірибесі растағандай, алуан түрлі санаттағы күрделі жөндеу проблемасын шешу олардың көмегімен әлдеқайда тиімді (қарапайым және арзан) болып табылады. Бригаданың еңбек өнімділігі күрт көтерілді, күрделі жөндеудің техникалық мүмкіндіктері кеңейді, кейбір жағдайларда ұзақ жұмыс істемейтін төтенше ұңғымаларды белсенділердің бірқатарына енгізуге мүмкіндік берді.

Соңғы жылдары кіші өлшемді бұрандалы қозғалтқыштар жұмыс істемейтін ұңғымаларды қалпына келтіру үшін бүйірлік оқпанды (оның ішінде соңы көлденең бүйірлік оқпандар) бұрғылауда кең қолданыс тапты. Бұл жаңа әдіс қабаттың мұнай бергіштігін көтеріп мен қосымша ұңғыларды бұрғылау көлемін қысқартады.

Диаметрлері 172, 155, 127, 106, 95 және 75мм БТҚ–тың арнайы конструкциясының технологиялық элементтерімен және қисықтық механизмдерімен жабдықталуы елімізде көлденең бұрғылауды дамыту мен жетілдіруде маңызды рөл атқарды. [2]