Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / МүрымбаиМ / МүрымбайМ.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.18 Mб
Скачать

4.2 Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдағанда өнім сапасының құрамына кіретін және оның сапа деңгейін бағалауға мүмкіндік етуді қамтамасыз ететін өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасының атауларының тізімі белгіленеді.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау төмендегілерді есепке алып негізделеді:

- өнімнің тағайындалуы мен қолданылу шарты;

- тұтынушы талаптарының таңдауы;

- сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;

- өнімнің сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары.

Тіремелік полимер тақта сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте - Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы

Көрсеткіш атауы

Нормативтік мәндері

Серіппелі клемалардан түсетін вертикальдық /бүйірлік жүктеме, к Н, кем емес

60/50

Тығыздығы, г/см

1,56

Иіліс кезіндегі сығылуға беріктігі, мПа, кем емес

144

(20±2)°C температурасы жағдайында Шарпи бойынша тұтқырлығы, кДж/м, кем емес

54

(23±2)°C температурасы жағдайында, 24 cағат ішіндегі су сіңірімділігі, %,

0,8

(20±2)°C температурасы жағдайында,« Л» өзектік майының әсерінен кейінгі масса өзгерісі, %, артық емес

5

Жүктеме астында иіліс температурасы, °С/мПа

190/1,81

Меншікті көлемдік кедергі, Ом* см, кем емес

1*10

Тақта массасы, г

325±5

4.3 Өнімнің сапа деңгейін бағалау

Тіремелік полимер тақтаның техникалық деңгейі мен сапасын бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің келесі негізгі топтардың номенклатурасы қолданылады:

- тағайындау көрсеткіштері;

- сенімділік көрсеткіштері;

- эргономикалық көрсеткіштер;

- эстетикалық көрсеткіштер;

- технологиялық көрсеткіштер;

- стандарттау мен сертификаттау көрсеткіштері;

- патентті-құқықтық көрсеткіштер;

- қауіпсіздік көрсеткіштері.

Тағайындау көрсеткіштері құрылымдық және технико-пайдаланушылық қасиеттерді сипаттайды.

Тағайындау көрсеткіштер тобына кіреді:

- салмағы;

- габаритті өлшемдері.

Сенімділік көрсеткіштер бұйымның өзінің пайдаланушылық көрсеткіштерін белгілі бір уақыт сақтай отырып, берілген функцияларды орындау қасиеттерін сипаттайды.

Сенімділік көрсеткіштер тобына кепілді пайдалану уақыты кіреді.

Эргономикалық көрсеткіштер бұйымның адам мен ортамен өзара байланысын сипаттайды және бұйымның өлшемдеріне, құрастырушы бөліктерінің өзара орналасуына, формасына қойылған талаптарына сәйкестігін анықтайды.

Эргономикалық көрсеткіштердің тобына пайдалану қолайлығы кіреді.

Эстетикалық көрсеткіштер бұйымның өзінің қоғамдық құндылығын сезімдік қабылдаушылық белгіде көрсете алу қабілетін сипаттайды. Олар көркемдік жобалау деңгейін есепке алады.

Эстетикалық көрсеткіштер тобына кіреді:

- құрылымның тұтастығы;

- бұйымның көркемдік жобалаудың заманға сай тенденцияларына сәйкестігі;

- қаптау сапасы;

- сыртқы бетті таза өңдеу мен қаптау сапасы.

Технологиялық көрсеткіштер өнімді дайындағанда материалдардың, еңбектің және уақыттың шығындарын оптималды бөлуді негіздейтін өнім қасиеттерін сипаттайды.

Технологиялық көрсеткіштер тобына кіреді:

- дайындаудың еңбек сыйымдылығының қосындысы;

- жалпы өзіндік құнның қосындысы;

- меншікті металл сыйымдылығы.

Стандарттау және унификаттау көрсеткіштері бұйымда стандартты, унификатты, бірегей тетіктер мен түйіндерді қолдану ережесін сипаттайды.

Бұйымның стандарттау мен унификаттау көрсеткіштері қолдану коэфициентімен есептеледі.

Қолдану коэфициентін формула (1) бойынша есептейді:

Кnp(n-n0) /n , (1)

мұндағы n - бұйымның жалпы түрөлшемдер саны,

n0 – бірегей бөлшектердің түрөлшемдер саны.

Бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі екі көрсеткіш арқылы бағаланады:

- патентті қорғау көрсеткіші;

- патентті тазалық көрсеткіші.

Осы көрсеткіштер бойынша тексеруге экспортқа арналған бұйымдар жатады.

Қауіпсіздік көрсеткіштері бұйымды қолдану кезінде оның қауіпсіздігін негіздейтін ерекшеліктерді сипаттайды.

Өнімнің сапа деңгейі МСТ 15467-70 “Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жиынтығын сәйкес базалық көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруда негізделген өнім сапасының сипаттамасына” сәйкес анықталады.

Өнімнің сапа деңгейін бағалау бойынша шаралар тізімі:

- сапа деңгейін бағалау мақсатын анықтау;

- сапа көрсеткіштері номенклатурасын таңдау мен оларды анықтау тәсілі;

- сапа көрсеткіштерді анықтау;

- базалық көрсеткіштерді таңдау;

- сапа деңгейін бағалау әдісін таңдау;

- сапа деңгейін бағалау.

Сапа деңгейін анықтау үшін келесі әдістер қолданылады: дифференциалды, кешенді және аралас. Сапа деңгейін анықтау үшін дифференциалды әдісті қолданайық. Онда қарастырылатын объекттің әрбір сапа көрсеткіштерін сәйкес базалық көрсеткіштермен бөлек-бөлек салыстырады. Сапа деңгейді бағалау үшін формула бойынша қатыстық көрсеткішті анықтаймыз.

Qi=Pi/Piб , (2)

Qi=Piб/Pi , (3)

мұндағы Qi – қатыстық сапа көрсеткіші,

Pi– зерттелетін өнімнің көрсеткіші,

Piб – базалық өнімнің көрсеткіші.

Тіремелік полимер тақта сапа деңгейін анықтау 2-кестеде келтірілген. Бағалау нәтижесінде көрініп тұрғандай тіремелік полимер тақта ЖСШ СТ 40648290-01-2007 техникалық шарттар талаптарына сәйкес келеді.

Көрсеткіштің өсуі сапаның жоғарылауын көрсетсе формула (2) қолданылады, ал көрсеткіштің төмендеуі сапаның жоғарылауын көрсетсе формула (3) қолданылады.

Егер қатыстық көрсеткіш Qi бірге тең немесе үлкен болса, онда өнім сапасының деңгейі эталон сапасының деңгейіне тең немесе үлкен болады. Ал егер кіші болса, онда өнім сапасының деңгейін анықтаудың кешендік әдісін қолдану қажет.

Өнімнің сапа деңгейі МСТ 15467-70 “Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жиынтығын сәйкес базалық көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруда негізделген өнім сапасының сипаттамасына” сәйкес анықталады.

Тіремелік полимер тақта сапа деңгейін анықтау 2-кестеде келтірілген.

2-кесте - Тіремелік полимер тақтаның сапа деңгейін анықтау

Сапа көрсеткішінің аталуы

Зерттелетін өнімнің көрсеткіші

Базалық өнімнің көрсеткіші

Қатыстық көрсеткіш Qi

Серіппелі клемалардан түсетін вертикальдық /бүйірлік жүктеме, к Н, кем емес

60/50

60/50

-

Тығыздығы, г/см

1,56

1,56

1

Иіліс кезіндегі сығылуға беріктігі, мПа, кем емес

144

144

1

(20±2)°C температурасы жағдайында Шарпи бойынша тұтқырлығы, кДж/м, кем емес

56

54

0,98

(23±2)°C температурасы жағдайында, 24 cағат ішіндегі су сіңірімділігі, %, артық емес

0,8

0,8

1

(20±2)°C температурасы жағдайында,« Л» өзектік майының әсерінен кейінгі масса өзгерісі, %, артық емес

7

5

0,71

Жүктеме астында иіліс температурасы, °С/мПа

0,32

0,32

1

Механикалық беріктігі, Н

190/1,81

190/1,81

1

Меншікті көлемдік кедергі, Ом* см, кем емес

1*109

1*109

1

Тақта массасы, г

325

325

1

Соседние файлы в папке МүрымбаиМ