Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / МүрымбаиМ / МүрымбайМ.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.18 Mб
Скачать

3.2.2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы бойынша өнімнің жіктелуі

Сыртқы экономикалық байланыс сферасында қолданылатын жіктеулердің ішінде айтарлықтай орынды сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы (СЭІӘ ТН) алады. Ол 1991 жылы кедендік тариф, сыртқы сауданың статистикасы, сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тарифтік емес реттеу шараларының кешені негізінде енгізілді.

Халықаралық деңгейдегі жіктеуді енгізу дегеніміз – әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын және сыртқы сауда туралы мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік беретін жіктеу мен кодтаудың жаңа жүйесіне көшу.

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлық номенклатурасы мемлекеттік деңгейде келесі жағдайларда қолданылады:

1) Халықаралық құжаттарды әзірлеу мен дайындауда;

2) Тарифтік және тарифтік емес реттеу үшін;

3) Статистикалық бақылаулар үшін;

4) Көліктк тасмалдаулар үшін;

5) Жүктерді сақтандыру үшін.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың деңгейінде СЭІӘ ТН күнделікті жұмыстарда қолданылады: келісімшарттарды, декларацияларды жасау үшін, сипаттізімдер мен басқа көліктік құжаттарды толтыру үшін, бугалтерлік есептерде, электронды есептегіш техникада ақпараттарды өңдеу үшін қажет.

СЭІӘ ТН тауарларды сипаттау мен кодтаудың Үйлесімді жүйесі мен Еуропалық Кеңестің Аралас номенклатурасының негізінде құрылған.

Әрбір тауардың СЭІӘ ТН ішінде өз коды бар, бірақ оны дұрыс анықтау үшін келесі шарттар болу қажет:

1) тауардың нақты аталуы;

2) тауардың нақты сипаты;

3) жіктеудің құрылымын білу қажет.

СЭІӘ ТН құрылымына тауардың кодтық белгіленуі, тауардың аталуы мен қосымша өлшем бірлігі кіреді.

Тауардың кодтық белгіленуі 9 цифрлі ондық белгіден тұрады:

- 1-ден 6-ға дейінгі код разрядтары тауарларды сипаттаудың Үйлесімді жүйесі бойынша тауардың жіктеулік топтаудың белгіліеуіне сәйкес келеді;

- 7-ден 8-ге дейінгі разрядтары Еуропалық Кеңестің Аралас номенклатурасындағы тауардың кодты белгілеуіне сәйкес келеді;

- 9-шы разряд СЭІӘ ТН-да дәстүрлі ұлттық тауарларды бөліп шығару үшін арналған. Қазіргі уақытта бұл разряд барлық ішкі субпозицияларда нолмен толтырылады. Тауар кодының құрылымын 3 - сурет келтірілген сұлба түрінде көрсетуге болады.

Мысал ретінде көрсетілген термелік полимер тақта шартты белгілеуіне тоқталып өтейік:

“Тіремелік полимер тақта ” ЖСШ СТ 40648290-01-2007.

ЭКТ ӨК коды бойынша 222319.

ХХ ХХ ХХ ХХХ

Топ

Позиция

Субпозиция

Ішкі субпозиция

4-cурет- СЭІӘ ТН кодының құрылымы

Тіремелік полимер тақта шартты белгіленуі коды 3925908000көрсетілген құрылымға сәйкес.

4 Өнімнің сапасын анықтау

4.1 Өнім сапасы туралы жалпы мәліметтер

Өнімнің сапасы МСТ15467-79 «Өнім сапасымен басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар» бойынша келесідей анықталады: “тағайындалуына сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жататындығын негіздейтін өнім қасиеттерінің жиынтығы”

Өнім сапасы дегеніміз – ескерілген немесе ұсынылған қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен оны құру кезінде жабдықтаушымен қалыптастыру нұсқасы немесе өнімнің сипаттамасының деңгейі мен қасиеттерінің жиынтығы.

Кәсіпорын, ұйым, бірлестіктердегі өлшеу, бақылау және сынау жағдайларын (жай-күйін) талдау - метрологиялық қамсыздандыру (МҚ) деңгейін өндірістің заманауи талаптарына сәйкестігін орнату және осы негізде оны ары қарай дамытуды жоспарлау бойынша ұсыныстарды дайындау , өлшеу, сынау, бақылау әдістері мен құралдарын құрастыру және енгізу, жаңа техникалар мен технологияларды енгізу, өнім сапасын жақсарту, еңбек шарттарын бақылаудағы өлшеу нәтижелерінің анықтылығын арттыру, сертификаттау мақсаттары үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерді сынау барысында материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану мақсаттары үшін өткізіледі.

Өнімнің сапасы дегеніміз – тұтынушылық талаптарын қамтамасыз ететін және қолдануға жарамды өнімнің қасиетерінің жиынтығы.

Өнімнің қасиеті дегеніміз ол әрбір бұйымға тән қасиет, яғни қаттылығы, иілгіштігі, музыкалық аспаптар үшін резонанстық қасиеттері және т.б.

Сапа өте күрделі категорияға жатады. Мысалы: Машинаның сапасын анықтағанда оның үдеткішінің сапасын, доңғалағының сапасын және т.б. әртүрлі ішкі құрылысының қасиеттерін сапалылығын анықтап білу ғана емес сонымен біре осы бұйымдарды дайындаған материалдар мен шикізаттардың сапасын анықтау болып табылады.

Өнімнің қасиеті оның пайдалануға жарамдылғына кепілдік бермейді. Сондықтан оның сандық және сапалық сипаттамаларымен танысу қажет,яғни өнім сипатымен танысу қажет. Әртүрлі өнімнің өзіне ғана тән оның қасиетін сипаттайтын сипаты болады. Өнімнің сипатына байланысты сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық сипаты өнімнің күйін немесе қасиетін сипаттайтын өнімнің параметрлері деп аталатын қасиеттерін айтамыз.

Өнімінің сапасының көрсеткіштерін сипаттау арқылы сапаны жіктеуге болады.

Сапа мен сандық көрсеткіштерін бақылау өнімді сынау болып табылады.

Өнім сапасын қамтамысыз ету өнімнің өмірлік цикліннің барлық кезеңдеріне таралады және берілген талапқа сәйкес сапалы өнім шығаруды қамтамасыз ететін іс әрекеттермен жағдайларды жоспарлауды қамтиды.

Өнім сапасы оларды жобалауда қалыптасады және жасау кезінде қамтамасыз етіледі.

Соседние файлы в папке МүрымбаиМ