Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / Дипломы / МүрымбаиМ / МүрымбайМ.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.18 Mб
Скачать

6.3 Бұйымды қабылдау ережелері

Төсемдер қабылдауға партиямен әкелінеді. Партияға бір таңбалы шикізаттан дайындалған, түтынушыға МСТ 15.309-98 талаптарына сай, дайындаушы-кәсіпорында қабылданған тәртіппен рәсімделген, мемлекетттік және орыс тілдерінде орындаған, бір қүжатпен жеткізілетін төсемдер саны жатады. Төсемдердің сапасын бақылау мақсатында қабылдау-тапсыру, кезеңдік және түтынушы үсынысы бойынша сертификаттау сынактары өткізіледі. Сынақтарға үлгілерді сүрыптау жүргізіледі. Көзбен байқауға төсемдердің 100% жатады. Төсемдердің геометриялық өлшемдері мен массасын тексеруге партиядан 10 төсемнен кем емесі жатады. Ұру түтқырлығын, остік майдағы әсерден кейін массасының өзгеруіне анықтауға, тігіне және жанына күш түсіруіне партиядан төсемнің 5 данасы жатады.

Үлестік - көлемдік кедергіні анықтауға тексеруге партиядан 3 төсем жатады.

Қабылдау-тапсыру сынақтары

- Төсемдер қабылдау-тапсыру сынақтарына осы стандарттың тараулары бойынша тексеріледі.

- Қанағаттанарлықсыз нәтиже алынса, онда осы партиядан алынған екі еселенген төсем санына қайта сынақ өткізіледі.

Кезеңдік сынақтар

Төсемдер кезеңдік сынақтарға осы үйым стандартының барлық тараулары бойынша 2 жылда бір рет, сонымен бірге дайындау технологиясы өзгергенде немесе жаңа материалдар қолданғанда жатады.

Егер кезеңдік сынауда осы үйым стандартының тіптен бір тарауы бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алынса, онда осы партиядан алынған екі еселенген төсем санына, сәйкессіздік алынған сол тараулар бойьтнша сынақ өткізіледі.

Қайта сынақ нәтижесі ақырғы болады және, үлгі алынған барлык партияға таралады.

Сертификаттау сынақтары

Төсемдер сертификаттау сынақтарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеуінің жүйесі нормативті қүжаттарына және ҚР СТ 3.4 сай жасалады.

6.4 Бұйымды сынау және бақылау әдістері

- Төсемдердің сыртқы түрі, буып-түюі және таңбасы көз мөлшерімен бақыланады;

- Геометриялық өлшемдерінен ауытқуы МСТ 26433.0.-85,МСТ 264.1 бойынша анықталуы тиіс;

- Төсемдердің тігінен және жанынан салынған күштемесін анықтау;

- Төсемді арнайы А қосымшасында келтірілген, қосымша аспапка салады, тығыздауышқа орналастырады және үш еселі (50-60) Кн сәйкес күшпен сығады;

- Төсемнен күштемені алып тастаған соң сызаттар, сыдырылулар және басқа ақаулар болмауы тиіс;

- Тіреу бетінде қалдық деформация болуы мүмкін;

- Шапри бойынша түтқырлығы МСТ 4547-80 талаптарына сай анықталады;

- Суды сіңіру және остік майың әсері дайын төсемдерге сыналады; - Үлгіні дайындауды бітіру мен сынауға дейінгі уақыт МСТ 12423

бойынша қалыпты жағдайда сақтағанда 24 сағаттан кем болмауы тиіс;

- Суды сіңіруге сынақтар МСТ 4650 бойынша жүргізіледі;

- "Л"остік майдағы әсерінен кейінгі массасының өзгеруі МСТ 9.030бойынша анықталады;

- Үлестік көлемдік кедергісі МСТ 6433.1 немесе МСТ 6433.2 бойынша анықталады;

- Төсем массы статикалық таразыда өлшеу арқылы МСТ 29329 бойынша анықталады;

- Өрт қауіпсіздігі көрсеткіштері МСТ 30244 жэне МСТ 30402 бойынша тексеріледі.

Негізгі тексерулер, бақыланатын параметрлер мен оларды бақылау периоды 5-кестеде келтірілген.

5-кесте - Негізгі тексерулер, бақыланатын параметрлер мен оларды бақылау периоды

Көрсеткіш атауы

Нормативтік мәндері

Серіппелі клемалардан түсетін вертикальдық /бүйірлік жүктеме, к Н, кем емес

60/50

Тығыздығы, г/см

1,56

Иіліс кезіндегі сығылуға беріктігі, мПа, кем емес

144

(20±2)°C температурасы жағдайында Шарпи бойынша тұтқырлығы, кДж/м, кем емес

54

(23±2)°C температурасы жағдайында, 24 cағат ішіндегі су сіңірімділігі, %, артық емес

0,8

(20±2)°C температурасы жағдайында,« Л» өзектік майының әсерінен кейінгі масса өзгерісі, %, артық емес

5

Жүктеме астында иіліс температурасы, °С/мПа

190/1,81

Меншікті көлемдік кедергі, Ом* см, кем емес

1*10

Тақта массасы, г

325±5

Соседние файлы в папке МүрымбаиМ